Жүргізу қағидасы 1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-параграф. Борттық аспаптар мен жабдық



жүктеу 2,07 Mb.
бет4/25
Дата15.01.2020
өлшемі2,07 Mb.
#26688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

33-параграф. Борттық аспаптар мен жабдық
      155. Әуе кемесі ұшу экипажына әуе кемесінің ұшу траекториясын бақылауға, қағида бойынша талап етілетін кез келген маневрлерді орындауға және күтілетін пайдалану жағдайларында осы әуе кемесіне қатысты пайдалану шектеулерін сақтауға мүмкіндік беретін аспаптармен жабдықталады.
      Әуе кемесі мыналармен:
      1) жеңіл қол жеткізілетін орындарда орналастырылатын қажетті медициналық құралдардың қорымен (ЖМА-ға арналған бірінші көмек жиынымен);
      2) пайдалану кезінде әуе кемесінің ішінде улы газдардың қауіпті шоғырлануын болдырмайтын үлгідегі ауыспалы өрт сөндіргіштермен жарақтандырылады, ұшу экипажының кабинасында және оған экипаж мүшелері тікелей кіре алмайтын, ұшу экипажының кабинасынан бөлінген әрбір жолаушылар салонында кемінде бір-бір өрт сөндіргіш орнатылады.
      156. Барлық әуе кемелерінде мыналар:
      1) 2 жастан асқан әрбір адамға арналған кресло немесе ұйықтау орны;
      2) әрбір креслодағы бел байлау белдігі мен әрбір ұйықтау орнында ұстау белдігі;
      3) егер ұшақта электрлік сақтандырғыштар орнатылса, ұшу кезінде ауыстыру үшін қол жетімді тиісті номиналдардың қосалқы электрлік сақтандырғыштары жұмыс істейтін жай-күйде болады.
      157. Сертификатталған ең көп ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан астам (тікұшақтар үшін 3180 килограммнан астам), коммерциялық тасымалдарды орындайтын әуе кемелері ұшу экипажының әрбір креслосындағы байлау жүйесімен жабдықталады. Әрбір креслодағы байлау жүйесі кенеттен тежеу жағдайында пилот корпусының қозғалысын автоматты түрде шектейтін құрылғыны іске қосады.
      158. Жолаушыларды тасымалдауға арналған әуе кемелері жолаушыларға мынадай:
      1) байлау белдіктерін қашан тағу қажеттігі;
      2) егер ұшақ бортында оттегі көзделген болса, оттегі жабдығын қашан және қалай пайдалану қажеттігі;
      3) темекі шегуді қашан тоқтату қажеттігі;
      4) құтқару кеудешесі немесе осыған ұқсас жеке жүзу құралдары қайда орналасқандығы және егер мұндай құралдар бортта көзделген болса оларды қалай пайдалану қажеттігі;
      5) авариялық шығыстар қайда орналасқандығы және қалай ашылатыны туралы мәліметтер мен нұсқауларды хабарлауды қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталады.
      159. КҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері мыналармен:
      1) магниттікомпаспен;
      2) хронометрмен немесе уақытты сағатпен, минутпен және секундпен көрсететін сағаттармен;
      3) барометрлік биіктік өлшегішпен;
      4) аспаптық әуе жылдамдығы көрсеткішімен қамтамасыз етіледі.
      160. Гидроұшақтарда мыналар:
      1) борттағы әрбір адамға арналған құтқару кеудешесі немесе соған тең бір-бірден жеке жүзу құралдары, олар креслодан немесе ұйықтайтын орыннан жеңіл алынатындай орналасады;
      2) теңізде кемелердің соқтығысуын ескертетін халықаралық қағидаларда ұйғарылған, бұл қолданылатын дыбыс белгілерін беру жабдығы;
      3) бір теңіз зәкірі (жүзбелі) орнатылады.
      161. Ең жоғары ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан жоғары немесе 9-дан астам отыру орын саны бар әуе кемелерінде және барлық әуе кемелерінде жоспарлау режимінде жағалаудан ұшудың шектік қашықтығынан асатын аралықтағы су кеңістігі үсті бағыты бойынша ұшуды орындайтын жолаушыларды коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезінде – ең аз дегенде борттағы әрбір адамға бір бірден құтқару кеудешесі болады, олар ұшақта оған арналған адам үшін өз креслосынан немесе ұйықтайтын орыннан жеңі қол жеткізе алатындай орналасады; ұшақтарда борттағы барлық адамдар ұшу кезінде дереу пайдалануға дайын құтқару кеудешелерін киіп отырады.
      Әрбір құтқару кеудешесі адамдарды табуды жеңілдету үшін электрлік жарықтандыру құралдарымен жабдықталады.
      162. Ұшақ су беті үстінде болатын немесе, егер әуе кемесі ұшудың сәйкес келетін 30 минутіне немесе барлық басқа әуе кемелері үшін қайсысының аздығына қарай 185 км (100 теңіз миліне) тең қашықтықта ұшуды орындаса, крейсерлік жылдамдықта ұшудың 120 минутіне және қайсысының аздығына қарай 740 километрге (400 м. мильге) сәйкес келетін авариялық қону үшін жарамды жер бетінен қашықтайтын бағыт бойынша ұшуды орындайтын барлық ұшақтарда осы Қағиданың 161-тармағына сәйкес көзделген жабдыққа қосымша мынадай жабдық орнатылады:
      1) борттағы барлық адамдардың орналасуы үшін жеткілікті сандағықұтқару салдары, олар авариялық жағдайда оларды тез қолдануды жеңілдететін түрде орналасады және адамдардың өмір тіршілігін қамтамасыз етудің орындалатын ұшу шарттарына жауап беретін құралдарын қоса алғанда, осындай авариялық құтқару жабдығымен жарақталады;
      2) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-қосымшада сипатталған дабыл ракеталарының көмегімен апат белгілерін беруге арналған жабдық.
      163. Кабинадағы барометрлік биіктік 3000 м. құрайтын биіктіктерде ұшуды орындауға арналған әуе кемелерінде - оттегі сақтау және беру аппаратурасы.
      164. Тұмшаланған кабиналары бар, 7600 м. эшелоннан жоғары биіктіктерде ұшуға арналған әуе кемелерінде - әуе кемесінің ұшу экипажына тұмшаланудан ажыраудың кез келген қауіпті дәрежесі туралы дәл ескерту беретін құрылғы.
      165. Аспап бойынша ұшу қағидаттарымен (бұдан әрі - АҰҚ) ұшуды орындайтын әуе кемелерінде мыналар орнатылады:
      1) магнитті компас;
      2) хронометрмен немесе уақытты сағатпен, минутпен және секундпен көрсететін сағаттар;
      3) барометрлік биіктік өлшегіш;
      4) судың шоғырлануы немесе мұздану салдарынан оның істен шығуын болдырмайтын құрылғымен жабдықталған аспаптық әуе жылдамдығын көрсету жүйесі;
      5) кеңістіктегі жай-күй көрсеткіші (авиакөкжиек);
      6) сырғанау көрсеткіші;
      7) әуе кемесі кеңістіктегі жай-күйдің үш көрсеткішімен (авиакөкжиек) жабдықталатын жағдайлардан басқа, бұрылу көрсеткіші;
      8) әуе кемесінің бағыт көрсеткіші (гидрокомпас немесе осыған ұқсас функцияларды орындайтын өзге де жүйе);
      9) гироскопиялық аспаптардың электрлік қорек беру ақаулығының индикаторы;
      10) сыртқы ауа температурасының көрсеткіші;
      11) биіктік алудың немесе төмендеудің тік жылдамдығы көрсеткіші;
      12) 118-137 МГц диапазонында, оның ішінде 121,5 МГц жиілігінде байланысты қамтамасыз ететін байланыс жүргізуге арналған радиожабдық;
      13) аэронавигациялық шырақтар;
      14) қону шамдары;
      15) әуе кемесін қауіпсіз пайдалану үшін үлкен маңызы бар және әуе кемесінің ұшу экипажы пайдаланатын барлық пилотаж аспаптары мен жабдықтарына арналған астынан жарықтандырғыш;
      16) барлық жолаушылар кабинасындағы шамшырақтар;
      17) әуе кемесі экипажының әрбір мүшесінің жұмыс орнындағы ауыспалы шам.
      Құрама аспаптарды немесе жекелеген аспаптардың әрқайсысы үшін көзделгендей толық жұмыс істемеуден осындай кепілдік сақталатын жағдайда кешенді командалық пилотаж жүйелерін пайдалану жолымен осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 11) тармақшаларында бар талаптарды орындауға рұқсат етіледі.
      166. АҰҚ бойынша ұшатын тікұшақтарда коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде жеке қорек көзі бар екінші кеңістік жай-күйін көрсеткіш (авиакөкжиек) қосымша орнатылады.
      167. Көрнекі ұшу қағидалары бойынша (бұдан әрі - ҚҰҚ) түнде ұшуды орындау кезінде әуе кемелерінде қосымша мыналар орнатылады:
      1) аэронавигациялық шырақтар;
      2) қону шамдары;
      3) әуе кемесін қауіпсіз пайдалану үшін үлкен маңызы бар және әуе кемесінің ұшу экипажы пайдаланатын барлық пилотаж аспаптары мен жабдықтарына арналған астынан жарықтандырғыш;
      4) барлық жолаушылар кабинасындағы шамшырақтар;
      5) әуе кемесі экипажының әрбір мүшесінің жұмыс орнындағы ауыспалы шам.
      168. Бортында 2-ден астам адам бар, тұмшаланған кабиналы әуе кемелерінде - найзағайды байқауға қабілетті жабдық.
      169. 15000 м астам биіктіктерде ұшуға арналған ұшақтарда – ғарыштық радиациядан алатын қуат пен әрбір ұшу бойынша жиынтық дозаны үздіксіз өлшеуге және индикациялауға арналған жабдық. Бұл жабдықтың индикация блогы әуе кемесінің ұшу экипажы мүшелерінің біріне жақсы көрінуі тиіс.
      170. Жылдамдықты шектеу Мах саны мәнімен (ӘК ұшу жылдамдығының дыбыс жылдамдығына қатынасы) көрсетілетін барлық ұшақтарда – Мах саны өлшемі және көрсету құралының болуы қарастырылады.
      171. Бортында 19-дан астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етілген барлық ұшақтар ең аз дегенде бір авариялық автоматты жетек бергішімен (ELT) немесе кез келген үлгідегі екі ELT-пен (КОСПАС-САРСАТ авариялық радиоманар жүйесімен) жарақталады.
      172. АҰҚ бойынша ұшып, коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезінде – барометрлік биіктің туралы деректерді беретін және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымшаның 4-томының ережелеріне сәйкес келетін қабылдап, жауап бергіш.
      173. Әуе кемесіне оның ұшу жоспарына сәйкес ұшуды орындауға және әуе кеңістігі мен азаматтық авиация қызметін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен өзара әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін навигациялық жабдық орнатылады.
      174. Ол барысында қону аспаптық метеорологиялық жағдайларда орындау жоспарланатын ұшуды орындау кезінде - әуе кемесін бару әуеайлағында да жоспарланған қосалқы әуеайлақтарда да көрінетін жер үсті бағдарлары бойынша қону жүргізілуі мүмкін орынға шығаруға көмектесетін белгілерді қабылдауға және өңдеуге қабілетті радиожабдық.
      175. Осы Қағиданың 177-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемесі төмендегі шарттарды сақтамай ЖМА мақсатында ұшуды немесе жұмыс істемейтін жағдайдағы онда орнатылған аспаптармен немесе жабдықпен авиациялық жұмыстарды орындауды бастамайды:
      1) бұл әуе кемесі үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен осы Қағиданың 176-тармағында ескертілген шектеулерге сәйкес келуі және аспаптар мен жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтін жағдайдағы әуе кемелерінде ұшуды орындауды көздеуі тиіс ең аз қажетті ақаусыз жабдық тізбесі (MEL) болады;
      2) әуе кемесінің бортында жұмыс істемейтін жағдайдағы аспаптар мен жабдықтар туралы ақпарат бар, пилотқа қол жетімді құжаттама болады;
      3) әуе кемесі MEL-де бар барлық тиісті шарттар мен шектеулерді  сақтай отырып, пайдаланылады.
      176. MEL-дегі мына аспаптар мен жабдықты қосуға тыйым салынады:
      1) оған сәйкес әуе кемесінің осы үлгісі сертификатталған және ұшудың орындаудың барлық жағдайлары кезінде қауіпсіз пайдалану үшін міндетті болып табылатын ұшу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес міндетті аспаптар мен жабдық;
      2) ҰПН-ға сәйкес жұмыс жай-күйі міндетті болатын аспаптар менжабдық;
      3) осы Қағидаға сәйкес нақты жағдайлар үшін міндетті аспаптар мен жабдық.
      177. Әуе кемесінің бекітілмеген MEL-дің болуынсыз жұмыс істемейтін жағдайдағы аспаптармен және жабдықпен, егер бұл ретте мынадай шарттар сақталса ұшып көтерілуіне рұқсат етіледі:
      1) ұшу:
      ол үшін жұмыс істемейтін аспаптармен, жабдықпен немесе жүйемен ұшуды орындауға ҰПН ережелері негіз болатын, КСРО-да әзірленген немесе пайдаланылған әуе кемесінде
      ол үшін әуе кемесі үлгісінің сертификатын ұстаушы ең аз жабдықтың негізгі тізбесін (бұдан әрі - МMEL) бекіткен поршенді қозғалтқышы бар тікұшақта, ұшақта, планерде немесе аэростаттық ұшу аппаратында; немесе ол үшін MEL бекітілген поршенді қозғалтқышы бар жеңіл әуе кемесінде, планерде немесе аэростаттық ұшу аппаратында орындалса;
      2) жұмыс істемейтін аспаптар мен жабдық күндізгі уақытта ҚҰҚ бойынша ұшуды орындау үшін міндетті ретінде көрсетілген аспаптар мен жабдық болып табылмайды және ұшудың бұл нақты түрі үшін міндетті болып табылмайды;
      3) әуе кемесінен алынған жұмыс істемейтін аспаптар мен жабдық, бұл туралы әуе кемесі экипажының кабинасында бекітілген сілтемеде және борттық журналда көрсетіледі немесе ажыратылған және сілтемеде «жұмыс істемейді» деп белгіленеді;
      4) ӘК командирі бұл аспаптардың немесе жабдықтың жұмыс істемейтін жай-күйі әуе кемесінің бұл ұшуы үшін қауіп тудырмайтындығы туралы шешім қабылдаса.
34-параграф. Берілген биіктік туралы дабыл жүйесі
      178. Пайдаланушыға, егер тек олар берілген биіктік туралы дабыл жүйесімен жабдықталған болса, ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам немесе 9 жолаушылар орнынан астам бекітілген ең көп саны бар турбобұрамалы ұшақта не турбореактивті ұшақта ұшуды орындауға рұқсат беріледі, олар мыналарды:
      1) ұшу экипажына ұшақтың биіктік алу кезінде де төмендеуі кезінде де ұшудың алдын ала берілген биіктігіне жеткендігі туралы ескертуді;
      2) ұшу экипажына ұшудың алдын ала берілген биіктігінен жоғары немесе төмен ауытқыған жағдайда ең азы дыбыстық белгімен ескертуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 178-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      179. Бұл талап, егер бұл ұшақтардың ұшу жарамдылық сертификаты (куәлігі) (түр сертификаты немесе оның балама құжаты) бастапқыда 1972 жылғы 1 сәуірге дейін беріліп, олар Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілсе, ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам және 9 жолаушылар орнынан астам бекітілген ең көп саны бар ұшақтардың нақты даналарына қатысты болмайды.
35-параграф. Жерге жақындау туралы ескерту жүйесі
      180. Пайдаланушыға, егер тек бұл ұшақ жерге жақындау туралы ескерту жүйесімен жабдықталған болса, газды-турбиналық қозғалтқышы бар және ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан астам немесе 9 жолаушылар орнынан астам бекітілген ең көп саны бар ұшақта ұшуды орындауға рұқсат етіледі (бұл талап, егер бұл ұшақтарға арналған ұшу жарамдылық сертификаты (куәлігі) бастапқыда 1979 жылғы 1 шілдеге дейін беріліп, газды-турбиналық қозғалтқышы бар және ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы кемінде 15000 килограмм болатын немесе 30 жолаушылар орнынан астам бекітілген ең көп саны бар ұшақтардың нақты даналарына қатысты болмайды).
      181. Газды-турбиналық қозғалтқышы бар, ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 15 000 кг астам немесе бортында 30-дан астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етілетін барлық құжаттар ұшу бағытындағы жергілікті жердің бедерін бағалау функциясы бар, жерге жақындау туралы ескерту жүйесімен жабдықталады.
36-параграф. Соқтығысуды ескертудің борттық жүйесі
      182. Коммерциялық әуе тасымалдары мен (немесе) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыларға арналған ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан астам немесе СЕБЖ ІІ (ТCAS ІІ) мен жабдықталған бортында 19-дан астам жолаушыны тасымалдауға рұқсат етілген турбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар.
      Жалпы сипаттағы авиацияны пайдаланушыларға арналған ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 15 000 килограммнан астам немесе бортында 30-дан астам жолаушыны тасымалдауға рұқсат етілген және 2007 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш берілген ұшу жарамдылығының жеке сертификаты бар турбиналық қозғалтқыштағы ұшақтар соқтығысуды ескертетін борттық жүйемен жабдықталады (БСПС II).
      Ескерту. 182-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      183. СЕБЖ (TCAS) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымшаның IV томы ережелеріне сәйкес талаптарға сай жұмыс істейді.
37-параграф. Радиобиіктік өлшегіштер
      184. Пайдаланушы:
      1) жер көрінбеген кезде;
      2) кемінде 1500 м көрінбеушілік болған кезде;
      3) түнде;
      4) егер олар берілген биіктік туралы дабылдың радиобиіктік өлшегіші жүйесімен жабдықталмаса, жағалаудан қалыпты крейсерлік жылдамдықта ұшудың 3 минутінен астам мерзіміне сәйкес келетін қашықтықта су беті үстінен ұшуды орындамайды.
      185. Берілген биіктік туралы радиобиіктік өлшегіш жүйесі ұшудың алдын ала берілген биіктігінен төмен ауытқыған жағдайда ұшу экипажына дыбыс белгісімен және пилот алдын ала берген ұшу биіктігіне жеткен кезде іске қосылатын көрнекі дабыл бергішпен ескертуді қамтамасыз етеді.
38-параграф. Мұздану жағдайында ұшуға арналған жабдық
      186. Пайдаланушы әуе кемесімен, тек ол мұздану жағдайында ұшуға арналған арнайы жабдықталғаннан және сертификатталғаннан кейін ғана нақты немесе болжамды мұздану жағдайында ұшуды орындайды.
      187. Жердің нақты немесе болжамды мұздану жағдайында жоспарланған ұшуды орындау, мұздалған жердің табылғанын және мұздалған жерді жою (алдын алу) бойынша оған жұмыстар жүргізілген жағдайда ұшақ тексеру жүргізгеннен кейін ғана басталады.
      Ұшып көтерілуді орындау кезінде ұшақтың ұшуға жарамды болуы үшін көбейген мұздар мен басқа жинақталып қалған қоқыстар табиғи жолмен жойылады.
      Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
39-параграф. Экипаждың ішкі байланыс жүйесі
      188. Пайдаланушы, ол ұшудың барлық мүшелері үшін ұшу кезінде қолды қолданбай пайдаланатын құлаққап пен микрофондарды қосатын ұшу экипажы мүшелерінің ішкі байланыс жүйесімен жабдықталған (интерфон немесе ұшақтағы сөйлесу құралы – бұдан әрі ҰСҚ) жағдайда ғана ұшу экипажының біреуден астам мүшелерінің сертификатталған саны бар әуе кемесімен ұшуды орындайды.
      189. Пайдаланушы, егер тек бұл әуе кемесі экипаждың ішкі байланыс жүйесімен жабдықталғанда ғана ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан астам немесе бортында 19-дан астам жолаушы орнының бекітілген саны бар ұшу кемесімен ұшуды орындайды.
      190. Экипаждың ішкі байланыс жүйесі:
      1) жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесінен тәуелсіз жұмыс жасайды (телефон тұтқасы, құлаққап, микрофон, селекторлық ажыратқыштар мен жолаушыларға хабарлау үшін де пайдаланылуы мүмкін дабыл құрылғылары арқылы байланысты қоспағанда);
      2) пилоттар кабинасын арасындағы және:
      әрбір жолаушылар салонымен;
      жолаушылар палубасынан тыс орналасқан әрбір буфер-асүймен;
      жолаушылар палубасынан тыс орналасқан және жолаушылар салонынан қолайлы енуі жоқ экипаж мүшелерінің әрбір демалыс бөлік бөлмесімен (модулымен) екі жақты байланысты қамтамасыз етеді;
      3) ұшу экипажы мүшелерінің кабина экипажына ескерту үшін және керісінше кабина экипажы мүшелерінің ұшу экипажына ескерту үшін пайдаланылатын дыбыстық немесе көрнекі белгілерді көздейтін ескерту (авариялық) дабыл жүйесі болады;
      4) алушының хабарламаның әдеттегі немесе шұғыл (авариялық) болып табылатынын тануды қамтамасыз ететін құралы болады;
      5) жерде жер үсті персоналы мен ең азы ұшу экипажының екі мүшесі арасындағы екі жақты байланысты қамтамасыз етеді.
40-параграф. Жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесі
      191. Пайдаланушы, егер тек олар жолаушыларға хабарлаудың дауыс зорайтқыш жүйесімен жабдықталмаған жағдайда 19-дан астам жолаушы орнының ең көп бекітілген саны бар ұшақпен жолаушылар тасымалдауды орындамайды.
      Ескерту. 191-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      192. Жолаушыларға хабарлау жүйесі:
      1) экипаждың ішкі байланыс жүйесінен тәуелсіз жұмыс жасайды телефон тұтқасы, құлаққаптар, микрофондар, селекторлық ажыратқыштар мен дабыл құрылғылары сияқты жалпы құрылғыларды қоспағанда;
      2) хабарлау жүйесін басқару органдары жабдықтаған оның жұмыс орнынан ұшу экипажының әрбір мүшесінің 10 секундтен аспайтын уақыт ішінде мақсаты бойынша пайдалануға дайындықты қамтамасыз етеді; және
      3) барлық жолаушылар орындарында, демалыс орындары мен кабина экипажының жұмыс орындарында және әжетханаларда хабарлама естілушілігі мен анықтығын қамтамасыз етеді;
      4) әуе кемесінің электр энергиясын өндірудің негізгі жүйесі жұмыс істемей қалғаннан кейін кемінде 10 минут бойы сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
41-параграф. Жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардағы кабина экипажы мүшелерінің орындары
      193. Кабина экипажы мүшелерінің орындары еден деңгейіндегі авариялық шығыстардың және авариялық эвакуациялау үшін мемлекеттік тіркеу көзделген басқа да авариялық шығыстардың жанында орналасады.
      194. Бастапқыда 1981 жылғы 1 қаңтардан немесе бұл мерзімнен кейін берілген ұшуға жарамдылық туралы жеке куәлігіне қатысты барлық ұшақтар функцияларына авариялық эвакуацияға қатысты жағдайларды орындау кіретін кабина экипажының әрбір мүшесінің пайдалануына арналған байлау жүйесімен жарақталған алға немесе артқа айналатын (ұшақтың бойлық осьіне қарай 15о дейінгі бұрышпен) кресломен жабдықталады.
      195. Барлық байлау жүйелерінің барлық құлыптарды тез ажырату үшін бір түйіні бар конструкциясы болады. Байлау жүйесінің орнына диагоналды иық тұзағы бар (барынша көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам ұшақтар үшін) немесе онысыз, яғни тек бел белдігі ғана бар қауіпсіздік бел белдігін пайдалануға рұқсат етіледі.
42-параграф. «Белдіктерді байлаңыз» және «Темекі шекпеңіз» деген жарық таблолары. Ішкі есіктер мен шымылдықтар
      196. Пайдаланушыға, тек ол барлық жолаушылар мен кабина экипажының мүшелеріне қауіпсіздік белдігін байлау қажет болатын және бортта темекі шегуге рұқсат берілмейтін индикация құралдарымен (жарықтаблосымен) жабдықталған жағдайда ғана ұшу экипажының жұмыс орнынан барлық жолаушылар орнын шолу қамтамасыз етілмейтін әуе кемелерімен ұшуды орындауға рұқсат етіледі.
      197. Пайдаланушы тек онда 19-дан астам жолаушылар орнының ең көп бекітілген саны бар ұшақта – «Тек экипаж үшін» деген сілтемемен және ұшу экипажы мүшесінің рұқсатынсыз ол арқылы жолаушылардың кіруіне кедергі жасайтын тиектермен жарақтандырылған, жолаушылар салоны мен ұшу экипажы кабинасының арасындағы есіктер орнатылған жағдайда ғана әуе кемесімен ұшуды орындайды.
      198. Ұшу экипажы кабинасының есігі бар барлық ұшақтарда оны тиекпен бекіту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі және жолаушылар кабинасында жолаушылардың ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіпсіздіктің бұзылуы пайда болған жағдайда ұшу экипажының кабинасы мен борт жолсеріктері арасында арнайы сигнал беретін және хабарлай алатын құралдар қарастырылады.
      Ескерту. 198-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
43-параграф. Борттық авариялық-құтқару жабдығы туралы
ақпаратты есепке алу
      199. Әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушы пайдаланушының сертификатына енгізілген әуе кемесін пайдаланған жағдайда әуе кемесінің бортындағы іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығына дереу беруге арналған авариялық-құтқару жабдығы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      200. Көрсетілген ақпарат нақты жағдайға қатысты: құтқару салдары мен дабыл ракеталарының санын, түсі мен үлгісін, медициналық заттардың авариялық қорларын егжей-тегжейлі сипаттауды, су қорын, сондай-ақ авариялық көшпелі радиожабдық үлгісі мен ол жұмыс жасайтын жиілікті қамтиды.
44-параграф. Борттық өздігінен жазғышқа қатысты талаптар
      201. Ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан астам барлық ұшақтар мен ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 3180 килограммнан астам тікұшақтар Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына 6-қосымша ережелеріне сәйкес келетін талаптарға сәйкес ұшу деректерін борттық өздігінен жазғыштармен (FDR) және борттық сөйлесулерді өздігінен жазғыштармен (CVR) жабдықталады.
      202. Ең көп сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан аспайтын барлық ұшақтар үшін ұшу ақпаратының борттық тіркеушісі, әрі борттық магнитофон функциясын орындайтын ұшу ақпаратын жинаудың құрама жүйесін орнатуға рұқсат етіледі.
45-параграф. Ұшуды қамтамасыз ету
      203. Ұшуды қамтамасыз ету мемлекеттік және азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады, әрі мыналарды қамтиды:
      1) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      2) метеорологиялық қамтамасыз ету;
      3) инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету;
      4) әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету;
      5) электржарық-техникалық қамтамасыз ету;
      6) радиотехникалық қамтамасыз ету;
      7) орнитологиялық қамтамасыз ету;
      8) медициналық қамтамасыз ету;
      9) апаттық және іздестіру-құтқарушылық қамтамасыз ету;
      10) өндірістік қызметті шұғыл басқару;
      11) экологиялық қамтамасыз ету;
      12) коммерциялық қамтамасыз ету;
      13) режимдік қорғаумен қамтамасыз ету.
      204. Ұшуды қамтамасыз ету ҚР ӘК ҰНҚ-ның 8-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау