Оқушылардың білімді ұғыну сатылары
Оқу Мақсатының деңгейлері
|
Анықтамасы
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушыға берілетін нұсқаулар
|
Білім
|
Ақпараттағы нақты элементтердің орнын анықтау
|
Жауап береді
Қабылдайды
Есінде сақтайды
Танып біледі
|
Басшылық етеді, бағыттайды.
Әңгімелейді, хабарлайды. Көрсетеді
Білімді тексереді, емтихан алады
|
Хабарлама жасаңыз-суреттеңіз-санаңыз-есіңізге түсіріңіз-«Бұл не?» - «Қайда орналасқан?»-ақпарат екенін анықтау
Тұжырымда-біл-есіңе сақта-әңгімеле-фактілерді баянда-қайтала-анықта
|
Түсіну
|
Баяндалған материалды түсіну
|
Түсіндіреді
Өз пікірін айтады
Дәлелдейді
|
Дәлелдейді
Тыңдайды
Сұрақтар береді
Салыстырады
Қатар қояды
Білімін тексереді, емтихан алады
|
Өзгертіңіз-жаңадан тұжырымдаңыз-суреттеңіз-түсіндіріңіз, жалпы шолу жасаңыз, сын пікір айтыңыз-әңгімелеңіз-жинақтаңыз-өз сөзіңізбен түсіндіріңіз-қорытындылаңыз
|
Қолдану
|
Ережелерді, тұжырымдамаларды, қағидаларды, теорияларды, идеяларды жаңа жағдайларда қолдану
|
Жаңа мәселелерді шешеді
Дәлелдейді
Білімді жаңа жағдайларда қолданады
Жаңаны ойлап шығарып, құрастырады
|
Көрсетеді
Көмектеседі
Мақұлдайды
Бақылайды
Жұмысты сыни тұрғыдан талдайды
|
Қолданыңыз-біліміңізді тәжірибеде сынап көріңіз-шешіңіз-дәлелдеңіз-көрсетіңіз-есеп беріңіз
|
Талдау
|
Ақпаратты құрамдас бөліктерге бөлу
|
Талқылайды
Ашады
Санайды
Талдайды
Бөліктерге бөледі
Сыни тұрғыдан талдайды
|
Зерттейді
Жетекшілік етеді
Ынталандырады
Бақылайды
Оқушыға қосымша ресурс ретінде ықпал етеді
|
Талдаңыз-бөліктерге бөліңіз-сын көзбен қараңыз-табыңыз, айырмашылықтарын анықтаңыз-ажыратыңыз-тексеріңіз-салыстырыңыз-қатар қойыңыз-шолу жасаңыз-тексеріңіз-зерттеңіз-қараңыз-оқып үйреніңіз-бөліңіз-категорияға, топтарға бөліңіз
|
Синтез (Жаңаны жасау)
|
Әртүрлі идеялардан жаңа өнім немесе жоспар жасау
|
Талқылайды
Қорытындылайды
Бір жерге жинақтайды
Салыстырады
Түйіндеме жасайды
|
Кері байланысты береді (рефлексия)
Тереңдетеді, жалғастырады
Бағалайды
Талқылайды
|
Жасаңыз-ойлап табыңыз-жаңалық ашыңыз-құрастырыңызболжам жасаңыз-ұйымдастырыңыз-жоспарлаңыз-жобалаңыз-безендіріңіз-жетілдіріңіз-өзгертіңіз-қиялдаңыз-теория жасаңыз-ұсыныңыз
|
Бағалау
|
Белгілі бір өлшемдер және стандарттар негізінде материалдар мен идеялардың маңызын бағалау
|
Бағалайды
Талқылайды
Пікір сайысқа түседі
Күдіктенеді
Тұжырымдайды
Құрастырады
Өз пікірін айтады
|
Қабылдайды
Келіседі
Таниды, өлшемдерді ашады, үйлестіреді
|
Пікір құрастырыңыз-қорытындыға келіңіз-таңдаңыз-шешіңіз-бағалаңыз-сыни тұрғыдан талдаңыз-негіздеңіз-түсіндіріңіз-талқылаңыз-тексеріңіз-бақылаңыз-дәлелдеңіз-ұсыныңыз-анықтаңыз
|
7. Оқытудың түрлері
Догматикалық оқыту
Түсіндіру суреттеу арқылы оқыту
|
|
Дистанциялық оқыту
|
О қыту түрлері
|
|
Сабақ әлементтері
|
|
Құралдары
|
Проблемалық оқыту
|
|
Модульдық оқыту
|
Проблемалық ситуация
|
|
Проблемалық міндет
|
|
Бағдарламалық оқыту
|
|
Модуль
|
|
Материалдық жұмыс
|
Күрделі тапсырмалар
|
|
Гепотеза
|
|
Лексикалық
|
|
Тармақты
|
|
Мұғалімнің функциясы
|
|
Технологиялық карта
|
|
Дамыта оқыту
|
|
Аралас
|
|
Педагогикалық технология
|
Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтері болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда.
Догматикалық оқыту. Еуропада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұд материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды. Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазірігі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру – суреттеу, проблемалық, т.б.
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік – мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау – оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту – негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негізделген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, тек оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе ХХ ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
Мәселені шешу жолдарын – гипотезаларды ұсыну.
Таңдап алған гипотиезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.
Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскеліктерді оқушылардың бұрынғы іскерліктеріне білім қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.
Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдың күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.
Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияқты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудың маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мәселелік жағдаятқа еңгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.
Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі – оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі – кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.
Гипотеза жорамалы - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза – проблеманы шешу тәсілі.
Дидактикада мәселелік оқытудың көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және т.б.
Мәселелік оқытудың жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдың дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.
Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сәйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыра қолдану керек.
Бағдарламалық оқыту:
Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.
Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.
Б.Скиннер (1904 жылы туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктерге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бұған дейін жабық тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оқиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.
Линиялық бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А.Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген.
Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған берілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдайды. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың келесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдарламамен жұмыс істеу тапсырылады.
Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауапты таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.
Аралас бағдарламада ақпараттың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардың жеке ерешеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әртүрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау.
Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз – оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.
Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалау идеясының дамуы нәтижесінде блоктық, содан кейін модульдық оқыту пайда болады.
Модульдық оқыту – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.
Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына ұқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.
Мұндай карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады.
Модуль дегеніміз – мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.
Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрсетілген.
Модульдер арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді.
Модульдің сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы «Нені үйрену керек?» - деген сұраққа жауап береді.
Келесі кезеңде оқушыны тақырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, диафильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі.
Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыс, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б.
Модульдық сабақ мұғалімнің бақылауымен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі.
Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзінің іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды.
Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларға береді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы «5», 21-23 ұпай алған «4», 17-20 ұпай алған «3», 17-ден төмен «2» деп бағаланады.
Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.
Технологиялық карта
Бөлімі. Тақырыбы
|
|
Мақсаты:
|
Ұғымдарды қалыптастыруды жалғастыру, оқу жұмыс тәсілдерін дамыту.
|
Оқушылар білуі керек
|
|
Оқушылар істей білуі керек
|
|
Негізгі ұғым (түсіну керек білім саласы)
|
|
Жалпы оқу және арнайы оқу іскерліктері мен дағдылары
|
|
Педагогикалық технология
|
Модульдық
|
Бақылау
|
Өзін, өзара бақылау, эксперттік бақылау
|
1 модуль
|
Тақырып
|
Оқытуды басқару
|
Оқу элементінің рет саны
|
Тапсырмасы көрсетілген оқу материалы
|
|
Оқу элементі – 1
|
Мақсат
|
Сабақты тақырыбы және мақсаты тақтаға жазылады.
|
Оқу элементі – 2
Тестілік тапсырманы орындау
|
Мақсат: бастапқы білімдерді анықтау
I. Дәптерге күннің жадын және тақырыптың атын жаз
|
Өз бетіңмен дәптермен жұмыс істе
|
|
II. Тақырып бойынша (өткен) тестіні орында 10 сұрақ беріледі
|
|
|
III. Тесті жұмысының дұрыстығын тексер
|
Жауапты мұғалімнен ал
|
|
I. Білім деңгейінді мына сызба бойынша анықта: 10 дұрыс жауап – білім деңгейі жоғары; 8-9 дұрыс жауап – орта; 8-ден төмен жауап-төмен
II. Қатеңді талда
|
|
Оқу элементі – 2
Жаңа материалды оқу
|
Мақсат:
I. Оқулық мәтінін оқы
|
Өз бетіңмен жұмыс істе
|
|
II. Суреттерді зертте
|
|
|
III. Тапсырмаларды орында және топта талда
|
|
|
IV. Тапсырманы жазбаша орында. 2 тапсырма беріледі
|
|
|
V. Тапсырманың дұрыстығын тексер. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай, жауапта қате болса – 0 ұпай.
Қатені талда
|
Біріншісі – 2, екіншісі – 3 ұпаймен бағаланады
|
Оқу элементі – 3
Жаңа материалды оқу
|
Мақсат:
I. Мәтінді оқу
|
|
|
II. Суретпен жұмыс
|
|
|
III. Кестені толтыру
|
|
|
IV. Топпен бірге хабарлама жасау. Хабарлама қысқа болсын. Жолдасыңның хабарламасын тыңда. Бір-біріңді 5 баллдық жүйемен бағала
|
Топтағы жұмыс. Ұпайларды бақылау қағазына түсіру
|
Оқу элементі – 4
Бекіту
|
Мақсат:
I. Тапсырманы орында
1-тапсырма (күрделілігі бірінші деңгей)
Тест (3)
2-тапсырма (күрделілігі екінші деңгей) суреттерге қарап, ол заттардың қай топқа жататынын анықтау
Тапсырма (күрделілігі үшінші деңгей) мәтіннен үзінді оқып оны талдау. Мәтіннің 3 сұрағына жауап беру.
|
7 ұпай
6 ұпай
Әр дұрыс жауап 2 балл. Қате – 0
Толық емес – 1
|
|
II. жауап дұрыстығын тексеру
|
|
|
III. өз жұмысыңды бағала. Ұпай санын шығару. Өзіңнің бүгінгі сабақтағы жұмысына баға қой.
|
Бақылау парағын дәптеріңе сыз
|
Оқу элементі – 5
|
Өзін-өзі бақылау парағы
|
|
Жұмыс кезеңдері
|
Тапсырмаларды орындағаны үшін алған ұпай саны
|
ОЭ
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
Барлығы
|
ОЭ - 2
|
2
|
3
|
|
|
|
|
ОЭ – 3
|
|
|
|
|
|
|
(Ауызша жауап ОЭ-4)
|
|
|
3
|
7
|
6
|
16
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
26
|
|
Бағалау өлшемін жоғарыда атап кеттік.
Үйге сараланған тапсырма беріледі. Егер «5» алса, онда үй тапсырмасы берілмейді, «4» - кестені қайтала, «3» не одан төмен болса, мәтінді, дәптердегі жазбаларды қайталау. Шығармашылық тапсырма: тақырып бойынша сөзжұмбақ қарастыру.
|
Үйде өз бетіңмен жұмыс істе
|
Достарыңызбен бөлісу: |