Бұл ұғымды И.П.Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н.К.Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді. Қорытынды - Функциональдық жүйе— белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі.
1. Қанқожа М.Қ. «Қозғыш ұлпалар физиологиясы»- Алматы 2004 ж. 2. www.doctor.ru 3. meduniver.com 4. Medinfa.net 5. www.kovostok.ru
Достарыңызбен бөлісу: |