Жоспар кіріспе І тарау Ақша қаражаттарының есебі


Векселъдермен есеп айырысу



жүктеу 42,71 Kb.
бет8/16
Дата21.01.2022
өлшемі42,71 Kb.
#34514
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
ақша қаражат есеьі

3.Векселъдермен есеп айырысу.

 Вексель-біржақты қатаң орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң бекітілген нысандагы қүжат.

Жай және аударма вексельдер болады.

Жай вексель (соло )- талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель үстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің ешбір шартсыз міндеттемесін қамтитын вексель.

Аударма вексель(тратга)-вексель берушінің (трассантгың) үшінші түлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бүйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не үсынған кезде вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы ешбір шарт­сыз міндетгемені қамтитын вексель.

Вексель: қүжат мәтініне (текстіне) енгізілген, қүжат қай тілде толтырылса сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге ешнәрсемен негізделмеғен бүйрықты; төлеуге тиіс түлғаның (төлеушінің) атауы-тек аударма вексельде, төлеу

мерзімін, төлем жасалатын орынды көрсетуді; кімге немесе кімнің бүйрыгы бойынша төлем жасалатын болса, сол түлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орынды көрсетеді, вексельді беретін түлганьщ (вексель берушінің) қолын қойдыруға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптар қүжаттарда түтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, онда вексельдщ күші болмайды.

Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель үсынганда төленуге тиіс вексель ретінде қаралады.

Ерекше нүсқау болмаганда төлем жасаушының атының жанындағы орын, төлем жасау орны жене сонымен бір мезгілде төлем жасаушыньщ түратын орны деп есептеледі.

Жасалған орны көрсетілмеген вексельге вексель берушінің аты-мен катар көрсетілген орында қол қойылган деп есептеледі.

Аударма вексель вексель берушінің бүйрыгы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші түлганьщ есебінен берілуі мүмкін.

Аударма вексельге үшінші түлға түрган жерде немесе төлем жасаушының түратын жерінде немесе қандай да бір баска орында ақы төленуі мүмкін.

Процентгік ставка вексельде көрсетілуге тиіс, мүндай нүсқама болмаган жағдайда шарт қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады.

Егер процентгің есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептеледі.

Кез келген аударма вексельдің, ол бүйрығы көрсетілмей берілгеннін өзінде индоссамент аркылы берілуі мүмкін.

Егер вексель беруші аударма вексельде «бұйрыққа емес»1 немесе осыган мағыналас сөзді жазса, онда қүжат нысанын сақтай отырып және қарапайым цессия салдарымен берілуі мүмкін. Индоссамент2 вексель беруінің пайдасына не вексель бойынша міндетті баска кез келген адамның пайдасына, вексельді акцептегеніне не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушынын да пайдасына жасалуы мүмкін. Бүл адамдар өз кезегінде вексельді табыстай алады.

Индоссамент қарапайым, шартсыз болуга тиіс. Оның шартты жагдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептеледі.

Ұсынушы индоссаментінің бланктік индоссамент күші болады.

Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған парақта (аллонаж) жазылуға тиіс. Оған индоссант қол қоюға тиіс.

Индоссамент аудәрма вексельден келіп шығатын барлық құқықтарды береді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы: бләнкті вз атына немесе баска бір адамның атына толты-ра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқә бір адам­ның әтына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай, вексельді үшінші адамға бере аләды.

Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлем ұшін, жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жагдайдә вексель кейінгі табысталған әдамдардың пәйдасынә шешілсе де, ол олардың алдында жауәп бермейді.

Қолында аударма векселі бар адам, егер ол вз қүқығын үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негіздесе, соңғы индоссамент бланкілік болғанның өзінде зәңды вексель үстаушы деп қараләды.

Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі. Бланкілік индоссаментгең кейін басқә индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған адам вексельді бланкілік индоссамент бойынша сатып алған деп есептеледі.

Аударма вексельді төлем мерзімі басгалғанга дейін вексель үста-ушы немесе қолында весель тұрған, қарапайым адам да төлем жасаушығә акцепт үшін түрған жерінде ұсына алады,

Егерде төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға, немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, ол онда олардың алдында ез келісімігең шарттарына сәйкес міндетті болады,

Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель со-масының бөлігінде аваль аркьілы камтэмасыз етілуі мүмкін.

Мундай камтамәсыз етуді үшінші адәм немесе тіпті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.

Аваль1 аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орнын көрсете отырып, жеке актімен де берілуі мүмқін. Ол «аваль деп есептелон» деген сөздермен немесе кез кел-ген бір мәнді нысанмен бейнеленеді, оған аваль берген адам қол қояды.

Аваль үшін.егер төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қол қоюы жеткілікті.

Авальда оның кімнің есебінен берілгені көрсетілуге тиіс. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші ушін берілген деп есептеледі.

Авальшы ол ұшін аваль берген адаммен  бірдей жауап береді.


  1. Аваль- вексель бойынша кепілдік, оған байланысты аваль жасаған адаи вексель бойынша міндетті басқа адамдардын міндеттемелерін орындауы үшіи жауапкершілікті ез мойнына алады. Авальшы-аваль жасаған адам.

Аударма вексельғе ақы төлей отырып авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы адамның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді,

Аударма вексель ақы төлеу үшін: үсынганда; үсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; жасалғаннан кейін белгілі уәқытта, белгілі бір күнде берілуі мүмкін.

Өзге мерзім тағайындалған немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады.

Аударма вексель үсынған шагында төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға үсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзімі белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды.

Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді.Ұсымғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцепт қүнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады.

Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцепт акцептантқа қатысты ақцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы қүнінде жасалған деп есептеледі. Мерзімі белгілі бір қүнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма вексель ұстаушы вексельді төлеуге ол төленетін күні, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында1 ұсыну төлемге үсынғанмен бірдей болады. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды.

Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы белгіні вексельде жасау және бул туралы қолхат беруді талап ете алады.

Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиіс.

Мерзімі келгенге дейін төлейтін төлем жасаушы мұны өз тәуекеліне жасайды.

Егер аударма вексель толем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада телем мерзімі келген күнгі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерізімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасының жергілікті валютада төлем мерзімі келген күнгі, не төлем жасалатын күнгі бағам бойынша төленуін талап ете алады.



  1. Есеп айырысу палатасы — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес есеп айырысуды жузеге асыруға уәкілетті заңды тұлғалар.

Вексель ұстаушы өзінің регресс құқықтарын индоссанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті адамдарға қарсы: төлем мерзімі келгенде: егер төлем жасалмаса, тіпті төлем мерзімінен бұрын:

1) егер акцептен толық немесе ішінара бас тартылса;

2) төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған жағдайда, ол төлем жасауды тоқтатқан жағдайда, бұл жағдайды сот анықтамағанда немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесі болмаған жағдайда:

3) вексель беруигі акцептке жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда іске асыра алады.

Вексель бойынша акцепт пен төлем үшін жауапты адамдарға регрестік талап вексель бойынша, төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру) бас тарту фактісін куәландыратын актімен расталуға тиіс.

Қарсылық білдіру вексель беруші аударма вексель мәтінінің (текстінің) өзінде ресми акт арқылы қарсылық білдіруді талап ет-кеннен басқа жағдайларда вексельдің өзінде жазылған арызбен және төлем жасаушы қол қойған арызбен ауыстырылуы мүмкін.

Аталған арыз қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімдерде жасалып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сөйкес тізілімге енгізілуге тиіс. Бүл ретте күні қойылмаган индоссамент қарсылық білдірілгенге дейін қойылуға тиіс.

Акцептеуге қарсылық акцептке үсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек.

Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге үсынудан және төлем жасамауга қарсылық білдіруден босатады.

Барлық аударма вексельде вексель беруші вексель акцептке мерзімі белгіленіп немесе белгіленбей үсынылуға тиіс деп шарт қоя алады.

Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдагыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола түрса да; не­месе төлем жасаушы басқа жерде түрып, өзінің түрған жерінен төлем жасауға тиісті бола түрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни үсынылған кезде төленуге жататын вексель бола түрса да, оны акцептке үсынуға тыйым сала алады.

Ол акцепке белгіленген мерізнен бүрын орьшдалмауы керек деп шарт қоя алады.

Әрбір индоссант, егер вексель беруші вексельді акцептеуге жат-пайды деп жарияламаса, онда вексель акцептке мерзімі көрсетіліп немесе көрсетілмей ұсынуға тиіс деп шарт қоя алады.

Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта төленуге тиіс вексельдер акцептке олар берілген күннен басгап бір жылдың шгінде үсынылуға тиіс.

Вексель беруші бүл соңғы мерзімді қысқарта алады. Немесе содан да ұзақ мерзімді белгілей алады. Бүл мерзімдер индоссанттармен қысқартылуы мүмкін.

Төлем жасаушы вексельдің ол бірінші рет үсынылғаннан кейін келесі күн екінші рет үсынуды талап ете алады. Мүдделі адамдар бұл талап туралы қарсылық білдіруде айтылған жағдайда ғана бүл талаптың қойылмағанына сілтеме бере алады.

Вексель үстаушы төлем жасаушыга акцептке ұсынылған вексельді беруге міндетті емес.

Акцепт аударма вексельде көрсетіледі. Ол «акцептелген» деген сөзбен немесе мағынасы бірдей кез келген басқа сөзбен бейнеленуі мүмкін, оған төлем жасаушы қолын қояды. Вексельдің алғашқы бетінде төлем жасаушының қойған қолының акцепт күші болады.

Акцепт жай және шартсыз болуға тиіс, бірақ төлем жасаушы оны соманың бір бөлігімен шектей алады.

Аударма вексельдің мазмұнына акцептпен жасалған кез-келген өзгеріс акцепттен бас тартумен бірдей болады. Бірақ акцептант өз акцептінің мазмүнына сәйкес жауап береді.

Төлем жасаушы акцепт арқылы өзіне аударма вексельді мезгілінде төлеу туралы міндетгеме алады.

Төлемеген жағдайда вексель үстаушы, ол өзі вексель беруші болғанның өзінде, акцептантқа қарсы аударма вексельде негізделген, жөне барлық жағынан қамтылған талап қойылуы мүмкін.

Егер аударма вексельге өзінің акцепт туралы қол қойған төлем жасаушы вексель қайтарылғанға дейін оны сызып тастаса, онда ак­цептен бас тартылған деп есептеледі. Өзгеше екені дәлелденбесе, сы­зып тастау қүжат қайтарылғанға дейін жасалғаны деп есептеледі.

Төлем жасаушы вексельді акцептегеніне немесе акцептелмегеніне қарамастан төлем жасамаған жағдайда, немесе төлем жасаушының мүлкінен өндіріп алу нәтижесіз болтан жағдайда вексель үстаушы өзіне тиесілі қүқықтарды вексель төлем жасаушыға төлеу үшін үсынылғаннан кейін және қарсылық білдірілгеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.

Төлем жасаушы оның вексельді акцептегеніне немесе акцепттемегеніне қарамастан банкрот деп танылганда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель боиынша банкрот деп таныған жағдайда вексель ұстаушының өз қүқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін үсынуы жеткілікті болады.

Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу немесе төлем жасамағаны туралы қарсылық білдірілген күннен кейінгі төрт жұмыс күнін, «шығынсыз айналым»1 туралы алдын ала айтылған жағдайда, үсынылған күннен кейін хабарлауға тиіс. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жүмыс күннің шгінде алдыңгы хабарламаны жібергендердің ат-тары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан өрі вексель берушіге дейін хабарлауға тиіс. Жогарыда аталған мерзімдер алдынғы хабарлама алынған сәттен бастап жүре бастай-ды.

Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірілген жагдайда нотариус бүл туралы вексель бойынша міндетгі барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескертуге міндетгі. Мүндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.

Вескель беруші, индоссант немесе авальшы қүжатқа енгізілген және қол қойылған «шығынсыз айналым», «қарсылық білдірілмейді» деген немесе басқадай мағыналас сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босата алады.

Бұл сөз вексель үстаушыны аударма вексельді белгіленген мерзімде үсынудан да, хабарлама жіберуден де босатпайды. Мерзімдердің сақталмаганын дәлелдеу вексель үстаушымен дау кезінде осы жағдайға сілтеме жасаған адамға жүктеледі.

Егер бүл сөзді вексель беруші енгізсе, онда оның вексельге қол қойған барлық адамдарга қатысты күші болады; егер оны индоссант немесе авальшы енгізсе, онда оның тек өзіне қатысты ғана күші бо­лады.

Егер вексель беруші енгізген сөзте қарамастан, вексель үстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіру жөніндегі шыгасылар оған жүктеледі. Егер бұл сөзді индоссант немесе авальшы енгізсе, онда қарсылық білдіру жөніндегі шығасылар, өз қолдарын қойған барлық адамдардан төлеттірілуі мүмкін.

Аударма вексельді берген, акцептеген, индоссамент жасаган адамдардың немесе оған аваль қойғандардың барлығы вексель үста-ушының алдында бірлесіп міндетгі болады.

Вексель ұстаушы осы адамдардың барлығына, әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға қүқылы, бүл ретте олар-дың міндеттеме алу ретін сақтауға ол мәжбүрленбейді.

Ол аударым жасағаннан кейін, аударма вексельге қол қойған адамдардың әрқайсысыңда дәл осындай қүқық болады.

Міндеттілердің біріне қойылған талап олар бастапқы жауапкерлен кейін міндеттеме алса да, басқаларына талап қоюға бөгет болмайды.

Вексель үстаушы өзі талап қойған адамнан мыналарды:

-аударма вексельдің акцептелмеген немесе төленбеген сомасын, егер

белгіленген болса, онда процентімен қоса;

-вексель сомасынан есептелген вексель төленуге тиіс күні Қазақстан

Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржы­ландыру

ставкасы мөлшеріндегі өсім сомасын;



  • қарсылық білдіру жөніндегі, хабарлама жөнелту жөншдегі

шығасыларды, сондай-ақ басқа да шыгасыларды талап ете алады.

Бұған қоса талап қойған вексель үстаушы талая қою сомасына вексель сомасының 0,01 проценті мөлшерінде қомиссияны енгізе алады.

Егер талап төлем мерзімі басталғанга дейін қойылса, онда вексель, сомасынан есегггік проценті үсталады. Бүл есептік процент век­сель үстаушы түратын жердегі, талап қойылган күнгі ресми есептік сгавкаға (банк ставкасына) сөйкес есептеледі.

Аударма вексельге ақы төлеген адам оның алдында жауапты адамдардан мыналарды:

— өзі төлеген барлық соманы;

-аталған сомаға вексельге талапкер ақы төлеген күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мелшерінде есептелген процентгерді;

— өзі төлеген шығасыларды талап ете алады.

Вексельге ақы төлеген және вексель бойынша міндетті адамдарға талап қойған адам талап қою сомасына вексель сомасының 0,05 проценті мөлшеріндегі комиссиялық соманы қоса алады.




жүктеу 42,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау