Жоспар Кіріспе I. Негізгі бөлім


Антиоксиданттар және эмульгаторлар



жүктеу 28,91 Kb.
бет3/4
Дата19.11.2022
өлшемі28,91 Kb.
#40242
түріРеферат
1   2   3   4
СРСП Пищ Хим-1

3. Антиоксиданттар және эмульгаторлар
Антиоксиданттар майдың және құрамында майы бар тағамдардың тотығуына жол бермейді. Липидтердің құрамындағы қанықпаған қышқыл майларының тотығуын бәсеңдетеді. Антиокислителдер жемістерден, көкөністерден жасалған тағамдарды өңдегенде қарайып кетуден сақтайды. Шарап, сыра және алкогольсіз сусындардың ферменттік ашуынан қорғайды. Осының нәтижесінде бұл өнімдердің сақталу мерзімін бірнеше есе артады. Тағамдық өнімдердің тұтқырлығын арттырады, тепе-теңдігін қалыптастырады. Тағамның құрылысын сақтайды, қажетті қоюлылықты ұстап тұрады. Қоюлатқыштар тағамдық өнімдердің тұрақты күйде болуына, сонымен қатар дәмінің сақтауына оң әсерін тигізеді.
Желатин – белокты зат, молекулалық массалары әр түрлі полепептидтердің қоспасы. Иісі, дәмі жоқ. Желатинді жануарлардың сүйегінен, сіңірінен алады. Ол ыстық суда еріп, іркілдек масса түзіледі. Крахмал – қоюландырғыш ретінде кондитер өнеркәсібінде, нан пісіру және балмұздақ өндірісінде қолданылады.
Эмульгаторлар бір – бірінеараласпайтын сұйықтардың өзара араласып, тағамдық қасиетін сақтай отырып, біркелкі қоспа түзілуіне жағдай жасайтын тағамдық қоспалар. Соңғы кездерде өнеркәсіпте жасанды эмульгаторлар кеңінен қолданылады, Мысалы: Е510, Е513, Е527 эмульгаторлары өте қауіпті, бауырға, асқазанға зиян келтіреді. Дәмдеуіштер тағамның дәмін кіргізе отырып, оның құрылымын сақтайды, сапасы төмен азықтардың дәмін кіргізеді. Мысалы: ескі, сапасы төмен етті, балық, құс еті, саңырауқұлақ, чипса, сухариктер, құрғақ суп, құрғақ дәмдеуіштер т.б. Қазіргі кезде кең таралған дәмдеуіштің бірі – натрий глутаматы Е621. Натрий глутаматын жиі қолданатын адамдардың 30% бас ауруына, жүрек қағысының өзгерісіне, бұлшық еттегі әлсіздікке, кеуденің қысылуына, тершеңдікке шағым жасайды. Таза күйінде бұл заттың не иісі, не дәмі жоқ, бірақ, кез- келген тағамның дәмін арттырады. Өздері газ бөліп, тағамның көлемін үлкейтетін заттар немесе заттар қоспасын көпсіткіштер дейміз. Осылай қамырдың көлемін өзгертеді, ашытқыш әсерін қалыптастырады. Табиғи хош иістендіргіштер жеміс – жидектерден, көкөністерден шырын түрінде алынады. Тамақ өнеркәсібінде тек табиғи хош иістендіргішті бір өзін ғана қолдану мүмкін емес. Себебі әртүрлі жағдайдың әсерінен тез бүлінеді. Табиғи тектес хош иістендіргіштер - ұзақ сақталуына байланысты жиі қолданылады. Оның құрамы жөнінен табиғиға өте ұқсас. Химиялық құрылысы бойынша бұл заттар эфир майларына, күрделі эфирлерге жатады. Күрделі эфирлердің барлығы дерлік жасанды жеміс эссенцияларын, сусындар, кондитер өнімдерін алуға қолданылады. Жасанды хош иістендіргіштер табиғатта кездеспейді. Оны химиялық синтез арқылы алады. Жасанды хош иістендіргіштер бұзылмайды, өте тұрақты, түсі қанық және арзан болады. Ара балы – жағымды дәмі және иісі бар тағам. Оның хош иісі және түсі бал арасының қандай өсімдіктің гүлінен жинағанына байланысты болады. Лактоза – сүт қанты. Суда нашар ериді. Кондитерлік тағамдар және балалар тағамына қосады.
Глюкоза – табиғатта кең таралған бағалы қоректік зат. Ол өсімдіктердің жасыл бөлігінде, жүзімде шырынында,жеміс жидектерде, балда көп кездеседі. Сахароз, крахмал, клетчатка сияқты маңызды полисахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза – глюкозадан екі есе тәтті қоректік зат. Ол барлық жеміс – жидектердің, балдың, гүлдердің шырынында болады, сондықтан оны «жеміс қанты» деп атайды. Мальтоза (солод қанты) – тәттілігі қанттан төмен. Бидай тұқымдастарының құрамында болады. Қамыр ашығанда мальтозадан глюкоза түзіледі. С12Н22О11 + Н2О = 2С6Н12О6.
Қазіргі кезде сахарин, аспартам, ацесульфам, тауматин және глицеризин деген жасанды тәттілерді қолдануға рұқсат берілген. Аспартам мен ацесульфам сахарозадан 200 есе тәтті. Бірақ, олар туралы көптеген теріс пікірлер дәлелденіп жатыр. Мысалы аспартам 600 түрлі тағамның құрамына кіреді. Ол 30 градус температурада метил спиртіне және формальдегидке ыдырайды. Олар өте қауіпті канцерогенді заттар. Оны үнемі қолданған адамдардың басы ауырады, құлағында шу пайда болады, аллергияға, депрессияға үшырайды. Цекломат тәттілеуші қолданыстан шығып қалды. Себебі ол бүйрек жеткіліксіздігіне ұшыратады. Оны шөлді басатын, сарайыңды ашатын сусынға қосып келген. Белоктардың жоғары концентрациялы сұйық –газ жүйесін түзу қабілетін көбіктендіргіш деп атаймыз. Нәтижесінде көбік түзіледі. Көбіктердің тұрақтылығы оны түзетін белоктың табиғатына ғана емес, оның концентрациясына және температураға байланысты болады. Белоктар көбіктендіргіштер ретінде кондитерлік өнеркәсіпте кең қолданылады. Мысалы: зефир, суфле, сыра т.б.


жүктеу 28,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау