Жоспар Кіріспе 3


Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары және кұрылтайшылар



жүктеу 0,9 Mb.
бет3/4
Дата17.11.2017
өлшемі0,9 Mb.
#637
1   2   3   4

2.2. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары және кұрылтайшылар

Кодекстің 41 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға ґз қызметін, егер заң құжаттарында ґзгеше айтылмаса, жар не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарында кґзделген реттерде, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады.

ҚР-ның қазіргі заңнамасы тек қана құрылтай шарт: негізінде құрылып қызмет етуі мүмкін заңды тұлғалар нысандарын қарастырмайды. Сондықтан 1997 жылғы 15 шілдеде ҚР-ның Заңымен 41 бабының 1 тармағына тиісті түзетулер) енгізілген болатын.

Тек жарғы (не жалпы ереже) негізінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер; әрі жарғы әрі шарт негізінде бір уақытта -мысалы, толық және сенім серіктестіктері секілді; жарғы, сол секілді жарғы мен шарт негізінде акционерлік қоғамдар, шектеулі және толық жауапкершілі: бар серіктестіктер, ґндірістік кооперативтер, мемлекетті емес мекемелер құрылады.

Бұл мәселелер толығырақ заңды тұлғалардың жекелеген нысандары туралы арнаулы заңнамалық актілермен анықталады.

Алғаш рет құрылтай шарты азаматтық - құқықтық шарттың дербес түрі ретінде АЗН-де бекітілген болатын. Алайда "құрылтай шарты" ұғымының ґзін пайдалану сол уақытта жаңалық болған жоқ, ґйткені ол заңнамаға бұдан ертерек белгілі болғанын атап кеткен жґн. Мәселен, 1990 жылғы 19 маусымдағы № 590 КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен бекітілген "Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы" ереженің 7 тармағымен акционерлік қоғам қоғамның кұрылтай құжаттары болып табылатын жарғы, ал жауапкершілігі шектеулі қоғам -құрылтай шарты мен жарғы негізінде құрылып қызмет етеді деп белгіленді.

ҚР-ның АК-тің 41 бабының 4 тармағының 1 бґліміне сәйкес кұрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлғаны құруға міндет алады, оны кұру бойынша бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне (шаруашылық басқаруға, жедел басқаруға) ґзінің мүлкін тапсыру мен оның қызметіне қатысу шартын анықтайды. Шартпен сондай-ақ құрылтайшылар арасында таза пайданы үлестіру, заңды тұлғаның қызметін басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығуы шарты мен тәртібі анықталып, егер Азаматтық кодекспен немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы ґзге де заңнамалық актілермен ґзге нәрсе қарастырылмаса, оның жарғысы бекітіледі.

Құрылтай шартының кґрсетілген шарттары елеулі болып қарастырылуға тиіс және олар болмаған кезде (егер арнаулы заңнамалық актілермен қарастырылмаса) ґзге құрылтай шарты АК-тің 393 бабының 1 тармағына сәйкес жасалған болып есептелмеуі мүмкін.

ҚР-ның АК-тің 41 бабының 3 тармағы коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаттарында осы заңды тұлғалардың қызметінің пәні мен мақсаттары анықталуға тиіс деп белгілейді. Шаруашылық серіктестіктің, акционерлік коғам мен ґндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарына қатысты мұндай талап болмайды, сондықтан олардың қызметінің пәні мен мақсаттарын Құрылтай құжаттарында анықтау – кґрсетілген ұйымдар Құрылтайшыларының құқығы емес, бірақ міндеті.

Кодексте кґрсетілген жағдайларда нақты қай құрылтай құжатында (жарғы немесе құрылтай шартында) бұл ақпарат болуы тиіс екенін анықтамайды. Барлық заңды тұлғалар ґзінің қызметін құрылтай шарты негізінде жүзеге асыратындықтан, бірақ жарғының болуы барлық ұйымдар үшін қажетті шарт болып табылатындықтан, тиісті жағдайларда олардың қызметінің пәні мен мақсаттарына кґрсету заңды тұлғалардың

жарғыларында ґз кґрінісін табуға тиіс.

Құрылтай құжатына құрылтайшылардың келісімімен ґзге де шарттар енгізілуі мүмкін (АК-тің 41 бабының 4 тармағының 2 бґлімі). Сондықтан, егер құрылтай құжатына қандай да бір шарттың енгізілуіне, заңнамамен талап етілмеген болса да, оның тараптарының тіпті бірі кґндіргісі келсе, бұл шарт маңызды болып танылады.

Ортақ ереже бойынша құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып табылады және ол мемлекеттік және ґзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға кґрсетілуге тиіс емес. Одан шығарулар заңнамалық актілермен, құрылтай құжатының ґзімен немесе заңды тұлғаның органының шешімімен белгіленуі мүмкін.

Ортақ ереже бойынша, құрылтай шартының қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Ал заңды тұлғалардың кейбір нысандарына қатысты заңнама белгілі шектеулер белгілейді. Мәселен, ґндірістік кооперативті, толык серіктестік және серіктестері толық сенім серіктестігін құру туралы шарттың қатысушылары тек жеке тұлғалар, ал ассоциациялар (одақтар) - тек заңды тұлғалар болуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындар тек қана мемлекеттің келісімімен ґкілеттілік берілген орган түрінде шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерінің, сондай-ақ акционерлік коғамның қатысушылары болуы мүмкін. Мемлекеттік органдар ҚР Үкіметін қоспағанда, егер заңнамалық актілермен тікелей белгіленгенше, акционерлік қоғамның құрылтайшылары (қатысушылары) бола алады. Егер шарттық қатысушыларының тым болмағанда бірі шет елдік тұлға (азаматтығы жоқ тұлға) болған жағдайларда мұндай ұйымның құрылуы шет елдік инвестициялар туралы Заңының талаптарын есепке алумен жүргізіледі.

Ґкінішке орай, АК-ке оның қабылдануы күнінен бастап енгізген кґптеген ґзгертулер мен толықтырулар, әлі күнге дейін Кодекстің 41

бабының 4 тармағының 1 бґлімінде жіберілген заң шығарушының ағаттығын жойған жоқ. Әңгіме құрылып жатқан заңды тұлғаның меншігіне (шаруашылық басқаруға, жедел басқаруға) құрылтайшының мүлігін тапсыру шарттарын анықтау жґнінде болып отыр. Шаруашылық басқарудың негізінде құрылған заңды тұлғаның кұрылтайшылардан алған мүлігіне ие болатын заттық құқықтың бір түрі ретіңде еске алуы қарсылық туғызады. Мәселе АК-тің заңды тұлғаның бір уақытта екі шартқа жауап беретіндей оның мұндай ұйымдық - құқықтық нысанын қарастырмайтындығында болып отыр:

• шаруашылық басқару құқығында мүлікке ие болуы;

• ґзінің қызметін жарғыдан басқа, құрылтай шара негізінде


жүзеге асыруы (немесе жүзеге асыра алуы).

АК-тің 196 бабымен шаруашылык басқару құқығы мүлікті меншік иесі ретіндегі мемлекеттен алған мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы екендігі белгіленген. Сондықтан шаруашылық басқару құқығы тек мемлекеттік кәсіпорында пайда болуы мүмкін деп атап кеткен М.К. Сүлейменовтың айтқаны дүрыс. Азаматтық құқықтың бірде бір ґзге субъектісі мүлікке осындай заттық құқығында ие бола алмайды. Екінші жағынан, мемлекеттік кәсіпорынның ерекшелігі мынадан тұрады, оның мүлігі ажырамас болып табылады және салымдар, үлестер бойынша үлестіріле алмай, (ҚР АК-тің 102 бабының 2 тармағы). Бұдан мемлекетті кәсіпорынды екі немесе бірнеше құрылтайшылар құралмайды, ал "мемлекеттік кәсіпорынды құру туралы құрылтай шарты" - ойға сыйымсыз деген ой шығады. Сондықтан құрылтай шарты ешқандай жағдайда құрылтайшыларды мүлікті ґздері құрып отырған заңды тұлғаның шаруашылығы басқаруына беру шартын реттей алмайды.

Осы ой - тұжырымдарға негізделе отырып, Кодекстің құрылтай шартында құрылтайшылардың мүлікті құрылып жатқан заңды тұлғаға

жедел басқаруға беру шартын анықтау қажеттігі жґніндегі талабын тар мағынада түсінген жґн. Мұндай шарттар бірнеше тұлғалармен, соның ішінде жеке тұлғалармен құру мүмкіндігіне заңнамамен тыйым салынбайтын және заңды тұлғаның осы нысанының мән - мазмұнына қайшы келмейтін тек қана мекеменің құрылтай шартында ґз кґрінісін таба алады.

Әдебиетте "ґзінің заңдық табиғаты бойынша кґрсетілген шарт консенсустық және ақылы сипатындағы кґпжақты болып табылады. Коммерциялық емес ұйымды құру туралы құрылтай шарты ақылы сипатына ие"29.

Кейбір авторлар консенсустық деп тараптардың келісімге Жетуі сәтінен күшіне енетін шарттарды есептейді. Мүндай аныктама консенсустық шарттардың мәнін толық шамада сипаттамайды және оны (мәнін) заңның мәтінінен шығару керек деп ойлаймыз. АК-тің 393 бабы 1 тармағының 1 бґліміне сәйкес шарт тараптар арасында тиісті жағдайда қажетті нысанда оның ең маңызды шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде жасалған болып есептеледі. Нақ осы тұлға консенсустық шартты анықтаудың негізінде болуға тиіс деп есептейміз.

ҚР АК-тің 393 бабы 1 тармағының 2 бґлімінде шарт түрінде орын алған ескертудің кейбір жағдайларда құрылтай шартының жарамдылығы үшін маңызды мәні бар. Әңгіме, әрине, мамандандырылған жазбаша түрін қажет ететін шарттар жґнінде болып отыр. Олар нотариалдық куәландырудан кейін жасалған болып есептеледі. Шарттың нотариалдық куәландыруы жґніндегі заңнамалық актінің немесе тараптардың келісімінің талабының бұзылуы оның жарамсыздығына әкеледі (АК-тің 154 бабы). Сондықтан мысалы шаруашылық серіктестікті құру туралы құрылтай шартына қатысушыларының құқықтары мен міндеттері олардың тиісті
________________________________________________________________

29 Гражданское право: В 2-х т. Т 2: Учебник /Под ред. Е.А. Суханов. - М.: «Бек», 1994. 375 б.

келісімге жетуі сәтінен емес, мұндай келісімге тиісті нысанының берілуімен пайда болады. Ґндірістік кооперативтің, қоғамдық қордың, ассоциация мен мекеменің құрылтай шарттары үшін қарапайым жазбаша форма жеткілікті.

Тараптың ґзінің міндеттерін орыңдағаны үшін ақы немесе ґзге де қарсы ұсыныс алуға тиіс АК-тің 384 бабына сәйкес арқылы болып табылады. Бір жақ екінші жаққа одан ақы немесе ґзге де қарсы ұсынуларды алусыз бір нәрсе беру міндет алатын келісім ақысыз болып танылады.

Осы анықтамаға негізделіп, біздің пікірімізше, құрылтай шартын


қайсыбір топқа жатқызу біршама қиын. Тіпті құрылтай шартының
қатысушыларының ґзара қарым-қатынасының тәжірибеге байланысы жоқ
талдау олардың барлық ұсынымдарының құрылып жатқан жаңа
субъектіге арналған турасында қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Екіші жағынан, мүліктік қатынастардың тұтас қатары бойынша құрылған
заңды тұлға ґзінің қатысушылары алдында қарызданушы ретінде әрекет
етеді. Мұны, мысалы, серіктестік қатысушыларында соңғысында
қатысушыдан осы міндет орындалуын, сондай-ақ мерзімі ґткен уақытында
шығып ґтеуді және айып тґлеуді талап етуге құқығын туғызатын
белгіленген мерзімде жарғылық капиталға салымдар енгізу міңдетінің
болуымен кґруге болады. Серіктестіктің жалпы жиналысымен

қатысушылар арасында кірісті үлестіру жґнінде шешім қабылдау жағдайында, олардың әрқайсысы үлестірілетін кірістің бір бґлігін, жарғылық капиталы тиісті үлесті алуға құқылы. Бұл жағдайда серіктестік ґзін қатысушыларына қатысты қарызданушы, ал қатысушылар демек, -серіктестіктің кредиторлары болып табылады.

Дегенмен де, құрылтай келісімінің коммерциялық бағыттылығын байқамау қиын, ґйткені ґзінің мүлігін құрылатын заңды тұлғаның меншігіне немесе жедел басқаруға бере отырып, қатысушылар бірқатар

жағдайларда сґйтіп заңды тұлғаның қызметінен таза кірістің бір бґлігін және т.б., осы ұйымның таратылуынан кейін қалған мүліктің бір бґлігін алу құқығына ие болады. Бірақ құрылтай шартының ерекшелігі осы және ґзге де мүліктік міндеттемелер шарттың тараптары арасында емес, оның қатысушылары мен олар құратын құқықтың жаңа субъектісі арасында пайда болуынан тұрады. Және қатысушылар мен олар құрған заңды тұлға арасында ґзара мүліктік құқықтар мен міндеттер пайда болғанымен, бұл факт құрылтай шартын сґздің тура мағынасында ақылы етпейді. Сондай-ақ коммерциялық емес ұйымды құру туралы ақысыз құрылтай шартын да бір мағыналы сипаттау қиын. Құрылтайшылар іс-әрекеттерінің, мысалы ақылы мемлекеттік емес мекеменің коммерциялық бағыттылығы түпкі нәтиже алудан да, яғни осындай мекемені таратудан кейін қалған мүлікті үлестіруде немесе ұйымнан шығу кезінде оның бір бґлігін алудан кґрініс таба алады. Шынында да, осындай мекеменің заңнамамен рұқсат етілген шекте алынатын барлық кірістері қатысушылар арасында үлестіруге бағытталмай, кґрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіру үшін пайдаланыла алады. Алайда үлестірілмеген кіріс осы мекеменің баланстық құнын және соған сәйкес оның құрылтайшыларының үлесінің құнын ұлғайтады. Бұл осы ұйымның таратылуынан немесе одан шыққаннан кейін олардың арасында мүлікті үлестіру кезінде кґрініс табады.

Осы орайда құрылтай шарты, дегенмен, шарттардың сипаттамаларының әдеттегі схемасымен үйлеспейтіні және оның мәнін ашу үшін ґзге ыңғайларды қажет ететіні туралы қорытынды жасаған жґн деп ойлаймыз.

Біздің пікірімізше, заңнамалық актілердің құрылтай шарты мен жарғының мазмұнына қоятын талаптардың барлығы негізделген болып таныла алмайды. Мәселен, құрылтай шартында да, шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғысында да келесі мәліметтер

кґрсетілуге тиіс.


  • жарғылық капиталдың кґлемі туралы;

  • серіктестіктің фирмалық атауы және орналасқан жері;

  • серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) тізбесі олардың атауының, орналасқан жерінің, банк реквизит терінің (егер құрылтайшы жеке тұлға болып табылса) немесе атының, тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерінің (егер кұрылтайшы жеке түрі болып табылса) кґрсетілуімен.

Осыған ұқсас жағдай ґндірістік кооперативке қатысты байқалуда: жарғы, сол секілді құрылтай шарты кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарының құрамы жґнінде, тағы кірісті үлестіру мен шығындар туралы мәліметтерден тұру қажет. Толық және сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарының екеуі де серіктестіктер мүлігінің құрылу шарттар туралы, таза кірісті үлестіру мен шығындар туралы, басқа және тағы басқалар туралы ережелерден тұруы қажет.

Мұндай жағдай, әрине, бір жағынан - заңдық техниканың үйлесімділігі тұрғысынан дұрыс деп және екінші жағынан - осы құжаттар арасында қайшылық туғызуы мүмкін деп таныла алмайды.

Заңнамалық актілердің ережелеріне сәйкес жарғы құрылтай шартымен бекітілуге жатып, бұл оны құрылтай шартының құрамдас бґлігі ретінде, олардың келісімінің нәтижесінің бірі ретінде қарастыруға негіз береді. Нәтижесінде - кґрсетілген кґзқарастар бойынша қатысушылар қол жеткізген келісімінің нәтижелері қайталанады. Бұл осы екі құжат арасында белгілі қайшылықтарды бұған дейін туғызған және қазір де тудыруға қабілетті және де мүндай оқиғалар сот тәжірибесіне де белгілі30. Оған қоса, басқа да кґзқарастары бойынша қайшылықтар болуы мүмкін,

________________________________________



30 Климкин С.И. Учередительные документы юридического лица /В кн. Общая часть Гражданского кодекса Республики Казахстан (сборник статей, комментариев). - Алматы: КазГЮИ, 1996. 62-74 б.

ґйткені заң жарғысының және құрылтай шартының мәтініне заңнамаға қай келмейтін ґзге де шарттарды енгізуге рұқсат береді.

Қазақстандық әдебиетте осыған ұқсас жағдайдан табуға талпыныстар жасалған болатын. Мысалы, Ю.Г. Басин былай деп атап кґрсетеді: "Құрылтай шарты мен жарғы арасындағы қайшылықтарға жол берілмейді. Олар келесі түрде жойылуы мүмкін: ... құрылтайшылардың (қатысушылар да солар) ґздері аталған екі құжаттардың біріне түзетулер енгізіп, қайшылықты жоя алады; құрылтайшылар арасында бұл мәселе бойынша келісімге қол жетпеген кезде басымдық, біздің, пікірімізше, жарғыға берілуі тиіс"31.

Осыған ұқсас жағдайларды шешу мақсатымен 1998 жылғы 2 наурыздағы ҚР-ның Заңымен АК-тің 41 бабына келесі толықтыру енгізілген болатын "Құрылтай шарты мен жарғы арасында қайшылық жағдайында мыналардың шарттары қолданылуы қажет: 1) құрылтай шартының, егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына жатқызылса; 2) жарғының, егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызы болса".

Қайсыбір құжаттың қолданылуының ұсынылған нұсқасы мінсіз болып таныла алмайды, ґйткені оның негізіне әртүрлі ґлшемдер (құрылтайшылардың ішкі қатынастары мен заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастары) жатқызылған. Сонымен қатар, бір мәселе қатар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына да жатқызылады, сондай-ақ заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызының болуы жағдайын жоққа шығаруға болмас. Оған мысал - заңды тұлғаның жарғылық капиталының кґлемі. Бір жағынан, "жарғылық капитал" санаты арқылы ортақ ереже бойынша қатысушылардың үлестері анықталады, ал екінші

________________________________________________________________________________________________________
31 Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб. Пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. - Алматы: ВШП «Әділет», 2000. 29 б.

жағынан - оның кґлемі серіктестік кредиторларының мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылады.

Сондықтан АК-ке 1998 жылғы 2 наурыздағы Заңымен кґрсетілген түзетулердің енгізілуі - бүл небәрі құрылтай шарты мен жарғының арақатынасы проблемасын шешуге талпыныс. Дегенмен, бізге бұл мәселені шешудің ґзге жолы тиімдірек болып кґрінеді.

Заңнаманың мағынасы бойынша құрылтай шарты заңды тұлғаның қызмет етуінің бүкіл мерзімі ішінде әрекет етеді. Мұндай қорытынды, мысалы, шектеулі және қосымша жауапкерішілігі бар серіктестіктер туралы Заңының 22 бабынан шығады. Оған сәйкес серіктестікке жаңа қатысушының қабылдануы құрылтай шартына қосылуы туралы шартымен сондай-ақ заңнамалық актілердің ґзге де нормаларын дайындалады. Заң шығарушының бұл ыңғайы бірқатар авторлардан ґз қолдауын тапты. Мәселен, Е.А. Суханов, мысал құрылтай шартының бірлескен қызмет туралы шартынан ґзгешелігін талдай отырып, "мұндай шарт жаңа ұйымды құруымен (мемлекеттік тіркеуімен) күшін тоқтатпайды, оның құрған заңды тұлғаның жүмысының бүкіл уақытына сақтайды" деп атап кґрсетеді32. А.Б. Савельев те осы мәселе қарастыра отырып, "ол қойылған мақсатқа жету бойымен тоқтамай, осы заңды тұлғаның ґзі ґмір сүргенге дейін күшін сақтайды" деп кґрсетеді.

Осы секілді пікірлер тәжірибелік, сол сияқты теориялы жағынан қарсылық туғызады, бірақ шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңының қабылдануымен бұған дейін пайда болған кейбір мәселелер шығарылған болатын. Алайда жарғы мен құрылтай шартыны байланысы кезіндегі белгілі бір екі ұштылық, дегенмен сақталып қалды. Мұны мысалы түрінде кґрелік. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестігінің қатысушыларының жалпы жиналысымен серіктестіктің

_________________________________________________________

32Гражданское право. В 2-х томах. Том 2. /Под ред. Е.А. Суханова. - М.: «БЕК», 1994. 375 б.

жарғылық капиталы кґлемін тґмендеуіне орай жарғыға ґзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды. Осы мәселенің шешілуі кез келген жағдайда жиналыста қатысып отырған және ұсынылған қатысушылардың кем дегенде 3/4 дауысын қажет етеді. Серіктестіктің құрылтай шарты оның қызмет етуінің бүкіл мерзімінде әрекет етеді деген кґзқарасты ұстана отырып, біз тиісті ґзгерістер (жарғылық капиталдың кґлемі туралы шарт құрылтай шартының ережесіне де енгізілуі тиіс екенін мойындауға мәжбүрміз. Бірақ жарғыға ґзгертулердің енгізілу құрылтай құжатына ґзгертулердің автоматты түрде енгізілуі білдірмейді ґйткені шарт жасау үшін екі жақтың не үш немесе одан да кґп жақтардың келісілген еркін білдіруі қажет (АК-тін 148 бабының 3 тармағы), ал азаматтық құқықтар мен міндеттерді ґзгерту туралы келісім - бұл да шарт (АК-тің 378 бабынын 1 тармағы). Яғни, жарғыға ґзгертулердің енгізілуіне қарағанда, құрылтай шартының жағдайының ґзгеруі барлық қатысушылардың келісімін қажет етеді. Бұлай болмаған жағдайда нотариус шартқа (шарттың жаңа редакциясына) енгізілетін ґзгертулерді, бұдан шығатын барлық салдармен бірге, куәландырудан бас тартуы қажет.

Мұндай жағдай жарғы мен құрылтай жарғысы арасындағы қайшылықтың туындауымен қауіпті, ґйткені кұрылтай шартына ґзгертулер жарғыға қарағанда енгізілген болып есептелмейді. Жоғарыда атап ґткеніміздей, заңның түрліше оқылуы АК-тің 41 бабының 6 тармағының қолданылуымен жойыла алмайды, ґйткені қайшы шарт (жарғылық капиталдың кґлемі) қатысушылардың ғана емес, үшінші тұлғалардың ішкі қарым - қатынастарына да қатысты және мұндай жағдайда қандай құжатқа артықшылық берген жґн екендігін анық айтуға болмас.

Бұл орайда осыған ұқсас жағдайдан шығудың амалы жалғыз мынада -құрылтай шартының жарамдылығы мерзімін заңды түрде шектеп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу арқылы тоқтатылуын белгілеген жґн деп

есептейміз. Бұл жарғы мен құрылтай шартының "ықпалы аясы" арасындағы ойдан шығарылған қайшылықтарды жоюға, осы құжаттардың бір - біріне қайшылығы кезінде олардың заңдық күшін салыстыру туралы мәселені алдырып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен, құрылтай шарты ґзінің табиғаты жағынан бірлескен қызмет туралы шартының бір түрі болып, орындаумен - заңды тұлғаны құрумен тоқтатылуға тиіс. Нақ осы ой акционерлік қоғамдар туралы Заңында ашық қоғамның құрылтай құжатына қатысты жүзеге асырылған: ашық қоғамды құру туралы құрылтай шартының күші қоғамның мемлекеттік тіркелуі және оның барлық құрылтайшыларының құрылтай шартымен белгіленген міндеттемелерін орындауы сәтінен тоқтатылады33.

Қатысушылар арасындағы ґзара қарым - қатынастарды қатысушылар мен заңды тұлға арасындағы оның құрылған сәтінен бастап қарым -қатынастарды реттеу осы заңды тұлғаның заңнамасы мен жарғысының (ережелерінің) нормалары мен жүзеге асырылатын болады.

Арнаулы заңнамалық актілермен заңды тұлғаларды жекелеген нысандарының құрылтай құжаттарына талап белгіленеді. Олардың ерекше реттелуіне орай, осы кітапты екінші бґлімінде заңды тұлғалардың жекелеген нысандарының құрылтай құжаттарының ґзгешеліктерін толығыра қарастыратын боламыз.

АК-тің 40 бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшылар құра алады. Заңды тұлғалардың құрылтайшылары мүліктің меншік иелері не олар ґкілеттілік берген органдар немесе тұлғалар, ал заңнамалық актілермен арнайы қарастырылған жағдайларда - ґзге де заңды тұлғалар бола алады. Сонымен бірге мүлікке шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында ие болатын заңды тұлғалар меншік иесінің



___________________________________________________________

33Гражданский кодекс Республики Казахстан - толкование и комментирование. Общая часть. Выпуск 1. Изд. 2-е, перераб. и доп. /Под ред. А.Г. Диденко. - Алматы: «Баспа», 1997. 57 б.

немесе оның ґкілеттілік берген органының келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

Тіпті осы бапты қарапайым оқудан кейін АК-тің қабылдануы күнінен оған бір де бір түзету енгізілмеген болатыны деген сұраққа жауап анық болады. Біздің пікіріміше, жауап қарапайым - бұл баптың ешқандай заңды ауқымы жоқ.

Бірінші бапты кґрелік. Онда қандай ақпарат бар? Шынында да, заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшылар құра алады. Бірақ бұл норма судьяларды қосқанда, "тәжірибешілерге", сол сияқты теоретиктерге, сыннан басқа не береді.

Осы баптың 2 тармағының бірінші ұсынысы да аз сынға үшырамайды. Меншік иелеріне қатысты барлығы шамамен түсінікті: олар меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар, сол секілді жалпы меншік иесі ретінде мемлекет бола алады. Ґкілетті органдар жайында да түсінікті -әңгіме құзыретіне заңды тұлғалардың құрылтайшылары болып әрекет ету мүмкіндігі кіретін мемлекеттік органдар туралы болып отыр.

Бірақ қандай "ґзге заңды тұлғалар" туралы әңгіме болып отырғаны мүлдем түсініксіз. Егер Кодекс меншік иелері емес ұйымдар туралы сґз етсе, онда оларға осы тармақтың екінші үсынысы арнайы арналған. Ал заңды тұлғалар (бұл мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерден басқа кез келген ¥йымдар) туралы АК-те айтылмаған. Заң бұл бапта әрекет етпейтін, ол басқармайтын заңды тұлғалар жґніндс сґз ететін больш шығады.

Заңнама таяу уакытқа дейін "құрылтайшы" және "қатысушы" деген ұғымдар арасында нақты айырмашылық жүргізген жоқ еді. Дегенмен, қазірдің ґзінде, заңнамада да, әдебиетте де осы терминдерді негізсіз араластыруға жиі жол беріледі. Сонымен бірге, бұл ұғымдардың белгілі ортақтығына қарамастан олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар.

1994 жылдың ґзінде, бұл мәселелерді акционерлік қоғамның

мысалында талдай отырып, бұл қателік "акционерлік қоғамның құрылтайшысы" және "акционер" деген терминдерді дұрыс емес түсінуден және түсіндіруден тұратынын атап кґрсеткенбіз. "Акционерлік қоғамның құрылтайшысы - оларға (құрылтайшымен) белгіленген тәртіпте акциялар тґленген кезге дейін белгілі бір мағыналық жүк артқа уақытша ұғым. Осы кезден бастап құрылтайшы қарапайым акционерге айналады. Және осы орайда АҚ, "Құрылтайшылар құрамының ґзгеруі туралы", "Құрылтайшылар арасында жарғылық қорды қайта үлестіру туралы" және тағы басқа жиі кездесетін күн тәртібіндегі тұжырымдар анық қате болып кґрінді.

Басқа бапта біз сондай-ақ бұл ұғымдардағы айырмашылықтарға назар аударғанбыз: құрылтайшылар - бұл акционерлік қоғамның "ата аналары"; олар акционер болудан қалуы мүмкін, бірақ әрқашан ұрпақтың жадында қалмақ.

Қазіргі заманғы заңнама бұл ұғымдарды азды-кґпті айқындағанымен, онда әлі күнге дейін терминологиялы: қателіктерге жол беріледі. Мысал ретінде - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы Заңының 12 бабы. Мәселен ол "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушыларының міндеттері" деп аталып және 1 тармақта олардың негізгі міндеттерін белгілей отырып, 2 тармақта "құрылтайшылар" деген терминді пайдаланады.

Бұл, әрине, нормативтік материалды жасау кезінде салықтың кґрсеткіші, ґйткені, біз жоғарыда кґрсеткеніміздей, ұйымның құрылтайшысы белгіленген тәртіпте осы заңды тұлғада ґзінің қатысуын тоқтатып, оның қатысушысы болмауы да мүмкін. Және керісінше, ұйымның қатысушысы құнды қағаздардың екінші рыногінде акцияларды сатып алып, оның құрылтайшысы болмауы мүмкін.

Осы орайда болуы мүмкін тағы екі проблемалар: а) жеке тұлғаның -

ұйымға қатысушысының және онымен еңбек қатынасында тұрған сол тұлғаның құқықтық мәртебесінің арақатынасы жґнінде; э) заңды тұлғаның және оның қатысушының арақатынасы жґнінде.

Ю.Г. Басин құрылтайшылар да (қатысушылар) жұмысшылар, кызметкерлер, заңды тұлғаның лауазымды қызметкерлері болуы мүмкін деп атап кґрсетеді. Және де сонымен бірге заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушының) құқықтары мен міңдеттерімен араластырылмайтын барлық еңбек құқықтары мен міндеттерін орындайды34. Сґйтіп, автор еңбек және азаматтық - құқықтық қатынастар арасында заңды тұлға мен оның қатысушылары арасында болуы мүмкін айырмашылықты әділ кґрсетеді.

Ґкінішке орай, қазақстандық сот іс-тәжірибесіне бұл мәселелерге ґзге де ыңғайлар таныс. Мәселен, ЖШС-тен мәжбүр болған кешіккені үшін еңбекақыны ґндіріп алу жґніндегі іс бойынша Г. азаматының пайдасына шешім шығарды. Сот шешімін ґзгеріссіз қалдырған облыстық сот тґралқасының Қаулысына қарамастан облыс прокуроры келесі жайтқа кґрсетіп, тиісті қарсылық білдіру ґтінішімен Бас прокурорга жүгінді: Г. азаматы ЖШС-тің қатысушының бірі (жауапкер) болып, сонымен бір уақытта онымен еңбек қатынасында тұрды. Сондықтан сот істі қарау кезінде талап беруші ґзге қатысушылар сияқты серіктестіктің қызметімен байланысты шығындар қауіпін шегетін шаруашылық серіктестіктер туралы заңнаманың тиісті нормаларын қолдануға тиіс еді. Бір қарағанда, — деп атап ґтеді прокурор, — сот шешімдері дұры секілді: кәсіпорын бар, әкімшілік бар және жұмысшылар Алайда, заңның тереңнен зерделенуі мүлдем басқаша кґрініс береді. Егер ЖШС-тің кұрылтайшылары мен қатысушылары ґздерінің капиталын салу және жеке қатысуы жолымен пайда тапқысы келетін, бірақ қандай да бір себептермен оларды жұмыс


_______________________________________________________________________________________________

34 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1997.112 б.

жүрмей, серіктестік пайда алмай және олардың кімге талап беруге тиіс, ґз -ґзіне ме әлде бір - біріне ме деген сұрақ туындағанда тек екі жеке тұлға болып табылатынын кґз алдымызға елестетсек? Жауап бір - олар заңға сәйкес шығындар қаупін шегеді. Сонымен, талап берушінің шын мәніндегі құқықтары мен міндеттерінің айқындалмауы, еңбек заңнамасының орынсыз қолданылуы, материалдық құқықты керекті нормаларының қолданылмауы заңсыз шешімнің қаулысына әкелді, себебі талап берушінің еңбек ақына ґндіріп алу бойынша талаптары заңсыз, ґйткені ол серіктестікті ґзге де қатысушылары сияқты АК-тің серіктестіктің қызметімен байланысты шегеді. Ал оның пайда әкелмеген еңбек толтыруға тиіс емес35.

Проқурор келтірген дәлелдердің, әрине, негіздері және "қатысушы" "жұмысшы" ұғымдарын араластыруды ғана емес, заңды тұлғаның мәнін қате түсінуін де кґрсетеді.

Сонымен бірге, Англияға ғана емес, бүкіл әлемге де 1897 жылғы сот ісі — "Sоlоmоn V. Sоlоmоn аnd Со. Ltd ("Соломон "Соломон және компанияға қарсы") белгілі. Пікірталас компанияның қарыздары, іс жүзінде, оның 100 - пайыздық қатысушының қарыздары болып табыла ма дегеннен тұрды. Соңғы шешімді шығара отырып, лорд Хэлсбери басшылығындағы лордтар Палатасы оны келесі түрде дәлелдеді. "Табиғи түрде құрылу үшін құқықтың құрылтайшылар басшылыққа алган дәлелдерден назарды мүлдем басқаға аудара отырып, осы табиғи құрылымды тануға тиіс екені ғана мәнді болып табылады. Компания қүрылғаннан кейін кез - келген ґзге дербес тұлғаға ұқсас қарастырылуға тиіс; бірақ егер Соломонның компанияны құруы істі компания атынан жүргізуді мақсат еткен деп ұйғарсақ та, бұдан компанияға оны құрғандардың мақсаттарына қарамастан ґзіне тән құқықтар мен міндеттермен әрекет етуге аса анық құқық беретін компаниялар туралы



__________________________________________________________________________________________

35 Гражданское законодательство Республики Казахстан - толкование и комментирование. Выпуск 6 /Под общ. ред. А.Г. Диденко. - Алматы: «Баспа», 1998. 118-120 б.

заңының мақсатына қайшы келеді деген ой мүлдем шықпайды ".

Қазіргі заңнама (АК-тің 44 бабы), цивилистика (азаматтық құкық) ғылымы секілді, заңды тұлғаның дербес жауапкершілігі туралы мәселені бір мағыналы шешеді, сонымен бірге бұл жауапкершілікті жалпы заңды тұлғаның аса маңызды белгілерінің бірі дәрежесіне кґтереді. Сондықтан талап беруші жүмысшысы мен қатысушылардың бірі болып табылатын серіктестікке Г-ның талабы бойынша жоғарыда келтірілген іс бойынша сот дұрыс шешім қабылдағанына ешқандай күмән жоқ. Ал істі қайта қарауға негіз болған жоқ.


жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау