Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды.
1. Салауатты, әдепті өмір сүру;
2. Кездейсоқ жыныстық қатынастан жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп
болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтің (1989) айтуы
бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөкшелік — ЖИТС
вирусын жұқтыру кепілі»);
2. Стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын
және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
3. Әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің
қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
4. Қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда
олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның
сериялык нөмерін жазып алыңыз);
5. Маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
6. ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде
дәрігерге көріну.
АИТВ-инфекциясы эпидемиясымен және оның зардатарымен күресу:
1. Қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты үйрету, жыныстық жолмен таралатын басқа да ауруларды емдеу; 2. Қаннан дайындалған препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3. АИТВ-инфекциясының босанғанға дейінгі таралуын ескерту, әйелдерге, АИТВ жұқтырған науқастарға кеңес беру; 4. АИТВ-инфекциясымен науқастарға медициналық көмек және әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;
ЖИТС — көп жағдайда өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.
Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» жататын адамдарды тексеріп, вирус жұққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың
әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік
бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Зейін қойып тамашалағаныңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |