Жоспар I кіріспе ақуыздарға жалпы түсінік


Күрделі ақуыздардың топшалары



жүктеу 259,9 Kb.
бет2/5
Дата14.12.2022
өлшемі259,9 Kb.
#40610
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Хидирбаева Биохим СӨЖ 6 апта

Күрделі ақуыздардың топшалары: металлопротеиндер, фосфопротеиндер, гликопротеиндер, хромопротеиндер, липопротеиндер, нуклеопротеиндер.
Металлопротеиндер — құрамында ақуыздық емес топ ретінде металл иондары (Fe 3+, Cu 2+, Mg 2+) болатын күрделі ақуыздар.
Фосфопротеиндер — құрамында ақуыздық емес топ ретінде фосфор қышқылының қалдықтары болатын күрделі ақуыздар. Фосфопротеиндердің типтік өкілі – казеин — сүт ақуызы.
Гликопротеиндер — құрамында ақуыздық емес топ ретінде жоғары молекулалы көмірсулар болатын күрделі ақуыздар.
Хромопротеиндер – жай ақуыз жəне боялған ақуыздық емес топтан тұратын күрделі ақуыздар. Хромопротеиндер молекуласында ақуыздық емес топ ретінде Mg 2+ ионымен хлорофилл түзетін – порфириндер болады. Порфириндер темірмен бірге гемоглобин мен тынысалу ферменттерінің түзілуіне негіз болады.
Липопротеиндер — құрамында ақуыздық емес топ ретінде липидтер болатын күрделі ақуыздар. Липидтердің маңызды топтарына: триглицерид (майлар) жəне фосфатид, яғни фосфор қышқылының қалдығы бар глицериннің күрделі эфирлері мен жоғары май қышқылдары жатады.
Нуклеопротеиндер – жай ақуызбен байланысқан нуклеин қышқылдарынан (ядро мен рибосома компоненттері) тұратын күрделі ақуыздар.

    1. Ақуыздың биологиялық қасиеттері. Бірінші кезекте ақуыздардың биокаталитикалық (ферментативтік) белсенділігін атап айту керек. Ақуыздың бұл қасиеті тіршілік процесі барысында маңызды роль атқарады.
      Басқа маңызды биологиялық қасиеттерінің бірі – гормондық белсенділігі, яғни ағзадағы бірқатар химиялық реакцияларға əсер ету қабілеті. Кейбір ақуыздарға токсиндік қасиет, потогендік белсенділік тəн. Ақуыздардың пластикалық ролі маңызды.
      Ақуыздық алмасу ағза мен сыртқы орта арасындағы күрделі зат алмасу процесінде басты орынға ие. Тірі ағзадағы барлық химиялық реакциялар ауыз-ферметтердің қатысуымен жүреді. Сондықтан тірі табиғаттағы барлық зат алмасу барысы ақуыздық денелерге бағынышты.
      Ақуыздар адам жəне жануарлар ағзасына ақуыздық мөлшері ауытқып отыратын, əртүрлі қоректік заттар арқылы түседі. Ақуыздың ағзаға сіңімділік дəрежесін ақуыздың биологиялық құндылығы сипаттайды. Қоректік ақуыз құрамындағы аминоқышқылдар құрамы берілген ағзадағы құрамға қаншалықты жақын болса, сіңімділік дəрежесі соншалықты жоғары болады, яғни биологиялық құндылығы жоғары болады. Ақуыздардың биологиялық құндылығына байланысты сұрақтар туындағанда, ауыстырылатын аминоқышқылдар жəне ауыстырылмайтын аминоқышқылдар деген түсінік пайда болады. Бірқатар аминқышқылдарының қоректік заттар арқылы міндетті түрде ағзаға енуі қажет, себебі ағза оны өздігінен синтездей алмайды. Ауыстырылмайтын аминоқышқылдарға: валин, лейцин, изолейцин, треонин, метионин, фенилаланин, триптофан, лизин жатады. Адам жəне ауылшаруашылық малдарының қоректенуі кезінде ақуыздарды рационалды сұрыптау өте маңызды.
      Ақуыз биосинтезі. Биосинтез – молекулалық биологиядағы негізгі бағыт. Ол өсу жəне даму барысында, көптеген ауруларға ем іздеуде туындайтын мəселелермен тығыз байланысты.
      Ақуыз биосинтезінің матрицалық теориясы қарастырады:
      1) ақпаратты ядродан матрицалық мРНК нуклеотидтік ізбе-ізділік түрінде транскрипциялық процесс кезінде цитоплазмадағы рибосомаларға өтуін
      2) аминоқышқылдардың белсенділігін жəне белсенді аминоқышқылдардың тасымалдаушы тРНК көмегімен рибосомаға өтуін
      3) пептидтік байланыстар синтезін – трансляцияны
      Транскрипция процесі кезінде синтезделген мРНК тізбегі ДНК тізбегінің бір тармағындағы нуклеотидтердің ізбе-ізділігін дəлдікпен көшіреді. Үштік нуклеотид немесе триплет ақуыз молекуласының тізбегіндегі кодталған аминоқышқылдың үйлесімді орналасуын анықтайды. Осылайша мРНК-да ақуыз синтезінің коды сақталады. Процесс барысында ДНК шығындалмайды жəне өзгеріске ұшырамайды.
      Трансляцияға дайындықтың екінші маңызды этапы – кодтау (кодирование), яғни белсенді аминоқышқылдарды тасымалдаушы тРНК-ға жеткізу. Олар тасымалдау кезінде аминоқышқылдардың қатаң ізбе-ізділін қамтамасыз етеді. Өзінің тРНК-сымен байланысқаннан кейін аминоқышқылдар өздеріне тиісті тРНК антикодондық ілгегінде үш нуклеотидтік ізбе-ізділік түріндегі «шифр» алады.
      Рибосома ақуыздары біріншілік құрылымы, аминоқышқылдық құрамы, молекулалық массасы байланысты əртүрлі. Рибосомалық ақуыз құрамындағы азоттың көптігімен ерекшеленеді. Рибосомада полипептидтік тармақтың түзілу процессі трансляция деп аталады.
      Ақуыз синтезінің коды триплеттік (əрбір аминоқышқыл мРНК кодонында ізбе- ізділікпен орналасқан үш нуклеотидпен кодталған), көптік немесе тума (бір аминоқышқылдың полипептидтік тармақта орналасуы бірнеше кодондармен анықталады), үзіліссіз (код үзіліссіз саналады, əмбебап ( барлық ағзаға біркелкі) болып бөлінеді.
      Ақуыз немесе нәруыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Карл Маркстің пікір бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы». Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.

Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

Ақуыз – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.[1]

Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады.



жүктеу 259,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау