Жоспар: 1 Интонацияның зерттелуі Интонацияның маңызы Интонацияның зерттеу әдістері



жүктеу 27,58 Kb.
бет11/12
Дата17.02.2022
өлшемі27,58 Kb.
#37507
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Жоспар 1 Интонацияны зерттелуі Интонацияны ма ызы Интонацияны

Мысалы:

Әннің де // естісі бар, // есері бар,

Тыңдаушының // құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей // ойлы күйді

Тыңдағанда, // көңілдің өсері бар. (Абай)

Бұл өлең жолындағы синтагманың біріншісі – белгілі информацияға ие тема да, екіншісі – енді білуге тиіс жаңа информацияны білдіруші рема болады.


Интонацияның үшінші функциясына мазмұнның ерекшеліктерін ажыратуы жатады. Сөйлемнің жалпы коммуникативтік мағынасына интонация арқылы басқа үстеме мағына, яғни қосымша мағына берілуі мүмкін. Олар мазмұнына қарай, санамалау интонациясы, қарсылықты интонациясы, біріктіру, жалғастыру интонациясы, қыстырма сөз, сөйлем интонациясы болып бөлінеді.
Мысалы

Махаббат, // қызық, // мал мен бақ

Көрінуші еді // досқа ортақ.

Үміт жақын, // көңіл ақ,

Болар ма сондай // қызық шақ? (Абай)

Бұл жерде санамалау интонациясы арқылы басқа үстеме мағына, яғни қосымша мағына беріліп тұр.


Интонацияның төртінші функциясы мәтіндегі сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып, олардың жігін белгілейді. Интонацияның бұл қызметінің маңызды қазіргі замандағы өркендеген радио мен теледидардан сөйлеушілердің сөйлем түрлерін дұрыс мәнерлеп, олардың жіктерін ажыратып, сөздерін анық айтуына мәні зор. Интонация ғана сөйлемді синтагмаларға бөліп, оның ішінде сөздерді мағынасына қарай әрбір сөйлем мүшелерінің айналасына топтастырады. Сөйлемдегі пауза арқылы бір бөлек топтасатын сөздердің қай синтагма жататындығын, яғни ол сөйлемді аяқтайтын соңғы синтагма ма, әлде олай емес пе – осының бәрін тек интонация арқылы ғана білуге болады.
Мысалы:

Көңіл құсы // құйқылжыр // шартарапқа,

Адам ойы түрленіп // ауған шақта.

Салған ән // – көлеңкесі // сол көңілдің,

Тактысына билесін // ол құлаққа. (Абай)

Өлең жолында интонация сөйлемді синтагмаларға бөліп, оның ішінде сөздерді мағынасына қарай әрбір сөйлем мүшелерінің айналасына топтастырып тұр.


Интонацияның бесінші функциясы, әр түрлі – эмоцияларды айқындау болып табылады. Сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен бірге эмоциялық – экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция адамдардың түрлі ой-сезімін, оның құбылуын, өзгеруін білдіреді. Кейде сөйлемнің реңкі ғана өзгеріп қоймай, оның негізгі мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Мысалы, Мен сізді жақсы көремін білемін деген сөйлем әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Бұл сөйлем жағымды, көтеріңкі әуенмен, қуаныш сезімді интонациямен айтылса, ол дұрыс жай-күйді білдіреді де, ал жағымсыз, төмен, созылыңқы интонациямен ерекшеленсе, ол кекесін, жағымсыз мағынаға ие болады. Мысалы, сөйлеушінің айтылған ойды, жағдайды қолдайтын-қолдамайтыны, оған қуаныш-ренішпен, не мысқыл сезіммен қарайтыны интонация арқылы анықталады. Интонацияның бұл рөлі тілдегі модальдық категориясымен шектесіп жатыр.
Мысалы:

Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға,

Шелдірейтіп орысың,

Шенді шекпен жапқанға (Абай)
Өлең жолы жағымды, көтеріңкі әуенмен айтылса ол дұрыс жай-күйді білдіреді де, ал жағымсыз, төмен интонациямен ерекшеленсе, ол кекесін жағымсыз мағынаға ие болады.

Сонымен, интонацияны сөйлемдердің түрлерін түзуде олардың синтагмаларын ажыратып, сөз тізбектерін синтаксистік қызметі мен мазмұнына қарай топтастырып түсінікті ететін, түйіндеп айтқанда, сөйлемдерді адам қоғамының қатынас құралына айналдырып, адамдардың бір-бірімен түсінісуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі деп санауға болады.




жүктеу 27,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау