3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Ќазаќстан Республикасының заңамасына сәйкес жауапты болады.
4. Тойтарылмас күш жағдайлары
4.1. Егер оларды орындау, тілсіз қияпат, әскери қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері және т.б. секілді тойтарылмас күш жағдайларының салдары болып Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен жағдайда, Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды.
4.2. Тойтарылмас күш жағдайларының пайда болу себебінен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайтын Тарап басқа Тарапқа тойтарылмас күш жағдайларының басталуы/аяқталуы туралы, бірақ олардың басталуы/аяқталуынан кейін 3 (үш) күннен қалмай дереу жазбаша нысанда хабарлауы, сондай-ақ осындай жағдайлардың басталуы және аяқталу фактісін растайтын құжаттарды беруі керек.
5. Шарттың қолданылу мерзімі
5.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзім ішінде қолданылады.
6. Қорытынды шарттар
6.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері Шарт Тараптарының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
6.2. Осы Шарттың жағдайлары әр үшінші Тарапқа құпия болып табылады.
6.3. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
6.4. Осы Шартпен байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.
6.5. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, екі сәйкес келетін данада, әр Тарап үшін бір данадан жасалған.
7. Тараптардың мекен-жайлары және қолдары
Жұмыс беруші: Қызметкер:
(орналасқан мекен-жайы, қолы, мөр) (тұрғылықты мекен-жайы, қолы, мөр)
-
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға
арналған ұжымдық шарттың
8-қосымшасы
|
Кәсіптік одақ органының уәждемелік пікір
беру тәртібі
Жұмыс беруші кәсіподақ органына Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша кәсіподақ мүшесімен еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату оқиғасы бойынша уәждемелік пікір беру туралы қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш береді.
Кәсіподақ органы өтінішті тіркейді, отырыс күнін белгілейді. Өтініш жеті жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Кәсіподақ органының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысатын болса, заңды деп саналады.
Өтініш Жұмыс беруші өкілінің және өзіне қатысты материалдар берілген қызметкердің – кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қаралады.
Қызметкер кәсіподақ органының отырысына дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда мәселе қаралмайды.
Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.
Кәсіподақ органының қаулысына қатысып отырған мүшелер қол қояды.
Хаттамадан алынған үзінді көшірмеге кәсіподақ органының төрағасы қол қояды және шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде Жұмыс берушінің өкіліне ұсыну үшін қызметкерге беріледі.
_______________________________
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған
ұжымдық шарттың
9-қосымшасы
Аттестация өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аттестация өткізу ережелері «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) қызметкерлерін аттестаттау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Аттестация:
қызметкерлердің кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілетін, олардың өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін орындау қабілеттерін анықтау;
қызметкерлер біліктілігінің өздерінің лауазымдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, қызметкерлерді олардың лауазымдарына Қоғам қоятын біліктілік талаптары туралы хабардар ету;
персоналды оқыту және дамыту қажеттілігін анықтау;
тікелей басшылардың қызметкерлерін оқыту және дамытудың жеке және топтық жоспарларын, өзін-өзі дамыту жөніндегі ұсыныстарды жасауы.
3. Аттестациядан өтуге Қоғам басшылығы, жүкті әйелдер, жұмысқа белгілі мерзімге қабылданған қызметкерлер жатпайды.
Қызметкерлер уәкілетті орган бекіткен Теміржол көлігі қызметтерлерінің лауазымдар (кәсіптер) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес Қоғамда үздіксіз жұмыс істеген әр үш жылдан кейін аттестациядан өтеді.
Жұмысқа жаңадан қабылданған (лауазымға тағайындалған) қызметкерлер жұмысқа қабылданған күннен бастап кем дегенде алты айдан кейін алғашқы аттестациядан өтеді. Қызметкердің функционалды міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқтыратын лауазым атауының өзгеруіне және Қоғамның ұйымдық құрылымының өзгеруіне байланысты қызметкерлердің жұмыс орны ауысқан немесе ауыстырылған жағдайда қызметкерлер аттестациядан тиісті бұйрық шыққаннан кейін кем дегенде алты айдан соң өтеді. Бала күтімі демалысынан шыққан, сондай-ақ 2 ай қатарынан еңбекке жарамсыз болған қызметкерлер егер науқасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты 2 айдан артық мерзім белгіленетін науқастар тізбесіне енген болса, жұмысқа шыққаннан кейін алты ай өткен соң ғана аттестациядан өтеді.
Қоғамның ұйымдастыру құрылымының өзгеруіне байланысты қызметкерлердің жұмыс орны ауысқан немесе ауыстырылған жағдайда лауазым атауының өзгеруі функционалды міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын болса, онда қызметкерлер жалпы негізде аттестациядан өтеді.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде темір жол көлігі қауіпсіздігінің бұзылуы орын алған жағдайда, осы жағдайға қатысы бар қызметкерлерді аттестациядан өткізу мерзімінен бұрын (кезектен тыс) өткізілуі мүмкін, бұл кезде қызметкер аттестацияға дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын хабардар етілуі тиіс.
4. Аттестация келесі жүйелі кезеңдерден тұрады:
1) аттестация өткізуге дайындық;
2) қызметкерлерді тестілеу;
3) аттестация комиссиясын өткізетін қызметкермен сұхбаттасу;
4) аттестация комиссиясының шешімін шығару.
2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру
5. Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдарының басшыларын аттестация өткізуге дайындықты Президенттің, Вице-президенттердің тапсырмасы бойынша Кадрлық жұмысты ұйымдастыру басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) ұйымдастырады.
Қоғам филиалдарының қызметкерлерін (тіркелген штатты) аттестациядан өткізу дайындығын филиал директорларының тапсырмалары бойынша филиалдардың кадрлық қызметтері ұйымдастырады.
Басқарма төрағасы (Президентінің), вице-президенттердің, атқарушы директорлардың, Бас инженердің, Кадрлық жұмысты ұйымдастыру басқармасы бойынша қаржы-экономикалық блок, заң, кадр және бухгалтерлік қызмет қызметкерлерін және т. б. аттестацияға дайындау және оны өткізу ұйымдастырылады.
6. Аттестация өткізуге дайындық келесі іс-шаралардан тұрады:
Аттестациялаудың қажетті құжаттарын (аттестациялық парақтар бланкілерін, тест бланкілерін, бағалау, өзін-өзі бағалау бланкілерін) дайындау;
аттестация өткізу мерзімдерін белгілеу және оны өткізу графигін әзірлеу;
аттестация комиссиясы құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;
аттестация өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне аттестация өткізуге байланысты ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.
7. Қоғам Президенті, Вице-президенттері, филиал директорлары:
Аттестациядан өтетін қызметкерлердің тізімдері;
2) аттестация комиссиясының құрамы;
3) ұсыныстық сипаттағы тестілеудің төменгі шекті балы бекітілетін бұйрыққа қол қояды;
4) аттестацияны өткізу күні мен орны көрсетілген аттестация өткізу графигі.
8. Болатын аттестация туралы аттестацияға дейін қалған екі апталық мерзімде:
орталық аппаратта – қатысты құрылымдық бөлімше басшылары Басқармамен;
филиалдарда – қатысты қызметкерлер филиал басшыларымен хабардар етіледі.
Хабарламада: аттестация өткізу мерзімдері, оларды білуі бойынша тестілеу өткізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық актілерінің және жұмыс берушінің актілерінің тізбесі көрсетіледі.
3. Аттестациялық комиссия
9. Аттестация комиссиясы комиссия төрағасы мен оның орынбасарын қоса алғанда кемінде 7 адамнан тұрады.
Аттестация комиссиясының төрағасы болып: Өндіріс жөніндегі вице-президент, Қаржы және экономика жөніндегі вице-президент, атқарушы директорлар (жетекшілік етуі бойынша), Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшылары тағайындалады. Аттестация комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның міндетін аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Аттестация комиссиясы құрамына: Қоғамның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің (лауазымы бөлім бастығынан төмен емес), Қоғам филиалдарының (лауазымы бөлім бастығынан төмен емес) қызметкерлері, сондай-ақ кәсіподақтың, Қоғам филиалдарының кадрлық кызметтерінің, Қоғам филиалдарының заң қызметтерінің өкілдері кіреді. Қоғам филиалдарының басшыларын аттестациядан өткізу кезінде аттестация комиссиясының құрамына тиісті филиалдарға жетекшілік ететін вице-президенттер, атқарушы директорлар енгізіледі.
Аттестация комиссиясының хатшысы Басқарманың немесе Қоғам филиалдарының кадрлық кызметтерінің қызметкерлері арасынан белгіленеді және ол аттестация комиссиясының мүшесі болмайды.
10. Аттестация комиссиясының мүшелері аттестациядан жалпы негізде өтеді және өздеріне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
Аттестация комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса құқылы деп саналады. Аттестация комиссиясының аттестацияланатынның бағасы туралы қорытынды шешімі ашық дауыспен, аттестация комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестация комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
11. Аттестация комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, оған аттестация комиссиясының төрағасы және/немесе төрағасының орынбасары, қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды.
12. Аттестация комиссиясы хатшысының міндетіне аттестация комиссиясының отырыстарын дайындау, аттестация парағына аттестацияланатын қызметкерлердің өмірбаяндық деректерін толтыру, отырыстардың хаттамаларын жүргізу және аттестация парағын ресімдеу (1-қосымша), қажетті құжаттаманы Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне дер кезінде жіберу кіреді.
13. Қоғамда бірнеше аттестация комиссиясы құрылуы мүмкін.
Лауазымдық міндеттеріне экономикалық-қаржылық функцияларды орындау кіретін Қоғам филиалдарының қызметкерлері аттестацияны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ экономикалық-қаржылық блогы немесе Персоналды басқару департаменті қызметкерлерінің міндетті қатысуымен құрылған аттестация комиссиясында өтеді.
Аттестация комиссиясы төрағасының немесе төрағасы орынбасарының шешімімен аттестация комиссиясының отырысына аттестациядан өтетін қызметкерлерге жетекшілік ететін басшылар шақырылуы мүмкін.
4. Аттестация өткізу
14. Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдарының басшыларын тестілеуді Басқарма өткізеді.
Филиалдардың қызметкерлерін, соның ішінде Қоғамның тіркелген штатының қызметкерлерін тестілеуді Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік көмегімен филиалдардың кадрлық қызметтері өткізеді.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін білуге арналған тестілік сұрақтарды Қоғамның құрылымдық бөлімшелері әзірлейді, олардың басшылары әзірленген тестілердің мазмұны мен құпиялылығы үшін жауапты болады.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін білуге арналған тестілік сұрақтарды көрсетілетін қызметтерін Қоғам заңнамамен белгіленген тәртіппен сатып алатын мамандандырылған ұйымдар әзірлеуі мүмкін.
Тест тапсырмасындағы сұрақтар саны мен қызметкерге тест тапсыруға берілетін уақыт аттестация комиссиясының шешімімен ұйымдастырушылық отырысында бекітіледі.
15. Аттестация өткізу кезінде келесі әдістер қолданылады:
тізбедегі (4-қосымша) және осы Ережелердің 7-тармағында көрсетілген хабарламадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін білуге тестілеу;
аттестациядан өтетін қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісін толтыру арқылы аттестацияланатын қызметкердің өзін-өзі бағалауы (2-қосымша);
аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысының бағалауы (3-қосымша).
16. Өткізілген тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды бағаларды аттестация комиссиясының хатшысы аттестация парағына енгізеді.
Тестілеу компьютерде және қағаз тасымалдағыштарда өткізілуі мүмкін.
Тестілеуден өткен күні аттестациядан өтетін қызметкер мен Басқарманың, филиалдың кадрлық қызметінің қызметкері тестілеу нәтижелері туралы анықтамаға қол қояды.
Тестілеу нәтижелері төменгі шектен төмен болмаған қыметкерлер, қайта аттестациялау кезінде тест тапсырмайды.
Тестілеу нәтижелері төменгі шектен төмен болған қыметкерлер, қайта аттестациялау кезінде қайтадан тест тапсырады.
17. Аттестациядан өтетін қызметкерлердің өзін-өзі бағалау бланкісі, аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысының бағалау бланкісі Қоғамның орталық аппараты мен филиалдары үшін қолданылады.
18. Аттестациядан өтетін тікелей басшысы аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысының бағалау бланкісін толтырады. Бағалау бланкісінде қызметкердің аттестациядан өтетін уақыт кезеңіндегі қызметінің объективті бағасы, оның жетістіктері мен кәсіби дамуына шолу болуы тиіс. Тікелей басшының шеткі бағаларды қоюы осы бағаларды негіздейтін жазбаша түсініктемелер мен мысалдардың міндетті түрде болуын қарастырады.
19. Тестілеу үшін жауаптылар аттестациядан өтетін қызметкерлерді аттестация комиссиясының отырысы басталғанға дейін оларды өздерінің тікелей басшысының бағалау бланкісімен және тестілеу нәтижелерімен таныстыруы тиіс.
20. Аттестация комиссиясының хатшысы аттестация комиссиясы отырысының алдында келесі құжаттарды дайындауы тиіс:
тестілеу нәтижелерін;
аттестациядан өтетін қызметкер толтырған өзін-өзі бағалау бланкісін;
аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысы толтырған бағалау бланкісін;
аттестация парағын (екі дана);
аттестация комиссиясы отырысы хаттамасының бланкісін;
белгіленген тәртіппен бекітілген қызметкердің лауазымдық нұсқаулығын.
21. Осы Ережелердің 22-тармағында көрсетілген шешімді қабылдау үшін, аттестация комиссиясы тестілеу қорытындысына қарамастан қызметкерлермен сұхбаттасу өткізеді.
22. Аттестация комиссиясы тестілеудің және сұхбаттасудың қорытындысы негізінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
алып отырған лауазымына лайықты;
қайталап аттестациядан өтеді;
алып отырған лауазымына лайықты емес.
Аттестация комиссиясының тестілеу мен сұхбаттасу нәтижелері бойынша шешім қабылдаумен қатар қызметкерге біліктілігін артыруға, тиісті білім алуына ұсыныс жасауына құқығы бар.
23. Лауазымдарға (кәсіптерге) қойылатын біліктілік талаптарын уәкілеттік орган қызметкерді жұмысқа қабылданғаннан кейін қабылдаған және/немесе өзгерткен болса, және де аттестациядан өтетін қызметкер тестілеу нәтижелері бойынша төменгі шектен артық балл алған, сондай-ақ оның теміржол саласындағы еңбек өтілі үш жылдан артық болса, аттестация комиссиясының тестілеу мен сұхбаттасу нәтижелері бойынша аттестациядан өтетін қызметкерге біліктілігін артыру және/немесе тиісті білім алу туралы ұсыныс жасай отырып, оның лауазымына лайықты екені туралы шешім қабылдауға құқығы бар.
24. Аттестация аттестация комиссиясы оны өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін алты айдан кейін, осы Ережелерде белгіленген тәртіппен қайталап өткізіледі.
25. Аттестация комиссиясы қайталап аттестациядан өтуі туралы шешімді қабылдаған жағдайда қызметкер аттестациядан қайта өткенге дейін жоғары тұрған лауазымға ауыстырылуы мүмкін емес.
26. Аттестация комиссиясы қайталап аттестация өткізіп, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
алып отырған лауазымына лайықты;
алып отырған лауазымына лайықты емес.
27. Аттестация комиссиясының хатшысы қызметкердің аттестация парағына комиссияның шешімдері мен ұсыныстарын тиісті хаттаманың күні мен нөмірін көрсете отырып енгізеді.
Аттестация парағы пен толтырылған аттестацияға жататын қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі және қызметкердің тікелей басшысы толтырған бағалау бланкісі қызметкердің жеке ісінде сақталады.
28. Аттестация комиссиясы отырысының хаттамасын хатшы толтырады және қатысып отырған комиссия мүшелері, комиссия төрағасы және/немесе төрағасының орынбасары қол қояды. Орталық аппараттың қызметкерлерін және филиалдардың басшыларын аттестациядан өткізу жөніндегі аттестация комиссиясы отырысының хаттамалары Басқармада сақталады. Филиалдардың қызметкерлерін аттестациядан өткізу жөніндегі аттестация комиссиясы отырыстарының хаттамалары кадрлық қызметтерде сақталады.
29. Қызметкер аттестация комиссиясы шешімімен жазбаша түрде танысуы тиіс.
30. Аттестация комиссиясының хатшысы өткізілген аттестацияның қорытындылары бойынша тиісті кадрлық қызметтерге аттестация парағын, аттестация комиссиясы отырысы хаттамаларының көшірмелерін береді.
31. Аттестация комиссиясының қызметкер комиссия отырысына дәлелді себептермен (науқастануы бойынша болмауы, демалыс, іссапарлар, оқуға жіберілуі және құжаттамамен расталған өзге де жағдайлар) келмеген жағдайда оның жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтуі туралы шешім қабылдауға құқығы бар.
32. Аттестация комиссиясының жұмыс нәтижелері Басқармада қорытылады
33. Қоғамның аттестация нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне қызметкердің сотқа жүгіну тәртібімен шағым беруге құқығы бар.
__________________________________
|
20__ жылғы __________ №_______
Аттестация өткізу ережесінің
1-қосымшасы
|
АТТЕСТАЦИЯ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Ұлты____________________________________________________________
4. Білімі туралы мәліметтер_____________________________________________
(не бітірді, қашан, мамандығы, біліктілігі)
5. Жалпы еңбек өтілі _______________________________________________
6. Темір жол саласындағы еңбек өтілі _________________________________
7. Аттестациядан өту кезіндегі лауазымы және осы лауазымға тағайындалған күні ________________________________________________________________________________
8. Қорытынды бағалар ____________________________________________________________
9. Аттестация комиссиясының шешімі (дұрысын сызу керек):
1) алып отырған лауазымына лайықты ____________________________________________
2) қайталап аттестациядан өтуге жатады ___________________________________________
3) алып отырған лауазымына лайықты емес________________________________________
10. Қайта аттестациялау кезіндегі аттестация комиссиясының шешімі (дұрысын сызу керек):
1) алып отырған лауазымына лайықты____________________________________________
2) алып отырған лауазымына лайықты емес _______________________________________
11. Аттестация комиссиясының ұсыныстары:
біліктілікті арттыруды қажет етеді – жоқ, иә (дұрысын сызу керек)__________________
тиісті білім алуды қажет етеді – жоқ, иә (дұрысын сызу керек) _______________________
Аттестация __________
комиссиясының төрағасы (қолы)
Аттестация комиссиясы __________
төрағасының орынбасары (қолы)
Аттестация _________
комиссиясының мүшелері (қолы)
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Т.А.Ә
|
|
(қолы)
|
Аттестация комиссиясының __________
хатшысы (қолы)
Аттестация өткен күн 20 ______жылғы "______"____________
Аттестация комиссиясы отырысының №____ хаттамасы
Аттестация комиссиясы шешімімен таныстым ____________ (қызметкердің қолы және күні)
20__ жылғы __________ №_______
Аттестация өткізу ережесінің
2-қосымшасы
Аттестациядан өтетін қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі
Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты __________________________________
Лауазымы ________________________________________________________
Құрылымдық бөлімше _____________________________________________
Өзін-өзі бағалауды жүргізетін қызметкерге арналған нұсқаулық. Сізден 5 балдық жүйемен төменде келтірілген әрбір тармақ бойынша Өзіңіздің жеке және іскерлік қасиеттеріңізді бағалауды өтінеміз:
5 - өте жақсы, әрқашанда;
4 – жақсы, көпшілік жағдайларда, жиі;
3 – орташа, кейде;
2 – орташадан төмен, сирек;
1 – қанағаттанарлықсыз, ешқашан
Қолайлы бағаны таңдап алыңыз
|
Бағалау варианттары
|
1. Іскерлік қасиеттері
|
1. Жұмысқа уақытым мен энергиямды арнауға дайынмын
2. Жұмыста кәсібилігімді көрсете аламын
3. Тапсырылған тапсырманы дәл және мерзімінде орындаймын
4. Мақсат үшін күресемін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
2. Жоспарлау және ұйымдастыру
|
1. Жұмысты мұқият жоспарлаймын
2. Уақытты тиімді пайдаланамын
3. Инновациялық шешімдер әзірлеу үшін әріптестеріммен бірлесіп жұмыс істеймін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
3. Танымдық қабілеттері/ техникалық тәжірибесі
|
1. Өз лауазымымның барлық аспектілерін түсінемін
2. Шаршағаныма және бөгде әсерлерге қарамастан, назарды ұзақ уақыт тұрақты сақтауға қабілеттімін
3. Қызметтің бір түрінен екіншісіне бірден тез ауысуға қабілеттімін
4. Уақыттың тапшылық жағдайында тез әрекет етуге қабілеттімін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
4. Жеке қасиеттері
|
1. Бастамашылдық
2. Тілектестік
3. Ықыластылық
4. Міндеттілік
5. Сенімділік
6. Байсалдылық
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
5. Топтағы жұмыс / қарым-қатынас дағдылары
|
1. Әріптестеріммен тиімді жұмыс қарым-қатынастарын орната аламын
2. Өз әрекеттерімді өзге адамдардың әрекеттеріммен үйлестіре аламын
3. Сендіре және ынтымақтаса аламын
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
6. Жұмыс сапасы
|
1. Жұмысты толық, ескертулерсіз орындаймын, оны қайта орындауға тура келмейді
2. Сауатты, кәсіби маман
3. Мәселелерді тиімді анықтай аламын және шешемін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
7. Ауызша коммуникация дағдылары
|
1. Ойымды қысқа, анық және сендіре сөйлеп баяндаймын
2. Түсіндірілетін тапсырманы ықыласпен тыңдаймын, нақтылаймын, түсінемін
3. Бірнеше құжаттармен бір уақытта жұмыс істеуге қабілеттімін
4. Көбінесе, егер талап етілсе, оны жеңілірек түсіну үшін материалдың кестелік, графикалық, схемалық нысанын оңай әзірлеймін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
8. Ұйымдастырушылық дағдылар
|
1. Ақырғы нәтижеге ұмтыламын
2. Іске, ұйымға берілгенмін
3. Әдеттегіден ерекше тапсырмаларды шешуге дайынмын және шеше аламын да
4. Өз еңбегімді өзім бағалауға, басқалардың еңбегін бағалауға қабілеттімін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
Басшыларға арналған бөлім
1. Басқару стилі
|
|
1. Басшы ретінде талапшыл
2. Қарамағындағылармен сыпайы, биязы
3. Ұжымда тәртіпті сақтай біледі
4. Қарамағындағылардың бастамасын, шығармашылық белсенділігін қолдай біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
2. Міндеттерді қою / олардың орындалуына бақылау жасау
|
1. Маңызды міндеттерді қояды және олардың орындалу мерзімдерін белгілейді
2. Міндеттердің орындалуының жай-күйіне жүйелі түрде тексеру жүргізеді
3. Қызметкерлердің жұмыста айқын мақсат қоюына бақылау жасайды
4. Бөлімнің (кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшенің және басқалардың) мақсаттары Қоғамның даму жоспарына сай келетіндей әрекет жасайды
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
3. Қызметкерлердің уәждемесі, көтермелеу
|
1. Қызметкерлердің жетістіктерін тани біледі және оларды көтермелейді
2. Қарамағындағылар үшін мақтанышты ашық білдіреді, қызметкерлердің өз жетістіктеріне қанағаттануы үшін жағдай жасайды
3. Жұмыс үрдісіне өзінің тартылғанын көрсетеді, өз басы оның барлық негізгі оқиғаларына қатысады
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
4. Өкілдік беру дағдылары
|
1. Жауапкершілікке және өкілеттілікке өкілдік береді
2. Қарамағындағыларға олардың жұмыстарында шешімдер қабылдауы үшін үлкен мүмкіншіліктер тудырады
3. Қызметкерлердің шешімдерді қабылдаудағы белсенділігін көтермелей біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
5. Қарамағындағылардың кәсіби қасиеттерін дамыту
|
1. Қызметкерлердің алдына жаңа күрделі міндеттер қоя біледі
2. Қарамағандығыларының үлкен жеңістерге жетуі үшін ақпаратпен бөліседі, кеңестер мен ұсыныстар береді
3. Қызметкерлердің кәсіби өсуге және жетілуге бағытталған қадамдарын қолдайды және көтермелейді
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
6. Командалық жұмыс дағдылары
|
1. Әріптестермен іскерлік және шығармашылық қарым-қатынастар орната біледі
2. Әртүрлі жағдайларда, әртүрлі адамдармен және топтармен жұмысқа тез бейімделе алады
3. Мәселені шешудегі әртүрлі жолдар әдісінің құндылығын түсінеді және бағалай біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
Басшының түсініктемесі және ұсынымдары
|
|
___________ _____ «____» ____________ 20____ж
(қызметкердің қолы) ___________________________
________________________________
20 __ жылғы __________№_______
Аттестация өткізу ережесінің
3-қосымшасы
Аттестациядан өтетін қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі
Басшының Т.А.Ә._____________________________________________________
Лауазымы___________________________________________________________
Құрылымдық бөлімше______________________________________________
Өзін-өзі бағалауды жүргізетін қызметкерге арналған нұсқаулық. Сізден жеке және іскерлік қасиеттеріңізді төменде келтірілген әрбір тармақ бойынша 5-балдық жүйемен бағалауыңызды сұраймыз:
5- өте жақсы, әрқашанда;
4 – жақсы, көпшілік жағдайларда, жиі;
3 – орташа, кейде;
2 – орташадан төмен, сирек;
1 – қанағаттанарлықсыз, ешқашан
____________________________________________________________________________
Қолайлы бағаны таңдап алыңыз
|
Бағалау варианттары
|
1. Іскерлік қасиеттері
|
1. Жұмысқа уақыты мен энергиясын арнауға дайынмын
2. Жұмыста кәсіби шеберлігімді көрсете аламын
3. Тапсырылған тапсырманы дәл және мерзімінде орындаймын
4. Мақсат үшін күресемін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
2. Жоспарлау және ұйымдастыру
|
1. Жұмысты мұқият жоспарлаймын
2. Уақытты тиімді пайдаланамын
3. Инновациялық шешімдер әзірлеу үшін әріптестеріммен бірлесіп жұмыс істеймін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
3. Танымдық қабілеттері/ техникалық тәжірибесі
|
1. Өзімнің лауазымның барлық аспектілерімді түсінемін
2. Шаршағанына және бөгде әсерлерге қарамастан, назарды ұзақ уақыт тұрақты сақтауға қабілеттімін
3. Қызметтің бір түрінен екіншісіне бірден тез ауысуға қабілеттімін
4. Уақыттың тапшылық жағдайында тез әрекет етуге қабілеттімін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
4. Жеке қасиеттері
|
1. Бастамашылдық
2. Тілектестік
3. Ықыластылық
4. Міндеттілік
5. Сенімділік
6. Байсалдылық
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
5. Топтағы жұмыс / қарым-қатынас дағдылары
|
1. Әріптестеріммен тиімді жұмыстық қарым-қатынастар орната аламын
2. Өз әрекеттерін өзге адамдардың әрекеттеріммен үйлестіре аламын
3. Сендіре және ынтымақтаса аламын
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
6. Жұмыстың сапасы
|
1. Жұмысты толық, ескертулерсіз орындаймын, оны қайта орындауға тура келмейді
2. Сауатты, кәсіби маманмын
3. Проблемаларды тиімді анықтай аламын және шешемін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
7. Ауызша коммуникациялық дағдылары
|
1. Ойымды қысқа, анық және сендіре сөйлеп баяндаймын
2. Түсіндірілетін тапсырманы ықыласпен тыңдаймын, нақтылаймын, түсінемін
3. Бірнеше құжаттармен бір уақытта жұмыс істеуге қабілеттімін
4. Көбінесе, егер талап етілсе, оны жеңілірек түсіну үшін материалдың кестелік, графикалық, схемалық нысанын оңай әзірлеймін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
8. Ұйымдастырушылық дағдылар
|
1. Ақырғы нәтижеге ұмтыламын
2. Іске, ұйымға берілгенмін
3. Әдеттегіден ерекше тапсырмаларды шешуге дайынмын және шеше де аламын
4. Өз еңбегін өзі бағалаймын, басқалардың еңбегін бағалауға қабілеттімін
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
Басшыларға арналған бөлім
1. Басқару стилі
|
|
1. Басшы ретінде талапшыл
2. Қарамағындағылармен сыпайы, биязы
3. Ұжымда тәртіпті сақтай біледі
4. Қарамағындағылардың бастамасын, шығармашылық белсенділігін қолдай біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
2. Міндеттерді қою / олардың орындалуына бақылау жасау
|
1. Маңызды міндеттерді қояды және олардың орындалу мерзімдерін белгілейді
2. Міндеттердің орындалуының жай-күйіне жүйелі түрде тексеру жүргізеді
3. Қызметкерлердің жұмыста айқын мақсат қоюына бақылау жасайды
4. Бөлімнің (кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшенің және басқалардың) мақсаттары Қоғамның даму жоспарына сай келетіндей әрекет жасайды
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
3. Қызметкерлердің уәждемесі, көтермелеу
|
1. Қызметкерлердің жетістіктерін тани біледі және оларды көтермелейді
2. Қарамағындағылар үшін мақтанышты ашық білдіреді, қызметкерлердің өз жетістіктеріне қанағаттануы үшін жағдай жасайды
3. Жұмыс үрдісіне өзінің тартылғанын көрсетеді, өз басы оның барлық негізгі оқиғаларына қатысады
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
4. Өкілдік беру дағдылары
|
1. Жауапкершілікке және өкілеттілікке өкілдік береді
2. Қарамағындағыларға олардың жұмыстарында шешімдер қабылдауы үшін үлкен мүмкіншіліктер тудырады
3. Қызметкерлердің шешімдерді қабылдаудағы белсенділігін көтермелей біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
5. Қарамағындағылардың кәсіби қасиеттерін дамыту
|
1. Қызметкерлердің алдына жаңа күрделі міндеттер қоя біледі
2. Қарамағандығыларының үлкен жеңістерге жетуі үшін ақпаратпен бөліседі, кеңестер мен ұсыныстар береді
3. Қызметкерлердің кәсіби өсуге және жетілуге бағытталған қадамдарын қолдайды және көтермелейді
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
6. Командалық жұмыс дағдылары
|
1. Әріптестермен іскерлік және шығармашылық қарым-қатынастар орната біледі
2. Әртүрлі жағдайларда, әртүрлі адамдармен және топтармен жұмысқа тез бейімделе алады
3. Мәселені шешудегі әртүрлі жолдар әдісінің құндылығын түсінеді және бағалай біледі
|
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
1 2 3 4 5
|
___________ _____ «____» ____________ 20____ж
(қызметкердің қолы) ___________________________
________________________________
20__ жылғы __________№_______
Аттестация өткізу ережесінің
4-қосымшасы
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің тізбесі
1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-І «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;
3) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы №266-ІІ «Темір жол көлігі туралы» Заңы;
4) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-ІІ «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;
5) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-ІІІ Еңбек кодексі;
6) "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт;
7) Мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, жұмыс берушілер – "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы, темір жол көлігінің басқа ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Теміржолшыларының кәсіподағы арасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша салалық тарифтік келісім;
8) "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының жұмыс регламенті;
9) "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамындағы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
_______________________
|
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға
арналған ұжымдық шарттың
10-қосымшасы
|
|
Профилактикалық мақсатта сүт немесе құндылығымен
соған теңестірілген тағамдарды пайдалану ұсынылатын
еңбек жағдайлары зиянды кәсіптердің тізбесі
Кәсіптердің атауы
|
Олармен жұмыс істегенде сүт немесе құндылығымен соған теңестірілген тағамдар алуға құқық беретін зиянды химиялық заттардың тізбесі
|
Қазандық машинисі (оператор), қазаншы
|
Көміртек тотығы, көмір шаңы
|
Жуу машинасының машинисі
|
Күкіртсутегі, аммиак, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
|
Жылжымалы құрамды жуушы (жинаушы)
|
Керосин, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
|
Ақаутапқы арбашасының операторы мен оператордың көмекшісі
|
Ацетон, метил спирті
|
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
|
Аммиак, күкіртсутегі
|
Слесарь-сантехник
|
Күкіртсутектері
|
Қазандық жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Көмірсутегі, көмірсутегі тотығы
|
Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
|
Ксилол, толуол
|
Токарь
|
Қорғасын, көмірсутегі тотығы, металл шаңы
|
Дәретхана жуушы
|
Хлор, бутан
|
Электрмен, газбен дәнекерлеуші
|
Хлор сутегі, азот, темір, көміртегі тотығы
|
Ескерту:
Басшылар осы Тізбені кәсіподақ комитеттерінің келісімі бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижесі негізінде толықтыруы мүмкін.
_____________________________
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға
арналған ұжымдық шарттың
11-қосымшасы
Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жұмыс барысында
мертіккен немесе кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектерге арнайы көлік құралдарын сатып алуға, арнайы көлік құралдарын
күрделі жөндеуге және жанармайға ақша бөлу
тәртібі
Еңбек барысында мертіккен немесе кәсіби аурудан мүгедек болған қызметкерлер, өздері олармен еңбек қатынастарында болған Қоғамның қаражаты есебінен арнайы (көлік) құралдармен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерге арнайы көлік құралдарын сатып алуға ақша бөлу, стандартты жинақталған «UZ DAEWOO MATIZ» автомашинасының құны есебінен, кедендік шығыстарды есепке ала отырып, сатып алған сәттегі автосалондардың бағалары бойынша, өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің болуы, медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша медициналық көрсеткіштер және көлік құралдарын сатушы кәсіпорынның шот-фактурасы болған, сондай-ақ тиісті ұйымдардан ақысыз алмаған жағдайда жүргізіледі.
Арнайы (көлік) құралдарының бірнеше түрін алуға құқығы бар мүгедектерге сол түрлердің біреуін ғана сатып алуға ақша бөлінеді, бұл ретте, аяқтары зақымдалған мүгедектерге берілістерді ауыстырып қосудың автоматты қорабы бар автомашиналар сатып алуға қаражат бөлінеді.
Мүгедектер арнайы (көлік) құралдарын медициналық көрсеткіштер бойынша, жеті жыл пайдалану мерзіміне сатып алады.
Арнайы (көлік) құралдарын күрделі жөндеу мемлекеттік автомобиль инспекциясы жасаған техникалық акт негізінде жасалады, олар берілген күннен бастап жеті жыл мерзімде зиян келтірген Қоғамның қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, жөндеу арнайы (көлік) құралы құнының шегінде жүргізіледі.
Мүгедек тілегі бойынша арнайы (көлік) құралын күрделі жөндеу шығындарының өтемақысын ақшамен ала алады.
Өз иелігінде арнайы автокөлік құралдары бар мүгедектерге ағымдағы айдың бірінші күніне, шығыстарының өтелуіне құқығы бар тұлға тұратын аумақта қалыптасқан мұнай өнімдерін сатып алудың босату бөлшек сауда бағалары бойынша АИ-92 жанармайдың 75 литрінің құны мөлшерінде жанармайға ай сайынғы ақшалай өтемақы белгіленеді.
_____________________________
«Жолаушылар тасымалы»
акционерлік қоғамы мен
оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылға арналған
ұжымдық шарттың №12 қосымшасы
Кәсіподаққа мүше болып табылмайтын қызметкерлерді ұжымдық шартқа енгізу ТӘРТІБІ
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының «Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігіне (бұдан әрі – кәсіподақ) мүше болып табылмайтын, бірақ «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың өзіне қатысты қолданылуына ниет білдірген қызметкері ұжымдық шартқа жазбаша өтініш негізінде енгізілуге құқылы.
Қоғамның ұжымдық шартқа енгізуге ниет білдірген қызметкері жұмыс беруші мен кәсіподақ төрағасының (төрайымының) атына (осы тәртіптің қосымшасына сәйкес жазбаша түрде) жазылған жазбаша өтінішті Қоғамның орталық аппаратының/филиалдың кадрлық қызметіне жолдайды.
Өтініш Қоғамның орталық аппаратының/филиалдың кадрлық қызметінде тіркеледі, одан соң өтініш жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өтетін біріккен отырыста қаралады, бұл ретте өтінішті қарау мерзімі тіркелген күннен бастап есептегенде 1 (бір) айдан аспауы тиіс.
Қызметкерлер өкілдері қызметкердің ұжымдық шартқа енгізілуіне келіспесе, онда жұмыс беруші еңбек шартына қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар көзделген толықтырулар енгізуі мүмкін
Кәсіподақ Қоғамның кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын және ұжымдық шартқа жазбаша өтініштері негізінде енгізілген қызметкерлерінің тізімін жасайды және тиісті мәліметтерді Қоғамның орталық аппаратының/филиалының кадрлық қызметіне жібереді.
_________________________
«Жолаушылар тасымалы»
акционерлік қоғамы мен
оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылға арналған
ұжымдық шарттың
№13 қосымшасы
Қарыз аудару туралы келісім
Астана қаласы «___»___________ 20___ жыл
Бұдан әрі «1-тарап» деп аталатын ____________ (еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің № және берілген күні) бір тараптан және бұдан әрі «2-тарап» деп аталатын «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының филиалы атынан _________ негізінде әрекет ететін _____________ екінші тараптан және бұдан әрі «3-тарап» деп аталатын __________ негізінде әрекет ететін ___________ (еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаға протез дайындау бойынша қызмет көрсететін субъектінің атауы) үшінші тараптан, ал бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар қарыз аудару жөніндегі осы келісімді (бұдан әрі – келісім) төмендегідей жасасты.
1. 1-тарап осы келісімнің шарттарына сәйкес 1-тарап пен 3-тарап арасында жасалған ____________ №____________ шартта (бұдан әрі – шарт) көзделген ____________ мөлшеріндегі ____________ қарыз сомасын (бұдан әрі – төлем сомасы) 2-Тарапқа аударады, ал 2-тарап болса төлем сомасын 3-тарапқа толық көлемде төлеуге міндеттенеді.
2. 1-тарап осы келісімнің шарттарын жүзеге асыру мақсатында 2-тарапқа мына құжаттардың көшірмесін беруге міндетті, олар:
1) жазатайым оқиға туралы нысан бойынша жазатайым оқиға туралы акті немесе қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе оның денсаулығына келтірілген зиян туралы актілер;
2) мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы;
3) шарттар;
4) 3-тараптың протезді дайындауға арналған шот-фактурасы;
5) жеке куәлік;
6) орындалған жұмыстар актісі.
3. 2-тарап пен 3-тарап шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актілеріне қол қою арқылы тиісті түрде өзара есеп айырысуға міндет алады.
4. Тараптар 3-тарап 2-тараптың төлем сомасын 1-тараптың шартта көзделген төлем бойынша өз міндеттерін орындағаны есебіне жатқызу үшін қабылдайды деп келісті.
5. 1-тарап 2-тараптың осы келісім бойынша міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
6. Осы келісімге енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары мен мөрлері (заңды тұлғалар үшін) қойылған жағдайда ғана күшінде болады.
7. Осы келісімде көзделмеген барлық басқа жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
8. Осы келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және тараптар осы келісім арқылы өзіне жүктелген міндеттерді толығымен орындағанға дейін күшінде болады.
9. Осы келісім тараптардың әрқайсысына 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күшке ие 3 (үш) данада жасалды. Мәтіндері әр түрлі болған жағдайда, келісімнің орыс тіліндегі мәтіні басымдыққа ие болады.
10. Тараптардың деректемелері мен қолдары
1-тарап
________________
МО
|
|
2-тарап
Заңды мекен-жайы:
Нақты мекен-жайы:
______________
МО
|
3-Тарап
Заңды мекен-жайы:
Нақты мекен-жайы:
______________
МО
|
Кәсіподақ мүшесі болып
табылмайтын қызметкерлерді
ұжымдық шартқа енгізу
тәртібінің қосымшасы
ҮЛГІ
______________________
филиалының директоры
______________________
Кәсіподақ комитетінің
төрағасы (төрайымы)
______________________
Кімнен ________________ (-дан)
Өтініш
Сізден «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарттың маған қатысты қолданылуын сұраймын.
Қолы, күні, аты-жөні
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |