149-тармағында көрсетілген талаптарды орындағанына қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.
151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жасайды және екі апта мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің немесе (факультет кеңесінің) отырысында талқыланады және бекітіледі.
152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелерін ұсынады.
153. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген көрсеткіштер белгіленеді.
МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:
1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
2) диплом жұмысының (жобаның) орындалу сапасы;
3) диплом жұмысын (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;
4) білім алушыларды мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;
5) мамандар бойынша даярлау сапасына кадрлар талдау;
6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
154. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.
4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық
аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі
155. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура мен докторантура оқудағы жетістіктерін тексеру ЖОО өздері белгілейтін бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.
156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттері сияқты тәртіппен жүргізіледі.
157. Магистратура мен докторантурада білім алушыларды ағымдық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.
158. Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы ЖОО Ғылыми Кеңесі бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.
159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.
160. Емтихандардың кестесін құру жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдері деканатпен бірге офис регистраторына жүктеледі.
161. Емтихан кестесін ғылыми оқу ісі жөніндегі проректоры бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
162. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтинг бағасы анықталатын үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.
163. Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) кей жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.
Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
165. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне немесе жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.
166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.
Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің жақындылығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.
167. ЖОО (факультет) Ғылыми кеңесі емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша академиялық кезеңнің басталуынан бір ай бұрын белгілейді.
168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа баллы ескеріледі.
169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға ЖОО студенттеріне қойылатын тәртіп бойынша қойылады.
170. Емтихандық ведомость барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.
Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты сәйкес келетін факультет деканатына (институт директораты) тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосы негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.
171. Білім алушылар барлық емтихандар жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырулары қажет.
172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.
173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, емтиханға жіберілу рұқсатын алып, қорытынды бақылау тапсыруы тиіс.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 174-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Қорытынды бақылаудың оң бағаны қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағына сәйкес анықталады.
175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін (келесі күні) аппеляцияға беруге құқығы бар.
176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ведомосттағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.
Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсырады.
177. Транскриптке студенттің барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады.
178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялардың қорытындысының негізінде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы белгіленеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 178-1-тармақпен толықтырылды
178-1. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат (директорат) және жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.
180. Жоғары оқу орнынан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 181-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 173, 174, 178-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестаттауын
өткізу тәртібі
182. Жоғары оқу орнында білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.
183. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі.
184. Бітіруші курстың білім алушылар жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 185-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін ЖОО Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 186-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:
магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі;
докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс істемеуі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 187-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді:
магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақшығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар);
докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар.
188. МАК-тың сандық құрамын білім және ғылым ұйымы дербес айқындап, жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіліп 31-ші желтоқсаннан кешіктірмей 1 күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.
189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестация басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.
190. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді.
191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша емтихан, жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген пәндерден тест.
192. Кешенді емтиханның бағдарламасы өткізілу нысанына және тапсырма мазмұны жоғары оқу орынмен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасына сай жасалады.
193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді.
194. Кешенді емтихан:
магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай бұрын;
докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін үш ай бұрын қабылданады.
195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы бойынша осы Ереженің 8-қосымшаға сай белгіленген нысандағы хаттамамен рәсімделеді.
МАК отырысының хаттамасын шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.
196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама рәсімдеуге емтихандық ведомость негіз болады.
197. Алынған бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу көрсетіледі.
198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға беруге болады.
199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ № _______ хаттамамен қайта қаралды _____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.
201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 203-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ЖОО МАК төрағасының ұсынуы негізінде басшысының бұйрығымен ресімделеді.
204. Диссертациялық жұмыстарды тексеру авторға және пайдаланған көздеріне сілтеме жасамай жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 205-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 205-1-тармақпен толықтырылды
205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі.
Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық баяндамамен сөз сөйлейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 206-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, докторанттардың қорғауы - диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады.
207. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
208. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
209. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
210. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
211. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 212-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады:
ғылыми жетекшінің оң пікірі;
диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала ғылыми баспада жарық көруі халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі;
шығарушы кафедраның қорғауға жіберілгені туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);
сараптама кеңесінің диссертацияны ашық түрде қорғалуына берілген ұсынысының жазбаша қорытындысы;
қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, көрсетілген аргументті қорытындысы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау мүмкіндігі көрсетіледі.
Ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіншілігінен айырылады.
213. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94
Достарыңызбен бөлісу: |