«Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі»



жүктеу 0,96 Mb.
бет2/7
Дата20.05.2018
өлшемі0,96 Mb.
#14688
1   2   3   4   5   6   7
1-қарашасынан кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

74. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1-желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

75. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

76. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.

77. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.

78. МЕК отырыстары әр студент бойынша жеке хаттамамен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес және оған коммисия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды.

79. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.

80. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4 форматында брошюраланып, нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.

81. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады.

82. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ________ № __________ хаттамамен кайта қаралды ____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.

83. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады

84. «Қазақстан тарихы» пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтежелері бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60 %-ын құрайды және мемлекеттік емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.

86. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

87. Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция беруіне болады.

88. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылардан Қазақстан тарихы бойынша апелляциялық комиссия құрылады.

89. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан тапсырудың нәтижелері оны тапсыру қаралған сол емтихандық сессияның қорытындысын шығару кезінде есепке алынады.

90. МЕК-ның жұмысы аяқталғаннан соң Комиссия төрағасы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін органға тапсырады.



Қазақстан тарихы бойынша Мемлекеттік емтихан төрағасының есептері қысқы емтихан тапсыру бойынша 1 наурыздан, ал жазғы емтихан тапсыру бойынша 1 тамыздан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

 

 

3. Жоғары оқу орындарының студенттерін қорытынды аттестаттауды



өткізу тәртібі

 

91. ЖОО-да студентерді қорытынды аттестаттау жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарымен белгілеген нысандарда өткізіледі, академиялық күнтізбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған ұзақтығы мен мерзімінде өткізіледі.

92. Студентттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына қатаң түрде сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.

93. ҚР Білім және ғылым мин. 2010.01.11. № 506 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

94. ҚР Білім және ғылым мин. 2010.01.11. № 506 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Білім және ғылым мин. 2010.01.11. № 506 бұйрығымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 95-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

95. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:

1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);

2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;

3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;

4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.

Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.

96. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітірушілерді шығаратын кафедраның қолдау хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.

97. Қорытынды аттестаттауға жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі.

98. Білім алу процесі аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің жоғары білім мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.

99. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

100. ЖОО басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.

101. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін әр мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссия (бұдан әрі - МАК) құрылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 102-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

102. Студенттерді қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірмей факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделіп, осы Ереженің 97-тармағының негізінде МАК-қа ұсынылады.

103. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа факультет деканының (институт директорының) студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары (жобалары), кәсіби практикалардың түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.

104. ЖОО жетекшісі ағымдағы оқу жылының 1 қарашасына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға бітіретін мамандықтар бейініне сәйкес келетін осы жоғары оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен, өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады.

105. МАК жұмысына қатысушы мамандар бейіні ғылыми немесе академиялық дәрежелерінің немесе базалы білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.



Ұсынысқа ғылыми немесе академиялық дәрежелер туралы немесе базалық білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.

106. МАК төрағасы ағымдағы оқу жылының 20-желтоқсанына дейін уәкілетті орган бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.

107. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.

МАК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

108. МЕК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің контингентіне сәйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді және ЖОО басшысының бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсанан кешіктірмей бекітіп және күнтізбелік жыл бойына әрекет етеді.

109. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:

1) жоғары білім мамандықтары үшін МЖМБС белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;

3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;

4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;

5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

110. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей барлығының назарына жеткізіледі.

111. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты қорғауға 7-10 адам жіберіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 111-1-тармақпен толықтырылды



111-1. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.

112. Диплом жұмысы (жобасы) қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа мынадай құжаттар ұсынылады:



1) диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;

2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») және бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін және/немесе біліктілігін беру туралы рецензия.

113. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мәніне қатысты тексеру тиісті деканаттармен жүргізіледі.

114. МАК-қа сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарий және тағы сол сияқты басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.

115. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады. Рецензияда бағалары балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.



Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.

Білім алушы, рецензенттің оңды қорытындысындағы сияқты, жағымсыз қорытындысы жағдайында да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алады.

116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.

117. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.

Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетілген бітіруші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.

119. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО (факультеттің) Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

120. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.

121. ЖОО өздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді.

122. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.

123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысты қорғау үшін 15 минут уақыт беріледі.

124. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

125. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.

126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.

127. МАК отырысының хаттамалары осы Ереженің 4-6-қосымшаларға сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.

128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.

129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады

130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар.



Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру сондай-ақ студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 131-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы, сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

132. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

133. Қазақстан Республикасы «Мұрағат және мұрағат ұлттық қоры туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (жобаны) осы МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғауына болады.

135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.

136. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ № _________ хаттамамен қайта қаралды _______ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.

138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды.

139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді.  МАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

144. Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.

145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.

146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.16.03. № 94 бұйрығымен 147-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

147. Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде қосымшасымен ақысыз беріледі.

147-1. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.



Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.

148. Дипломға қосымша студенттің оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.

Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент осы Ереженің


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау