Жоғары оқу орындары кітапханалары: ДӘСТҮрлер мен жаңа бағыттар



Дата20.11.2018
өлшемі59 Kb.
#21884

УДК 027.7+021.4:004
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫ: ДӘСТҮРЛЕР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР
HIGHER EDUCATION INSTITUTIONS LIBRARIES: TRADITIONS AND NEW DIRECTIONS
Сейіл А.,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Ғылыми-техникалық кітапханасының бөлім меңгерушісі
ХХІ ғасыр – білім, ғылым және инновация үштігін біріктірген толассыз ақпарат заманы. Бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат ететін Қазақстан үшін де білім, ғылым, инновация және тарихи мұраларды жандандыру басты ұстанымдардың бірі. Бүкіл өркениетті әлемнің ақпараттар ағыны білім беру мекемелері мен оның кітапханасында тоғысатындықтан жоғары оқу орны кітапханасы - бүгінгі таңда өзінің мол қоры арқылы зияткерлік деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыратын бірден бір маңызды мәдени және ғылыми орта. Ендеше еліміздің кітапханаларының алдында тұрған міндет те осы, мақсатқа жетуде білім беру мекемелеріне ақпараттық жағынан қолдау көрсету, яғни ғылыммен, біліммен айналысам деушілерге толықмәтінді ақпараттар беру, ақпараттық-мәдениетінің қалыптасуына жәрдемдесу. Бұл мақсат жоғары оқу орнының білім беру жүйесі мен оның кітапханасы арасындағы интегралды ақпараттық байланыс аясында жүзеге асырылады. Ол: ақпараттық қолжетімділік; ақпараттық қызметтердің сапасы және әдістерінің көптүрлілігі; қолжеткізген ақпараттардың толықтығы мен шынайылығы.

Республикадағы ЖОО кітапханалары бір-бірінің тыныс-тіршілігін үнемі қадағалап, кітапхана ісіндегі жетістіктерді іске асыруға талпынады. Мысалы, осы жылдың маусым айында Назарбаев Университетінде өткен «ЖОО кітапханаларын дамытуда заманауи соңғы әлемдік тенденциялары» атты семинарда талқыланған мәселелер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапхана қызметкерлеріне жақсы серпіліс берді. Қазіргі заманауи кітапханалардың құрылымы, қызметі мен жұмыс істеу технологиясы, ақпараттық ресурс түрлері мен қызметкерлерді дайындау деңгейі де өзгерген. Ғылыми жаңалықтардан бастап көркем әдебиеттің классикалық туындылар жинағы, анықтамалықтар мен сөздіктер, кескіндемелер, музыкалық шығармаларға дейін баспа басылымынан, қолжазбадан электронды басылымдарға ауыстырылуда. Сондықтан бұларды оқуға арналған стандартты құралдар, цифрлы құрылғылар арнайы планшеттік компьютерлер эталоны IPAD пайдаланып, цифрлы форматта ұсынылған интеллектуалды (қолжазба, баспа басылымдары, аудио және видео-жазбалар, фотоқұжаттар, карталық каталогтар және картотекалар, жарыққа шыққан және жарыққа шықпаған библиографиялық құралдар және т.б.) құжаттар қатарын электронды өнімдер және on-line желісіндегі қолжетімді байланыстармен біртіндеп ауыстырылуда. Оқу залдары WI-FI модулімен жабдықталып, тіпті мұнымен қатар WAP- сайтты енгізіп оқырмандардың талабына сай кең ауқымды қызмет көрсетіліп, қажетті әдебиеттері on-line желісінде немесе ұялы телефон арқылы оқу басталды.

Республикадағы байырғы оқу орындарының бірі саналатын 75 жылдан астам тарихы бар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен оның ғылыми-техникалық кітапханасы құрылымдарына қазіргі уақытта Болон декларациясының талаптарына сәйкес бірсыпыра өзгерістер енгізілді. Университетте Елбасының білім беру реформалары аясында ғылым мен тәжірибенің бірлігі, озық инновациялық технологияларды, ақпараттық және есептеу техникаларын енгізу жүзеге асырылуда. Оқу орнының ғылыми-техникалық кітапханасы - оқырманға қажетті ақпараттарды алып, оны сақтайтын кеңістік және оқырманның инновациялық ой-өрісін қалыптастыруға арналған білім беру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі екенін ескере отырып, алдағы істердің стратегиялық бағыттары белгіленуде.

Университет кітапханасы оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына ықпал ету қызметін жүзеге асыра отырып, дәстүрлі қызмет түрін жаңашылдыққа бағыттауға ұмтылуда. Бұл бағыттар: кітап қорын үздіксіз баспа басылымдары мен электронды форматтағы өнімдермен (аудио-видео материалдар) толықтыру, кітапхана және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді одан әрі дамытып, электронды каталогтарды жасақтау, оқырмандарға қызмет көрсету түрлеріне арнайы кітапханалық бағдарламалар жүйесімен ақпараттық технология инфраструктураларын қолдану; кітапхана кадрларының біліктілігін арттырып, қабілетіне қарай іріктеп сапалы еңбекке пайдалану. Аталған бағыттардың әрқайсысының өзіне тән шешу жолдары мен тәсілдері бар, үлкен ізденіс пен еңбекті қажет ететіні белгілі.

Ғылыми-техникалық кітапхананың өзекті мәселесі сандық ортадағы кітапхананың маңызын арттыру; IT- зерттемелер және кітапхана үрдістерін автоматтандырудың заманауи технологияларын толық меңгеру; сыртқы электронды кітапханалар қызметтерін пайдалануды жетілдіру; кітапхананың тиімді жұмыс істейтін медиақорын құру.

Кітапхананы жетілдірудің негізі - ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін заманауи технологияларды пайдаланудағы болашағы зор жобалардың бірі электронды кітапхана. Электронды кітапхана - берілген мәліметтерді ғаламдық желі арқылы пайдаланушыға жеткізетін құжаттар топтамасынан тұратын ақпараттық жүйе.



Қорқыт Ата атындағы ҚМУ кітапханасы 2011 жылы­ Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханамен (КазНЭБ) өз ара серіктестік жұмысы басталып, көптеген авторлармен (ҚМУ оқытушылары) келісім-шарт жасалды, Қазақстан Ұлттық электрондық кітапханасы авторлық келісім-шарт негізінде оларға ғаламтор желісінде өздерінің шығармаларын еркін жариялауға мүмкіншілік туғызды.

2012 жылы Университеттің басшылығының келісімімен «Ғылыми-техникалық ақпараттардың Ұлттық орталығы» АҚ Консорциумының мүшелігіне өтіп, Web of Knowledge (Thomson Reuters), Springer ғылыми-техникалық ақпараттардың әлемдік ресурстары, Elsevier http://www.info.sciverse.com/content/journals/titles#freedom. компаниясының SciVerse Science Direct толық мәтінді мәліметтер базасы, халықаралық «Британик Энциклопедия» www.britannica.com , «ПОЛПРЕД Анықтамалықтар» polpred.com қорын тегін пайдалануға қол жеткізді. Инженерлік электротехника және электроника институтының www.ieee.org/ieexplore. желісі арқылы «Ғылыми-техникалық ақпараттардың Ұлттық орталығы» IEEE журналының базасына кіріп 3 миллионнан астам құжаттарды пайдалануға, желі конференцияларына қатысуға жағдай тудырылды.

Ақпараттық қызмет көрсету Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың білім беру порталы www.korkyt.kz арқылы жүзеге асырылады. Кітапханаға келіп түскен жаңа құжаттар, өткізілетін, өткізілген іс-шаралар порталдың «жаңалықтар» бөлімінде жарияланады.

Сонымен қатар смс-хабарламалар арқылы қарым-қатынас жасай отырып, пайдаланушылар виртуалды анықтамаларды алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Дәстүрлі көрмелермен қатар, оқу топтарына аудиторияларда, оқу залдарында виртуалды көрмелер жасау әдетке айналуда.

Қуатты электронды кітапхана білім берудің жалпы деңгейін арттырып, тұтастай алғанда жоғары оқу орынының беделі мен бәсекеге қабі­леттілігінің көрсеткіші болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға - түрлі тақырыпта электронды каталогтар мен электронды оқулықтарды жасақтау, сирек кездесетін әдебиеттер қорының бағалы басылымдарын, жиі сұраныстағы аз даналы әдебеиттер мен пайдаланушылар тапсырысы бойынша басылымдардың электронды көшірмелерін айтуға болады.

Электронды каталог жасауда, ақпараттар ағынын саралап таратуда, ғылыми ізденістерге егжей-тегжейлі қызмет көрсетуде кітапхананың кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу мен ақпараттық-библиографиялық қызметтері жалпы кітапхана құрылымында жетекші орын алатыны бәріңізге мәлім. Жұмыс орындарының автоматтандырылуы кітапханашылардың жұмысын жеңілдетумен қатар пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, тез, толық ақпарат алуын қамтамасыз етеді.

Университеттің оқытушы-профессорлары, магистрант-тары мен студенттері жоғарыда аталған сыртқы электронды кітапханалар ресурстарынан он-лайн жүйесінде тақырып бойынша ғылыми басылымдардан мақалалар тізімін алуға және толық мәтінін оқуға; патенттік ізденіс жасауға, түрлі деңгейдегі диссертация, мақалалар, өнертуындыларын рәсімдеу құжаттарының үлгілерін алуға; диссертация қорын толықтыруға т.б. өмендегі қызмет түрлеріне қол жеткізіп отыр.

Электронды және дәстүрлі түрдегі түрлі ғылым саласыбойынша бірнеше тілдегі энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, гумманитарлы-педагогикалық саладағы мерзімді басылымдар, диссертациялық авторефераттар жиындарымен жабдықталған кітапхана шын мәнінде ғылыми орта. Облыс әкімінің ұсынысымен сыр еліндегі іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы ҚМУ аймақтың экономикалық потенциалын, ғылымын көтеру мақсатында білімді, білікті мамандар даярлауда жаңашыл тәсілдерге ұмтылу қажет деп Қамқоршылық кеңесі құрылды. Бұл жауапкершіліктің бір ұшы әрине ғылыми-техникалық кітапханаға тірелетіні сөзсіз. Бұған дәлел кітапхана қабырғасында өткізіліп жатқан ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған іс-шаралар: «Жоғары кәсіптік білім және инновация», «Қазақстанның инновациялық экономикасы», «Қазақстанның индустриялды инновациялық дамуындағы ғылымның ролі», «Сапа әлемді байланыстырады», «Қазақ философиясы», «Өркениет және мәдени мұра», «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымында» т.б. тақырыптардағы бас қосулар студенттер мен магистранттардың ғылыми жаңалықтар ашуға талпыныстарының баспалдағы.

Дәстүрлі басшыларға саралап ақпараттық қызмет көрсету түрі де ақпараттық технологияның жетістіктері арқасында дер кезінде, сапалы түрде орындалуда. Еліміздің ішкі және сыртқы экономикасы мен әлеуметтік және халықаралық жағдайлардың білім және ғылым жүйесіне қатысты жаңалықтары мен ақпараттары толығынан қамтылған электронды дайжест топтамасы түзілуде. Бұл топтама басшылардың болып жатқан өзгерістермен хабардар болып отыруына зор ықпалын тигізеді.

Қазақстан ғалымдарының библиографиясы сериясымен «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдары» биобиблио-графиялық анықтамалығын үш тілде дайындау жалғастырылуда. Сонымен қатар университет ұстаз-ғалымдарының өмірі мен ғылыми еңбектерін хронологиялық тәртіппен жіктеген «Сыр бойының ғалымдыры» атты биоблиографиялық көрсеткіштер және іс-шара тақырыптарына арналған библиографиялық ұсыныстық тізімдердің электронды нұсқалары жинақталып, электронды мәліметтер қоры толықтырылуда.

Кітапханада ақпараттарды электронды түрде жеткізу уақыт талабы, дегенмен жазба әдебиеттерді оның ішінде кітап оқуды дамыту күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып қала бермек. Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, сапалы білім, зерттеу жұмыстары тек кітап арқылы нақты болмақ. Осы ойдың қуаттылығына 2013 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Білім және Ғылым министрлігі және республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың тапсырмасы бойынша «Оқу және әдебиеттерді оқумен емдеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы аясында облысымыздың жоғары және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көз жеткізгендей. Сауалнамаға қатысқан 1000 оқытушы мен 500 студенттің жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік жағдайына қарай жіктегенде 45 пайызы кітапты, 42 пайызы электрондық тәсілді жақтап, ал қалған 14 пайызы қалыс қалды. Сондай-ақ кітапхана студенттер мен педагог-ғалымдар үшін психологиялық жүктемелерден арылатын, көңіл-күй тепе-теңдігін сақтауда бірден-бір көмекке келетін жан дауасы бұрыштарын (психологиялық кабинет) жасақтауға ұсыныстар берілді.

Соңғы уақыттарда кітап оқуға деген мүдделіліктің төмендеуі кітап, кітапхана ісіне қатысы бар бірқатар мамандар мен жаппай қоғамның алаңдаушылығын туғызуда. Қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында Қазақстанда соңғы жеті жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызы зор. Акция аясындағы бүкіл оқырман Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жұбан Молдағалиев, Жүсіпбек Аймауытов, Оралхан Бөкеев, міне биыл Фариза Оңғарсынованың шығармаларын зерделеуде. Кітап оқу тақырыбына байланысты студенттер арасында өткізілген «Электронды оқулық: мүмкіншіліктер мен қайшылықтар» атты пікір сайысы өте тартымды өтіп, оқырмандардың электронды оқулықтарға сұраныстары жоғары болғанымен дәстүрлі басылымдарға деген құрметі дәлеледенді. Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап – тарихи мұра, асыл қазына» атты танымдық кеште оқырмандар өз шығармаларынан өлеңдер оқып, кітаптың сарқылмас рухани қазына, жан азығы екенін жарыса жеткізді. Кітапхананың дәстүрлі акциясы «Үздік оқырман» кітапхана мен оқырман арасындағы байланыс. Түрлі номинациялармен үздік оқырмандарды марапаттау арқылы кітап оқуға қызықтыру жұмысы жалғасуда.

Жаңа кітапханалық бағыттарда кітапханашының міндеті– бүгінде ауқымды бөлігі электрондық нұсқаға ауыстырылған ақпараттар ортасында білікті маман болу. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық коммуникациялар дəуірінде кітапханашы тек кітапты сақтаушы жəне оқырман сұраныстарының білгірі ғана емес, жаңа сандық технология саласының маманы, ақпараттық мəдениеттің жүргізушісі, ақпараттық-кітапхана саласындағы бесаспап маман бола білуі керек. Осыған байланысты кітапхана қызметкерлерінің кəсіптік білімін, шеберліктері мен дағдыларын тұрақты кеңейту жəне түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы Қызылорда облыстық жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің әдістемелік орталығы ретінде осы мақсатты жүзеге асыруда нақты кітапханашылық кәсіби біліммен қатар, жаңа техникалық құралдарды меңгеру, ақпараттық технологияның көмегімен жоғары сапалы ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету, оқырман сұранысын қанағаттандыру, ақпараттық желідегі құжаттарды іздестіру не талдау тәсілдерін меңгеруді үйретуде біршама жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағытта - «Электронды ақпараттық қорларды қалыптастыру мен дамыту», «Библиография жұмысының өзекті мәселелері», «Кітапхана, көрме түрлері, шолу жасау әдістері мен сөйлеу мәдениеті», «Тақырыптық көрме –кәсіби шеберлікті жетілдірудің негізгі», «Кітапхана беделі – білім ошағының мерейі», «Кітапханашы біліктілігі: ізденістер мен нәтижелер», «Анықтамалық- библиография ісіндегі жаңа әдістер мен бағыттар», «Сыртқы электронды кітапханалар ресурстарының оқу үдерісіндегі ролі», «Кітапхана қоры, оны ұйымдастыру және техникалық өңдеу жұмыстарының жаңа бағыттары» т.б. тақырыптарда озат тәжірибелер насихаты, кәсіби оқулар, мастер-класс, тренингтер, дөңгелек үстелдер, инновациялық іскерлік ойындар ұйымдастырылып, нәтижесін беруде. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі түрлі семинар, конференцияларға қатысуының өзі үлкен жетістік. Кітапхана қызметкерлері жергілікті «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Әлімсақ» «Кызылординские вести», «Сыр бойы» және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарына университет, кітапхана өмірінен, білім мен біліктілік көтеру іс-сапарларынан алған әсерлері, ой пікірлерімен бөлісіп оқырмандардың мәдени, интеллектуалдық деңгейін көтеруге ықпал ететіндей мақалалар шығарып тұрады.

Ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен университеттің оқытушы-профессорлары, магистранттар мен студенттеріне бір ай бойы «Сыртқы электронды кітапханалар ресурстарының оқу үдерісіндегі ролі» атты семинар тренинг өткізілді. Мақсаты сыртқы электронды ресурстарды еркін пайдалануды меңгеруге машықтандыру, ақпараттық біліктілігін арттыру.



Қорыта келгенде, университет кітапханаларын дамытудың тиімді жолы, дәстүрлі және инновациялық қызмет көрсету тәсілдерін қолдана отырып, кітапханаларды ақпарат жинау мен ақпарат таратудың жоғары деңгейіне жеткізу. Ол үшін:

  • білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру;

  • кітапхана үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу;

  • электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану;

  • ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру;

  • білім беру ұйымдарындағы кітапханалардың өзара байланыстарын нығайту басты міндет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау