Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті



жүктеу 318,23 Kb.
бет139/158
Дата16.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#32897
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   158
@8; 65=85 ;= 5 07 (1)

Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті

Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі. Қазақ мәдениеті және түркі әлемі. Қазіргі Қазақстанның мультимәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің орны. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер. Әлемнің ұлттық бейнесі және мәдени репрезентация. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат. Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті. Қазіргі қазақ жазушылары. Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі.

Қазақстанның қазіргі өнеріндегі негізгі үрдістер мен бағыттар. Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары. Қазіргі заманғы өнердің белгілі қазақстандық өкілдері. Қазақстанның белгілі суретшілері. Белгілі қазақ архитекторлары.

Қазіргі заманғы қазақ театры. Ұлттық балеттің дамуы. Қазақстандағы заманауи музыка өнері. Қазіргі қазақ әртістері. Заманауи қазақ опера өнері. Опера өнерінің белгілі қазақ орындаушылары.

Қазақстанның цирк өнері. Қазақстанның цирк өнеріндегі заманауи үрдістер. Қазақстандағы заманауи бұқаралық мәдениет. Қазақстандағы шоу мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Қазақстанның қазіргі өнерінің дамуындағы жаңа үрдістер мен медиа-мәдениет қауіп-қатерлері.

Қазақстандық киноның заманауи үрдістері. Заманауи қазақ киноөндірісінің даму болашағы мен мәселелері. Қазақстандық кинорежиссерлер. Қазақ киножұлдыздары. Ең жақсы қазақ киноленталары. Қазақстандағы кинофестивальдар. Мереке тойлау мәдениетінің дамуындағы қазақстандық кинофестивальдардың рөлі. Мәдениетаралық коммуникацияның дамуындағы қазақстандық кинофестивальдардың орны. Қазақстандық кинофестивальдар заманауи қазақстандық мәдениет жетістіктерін тарату алаңы ретінде. Ұлттық бірегейліктің, медиа-мәдениет парадигмасындағы қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы және ынтымақтастығын қалыптасуындағы мәселелер мен төзімділік ұстанымдары.

Теледидар мәдениет феномені ретінде. Қазақстандағы заманауи теледидардың дамуы. Қазақстанның телевизиялық драматургиясы.

Дәстүрлі қазақ және заманауи қазақ мәдениеті. Қазақ халқының мәдени коды. Қазақ ұлттық мәдени кодын сақтау мәселесі. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің рухани құндылығы және Қазақстан жағдайындағы батыс құндылықтарының сіңіру мәселелері. Өнердің коммерциялануы. Қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтау мен қазіргі қазақстандықтың мәдени-рухани келбетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, өз Отанына, ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақ халқының рухани мұрасы, рухани құндылықтарын, қазақ халқының мәдени кодын сақтау, әлемдік мәдениет құндылықтарына қосудағы отандық өнердің рөлі.

Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселесі. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. Қазақ халқының мәдени мұрасын таратудағы ҚР мұражайлары. Қазақ халқының мәдени-этникалық жадысын сақтаудағы мұражайлардың рөлі. «Мәдени мұра» бағдарламасын, мұражай-қорықтар, Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру.

Қазақстан қоғамының жаңғыруы мен жаһандану жағдайындағы қазақтардың мәдени, этникалық (ұлттық), діни бірегейлігінің сақталу мәселесі. Жаңа мәдени парадигмалар мен жаңа рухани бағдарлар. Жаңа парадигмалды (көпшілікке ортақ) құндылықтық ұстанымдардың қалыптасуы: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ерекше орынға ие болуы (культі). Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ерекше орынға ие болуының (культі) жағымды ұстанымдарына негізделген дұрыс әрекет ету модельдері мен мәдени өзара қарым-қатынастың қалыптасуына қазақстандық мәдениеттің әсері мен рөлі. Рухани құндылықтық бағдарлар, жалған, бүлдіруші құндылықтар мен мінез-құлық және коммуникация модельдеріне қарсы Қазақстан азаматтарының жаңашылдық әрекет ету модельдерін қалыптастырудағы отандық өнер мен мәдени институттардың рөлі.

Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар. Білім культі, прагматизм және бәсекеге қабілеттілік, мәдени бірегейлік пен ынтымақтастық, қазіргі қазақстандық жастар арасында Отанға деген ұлтжандылықты қалыптастыру мен тәрбиелеудегі мәдени институттардың рөлі. Қазіргі қазақстандық жастар арасында оң қазақстандық руханилық пен құндылықтарды қалыптастыру, жалған және таңылған (мәдени, діни) бірегейлік формаларын жеңу.

Қазақстанның басты мерекелері мәдени мұра ретінде. Қазақстандағы мереке мәдениетінің қалыптасуы. Мәдени паттерндер (іздер) және қазақстандық мерекелік мәдениеттің рухани құндылықтары.

Қазіргі жағдайдағы қала мәдениетінің дамуы. Қала мәдениетінің негізгі құндылықтары. Астананың архитектуралық келбеті. Астананың қалалық мәдениетінің семиотикасы. Алматы – Қазақстанның мәдени және ғылыми орталығы ретінде. Қазақстанның қалалық мәдениетінің архитектуралық келбетіндегі постмодернистік үрдістер.

Постмодернизм және қазақстандық өнер. Қазақстандағы мульти-медиа-мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Мәдени, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі.




жүктеу 318,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   158




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау