Пән: қазақ тілі
4 сынып
Тақырыбы: Алматы қаласы
Мақсаты:
Білімділік: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Атамекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, аударма, ойын элементтері
Көрнекілігі: Суреттер, Алматы қаласының суреттері
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен жүздесу, сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа бұру
Өткенді қайталау.
Қазақстан қандай мемлекет?
Неше облыс бар?
Қазақстанның Президенті кім?
Президент қайда жұмыс істейді?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Қарағанды қаласында не бар
Ақтау қаласында қандай теңіз бар
Көкшетау қаласында қандай курорт бар?
Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
Екінші астанасы қай қала?
Дұрыс балалар Қазақстанның үшінші астанасы Алматы қаласы болған.
2. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Алматы қаласы»
Жаңа сөздер:
Алатаудың етегінде – у подножия Алатау
мұз айдыны– ледовый каток
жақында – недавно
алма бағы – яблоневый сад
Балалар бізге сабаққа кірпі келіпті. Ал кірпі нені жақсы көреді? Балалар: Алманы жақсы көреді. Ия дұрыс айтасыңдар. Балалар кірпі бізден көмек сұрап тұр. Оның балаларына алма жасап бересіңдерме дейді? Балалар: Әрине көмектесеміз. Ермексаздан алманы мүсіндеу. Қандай пішіндерден жасаймыз? Дөңгелек, түсі қызыл.
Ол үшін біз барлық тапсырмаларды орындап шығуымыз керек.
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Алматы- Қазақстанның ең үлкен қалаларының бірі. Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы Қазақстанның үшінші астанасы болған. Қалада миллионнан астам адам тұрады. Жақында метро салынды. Метро өте әдемі. Көп станциялары бар. Алматыда « Медеу » мұз айдыны, спорт сарайлары, демалыс орындары бар. Алматыда алма бағы бар. Онда тәп – тәтті алмалар өседі. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.
2-тапсырма. Сұрақ-жауап
Енді, балалар бізге «Сұрақтар әлемінен» хат келіпті. Ол хатта сұрақтар бар екен. Кәне, сұрақтарға жауап берейік.
Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
Алматы Қазақстанның нешінші астанасы?
Жақында не салынды?
Алматыда нелер бар?
Алматыда не өседі?
Қаланың ортасында нелер орналасқан.
Мәнерлеп оқу
Айтылым: Кел, сөйлесейік! (диалог)
- Асыл, сен Алматы қаласына бардың ба?
- Иә, демалыс кезінде апаммен қыдырып бардым.
- Алматы қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің?
- Көктөбеге бардым. Көктөбедегі әйгілі мұнараны көрдім.
- ....
3-тапсырма. Тақтамен жұмыс.
1. Метро сөзін септеу
2. «Ойлан, тап!»
1. өте, әдемі, қала, Алматы.
2. таулар, бар, Алматыда , биік .
3. ашылды метро жылы 2011.
4. цирк, Алматыда, бар.
3. Сергіту сәті
3. «Шатыспақ!» Сөздердің дұрысын тап!
Лаам
Матыал
Аалқ
4. Алматы сөзін тәуелдеу.
5. Сөздерді сәйкестендіріп жазу.
дәрумен көп.
жуып жеу керек.
дәмі жақсы.
Жақсы балалар, тапсырмаларды орындадық. Кірпінің балаларына
ермексаздан алманы мүсіндейік. Қандай пішіндерден жасаймыз? Дөңгелек, түсі қызыл.
Жасыл түс – барлығын дұрыс орындады;
Сары түс – 1,2 қате кетті;
Қызыл түс – 3 қате кеткеңдер;
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оқушылар білім баспалдағында бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |