Пәннің мақсаты – әлемдік тарихи үдерістің мәнмәтініндегі қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның тарихына деген ғылыми көзқарастар жүйесін қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері:
- Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеудің тұжырымдамалық негіздерін жүйелеу;
- тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастық ұғымдарын, Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларын салыстыру;
- ұлттық басымдықтарға сәйкес тарихи сана мен дүниетанымдық қағидалардың қалыптасуының маңыздылығын анықтау;
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының ерекшеліктерін бейнелейтін тарихи деректерді жүйелеу;
- тарихи ерекшеліктерді зерттеуге назар аударып, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын анықтау;
- Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау әдістерін меңгеру;
- тарихи өткен мен дәлелді мағлұматтардың талдауы негізінде қазіргі мәселелерді шешудің жолын болжау;
- қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу;
- тарихи тұлғалардың өмірлік белсенділігі мысалында, заманауи қоғамның демократиялық құндылықтары рухында, отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |