Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім



жүктеу 49,5 Kb.
Дата15.11.2018
өлшемі49,5 Kb.
#20303


М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

мамандықтары элективті пәндерінің жұмыс оқу бағдарламаларын

әзірлеудің және ресімдеудің әдістемелік нұсқауы



  1. Осы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары элективті пәндерінің жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеудің және ресімдеудің әдістемелік ПОҚ жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және ресімдеу кезінде пайдалануы үшін әзірленген.

  2. Жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының таңдау компонентінің пәнін оқытудың мазмұнын, көлемі мен тәртібін анықтайтын, ұсынылатын әдебиетті меңгеру үшін қажетті негізгі білімдер, іскерліктер, дағдылар мен міндеттер көрсетілген құжат.

  3. Пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ресімдеу 40.1.01-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын құруға, түзуге, ресімдеуге, мазмұны мен мағынасына қойылатын жалпы талаптары»; 5.04.034-2008 «Докторантура. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, 5.04.033-2008 «Магистратура. Негізгі ережелер» ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, 5.04.019-2008 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

  4. Пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының элективті пәндер бойынша әзірленеді.

  5. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

  6. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы институттың/факультеттің оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында қаралады.

  7. Жұмыс оқу бағдарламасы университетің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі.

  8. Жұмыс оқу бағдарламасының негізінде пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тиісті оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді және басып шығарады.

  9. Жұмыс оқу бағдарламасы мамандықтың жаңа элективті пәндері шыққан кезде қайта әзірленеді.


Жұмыс оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны


  1. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:

  • сыртқы беті;

  • алғы сөз;

  • түсіндірме жазба;

  • пәннің тақырыптық жоспары;

  • пәннің мазмұны;

  • ұсынылатын әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша).

11. Сыртқы беті үлгіге сәйкес ресімделеді (1-қосымша). Пәннің атауы пәннің жұмыс оқу жоспарына сәйкес келуі тиіс.

12. Алғы сөзде 2-қосымшаға сәйкес жұмыс оқу бағдарламасының әзірлеушілері (егер бағдарламаны жоғары оқу орнының авторлық ұжымы әзірлеген болса, авторлар, ғылыми дәрежесі, атағы мен олардың жұмыс орындары үлгі бағдарламаның соңында көрсетіледі), рецензенттері (рецензенттердің саны екеуден кем болмауы тиіс, біреуі – басқа білім беру ұйымынан, өндірістен және т.б.), кіммен бекітілгені және қолданысқа енгізілгені жазылады.

13. Түсіндірме жазбада пәннің мақсаты, оның бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудағы рөлі мен маңызы, мамандықтың кәсіптік білім беру бағдарламаларының пәнаралық байланыстарын жүйелендіруі, пәнді оқытатын пәндер тізбесі және пәнді меңгеру үшін қажетті білімді, іскерлік пен дағдыны қамтитын пәндер тізбесі көрсетілуі тиіс.

14. Пәннің мазмұны кіріспе мен негізгі бөлімнен тұрады.

Кіріспеде пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті, пәннің объектілері мен оны оқытудың әдістері туралы мәліметтер, пәннің басқа да ғылымдар арасындағы рөлі мен алатын орны қамтылады.

Пән мазмұнының негізгі бөлімі пәнді меңгеру үшін білім көлемі туралы нақты ақпарат беруі, әрбір тақырып бойынша білім саласына сәйкес келетін іргелі, жалпыға танылған және арнайы түсініктен тұруы тиіс.

15. Бағдарламада пән мазмұны тараулар мен тақырыптар бойынша жасалады. Осы ретте тақырыптар тізбесі пәнді толық түсіну сияқты оқылатын объект туралы түсінік алуды да қамтамасыз етуі тиіс. Пәннің мазмұнына ғалымдардың осы ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат енеді, оның дамуының қазіргі заманғы үрдістері мен келешегі көрсетіледі.

16. Пәннің мазмұны ешқандай шегінулерсіз нақты, түсінікті тілмен жазылады.

17. Негізгі бөлімнің соңында практикалық (семинарлық) және зертханалық сабақтар (лабораториялық практикум) тақырыптарының болжамды тізбесі, курстық жобалар мен жұмыстардың, графикалық және есеп-графикалық жұмыстардың, сондай-ақ сабақтар мен тапсырмалардың пәннің құрылымына сәйкес басқа да түрлері мен болжамды тақырыптары жазылады.

18. Ұсынылған әдебиеттердің (негізгі және қосымша) тізімі пән мазмұнының барлық мәселелерінің қазіргі заманғы ғылыми және әдіснамалық деңгейде толық қамтылуын қамтамасыз ететін атаулардың жеткілікті санынан тұруы тиіс.

19.Үлгі оқу бағдарламалары мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді: Мәтін (А-4 форматында, әрбір беті нөмірленген) бір жоларалық интервал арқылы ені тураланып, автоматты түрде көшірілуімен Times New Roman, Kz Times New Roman 14 шрифтімен терілуі тиіс. Абзац басындағы шегініс – 1,27 см.

1-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

___________________________________________________________

(пәннің коды мен атауы)

___________________________________________________________

(мамандықтың коды мен атауы)

(кредиттер көлемі)


(қаласы, жылы)



2-қосымша
1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

________________________________________________________________

(жұмыс бағдарламаны жасаған білім беру ұйымының атауы)

2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

_______________________________________________________________

(т.а.ә. ғылыми дәрежесі, атағы, ұйым атауы)

________________________________________________________________



3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама

4. Жұмыс оқу бағдарламасы ______________________________________

________________________________________________________________

(мамандықтың атауы)

мамандықтарының элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген



5. ҚАРАЛҒАН _______________________институттың/факультеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 200_ жылғы «___» __________ №___ хаттама
жүктеу 49,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау