ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Ш Е Ш І М
2017 жылғы «14» сәуір № 9 Бішкек қаласы
Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан
|
Беларусь Республикасынан
|
Қазақстан Республикасынан
|
Қырғыз Республикасынан
|
Ресей Федерациясынан
|
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
2017 жылғы «14» сәуірдегі № 9 шешіміне
ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық комиссияның
Жұмыс регламентіне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
Көрсетілген Регламентке № 1 қосымшада:
а) 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Одақтың кедендік аумағына уақытша қойылатын және пайдаланылатын тауарлардың уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеместен осындай уақытша қойылу және пайдалану шарттары, сондай-ақ уақытша қоюдың және пайдаланудың шекті мерзімінде рұқсат етілген санатын айқындау.
6. Осы тауарлардың санатына жататын немесе жатпайтын тауарларды анықтауды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде (бұдан әрі – Одақтың Кеден кодексі) көзделгеннен басқа арнайы кедендік рәсімді қолдануға қатысты тауарлардың санатын айқындау.»;
б) мынадай мазмұндағы 6¹-6-тармақтармен толықтырылсын:
«6¹. Одақтың Кеден кодексінде көзделген тауарлар санатына жататын не жатпайтын арнайы кедендік рәсімдері қолданылатын тауарларды, сондай-ақ ресми халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың сипатын айқындау.
6². Арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың санатына байланысты тауарларды арнайы кедендік рәсімімен орналастыру шартын және арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібін айқындау.
6³. Сақталған кезде Одақтың Кеден кодексінде көзделген тұлғалар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты бола алатын қосымша шарттарды, сондай-ақ сақталған кезде көрсетілген тауарлардың декларанты бола алатын өзге тұлғалар мен шарттарды айқындау.
6. Арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты зияткерлік меншік объектісінің құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдау жағдайлары мен тәртібін айқындау.»;
в) мынадай мазмұндағы 71-тармақпен толықтырылсын:
«71. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарына ставкаларын төмендету түріндегі тарифтік жеңілдіктер ұсыну жағдайлары үшін, басталған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын және (немесе) кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталатын Одақтың Кеден кодексінде көзделгеннен тыс өзге мән-жайларды айқындау.»;
г) мынадай мазмұндағы 121 -123-тармақтармен толықтырылсын:
«121. Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шыққан орнын айқындау қағидаларын бекіту.
122. Тарифтік преференцияларды қалпына келтірудің жағдайлары мен шарттарын айқындау.
123. Тауардың шыққан орны расталмаған деп саналғанда Одақтың Кедендік кодексінде көзделгеннен басқа жағдайларды айқындау.
д) 114, 116 және 117-тармақтардағы «пайдалана отырып» деген сөз «пайдаланып» деген сөзбен ауыстырылсын;
е) 118-121 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«118. Еркін қойманың кеден рәсімдері қолданылмайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санатарын айқындау.
119. Еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операцияларының тізбесін айқындау.
120. Еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесін айқындау кезінде жасалуы жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сай келмейтін операциялар тізбесін айқындау.
121.Адвалорлық үлес қағидаларын еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде пайдалану тәртібін айқындау.»;
ж) мынадай мазмұндағы 1211-тармақпен толықтырылсын:
«1211. Адвалорлық ставка бойынша тауарлардың есептік құны кедендік әкелу баждарын есептеу үшін негіз болып табылатын еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құнын айқындау тәртібін бекіту.»;
з) 124-128-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылуға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санатарын айқындау.
125. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен жасауға болмайтын әрекеттердің, оның ішінде операциялардың тізбесін айқындау.
126. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған, шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Одақтың тауары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операцияларының тізбесін айқындау.
127. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауардың мәртебесін айқындау кезінде жасалуы жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сай келмейтін операциялар тізбесін айқындау.
128. Адвалорлық үлес қағидаларын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері ретінде пайдалану тәртібін айқындау.»;
и) мынадай мазмұндағы 1281-1286-тармақтарымен толықтырылсын:
«1281. Одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда мүше мемлекеттің кеден органының рұқсатымен еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмастан еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге рұқсат етілген жағдайларды және (немесе) шарттарды айқындау, сондай-ақ мүше мемлекет аумағының осындай әкетуге рұқсат етілген бөлігін айқындау.
1282. Одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайда мүше мемлекеттің кеден органының рұқсатымен еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмастан еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге рұқсат етілген Одақтың Кеден кодексінде көзделгеннен өзге операцияларды айқындау.
1283. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу бойынша Одақтың Кеден кодексінде көзделген операцияларды жасау кезінде тауарларды тұтынудан басқа еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды тұтынуға рұқсат етілген жағдайларды айқындау.
1284. Одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындау.
1285. Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын мүше мемлекеттердің тұлғаларын және бұл тұлғалар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары бола алатын жағдайларды айқындау.
1286 . Егер адвалорлық ставка бойынша тауарлардың есептік құны кедендік әкелу баждарын есептеу үшін негіз болып табылатын болса, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құнын айқындау тәртібін бекіту.»;
к) 129-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«129. Кеден органына мүше мемлекеттің аумағында болмауы мүмкін Одақтың тауарларына қатысты кедендік декларация берілетін жағдайларды, сондай-ақ осындай жағдайларда кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін айқындау.»;
л) мынадай мазмұндағы 1291-12930-тармақтармен толықтырылсын:
«1291 Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемдік бажды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну жағдайларын айқындау.
1292. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған және бір көлік (тасымалдаушы) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына әкелінетін және осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесі шегінде пайда болмайтын тауарлардың жалпы кедендік құнынан аспайтын сома мөлшерін айқындау.
1293. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне орналастырылған және бір көлік (тасымалдаушы) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына әкелінетін және осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесі шегінде пайда болмайтын тауарлардың жалпы кедендік құнынан аспайтын сома мөлшерін айқындау.
1294. Мүше мемлекеттердің заңнамаларына қатысты Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар жасау кезінде пайдалануға болмайтын әкетілетін кедендік баждардың ставкалары белгіленген Одақ тауарларының тізбесін айқындау, сондай-ақ осы тізбеге енгізілген тауарлардың Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар жасау кезінде пайдалануы мүмкін жағдайларын айқындау.
1295. Кеден аумағынан тыс экспорттың кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастырумен қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінің жағдайларын, шарттарын және аяқталу әрекеттерін, сондай-ақ осы жағдайларда экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкету баждарын, салықтарды есептеу мен төлеудің ерекешеліктерін айқындау;
1296. Малдарды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерге қатысты мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асырушы ұйымдарына Одақтың кеден аумағына әкелінетін не оларды көрсетілген ұйымдарға жеткізу кезінде кедендік әкелу баждарын төлеуді ұзартуды немесе бөліп төлеу ұсынлуы мүмкін отырғызу және себу материалдарының, өсімдіктерді қорғау құралдарының, ауыл шаруашылығы техникаларының, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерінің (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдары, құстар, балық және басқа асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілері), асыл тұқымды өнім (материал), өнімдер тізбесін айқындау.
1297. Одақтың Кедендік кодексінде көзделгеннен басқа кедендік әкелу баждарды төлеу мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді ұсынудың негіздерін айқындау.
1298. Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлардың, оның ішінде шикізаттардың, материалдардың, технологиялық құрал-жабдықтардың, олардың қосалқы бөлшектері мен жинақтауыштарына қатысты өндірістік қайта өңдеу үшін пайдаланылған кедендік әкелу баждарының мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсынуы мүмкін тауарлар тізбесін айқындауды, сондай-ақ пайдалануға арналған осындай тауарларды өндірістік қайта өндеуге жатқызу шарттарын айқындау.
1299. Кеден ісі саласында Кеден өкілі ретінде қызметін жүзеге асырушы заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету көлемін айқындау.
12910. Кеден ісі саласында Кеден тасымалдаушысы ретінде қызметін жүзеге асырушы заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз етудің Одақтың Кеден кодексінде көзделгеннен өзге көлемін айқындау.
12911. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосылуға үміткер заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығын және заңды тұлғаның осы тізілімге қосылуы үшін қажетті қаржы орнықтылығын сипаттаушы мәндерін айқындау тәртібін бекіту.
12912. Одақтың Кеден кодексінде көзделген Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін және (немесе) Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың қосымша критерийлерінің сандық сипаттарын айқындау.
12913. Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмайтын тауарлар санатын айқындау.
12914. Кедендік баждар мен салықтардың бірыңғай ставкасын, сондай-ақ жиынтық кеден төлемі түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатын айқындау.
12915. Одақтың кедендік аумағына кедендік баж салықтарын төлеместен енгізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын айқындау, осы нормаларды қолдану тәртібін айқындау, жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағынан алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багаж түріне жатқызылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды айқындау нормаларына сәйкес, бұрын қолданылған және осындай нормаларды анықтау кезінде есепке алынбайтын тауарлар түріне жатқызу критерийлерін айқындау, сондай-ақ Одақтың кеден аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен енгізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Комиссия бекіткен құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларынан да барынша қатаң, мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатын айқындау.
12916. Шетелдік жеке тұлғалардың Одақтың кедендік аумағында болған кезеңінде өздерімен бірге құны және (немесе) салмағына қарамастан кедендік баждарды, салықтарын төлеместен алып өткізулеріне болатын бұрын қолданылған жеке пайдалануға арналған тауарларының саны мен тізбесін айқындау.
12917. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен әкелудің, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды қолдану және (немесе) тарату бойынша шектеулердің жағдайлары мен шарттарын айқындау.
12918. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін декларанттың атынан және оның тапсыруы бойынша кеден өкілі болып табылмайтын адамның жүзеге асыру жағдайларын айқындау.
12919. Жеке пайдалануға арналған тауарларының бір және сол бір түріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндеттемесі әртүрлі адамдарда, түрлі жағдайларда және (немесе) бірнеше рет қайталанған жағдайда кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндеттемесі тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің кеден органдарының мұндай мән-жайлардың болғандығын растаудағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындау.
12920. Құбыр көлігі немесе электр желілері арқылы тасымалданатын тауарларды есептеу аспаптары орнатылған орындарға қолжетімділік тәртібін, кедендік бақылаудың нысандары қолданылатын мүше мемлекеттердің кедендік органдарының өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ көрсетілген есептеу аспаптары орнатылған жерлердің тізбесін анықтау.
12921. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауарлардың шыққан орнының атаулары сияқты зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау шараларын қабылдау тәртібін айқындау.
12922. Одақтың Кеден кодексіне сәйкес мүше мемлекеттердің кедендік органдары алдын ала шешім қабылдайтын мәселелерді және оларды қабылдау тәртібін айқындау.
12923. Жекелеген санаттағы заңды тұлғалар әкелетін және кедендік декларацияны берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделген тауарлар санаттарының тізбесін бекіту, сондай-ақ осындай заңды тұлғалар сай келуі қажет критерийлерді айқындау.
12924. Одақтың кеден аумағының бір бөлігінен Одақтың кеден аумағының басқа бөлігіне Одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын Одақтың тауарлары Одақ тауарлары мәртебесін жоғалтатын және Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде шетелдік тауарлар ретінде қарастырылатын жағдайларды айқындау.
12925. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарлар декларациясында мәлімделген санынан асып кететін санда тауарларды Одақтың кеден аумағына әкелуге немесе тауарларды Одақтың кеден аумағынан әкетуге рұқсат етілетін жағдайларды айқындау.
12926. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының ең төменгі ставкасын қолдану көзделетін тауарларды, ішкі тұтыну үшін шығарылған тауарлардың кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күнінен бастап 5 жыл не ұзақ мерзімі өткен соң Одақтың тауарлары мәртебесін алған тауарлардың тізбесін (тізбелерін) айқындау басталғанын, сондай-ақ осындай ұзақ мерзімді белгілеу.
12927. Тауарларға кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу міндеттері әртүрлі тұлғаларда, түрлі себептер бойынша және (немесе) бірнеше рет пайда болған жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу міндеттері тоқтатылатын мән-жайларды айқындау, сондай-ақ осындай мән-жайларды растаудағы мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимылы тәртібін айқындау.
12928. Тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу міндеттері әртүрлі тұлғаларда, түрлі себептер бойынша және (немесе) әртүрлі мән-жайларға байланысты бірнеше рет пайда болған жағдайларда Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындау ерекшеліктерін айқындау.
12929. Одақтың Кеден кодексінің ережелерінде көзделгеннен басқа, уәкілетті экономикалық оператор ұсынған арнайы жеңілдіктерді айқындау.
12930. Мүше мемлекеттердің кеден органдары Комиссияға кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау орындарында кедендік инфрақұрылымды дамытудың жай-күйін, серпінін және үрдістерін талдау үшін ұсынатын, тауарлар мен көлік құралдарының Одақтың кеден шекарасы арқылы тасымалдануы туралы мәліметтердің құрамын айқындау.
2. Көрсетілген Регламенттің № 2 қосымшасы мынадай мазмұндағы 33-44- тармақтармен толықтырылсын:
«33. Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түріне және мүше мемлекеттің кеден органының оны пайдаланудағы мақсатына байланысты мүше мемлекеттердің кеден органдарына алдын ала ақпарат ұсынуға міндетті не құқығы бар тұлғалардың алдын ала ақпараттың құрамын, алдын ала ақпарат ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау.
34. Одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға үлгілік талаптарды айқындау.
35. Кедендік операциялар жасау кезінде мүше мемлекеттердің кеден органдары ұсынған мәліметтерді мүше мемлекеттердің кедендік органдарының шаруашылық операцияларын жүргізу туралы және осындай мәліметтерге қол жетімділігін (оның ішінде қашықтықтағы) қамтамасыз ететін мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптарды айқындау.
36. Тауарлардың жекелеген арнайы оңайлату қолданылмайтын жағдайларын және (немесе) санаттарын айқындау.
37. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кеден шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі өткізілетін тауарлар үшін айқындалған кедендік декларациялау ерекшеліктерін жүзеге асыру мақсатында, Одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдауына қатысты тауарлардың тізбесін айқындау.
38. Одақтың Кеден кодексінде көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтардың және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері айқындалатын кедендік баждарды, салықтарды және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасын анықтау үшін қолдағы бар ақпаратты пайдалану тәртібін айқындау.
39. Одақтың Кеден кодексінде көзделгендерден басқа кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбайтын жағдайларды айқындау.
40. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Одаққа қосылу туралы халықаралық шарттарға сәйкес тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының ең төменгі ставкасын қолдану көзделетін тауарларды, ішкі тұтыну үшін шығарылған тауарлардың кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын ерікті түрде төлеген жағдайда төлеу мерзімі болып саналатын күнді айқындау.
41.Одақтың кеден шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі өткізілетін тауарлардың (тауарлар компоненттерінің) кедендік транзитінің кедендің рәсіміне орналастырылған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша орындауды қамтамасыз ету мөлшерін анықтау ерекшелігін айқындау.
42. Одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тасымалданатын тауарларды сыныптау туралы шешімді ұсыну олар сақталған жағдайда, кеден қоймасының кедендік рәсіміне құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі орналастырылған тауарлар кеден қоймасының кедендік рәсімін аяқтау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес тауардың толық немесе аяқталмаған түрдегі кодына сәйкес келетін тауар кодын мәлімдеу отырып, өзге кедендік рәсімдерге орналастырылу шарты болып табылатын жағдайларды айқындау.
43. Одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларына жатпайтын, Одақтың Кедендік кодексінде көзделгеннен басқа операцияларды айқындау.
44. Егер кедендік операцияларды декларанттың атынан және оның тапсыруымен кеден өкілі жүзеге асыратын болса, және мұндай кеден органының өкілі Одақтың Кеден кодексіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу бойынша міндеттемелерді декларантпен бірлесе көтеретін жағдайлар орындалатын болса, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу міндеттемелерін орындау мүмкіндігі берілмеуінің шарттарын айқынау.
____________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |