Жоба орындаушысы



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет13/53
Дата25.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#17301
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53

210 
 
тырады  жəне  мемлекетке  балаларды  зорлық-зомбылықтың  барлық 
түрлерінен  қорғауды  тапсырады  жəне  оның  рөлін  балалар  аман-
дығының  ең  соңғы  төрешісі  сияқты  айқындайды.  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы  қатыгез  қатынасқа  тыйым  салады. 
Бұл ретте, Конвенцияның 1-бабы «балаға» «18 жасқа толғанға дейінгі 
əрбір  адам  баласын»  жатқызады,  бұл  кейде  қолданыстағы  заңдарға 
сəйкес  келмейді.  Дəлірек  айтқанда,  отандық  қылмыстық  заңдар 
жасалған  қылмыстар  үшін  жазалау  шараларын  кəмелетке  толма-
ғандардың  жасына  қарай  жіктейді  (олар  «жас  балалар», «кəмелетке 
толмағандар», «16-жасқа жетпеген адамдар» деп бөлінеді).  
Конвенцияны  жүзеге  асыру  мақсатында  «Баланың  құқықтары 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (2002 жыл) «мемлекет 
баланың  жеке  басына  ешкiмнiң  тиiспеуiн  қамтамасыз  етедi,  оны 
тəнiн  жəне  (немесе)  жанын  жəбiрлеуден,  адамдық  қадiр-қасиетiн 
қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан қорғауды жүзеге асырады» деп 
көзделген (10-бап).  Осы  заңды  əзірлеу  мен  қабылдауға  БҰҰ  Балалар 
қорының  (ЮНИСЕФ)  Қазақстандағы  өкілдігінің  сарапшылары 
айтарлықтай  үлес  қосқан.  ЮНИСЕФ  жəне  басқа  да  əріптестердің 
көмегі  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  (БГМ)  жанында  БҰҰ 
Баланың  құқықтары  туралы  конвенциясын  жүзеге  асыру  бойынша 
ұлттық  топты  құруға  жəне  балалықты  қорғау  жүйесін  реформалауды 
бастауға  мүмкіндік  берді.  Сондай-ақ  ЮНИСЕФ 2006 жылы 
қабылданған  ата-аналардың  қамқорлығынан  айырылған  балаларға 
арналған «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарлама жобасын əзірлеуге 
де  көмектесті.  Демократия  жəне  адамның  құқықтары  саласындағы 
еуропалық  құрал  (ЕИДПЧ)  Қазақстандағы  балалардың  құқықтарын 
қорғауға арналған қаржылай қаражатты жыл сайын бөледі.  
Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  мемлекет  басшылары 
кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы  «Адамның  құқықтары  мен 
бостандықтары  туралы»  конвенциясы  азаптауды,  қатыгез, 
адамгершіліксіз  немесе  ар-намысын  қорлайтын  қатынасты  қолдануға 
тыйымды  айқындайды;  құлдықта  не  еріксіз  күйде  ұстауға,  мəжбүрлі 
жəне міндетті еңбекке жұмсалуға тыйымды орнатады (4-бап).  
Сатудан  балаларды  қорғау  Адамдарды,  əсіресе  əйелдер  мен 
балаларды  сатудың  алдын  алу  мен  жолын  кесу  жəне  ол  үшін 
жазалау  туралы  хаттамамен  (БҰҰ  Трансұлттық  ұйымдасқан 
қылмысқа  қарсы  конвенциясына  толықтыру,  Нью-Йорк, 15 қараша 
2000  жыл),  Құлдықты,  құл  саудасын  жəне  құлдыққа  ұқсас 
институттар  мен  əдет-ғұрыптарды  жою  туралы  қосымша 
конвенциямен (1956 жыл)  айқындалған,  оған  сəйкес  «кез-келген 
институт  пен  əдет-ғұрыптардың  күшіне  сай  он  сегіз  жастан  кіші 
баланы  немесе  жасөспірімді  өзінің  əке-шешесінің  біреуі  не  екеуі  де 
немесе  оның  қамқоршысы  осы  баланы  немесе  жасөспірімді  не  оның 
27 
 
2.2 АГРЕССИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Агрессивті мінез-құлықтың түрлі типтері мен формалары  
 
16-кесте.  
Агрессия түрлерінің жіктемесі 
Агрессияның 
көріну түрлері
Агрессия атаулары 
Нысанға 
бағытталуы 
бойынша 
Гетероагрессия- 
басқаларға 
бағытталған (адам
өлтіру, зорлау, 
ұрып-соғу, 
қорқыту) 
Аутоагрессия- өзіне 
бағытталған (өзін-
өзі айыптау, өзін-өзі
өлтіру, 
психосоматикалық 
аурулар) 
 
Туындауы 
бойынша 
Реактивті агрессия
– сыртқы 
тітіркендіргішке 
жауап реакциясы 
(ұрыс, жанжал) 
Спонтанды агрессия
ішкі импульстардың 
әсерінен пайда 
болады (теріс 
эмоциялардың 
жиналып қалуы, 
психикалық 
аурулар кезінде) 
 
Мақсатқа 
бағытталуы 
бойынша 
Құралдық 
агрессия- 
нәтижеге жету 
құралы ретіндегі 
агрессия 
Уәждемелік 
агрессия – алдын 
ала жоспарланған 
әрекет 
 
Көріну 
ашықтығына 
байланысты 
Тура агрессия – 
тітіркендіріп 
тұрған объектіге 
тікелей 
бағытталған 
Жанама агрессия – 
тітіркену тудырып 
тұрған емес, бірақ 
ыңғайлы нысанға 
бағытталған 
 
Шығу 
формасына 
байланысты 
Вербальды 
агрессия сөздік 
формада болады 
(қорқыту, 
балағаттау) 
Экспрессивті 
агрессия – ым, 
ишара, дауыс 
ырғағында 
байқалатын 
агрессия 
Дене 
агрессиясы – 
күш 
қолдану, қол 
жұмсау 
 


28 
 
ДЕНЕ  АГРЕССИЯ  –Басқа 
адамға  қарсы  физикалық 
күш қолдану
А.  Басс  агрессияның  мынадай  түрлерін  бөліп  көрсетеді: 
вербальды  –дене  агрессиясы  жəне  тікелей – жанама 
агрессия. 
Вербальды жəне дене агрессиясы. 
Дене  агрессиясының  тікелей  мақсаты – басқа  адамға  зиян 
келтіру, агрессия мақсаты жанама түрде болуы мүмкін, мысалы, 
басқаны сыйдырмау үшін кедер-
гі  келтіру.  Одан  да  басқа  сөзсіз 
қорқытуды  (жұдырық  көсету)  да 
символдық  түрде  дене  агрессия-
сына жатқызуға болады 
Вербальды  (ауызша,  сөзбен)  агрессия – жағымсыз 
эмоцияларды,  сезімдер  мен  ниеттерді  балағатты  түрде,  анайы, 
қоғамда мақұлданбаған сөздермен жеткізу. 
Вербальды агрессияны А. Басс мынадай түрлерге бөледі: 
А)   Вербальды-белсенді-тікелей,  басқа  адамды  сөзбен 
балағаттап немесе төмендеткен кезде көрінеді; 
Б)  Вербальды-белсенді-тікелей  емес,  басқа  адам  туралы 
өсек тарату, жалған айып тағу. 
В)  Вербальды-пассивті-тікелей,  адаммен  сөйлеспеу,  сұ-
рақтарына жауап бермеу; 
Г)  Вербальды-пассивті-тікелей  емес  нақты  сөздермен 
түсіндіруге  қарсылық  білдіру,  кінəсіз  адамды  сынап  жатқанда 
оны қорғау. 
Вербальды  агрессия  ашу,  ыза,  реніш  сияқты  теріс 
эмоциялардың сыртқа көрініс табуын білдіреді.  
Сөзбен  айтылған  агрессия  жүйкелік  ширығуларды  шешуге 
көмектеседі.  Адам  осы  арқылы  жаман  эмоцияларын  сыртқа 
шығарып, осы ширығудан босайды. Кейде сөздік агрессия алдын 
ала  ойластырылған  ренжіту,  ашуландыру  құралы  ретінде  де 
болуы мүмкін. 
Мектеп  оқушыларының  қарым-қатынас  кезінде  балағаттық 
сөздерді қолдану себебі мынада: бұл əрине сөйлеу мəдениетінің 
төмен  деңгейін,  сөздік  қордың  аздығын,  өз  сезімдерін  басқа 
əдеби  сөздермен  жеткізе  алмайтындығын  жəне  қарапайым 
қарым-қатынасқа  түсе  білмеуді  білдіреді.  Кей  кезде  балағаттық 
сөздер арқылы жасөспірім өзінің «ересек екенін», «еркін екенін» 
көрсеткісі келуі мүмкін. 
Вербальды агрессияның бір түрі – аггро болып табылады.  
209 
 
7. ҚОСЫМША 
 
1-ҚОСЫМША
 
 
Халықаралық
 
нормалар
 
жəне
 
стандарттар
 
(шолу) 
 
1948  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  «Адам  құқықтарының 
жалпыға  бірдей  декларациясын»  қабылдады,  осы  құжат  адамның 
құқықтары  мен  бостандықтарын  жариялаған  халықаралық  акт  болып 
табылады;  оның  ережелеріне  сəйкес  əрбір  адамның  зорлық-зомбы-
лықсыз  өмір  сүруге  құқығы  бар. 1959 жылы  БҰҰ  балаға  Адам  құ-
қықтарының  декларациясында  көрсетілген  барлық  құқықтар  тиесілі 
екенін жариялап, Бала құқықтарының декларациясын қабылдады.  
Балаларды қорғауға жəне олардың игілігіне қатысты, əсіресе 
балаларды  ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейлерде  тəрбиелеуге 
жəне  асырап  алуға  беру  кезінде,  Əлеуметтік  жəне  құқықтық 
қағидаттар туралы декларацияның 3-бабында (БҰҰ Бас Ассамблея-
сының 1986 жылғы 3 желтоқсандағы № 41/95 қарарымен қабылданды) 
бекітілгендей,  «бала  туралы  қамқорлық,  бəрінен  бұрын,  оның  ата-
анасында жатыр».  
Балалардың  мүдделерін  қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстан 
Республикасы мақсаты баланың құқықтарын қорғау болып табылатын 
ең  маңызды  конвенцияларға  қосылды:  Баланың  құқықтары  туралы 
конвенция (1994 жылы  ратификацияланды);  Шет  елде  алиментті 
өндіріп  алу  туралы  конвенцияға (1999 жылы  ратификацияланды);  
2000  жылы – Жұмысқа  қабылдау  үшін  ең  төменгі  жас  туралы 
конвенцияға; 2001 жылы – Балаларды  саудалауға,  балалар  зина-
қорлығына  жəне  балалар  порнографиясына  қатысты  Баланың 
құқықтары  туралы  конвенцияның  факультативтік  хаттамасына  жəне 
Балалардың  қарулы  жанжалдарға  қатысуына  байланысты  Баланың 
құқықтары  туралы  конвенцияның  факультативтік  хаттамасына;  
2002 жылы – ХЕҰ Балалар еңбегінің ең  жаман түрлеріне тыйым салу 
жəне  жою  жөніндегі  шұғыл  шаралар  туралы  конвенциясына;  
2004  жылдың  қарашасында  Қазақстан  БҰҰ  Адамдарды  сатуға  жəне 
үшінші  тұлғалардың  жезөкшелікті  пайдалануына  қарсы  күрес  туралы 
конвенцияға жəне оның Қорытынды хаттамасына қол қойды.  
Қазақстан 1994 жылдың 8 маусымында  ратификациялаған 
Баланың  құқықтары  туралы  БҰҰ  конвенциясы  (Нью-Йорк,  
1989 ж. 20 қарашасы) баланың дені сау дамуына, қатыгез қатынас пен 
нəпсіқұмарлық  азғыруды  қоса  алғанда,  оны  неше  түрлі  қол 
сұғушылықтан қорғауға, зорлық-зомбылықтан, оның ішінде ата-аналар 
жасаған  зорлық-зомбылықтан  зардап  шеккен  балаларға  көмек 
көрсетілуіне деген құқықтарын тану үшін арнаулы шараларды заңдас-


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау