44
А. Басс жəне А. Даркидің агрессия түрлерін жəне
көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі (А.К. Осницкий-
дің бейімдеуімен)
Бұл əдістеме бойынша алынған мəліметтерді өңдеу
қарапайым жəне оқушылардың агрессивті мінез-құлығын
диагностикалауға арналған психологиялық əдістемелер ішіндегі
ақпараттық əдістеме болып келеді. Агрессия түрлерін жəне
көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі бірнеше шəкілдерден
тұрады:
- дене агрессиясы – төбелестерде, дене зақымдарымен
жəне де адамға басқа да денесіне əсер етулермен байланысты
агрессивті мінез-құлық,
- вербальды агрессия – сөздік түрде көрінетін агрессия:
айқай, өсек жəне т.б.,
- жанама агрессия – ренжіткен адамға емес, керісінше
басқа адамдарға (жануарларға немесе заттарға) бағытталған
агрессивті мінез-құлық,
- негативизм – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен
ережелеріне деген қарама-қайшылық,
- ашуланшақтық
- секемшілдік
-
өкпелеу
- кінəлілік сезімі (аутоагрессия).
ИА – агрессия индексі (агрессияның жалпылама
көрсеткіші).
ИВ – өшпенділік индексі (өшпенділіктің жалпылама
көрсеткіші), индивидтің өзін қоршаған адамдарына деген
өшпенділік деңгейін көрсетеді.
БАССА-ДАРКИ САУАЛНАМАСЫ
Аты-жөні
Жынысы
Жасы
Ата-анасының жұмыс орны
193
«Менің қызым он үште.
Ол ашуланғанда көршілердің
бəрі мұны біледі. Ол истери-
када жылап, айқайлап, секіріп,
эмоционалды жарылады».
Балада жасөспірім шағына
қарай агрессивті мінез-құлық-
тың қандай да бір типі бай-
қалады.
Жасөспірімдердің
агрессивті реакциясы екі түрде көрініс алады: ішкі жəне сыртқы.
Үндемейтін жасөспірімнің ызасы ішкі түрде байқалады. Оның
агрессиясы ішінде жиналады, онымен ешкім жұмыс істемейді.
Сондықтан баланы агрессия іштей жеп жатады. Іште жинақ-
талған ыза пассивті-агрессивті мінез-құлыққа əкеледі. Пассивті-
агрессивті мінез-құлық салдарынан баланың спортқа, мектепке
деген қызығушылығы жоғалады.
Басқа жағынан, көптеген жасөспірімдер де сыртқа
бағытталған эмоционалды жарылыс байқалады. Жасөспірімдер
дұрыс емес деп есептейтін нəрсені ата-аналары айтатын болса,
олар оған өте дөрекі, жаман сөздермен жауап қайтарады.
Кейбіреулері қолында тұрған нəрсені лақтырып, жан-жағын
жайпап сындырады.
Ата-аналары жасөспірімнің неге ызаланғанын анықтауы
қажет: оның ойынша ата-анасы нені дұрыс емес жасады; қандай
жаманшылық жасады?
Егер де ата-анасы жасөспірімді тыңдамаса жəне осы
мəселені шешуге көмектеспесе ол өзіндегі ызаны күшейтеді.
Егер де ата-ана жасөспірімді тыңдаса, мəселенің негізгі себебін
білсе, онда олар ақылға қонымды реакцияға жетеді. Ата-аналар
жасөспірімнің дауыс көтергендігіне шыдай алмай, жауап ретінде
олар да айқай көтереді. Мысалы, «Аузыңды жап та, бөлмеңе бар.
Сенің менімен бұлай дауыс көтеріп сөйлеуге ешқандай құқығың
жоқ!».
Ата-ана баласының сөйлеу мəнеріне емес мазмұнына көңіл
аударуы қажет. Бұл сəтте ызаның себептерін анықтау маңызды.
Егер де ол сізге айқайласа, онда ол сізге бір нəрсені айтпақ. Сіз
ата-ана ретінде мұны естуіңіз керек.