ЖОБА
«Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің регламенттерін
бекіту туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 985 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 985 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6106 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2018 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «____» ____________ № ___ қаулысына
қосымша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін
бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 985 қаулысына
1-қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы
тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ,
қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №124 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №16806 болып тіркелген) бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды беру туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркейді (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну немесе өтінішті қабылдаудан бас тарту;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және хабарламаны дайындайды (он күнтізбелік күн ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсыну;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
4) Мемлекеттік корпорация қызметкері;
5) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушымен стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға беру;
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады;
3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және хабарламаны дайындайды (он күнтізбелік күн ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсыну;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау;
9) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және
жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен
білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына,
сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы
тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді
құжаттарды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды
қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
құжаттарды қарайды, хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады
30 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
бір сағаттан аспайды
10 күнтізбелік
күн ішінде
1 сағаттан аспайды
ИӘ
құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді
құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті
берушінің орындаушысына жолдайды
құжаттарды қарайды және хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
құжаттарды
тіркейді және
көрсетілетін қызметті алушыға
тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады
1 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді
15 минуттан аспайды
1 сағаттан аспайды
30 минуттан аспайды
10 күнтізбелік
күні ішінде
1 сағаттан аспайды
15 минуттан аспайды
1 сағаттан аспайды
ИӘ
ЖОҚ
құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
15 минуттан аспайды
Достарыңызбен бөлісу: |