Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»


Тері және жұмсақ тіндер инфекциялары



жүктеу 72,27 Kb.
бет17/31
Дата23.02.2022
өлшемі72,27 Kb.
#37587
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
!0= 8 - ! -3 A

Тері және жұмсақ тіндер инфекциялары
54. Тері және жұмсақ тіндер инфекцияларына (хирургиялық тіліктің инфекциялануымен байланысты емес) тері инфекциялары, жұмсақ тіндер инфекциялары, ойық инфекциялары, күйік инфекциялары, сүт безі абсцессі немесе мастит, омфалит, жаңа туған сәбилердегі пустулезді бөртпелер, жаңа туған сәбилерді сүндеттеу операциясынан кейін туындайтын инфекциялар жатады. Басты критерий медициналық көмек көрсетумен байланыстың болуы болып табылады.

55. Тері инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

1) ірің ағу, пустулезді бөртпелер, везикулярлы бөртпелер немесе шиқан;

2) зақымдалған жердегі келесі белгілердің екеуінің: локализацияланған ауырсынудың, ісінудің, қызарудың, қызудың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

аспират себіндісінде немесе зақымдалған жерден бөлінетін бөліндіде микроорганизм анықтау (сау тері флорсындағы микроорганизмдерді анықтау кезінде бір микроорганизмнен таза өсінді алу қажет);

қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;

зақымдалған тінді немесе қанды антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;

зақымдалған тінді микроскопиялық зерттеу кезіндегі көп ядролы алып жасушалар;

IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы болып табылады.

56. Жұмсақ тіндер инфекцияларын (некротикалық фасцилит, инфекциялы гангрена, некротиалық целлюлит, инфекциялы миозит, лимфаденит, лимфангит) анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

1) зақымдалған жерден алынған тін себіндісінде немесе бөліндіде микроорганизмді бөлу;

2) зақымдалған жерден іріңнің ағуы;

3) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілері;

4) зақымдалған жердегі келесі белгілердің екеуінің: локализацияланған ауырсынудың, ісінудің, қызарудың, қызудың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;

қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;

IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы болып табылады.

57. Тіндердің беткі, сонымен қатар ішкі қабаттарының инфекцияларын қосқанда, ойық инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

келесі белгілердің екеуінің (қызарудың, ауырсынудың, жара шеттері ісінуінің) және келесі жағдайлардың біреуінің:

1) жара шетінен пункциялау немесе биопсия арқылы алынған сұйықтық себінділерінде микроорганизм бөлу;

2) қан себіндісінде микроорганизмді бөлу болуы болып табылады.

58. Күйік инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

1) күйікті жараның сыртқы түрінің немесе бақыланатын процестер сипатының өзгеру, мысалы, қабыршақтың тез бөлінуі, оның түсінің қара-қоңыр, қара немесе күлгін түске дейін өзгеруі, жара шеттерінің ісінуі және күйік жарасы биоптатын гистологиялық зерттеуінің патогенді микроорганизмдердің жақын орналасқан сау тіндерге өтуін көрсетуі;

2) күйікті жараның сыртқы түрінің немесе бақыланатын процестер сипатының өзгеру, мысалы, қабыршақтың тез бөлінуі, оның түсінің қара-қоңыр, қара немесе күлгін түске дейін өзгеруі, жара шеттерінің ісінуі және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

инфекцияның анық белгілері болмаған кезде қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;

герпессимплекс (herpessimplex) вирусын бөлу, жарық немесе электронды микроскопия арқылы гистологиялық зерттеу кезінде жараның түрін анықтау, жара бетінің биоптаттарындағы немесе қырындыларындағы электронды микроскопия арқылы вирустық бөлшектерді визуализациялау;

3) күйіктері бар науқаста келесі белгілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), гипотонияның (90 мм сын.баған. төмен систоликалық қысымның), олигурияның (20 мл/сағ.төмен), алдында диета ұстау кезінде көміртектерді қалыпты қорытудан туындаған гипергликемияның және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

күйік жарасы биоптатын гистологиялық зерттеуінің патогенді микроорганизмдердің жақын орналасқан сау тіндерге өтуін көрсетуі;

қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;

герпессимплекс (herpessimplex) вирусын бөлу, жарық немесе электронды микроскопия арқылы гистологиялық зерттеу кезінде жараның түрін анықтау, жара бетінің биоптаттарындағы немесе қырындыларындағы электронды микроскопия арқылы вирустық бөлшектерді визуализациялау.

59. Сүт безі абсцесін немесе маститті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

1) зақымдалған сүт безі тіні үлгілерінің хирургиялық дренаж немесе пункциялау арқылы алынған себіндісінде микроорганизмді бөлу;

2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын, гистопатологиялық деректермен расталатын сүт безі абсцесі немесе инфекцияның басқа да белгілері;

3) дененің қызуы (38 ° С-тан жоғары), сүт безі тіндерінің жергілікті қабынуы және дәрігер қойған диагноз болып табылады.

60. Жаңа туған сәбилерде омфалитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

1) эритема немесе/және кіндік шұңқырынан сарысулы бөлінділердің бөлінуі және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

бөлінді немесе аспират себіндесінде микроорганизмді бөлу;

қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;

2) эритема және кіндік шұңқырынан іріңнің ағуы болып табылады.

61. Катетеризациялау жүргізілген болса, алайда бактериологиялық зерттеу нәтижелері теріс болса немесе ол жүргізілмесе, кіндік артериясы және тамырдың инфекциясы, жүрек-қантамыр жүйесінде болатын МККБИ инфекциясы деп есептеледі.

62. Инфекция ауруханадан шыққаннан кейін 7 тәуліктен кейін пайда болған тері жамылғыларының инфекциялары МККБИ инфекциясы деп есептеледі.

63. Сәбилерде (12 айға дейінгі сәбилерде) пустулезді бөртпелерді анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:

1) балада пустулезді бөртпелердің болуы және дәрігер қойған диагноз;

2) балада пустулезді бөртпелердің болуы және дәрігер тағайындаған микробқа қарсы терапия болып табылады.

64. Жаңа туған (30 күнге дейінгі жастағы) сәбилерді сүндеттеу операциясынан кейін туындайтын инфекцияларды анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:


    1. балада тілінген жерінен іріңнің ағуы;

    2. сәбиде келесі белгілердің біреуінің: эритеманың, ісінудің, тілінген жердің ауырсынуының және зақымдалған жерден алынған үлгі себіндісінде микроорганизмді бөлу;

    3. балада келесі белгілердің біреуінің: эритеманың, ісінудің, тілінген жердің ауырсынуының, зақымдалған жерден алынған үлгіде тері флорасының микроорганизмін бөлу және дәрігер қойған диагноз немесе дәрігер тағайындаған микробқа қарсы терапия болып табылады.

3-қосымша           




жүктеу 72,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау