ЖОБА
Кәсіби стандарт: «Педагог»
1. Жалпы ережелер
1.1 Кәсіби стандарттың концептуальды негізіне қазіргі педагогтың
жобасы алынған.
1.2 Қолданыстағы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен
анықтамалар қолданылады:
1.2.1 Тәрбие – әлеуметтік нормативтік жобаларға сәйкес қоғамдық
және мәдени өмірге қатысуға дайындау мақсатында тұлғаның мақсатты
қалыптасуы.
1.2.2 Біліктілікті деңгей/біліктілік деңгейі – қызметкердің еңбек
әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі
өлшемдері бойынша сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыреті
деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы.
1.2.3 Біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы
орындауға дайын болу дәрежесі.
1.2.4 Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын
біліктілікті деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
1.2.5 Ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығынан мамандар даярлау
сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін құқықтық және институционалды
тетіктерінің жиынтығы.
1.2.6 Біліктіліктердің салалық шегі (БСШ) – салада танылатын
біліктілікті деңгейлерін құрылымдық сипаттау.
1.2.7 Сала/негізгі топ – өндірілетін өнім, өндіріс технологиялары,
негізгі қорлар мен жұмысшылардың кәсіби дағдылары ортақтастығы тән
кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы.
1.2.8 Кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын
тағайындау мақсаты, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары)
бар және оларды орындау үшін құзыреттерді талап ететін кәсіби шағын топтар
жиынтығы.
1.2.9 Кәсіби шағын топтар – еңбек функцияларының тұтас жиыны
және оларды орындау үшін қажет құзыреттер ретінде қалыптасқан кәсіптер
жиынтығы.
1.2.10 Кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметінің нақты саласында
біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және
жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
1.2.11 Кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім
туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және практикалық
дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі сабақтардың негізгі түрі.
1.2.12 Еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше
міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты ісқимылдар жиынтығы.
1.3 Осы кәсіби стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылады:
1.3.1 ҚР – Қазақстан Республикасы.
1.3.4 НҚА – нормативтік құқықтық актілер.
1.3.5 ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері.
1.3.6 СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
1.4 Кәсіби стандарттың сипаттамасы
1.4.1 Кәсіби стандарттың ұлттық біліктілік жүйесі төрт негізгі
элементтерінің бірі болып табылады. Білім саласындағы ұлттық біліктілік
шеңбері (ҰБШ) және салалық біліктілік шеңбері (СБШ) деңгейлерін есепке
алады, педагогикалық кәсіптердің білім бағдарламалары мен модульдерін
жасау үшін, педагогтарды сертификаттау және олардың біліктілік өлшемдерін
сәйкестік деңгейлері бойынша қалыптастыру барысында бағалау материалын
дайындау үшін негіз болып табылады.
1.4.2 Кәсіби стандарт білім бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның
ішінде білім ұйымдары персоналын оқыту үшін, білім беру ұйымдары
қызметкерлері мен түлектерін сертификаттау үшін арналған.
1.4.3 Кәсіби стандарт педагогтың біліктілігін арттыруға және оның
карьералық өсуін жоспарлауға арналған. Әр келесі деңгей оған дейінгі барлық
деңгей көрсеткіштері жиынтығын асырады. Дескрипторлардың жинақтау және
дәйекті сипаты оқыту нәтижелерінің деңгейден деңгейге сабақтастығын
қамтамасыз етеді. Кәсіби стандарт формалды, сондай-ақ формалды емес және
информалды оқыту нәтижелерін тану үшін негіздеме болып табылады,
бағалауға қолжетімділігі үшін және біліктіліктерді академиялық ортамен және
қызметкерлермен тану үшін жағдай жасайды.
1.4.4 Кәсіби стандарт педагог біліктіліктері білім саласындағы СБШ 12
деңгейшелері бойынша және ҰБШ (5-тен 8 қоса есептегендегі деңгейлер) 4
деңгейіне сәйкес үш жалпыланған көрсеткіші бойынша сипатталатын кәсіптер
төлқұжаты мен карточкаларынан тұрады: «білім», «іскерлік пен дағдылар»,
«тұлғалық және кәсіптік құзыреттер». 12 деңгейшелердің дескрипторлары
педагогтың орындалатын еңбек қызметтерінің дербестік, жауапкершілік және
күрделілік дәрежесін есепке алады:
1) дербестік дәрежесі «іскерлік пен дағдылар» жалпыланған көрсеткіште
көрініс табады;
2) жауапкершілік
дәрежесі «тұлғалық және кәсіби құзыреттер»
жалпыланған көрсеткішінде көрініс табады;
3) күрделілік дәрежесі «білімдер» жалпыланған көрсеткішінде көрініс
табады.
1.4.5 Педагогтың
кәсіби стандартында бес еңбек функциясы
анықталады:
1) оқыту;
2) тәрбиелеу;
3) әдістемелік;
4) зерттеу;
5) әлеуметтік-коммуникативтік.
1.4.6 5.1 және 5.2 деңгейшелері үшін алғашқы үш қызметтер міндетті.
Қалған деігейшелер үшін – барлық 5 қызметтер де.
1.4.7 Кәсіби стандартта екінші еңбек функциясы дескрипторлары
деңгейлер бойынша ранжирленбеген. Бұл қызмет барлық деңгейлер бойынша
«бірдей» болып табылады және педагогикалық кәсіптің құндылығын көрсетеді
1.4.8 В концептуальную основу профессионального стандарта положена
модель современного педагога.
1.4.9 Кәсіби стандарт педагогикалық біліктіліктердің дамуына қарай
аталған стандартқа қосымша реттеуінде кәсіптің жеке карточкаларында көрініс
табатын дескрипторларымен толықтырылуы мүмкін.
2. Педагогикалық кәсіптің құндылығы
Педагогтың еңбек күрделілігі оның «адам-адам» кәсібі түріне
жатқызылуына байланысты. Педагогтік іс-әрекет – бұл бір адамның басқа
адамға тікелей әрекет жасауы емес, олардың өзара ықпалдастығы. Сондықтан
педагогтың әрекет объектісі педагогикалық үдеріс болып табылады, ал оқушы
әрекет жасау объектісінен әрекет субъектісіне ауысады. Осының негізінде
педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалады:
білімалушы тұл ғасын, оның құқықтары мен бостандығын құрметтеу;
басқа сенімдерге, әлем мен дәстүрлерге деген көзқарастарына
толеранттылық білдіру;
мәдени алуан түрлілігіне ашықтылығы;
икемділігі, бейімделу қабілеті, эмпатияға деген қабілеті;
тұлға құндылықтарын, тіл мен коммуникацияны түсіну;
өз бетімен білім алу, аналитикалық және сың ойлау дағдылары;
коммуникативтік және тілдік дағдылары;
ынтымақтастық дағдылары, дауларды шешу қабілеті.
3. Кәсіби стандарт төлқұжаты
3.1 Кәсіби стандарттың атауы: педагог.
3.2 Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: педагогқа қажет іскерлік пен
дағдылар, білімдер мен құзыреттерді сипаттау.
3.3 Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: стандарт педагогикалық
әрекетке қойылатын талаптарды қамтиды.
3.4 Кәсіби топ: педагогикалық қызметкерлер (ҰБШ және СБШ 5-8
деңгейлері).
3.5 Кәсіби шағын топтар:педагогтар (ҰБШ және СБШ 5-8 деңгейлері),
білім саласындағы менеджерлер (ҰБШ және СБШ 7-8 деңгейлері).
4. Кәсіптердің карточкалары
4.1 Кәсіптер карточкаларының тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |