Жоба
«Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламенті
Жалпы ережелер
Қызмет берушінің атауы: «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе қағаз түрінде).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жобалау қызметіне лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе электрондық түрде өтініш берген жағдайда электрондық құжат нысанында не өтінішті қағазда берген жағдайда қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері:
1) Порталға немсе орталыққа құжаттар пакетін өткізген уақыттан бастап:
- бөлу және бөлініс нысанында, сонымен бірге санат берумен лицензияны қайта рәсімдеу барысында заңды тұлға –лицензиатты қайта құру кезінде лицензияны беру, қайта рәсімдеу -15 жұмыс күні;
- лицензияның телнұсқасын беру, жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу кезінде, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан орны өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу, жеке тұлға – лицензиаттың тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген кезде лицензияны қайта ресімдеу - 2 жұмыс күні (өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
2) Мемлекеттік қызметті алуға дейінгі максималды жол берілген күту уақыты - 15 минут.
3) Жүгінген күні қызметті алушыға максималды жол берілген қызмет көрсету уақыты – 15 минут.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының электронды сұранымы негіз болып табылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушылардан тікелей немесе «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің (ақпараттық жүйе) (бұдан әрі-сұраным) орталықтары арқылы келіп түскен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге сұранымын тіркеуді қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері түскен күні жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын алуға қағаз тасымалдағышта өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басылып шығарылады және мөр мен қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолы қойылып расталады;
2) қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері (қызметкерлері) екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда сұранымды әрі қарай қараудан бас тартады;
3) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері (қызметкерлері) тоғыз жұмыс күні ішінде қолда бар лицензияның аясында лицензияны немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
4) құрылымдық бөлімшенің уәкілетті қызметкері осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылған лицензиялық бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды (бұдан әрі-қорытынды) және бір жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімше басшысына қол қоюға жолдайды;
5) бір жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды;
6) бір жұмыс күні ішінде қызмет берушінің жауапты орындаушыларына оң нәтижесі бар сұраным немесе дәлелді бас тартуы бар сұранымды қызмет беруші басшысына қол қоюға жолдайды;
7) бір жұмыс күні ішінде қызмет берушінің басшысы қол қояды.
Өзге қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара әрекеттесу тәртібі және көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну процесі барысында ақпараттық жүйені пайдалану тәртібі осы Регламенттің 10 және 14-тармақтарында көрсетілген.
Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген сұраным;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
3) рұқсаттық бақылау жүргізуді растайтын құжаттың болуы;
4) қорытынды;
5) рұқсаттық бақылауды жүзеге асырғаннан кейін барлық қажетті деректемелері көрсетілген және оң нәтижелі қорытындысы қоса берілген сұраным немесе рұқсаттық бақылауды жүзеге асырғаннан кейін қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілген және теріс нәтижесі бар қорытындысы қоса берілген сұраным;
6) қызмет беруші басшысының ЭСҚ қойылған электрондық құжат немесе электрондық түрде өтінішті берген жағдайда электрондық құжат нысанында немесе қағаз түрінде өтініш берген жағдайда тағаз тасымалдағыш нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) сұранымдарды тіркеуге жауапты қызмет берушінің құрылымдық бөлім-шесінің уәкілетті қызметкері;
2) рұқсаттық бақылауды жүргізуге жауапты қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері;
3) қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) қызмет берушінің басшысы
Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттің) жүйелілігін сипаттау:
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға көрсетілетін қызмет алушылардан тікелей портал арқылы немесе орталықтар арқылы келіп түскен сұранымдарды келіп түскен күні тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда сұранымды әрі қарай қараудан бас тарту;
3) қолда бар лицензияның аясында лицензияны беру немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда тоғыз жұмыс күні ішінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
4) бір жұмыс күні ішінде қорытындыны дайындау және оны қол қою үшін құрылымдық бөлімше басшысына жіберу;
5) бір жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімше басшысы қорытындыға қол қояды;
6) бір жұмыс күні ішінде сұранымның біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту;
7) бір жұмыс күні ішінде оң нәтижесі бар сұраным немесе дәлелді бас тартуы бар сұраным қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдау және қол қою.
4. Орталықпен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Орталыққа және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушы тіркеу орны бойынша өтініш береді. Орталықта қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады. Тізілімдеме өтініштің қабылданғанын растау болып табылады, оның көшірмесі аталған органның құжатты қабылдаған күні және нәтижені берудің жоспарланған күні туралы белгісін қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі;
2) орталықта көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
3) көрсетілетін қызметті алушының сұранымын орталықтан қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесіне жолдау мерзімі – бірден құжаттар қабылданғаннан кейін;
4) көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру» Мемлекеттік қызмет стандарттарының (әрі қарай- стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттар тізбесін ұсынады.
халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өзіне берілген құжаттардың тізілімдемесімен орталыққа өтініш жасайды;
2) орталықта көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру уақыты – 20 минуттан аспайды;
12. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібі мен рәсімі (іс-қимыл) жүйелілігінің сипаттамасы.
Портал арқылы қадамдық іс-қимыл мен шешімдер осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭСҚ тіркеу куәлігі арқылы порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-процес – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭСҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға құпия сөз енгізу процесі;
3) 1-шарт – порталда логин (ЖСН/БСН) және құпия сөз арқылы тіркелген көрсетілген қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптасады;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұранымның нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
6) 4-процессс – электрондық үкіметтің төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) электрондық көрсетілетін қызметке ақы төлеу, содан кейін бұл ақпарат порталға келіп түседі;
7) 2-шарт – ақпараттық жүйеде көрсетілген қызмет үшін ақы төлеу фактісін тексеру;
8) 5-процесс – порталда көрсетілген қызмет үшін төлемақы болмағандықтан сұратылған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптасады;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранымды растауы (қол қою) үшін ЭСҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭСҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұранымда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ түпнұсқасы расталмағандықтан сұратылған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ арқылы көрсетілетін қызметті алуына арналған сұранымның (енгізілген деректердің) толтырылған нысанын растауы (қол қоюы);
13) 9-процесс – порталда құжатты тіркеу және өңдеу;
14) 4-шарт – құрылымдық бөлімшелердің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемеге сәйкестігін тексеруі;
15) 10-процесс – анықтаманың негізінде порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуынан сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйеде қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аумақтық бөлімше қорытындысының негізінде қызмет берішінің уәкілетті тұлғасының ЭСҚ пайдалану арқылы Электрондық құжат қалыптастырылады.
Орталықтардың (ХҚКО АЖ) (электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық іс-қимылдың №2 диаграммасы) ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асатын қадамдық іс-қимылдар және шешімдер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) 1-процесс – ХҚКО АЖ-ның автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі - ХҚКО ЫАЖ АЖО) орталық операторы қызметті көрсету үшін логин және құпия сөзді енгізеді (авторизациялау процесі);
2) 2-процесс – Орталық операторы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызметті көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығарады және көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ, қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша мәліметтерді Орталық операторы енгізеді (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, сенімхат өзгеше куәландырылған болса – сенімхат бойынша деректер толтырылмайды).
3) 3-процесс – көрсетілген қызметті алушының деректері туралы электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек қоры (бұдан әрі - ЖТ МДҚ)/заңды тұлғалардың мемлекеттік дерек қоры (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) және алушы өкілі сенімхатының деректері туралы біріңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) сұраным жолданады;
4) 1-шарт – көрсетілген қызметті алушы деректерінің бар-жоғын ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ, сенімхат деректерін БНАЖ тексеру;
5) 4-процесс – көрсетілген қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ деректерінің жоқтығына, БНАЖ сенімхат деректері болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5-процесс – Орталық операторы қағаз нысандағы құжаттардың бары туралы белгі қоя отырып сұранымды толтырады және қызметтерді алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткізеді, оларды сұранымның нысанына тіркейді және қызметтерді көрсетуге берілген сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭСҚ арқылы растайды;
7) 6-процесс –Орталық операторы ЭСҚ растаған (қол қойған) электрондық құжатты ЭПШ арқылы порталға жолдайды;
8) 7-процесс – порталда сұранымды тіркеу және өңдеу;
9) 2-шарт – лицензияны беру үшін қызметті алушының біліктілік талаптары мен негіздемелерге сәйкестігін қызмет беруші тексереді;
10) 8-процесс – қорытындының негізінде ызметті алушының порталдағы деректемелерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
11) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптасты-рылған көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭСҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамасы порталда және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған (www.kds.gov.kz).
«Жобалау қызметіне лицензия беру»электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Жүзеге асырылған рұқсаттық бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды
1. Заңды тұлғаның атауы және мекенжайы:
мемлекеттік тілде: _____________________________________________________
орыс тілінде: _________________________________________________________
заңды мекенжайы, телефон нөмірі: _______________________________________
директордың Т.Ә.А.: ___________________________________________________
өндірістік базаның мекенжайы: __________________________________________
филиалдар, өкілеттіктер:________________________________________________
2. Кәсіпорынның (ұйымның) құрылымдық-құқықтық нысаны:___________
_____________________________________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісін көрсету, басқа нысандар)
3. Тіркеу құжаттарының атауы:________________________________________
4. Лицензиат ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы (қажет болған жағдайды): _____________________________________________________________________
(лицензиат ретінде қызмет мерзімі)
5. Біліктілік құрамы (қажет болған жағдайда): __________________________
_____________________________________________________________________
(біліктілік талаптарына сәйкес келеді, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді)
6. Іске асырылған объектілердің болуы (қажет болған жағдайда): _________
_____________________________________________________________________
(біліктілік талаптарына сәйкес келеді, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді)
7. Пікірлердің болуы (қажет болған жағдайда):___________________________
_____________________________________________________________________
(біліктілік талаптарына сәйкес келеді, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді)
8. Пікірлерді тексеру нәтижесі (қажет болған жағдайда): __________________
_____________________________________________________________________
(расталды, расталған жоқ)
9. Іске асырылған объектілер бойынша құжаттамалық расталуы (объектіні
іске қосу туралы қол қойылған актілердің көшірмелері немесе
орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелері): ______
_____________________________________________________________________
(расталды, расталған жоқ)
10. Сұратылған лицензияланатын қызмет түрінің кіші қызмет
түрлерімен айналысу үшін мынадай өндірістік база бар:__________________
_____________________________________________________________________
(жеке меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, жалға алу құғында)
11. Сұратылған лицензияланатын қызмет түрінің кіші қызмет
түрлерімен айналысу үшін мынадай жеке меншік (шаруашылық жүргізу
немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында
материалды-техникалық жабдықтар бар: ______________________________
_____________________________________________________________________
(біліктілік талаптарына сәйкес келеді, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді)
13. Сапаны бақылау бойынша ереже: __________________________________
_____________________________________________________________________
(бар, жоқ)
14. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі:___________________
_____________________________________________________________________
(бар, жоқ)
15. Құжаттарды қарау нәтижесінде өтініш беруші (лицензиат): ___________
_____________________________________________________________________
(біліктілік талаптарына сәйкес келеді, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді)
Қорытынды ұсынылған құжаттар негізінде берілді (лицензия болған жағдайда – маманның өндірістік базаға (объектіге) баруы), ақпараттың сәйкестігін және нақтылығын растаймыз.
Ескерту:
Лицензиялау бөлімінің маманы __________________(Т.А.Ә.)
(қолы)
Лицензиялау бөлімінің басшысы __________________(Т.А.Ә.)
(қолы)
М.О.
«Жобалау қызметіне лицензия беру»мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша.
Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетінқызметтіалушыарқылымемлекеттікқызметті көрсеткенкездефункционалдықөзараіс-қимылдың№ 2 диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |