Ілбіс қолға үйретілмейді. - Сондықтан оны зообақтарда ғана ұстайды. Еліміз шетелдіктерге «Орта Азияның барысы осындай болады» деп мақтанышпен көрсетуге қар барысын таба алмай, Алматы хайуанаттар бағындағы екi iлбiстi Франциядан әкелген болатын. Мұндай ілбістер әлемнің 70-80 елінің зообағында ғана бар. Ілбіс, яғни Орталық Азия барысы Ауғанстан, Мьянма, Бутан, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері аумағын мекендейді. Қазақстанның аумағында ілбіс Алатау сілемдерінде, Тарбағатай, Қаратау, Талас жотасы мен Өгем шатқалында кездеседі. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының 2003 жылғы санағы бойынша, бүгінде Азия қар барысының 7500 басы қалды. Оның ішінде ресми мәлімет бойынша елімізде ілбіс басы 200-ге жетер-жетпес. Текті жануардың саны браконьерліктің кесірінен азайып барады. Ілбістің жалпы өмір сүру ортасының ауданы бүгінде 1 млн 230 мың шаршы шақырымды құрайды.
Ілбіс – Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы мен Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар. Яғни қандай жағдай болса да, оларды аулауға немесе атуға болмайды. Елімізде Ақсу-Жабағылы және Алматы қорығы мен төрт ұлттық паркте толық қорғауға алынған. Алайда сол екі бірдей Қызыл кітап ілбістің бағын аша алмай тұр. Ебін тапқандар ел аумағынан жасырын жолмен ілбіс терісін өткізіп жатады. Арасында тұтылып та жатыр. Тұтылғандар 5-тен 10 жылға дейін арқалап темірторға тоғытылады. Бұл, әрине, жеңіл жаза емес. Алайда ілбістің киесінен гөрі көк қағазды «әулие» көретіндер азаймай отыр. Осындайлардың бірі 2004 жылы Алтай Республикасы арқылы 15 ілбіс терісін алып өтпек болған кезде қолға түскен болатын. XIX ғасырдың орта тұсына дейін ілбістер сирек кездесетін аңдар қатарына қосылмады, керісінше, зиянды жыртқыш ретінде оны жыл бойына аулауға рұқсат етілді. Тек Кеңес Одағы аумағында 1936 жылдан 1970 жылдарға дейін зообақтар мен экспортқа шығару үшін 400-ге жуық ілбіс ауланғаны белгілі. - Ілбіс – Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы мен Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар. Яғни қандай жағдай болса да, оларды аулауға немесе атуға болмайды. Елімізде Ақсу-Жабағылы және Алматы қорығы мен төрт ұлттық паркте толық қорғауға алынған. Алайда сол екі бірдей Қызыл кітап ілбістің бағын аша алмай тұр. Ебін тапқандар ел аумағынан жасырын жолмен ілбіс терісін өткізіп жатады. Арасында тұтылып та жатыр. Тұтылғандар 5-тен 10 жылға дейін арқалап темірторға тоғытылады. Бұл, әрине, жеңіл жаза емес. Алайда ілбістің киесінен гөрі көк қағазды «әулие» көретіндер азаймай отыр. Осындайлардың бірі 2004 жылы Алтай Республикасы арқылы 15 ілбіс терісін алып өтпек болған кезде қолға түскен болатын. XIX ғасырдың орта тұсына дейін ілбістер сирек кездесетін аңдар қатарына қосылмады, керісінше, зиянды жыртқыш ретінде оны жыл бойына аулауға рұқсат етілді. Тек Кеңес Одағы аумағында 1936 жылдан 1970 жылдарға дейін зообақтар мен экспортқа шығару үшін 400-ге жуық ілбіс ауланғаны белгілі.
- Жыл сайын қыркүйек айында аңшылық маусымы басталады. Жүздеген аңшы ата-баба салтымен түз тағыларының ізіне түседі. Бірақ бүгінде осы бір ежелгі дәстүрге қарсыластар да бар. Олар аң аулауға мүлдем тыйым салуды қолдайды.
- Мамандардың шамалауынша, Алматы облысы аумағында ұзын-саны қырықтан сәл астам ғана ілбіс қалған. Табиғат қорғаушылар Қызыл кітапқа енгізілген бұл аң және өзге де түз жануарлары біржола құрып кетпеуі үшін аң аулауға тыйым салу керек дейді.
БАҒА ЖЕТПЕС АҢҒА БАҚЫР ҚИМАҒАНЫМЫЗ БА? - Бүгінгі таңда Орталық Азия тауларында қанша ілбіс мекендейтінін ешкім тап басып айта алмайды. Кейбір ғалымдар олардың санын сегіз мың десе, кейбіреулері төрт мыңға да толмайды деген пікір білдіріп жүр. Қалай болғанда да бұл көрсеткіштер көңіл көншітерлік емес. Ресейлік зоологтардың есептеуінше, Орталық Азия мен Ресей аумағын мекендейтін ілбістердің саны бар болғаны 700-ге жетер-жетпес қана. Ал өз еліміздегі ілбістің санын айту тіптен ұят. Өйткені оның жыл сайынғы есебiн түгендеуге және арнайы қорғауға көк тиын да ақша бөлiнбейді. Осыдан бiраз жыл бұрын ормандағы жабайы аңдардың санағы жүргiзiлiп, ел аумағында 141 сiлеусiн мен ілбіс барлығы анықталды. Одан бері қаншама уақыт та өтті. Ал олардың қаншасы қырылып, сұр мергеннің оғына ұшқаны бір Аллаға ғана аян. Ресми дерек көздеріне қарағанда, ілбістердің азаюы 1990 жылдардан бастап біліне бастаған. Оған себеп – аталмыш жануардың ғажайып терiсi. Зерттеу барысында бір ілбістің терісі шамамен 4 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін бағаланатынын білдік. Яғни әзірше ілбістің киесінен АҚШ-тың көк қағазы құнды болып тұр.
Жемқорлық кесірінен Қазақстанда ілбіс құрып кетуі мүмкін - Адам мен жабайы мысықтың кездесуінің жартысынан көбі ілбістің өлімімен тынып жатады.
- Сол себепті ілбіс Тұран жолбарысының жолын құшайын деп отыр. Яғни толықтай жойылып кету алдында тұр.
- Мұның алдын алу үшін ұлттық стратегиялық бағдарламамыз болуы тиіс», – дейді Логинов жуырда бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатының бірінде. Расында, еліміздегі қар барысының саны күннен-күнге азайып барады. Еліміз табиғат сыйын табанға салып отырғанда, өзге мемлекеттер баға жетпес байлығын сақтап қалу үшін аянар емес. Көрші мемлекет – Ресейде 2002 жылы ілбісті сақтау туралы ұлттық стратегиялық бағдарлама қабылданып, кешенді шаралар іске асырыла бастады. Ал біздің мамандар енді ғана ұйқысынан оянып жатыр. Ала шапанды өзбек ағайындардың өзі мұндай бағдарламаны 2004 жылы-ақ жолға қойып алыпты. Тіптен Ресейде ілбіс мәселесін ел Владимир Путиннің өзі қадағалайды екен. «Сол себепті бұл мәселені Президенттің өзі қадағаламаса, жағдай оңалмайды», – дейді Олег Логинов.
ІЛБІСТІҢ БОЛМЫСЫ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ. - ІЛБІСТІҢ БОЛМЫСЫ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ.
- Негiзiнен, мысық тұқымдастарға жататын ілбістің өзіне тән жұмбақтығы адам баласын ертеден-ақ баурап алғанға ұқсайды. Оның тағы бiр ерекшелiгi, аштан қатса да, ешқашан өлексеге ауыз салмайды екен. Ілбістің болмысын жақсы білген түркі халықтары оны киелi тұтқан. Оны ұлттық таңба ретінде бейнелеген.
- Орталық Азияның сәні саналатын ілбіс – Қазақстан Республикасының ұлттық символы. Сонымен қатар ілбіс Алматы қаласының Елтаңбасында, Татарстанның Мемлекеттік Елтаңбасында, Хакасияның Елтаңбасында, сондай-ақ Красноярск өлкесіне қарасты Шушенский ауданының және Бішкек қаласының елтаңбаларында бейнеленген.
- Елімізде 1999 жылы үш дәрежелі «Барыс» ордені белгіленді. Бұл орденмен ел егемендігін нығайту iciнe, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ерекше еңбегі сіңген тұлғалар марапатталады. Кеңес Одағы территориясындағы барлық бес тауды — жеті мыңдықты бағындырған альпинистерге «Қар барысы» атты ресми емес атақ беріліп келді. Қазір бұл атақ әлі де өз мәнісін жойған жоқ.
- Бауырына алуан түрлі байлықты басқан асқар Алтай ежелден төсінен аңы, төбесінен құсы кетпеген құтты өңір еді. Шұрайлы өңірдің шырайын кіргізген сол құндылықтың бірі секі жартастардан секие қарап тұратын ай мүйізді арқарлар болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |