19. 73,6-дан жоғары 736 кВт-ге дейінгі (100-ден 1000 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыру. 20. Күрделі бөлшектер – саңылаулардың жетуі қиын жерлерін өрістету. 21. Пазды және «айыр құйрық» нысандағы кесікті бөлшектер – слесарлық өңдеу. 22. Дизельдер – шатунды поршенді топты құрастыру және орнату. 23. Диаметрі 300 мм-ге дейін фрикциялық дискілер – 0,01 мм шегінде жазықтық және тік сызықты шектеуге ысқылау. 24. Рояль құлыптар – құрастыру. 25. Бағыт ауыстыру рельс кесетін қармауыштар, блок механизмдерінің өзекшелері, алты тонды бу кран қармауыштар, турбогенераторлардың қақпақтары - құрастыру. 26. Диаметрі 150-ден 250 мм-ге дейін коникалық және бұрамдық іліністі қақпалары – құрастыру. 27. Шартты өтпесі 350 мм және одан жоғары кеме құймалы, қабылдағыш және желдеткішті қақпалар – резиналық тығыздауды қиыстыру, құрастыру, реттеу. 28. Алмас зенкерлер – базалық бетін тазалау, алмасты ашу. 29. Ескек біліктер мен ескек бұрама калибрлері – шпонды конустарды қырып тегістеу және қиыстыру. 30. Кіретін бөлшектерінің саны 50-ге дейінгі кескінді болаттан жасалған радиоаспаптарға арналған каркастар – құрастыру. 31. Шартты өтпесі 275 мм-ден асатын, шартты қысымы 50 кгс/кв. кингстондар – тәрелкелер мен ұяларды ысқылау, құрастыру, сынау, тапсыру. 32. Автоматты (бу және су) клапандар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 33. Тез бекітілетін клапандар, турбина қораптары - стенділік сынаудан кейін іріктеу. 34. Жоғары қысымды клапандар, тығыздағыш сақиналар – ысқылау. 35. Қысым (30 кгс/кв. см) сатылары 1 және 2 қорғағыш, редукциялық, сорғыту, қайта іске қосатын, қайтарылмайтын және қайтарылмайтын ілмекті, қазандықты және қорғағыш, басты және қорытынды клапандар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 36. Жетекті дистанциялық тікелей нүктелі клапандар – құрастыру, реттеу, тапсыру. 37. Шартты өтпесі 875 мм-ге дейінгі клинкеттер – сыналы беттерін қырып тегістеу және ысқылау, құрастыру, сынау, тапсыру. 38. Жұмыс қысымы 25 кгс/кв.см-ден жоғары күрделі жүйедегі су өлшейтін кемелік бу қазандықтарының колонкалары – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 39. 230 кгс/кв.см-ге дейінгі қысымда газ беру осушка компрессорлары мен блоктары – стендіге орнату, монтаждау, берілген бағдарлама бойынша сынау, демонтаждау, жүйедегі елеусіз ақауларды жою. 40. Мотовоздар мен жүк дрезиналары – терезелерді қырып тегістеу. 41. Орталық жетек қораптары – құрастыру. 42. Түрлі материалдардан жасалған пісірмелі корпустар мен каркастар – құрастыру. 43. Корпустар мен кронштейндер – 2 квалитет бойынша тегістігін қырып тегістеу. 44. Үлкен габаритті күрделі конфигурациялы корпустар мен қақпақтар – құлып пен ілмектің біріккен жерлерін қиыстырып және бекітіп слесарлық өңдеу. 45. Соплолық аппараттардың корпустары – құрастыру. 46. Жүретін сервомоторлардың кронштейндері – құрастыру. 47. Диаметрі 750 мм-ге дейінгі тегістеу шеңберлері – құрастыру, сынау, теңдеу. 48. Жетекті газ сіңдіретін қақпақтар – құрастыру және сынау. 49. Тығыздағыш қақпақтар – сақина құрастыру. 50. Лабиринттер – орнату және сығымдау. 51. Манипуляторлар – қырып тегістеу, ысқылау. 52. Қақпалар мен басқа да механизмдерге арналған гидравликалық жетекті машинкалар – соңғы құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 53. Қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналар – құрастыру. 54. Басты, қосалқы механизмдер мен агрегаттар – пластмассаны қолдана отырып орнату, оратсын дәлдеу, монтаждау. 55. Корабль және кеме жүйелерінің қашықтан басқарылатын механизмдері мен арматурасы – сынау. 56. Бекіту механизмдері – құрастыру және реттеу. 57. Механизмдер – 2 квалитет бойынша құрастыру және механикалық реттеу. 58. Планетарлы механизмдер – құрастыру. 59. Гидрофицирленген басқару мосты – құрастыру, реттеу. 60. Жұдырықшалы муфталар – қиыстыру. 61. Түсірілетін муфталар – шыңдағаннан кейін түпкілікті өңдеу. 62. Бағыттайтын шыңдамалар – индикатормен тексере отырып паздарды ысқылау. 63. Кеме мұнай қыздырғыштары – құрастыру. 64. Ернеушелер мен қалқандар – тығыздау пластинкаларымен құрастыру. 65. Ернеушелер – соққылы сегментпен құрастыру. 66. Қозғалтқыш тіректері – құрастыру. 67. Созылма таспалы ось – слесарлық өңдеу және құрастыру. 68. Салқындатқыштар, дистилляторлар, конденсаторлар – құрастыру. 69. Күрделі келте құбырлар – құрастыру, қырып тегістеу және қиыстыру. 70. Қосарланған айқаспалы бағыт ауыстырғыштар – құрастыру. 71. Тісті бұрыш берілістер – құрастыру, талап етілетін саңылау мен жанасу нүктесін қамтамасыз ете отырып реттеу. 72. Клинкет және клапанды басқаратын бұрыш берілістері – құрастыру, реттеу, тапсыру. 73. Фланецті бірікпемен руль қауырсыны мен баллер – фланецтің бетін қырып тегістеу, бірікпелерді құрастыру, осьтік желіні тексеру, саңылауларды өрістету. 74. Баллерлі рульдің қауырсыны – конустар мен шпонды паздарды қырып тегістеу, қиыстыру, құрастыру, тапсыру. 75. Пневмоцилиндрлер – құрастыру және реттеу. 76. Қос тәрелкелерді қоятын тұғырлар – құрастыру. 77. Бірнеше бөліктен тұратын сырғыту мойынтіректері – қырып тегістеу. 78. Конусты саңылаулары бар мойынтіректер – құрастыру. 79. Тірек кеме, диаметрі 300 мм-ге дейінгі біліктерге арналған қосымша тірек мойынтіректері – төсемдер мен жапсырмаларды қырып тегістеу. 80. А, Б және С дәлдік сыныптары бойынша шығарылатын барлық мөлшердегі (шарикті және роликті) мойынтіректер – жинақтау және құрастыру. 81. Электр жетектердің бағыттық сырғымалары – бұрыштарын, тегістігін, фаскалары мен сақина жырасынан шығатын жолын егеулеу. 82. Қуаты 3000 т-ға дейінгі гидравликалық сығымдағыштар – құрастыру және монтаждау. 83. Шар диірмендердің жетектері – құрастыру және реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |