Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері 1. Сигнал оттардың аппаратурасы – мотаждауды бақылау



жүктеу 6,41 Mb.
бет52/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Сигнал оттардың аппаратурасы – мотаждауды бақылау.

2. Генераторлар – монтаждауды қағидаттық схема бойынша бақылау.

3. Кабельдер – құбырға тарту, күрделілігі орташа кемелерге магистральдық және жергілікті кабельдерді тарту және бекіту сапасын бақылау.

4. Машинисттің басқару пульті, радиорубкалар, динамометрлер, электр вагондардың бақылау жәшіктері – орнату мен монтаждауды бақылау.

5. Роторлар, статорлар, электр машиналардың қақпақтары, қаптамалар, корпустар, гироскоптардың тораптары, вакуум аспаптар - бақылау.

6. Қалқандардың панельдері мен секцияларының схемасы – схемаларды жалпы схемаға біріктіруді тексеру.

7. Әртүрлі схемалар - икемді сыммен монтаждаудан кейін сапасын бақылау.

8. 10 нөмірге дейін коммутаторы бар электронды байланыс схемасы - байлау және жүргізу сынақтары кезінде монтаждау және тапсыру сапасын бақылау.

9. Кеме жүйелерінің (су ағызу, сырттағы, ауызсуды ағызу, кептіру, өртке қарсы) сорғы электр жетектерінің сызбасы - байлау және жүргізу сынақтары кезінде монтаждау және тапсыру сапасын бақылау.

10. Жалпы кеме желдеткіші, компрессорлық құрылғылардың, тоңазыту құрылғыларының электр жетектерінің схемасы – байлап сынау кезінде монтаждау және тапсыру сапасын бақылау.

11. Шпиль, брашпиль электр жетектерінің схемасы - байлау және жүргізу сынақтарында қабылдау және тапсыру.

12. Күрделі электр схемасы бар, сымдары мен аппаратурасының саны көп таратқыш құрылғылар – стендте толық монтаждау және сынаудан кейінгі бақылау.

13. Магистральді электровоздар мен тепловоздардың электр қозғалтқыштары – түпкілікті құрастыруды бақылау.

14. Электр жетектер және тамақ блогының, кір жуу блогының, медициналық блоктың электр жабдықтары – монтаждау сапасын бақылау.

15. Күрделілігі орташа электр схемалар - тексеру және сынау.

§ 46. ЭЛЕКТРОМОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарда көзделген барлық сынақтарды орындай отырып, түпкілікті құрастырғаннан кейін күрделі электр және радио жабдықтарды бақылау және қабылдау. Электр қозғалтқыштарды белгіленген жұмыс режимі жағдайында тексеру. Жоғары дәлдікті қабылдау, жіберу және арнайы радио құрылғыларынан тұратын арнайы күрделі аппаратураны бақылау және қабылдау. Жасалатын және монтаждалатын радио жабдықтардың төлқұжаттарын жасау және қабылдау актілері мен сынау хаттамаларын ресімдеу.

Білуге тиіс: күрделі электр және радио жабдықтарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; тораптар мен агрегаттарды құрастырудың технологиялық процестері; электр жабдықтарын сынау әдістері; бақылау-өлшеу аппаратурасын, электр және радио жабдықтарды тексеру және сынауға арналған аспаптар мен арнайы құрылғыларды баптау тәсілдері; электр және радио жабдықтарды тексеру және сынауға арналған аппаратураның, аспаптар мен арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктері; қуаты әртүрлі электр машиналары мен радио құрылғыларының конструктивтік ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Электр схемасы күрделі аппаратура, арнайы мақсаттағы машиналар және басқару пульттері - монтаждау мен реттеуді бақылау.

2. Қорғаныш құрылғылары мен автоматика схемасының аппаратурасы - монтаждауды бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру.

3. Радио таратқыштардың көп диапазонды және көп каскадты сынақ үлгілері монтаждауды схемасы бойынша бақылау.

4. Электр шағын станциялары - монтаждауды бақылау.

5. Басқару және термо реттеу пульттері - монтаждауды бақылау.

6. Автоматика (өртке қарсы, қыздыру, суландыру және т.б.) жүйесі – монтаждау сапасын бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру.

7. Турбогенераторлар мен дизель – генераторлар станциясы – коммутацияны бақылау және стендте сынау.

8. 100 номерге дейінгі автоматты телефон станциялардың схемасы, тұрақты және айнымалы тоқтардың автоматты дабылдағыш және түрлендіргіштердің күрделі схемалары - монтаждау сапасын бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру.

9. Телеграф, гирокомпас, лаг, эхолот, көрсеткіштер схемалары – сапасын бақылау, монтаждауды қабылдау.

10. Тұрақты және айнымалы тоқтардың рульдік құрылғылары – байлап сынау кезінде қабылдау және тапсыру.

11. Күрделі тарату қалқандары – кабельдің ұштарын клеммалармен ұштастыратын монтаждың сапасын бақылау, байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру.

12. Станоктардың, крандардың, дәнекерлеу аппараттарының, жолаушылар вагондары мен электр пештерінің электр жабдықтары – монтаждауды және сынауды бақылау.

13. Контакторлы, контроллерлі, электр гидравликалық, магнит және басқа да басқару жүйелері бар электр жетектер - монтаждау сапасын бақылау және байлау және жүргізу сынақтары кезінде тапсыру.

§ 47. ЭЛЕКТРОМОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарда көзделген барлық сынақтарды орындай отырып, түпкілікті құрастырғаннан кейін күрделі тораптардың агрегаттарды, электр поездар мен тепловоздарды және басқа да күрделі электр жабдықтарды бақылау және қабылдау. Бақылау аспаптарын тексеру және баптау. Қабылданған электр жабдықтарына төлқұжат немесе формуляр толтыру, қабылдау актілері мен сынақ хаттамаларын ресімдеу. Бақылау және сынау кезінде анықталған ақаулықтарды тексеруге және бұл ақаулықтарды жою жөніндегі шараларға қатысу. Электр машиналары мен аппаратураның шекті жүктемесін қарапайым есептеу.

Білуге тиіс: күрделі тораптар мен агрегаттарды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар; қолданылатын электр және радио жабдықтарды құрастыру және сынаудың технологиялық процессі; монтаждау схемалары; бақылау және сынау әдістері; қолданылатын жабдықты құрастыру, монтаждау, сынау және пайдалану кезінде анықталатын ақаулықтардың негізгі түрлері, оларды анықтау және жою тәсілдері; бақылау және сынау үшін қолданылатын аспаптардың, аппаратураның, стенділердің және басқа да жабдықтардың түрлері, оларды баптау, реттеу және тексеру тәсілдері.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау