Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6,41 Mb.
бет19/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде үздіксіз ыстық қалайылау агрегатының және қалайылау кезінде қолданылатын әртүрлі қыздыру аспаптарының құрылысы мен электр схемасы; олармен жұмыс істеу ережесі; қаңылтырды ыстық әдіспен қалайылау процессі; қалайылау кезінде қолданылатын металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері; қалайылауға арналған әртүрлі балқымалар мен ұнтақтарды жасау тәсілдері; қабаттың қалыңдығын айқындауға арналған бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Сыйымды автоклавтар - қалайылау.

2. Әртүрлі қималы және диаметрлі иректемелер – ішкі бетін қалайылау.

3. Күрделі пішінді қаңылтыр алюминий және алюминий құймалардан жасалған панельдер, корпустар, қаңқалар – ішкі және сыртқы бетін белгіленген өлшемдер бойынша ультрадыбыстық құрылғыларда қызмет көрсету.

4. Диаметрі 400 мм астам мойынтіректер, диаметрі 500 мм астам тығындар – қалайылау және баббит құю.

5. Екіжақты құймасы бар сырғақтар - қалайылау.

6. Әртүрлі металдардан жасалған құбырлар – сүрте отырып екі жақты қалайылау.

§ 30. ЫСТЫҚ ТӘСІЛМЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сегіз жолақтан астам созылатын үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда ыстық қалайылау процессін жүргізу. Қалайы мен майды қалайылау аппаратында қыздырылу қарқыны мен температурасын реттеу. Майлау машинасының жоғарғы және төменгі біліктерін айналдыру жылдамдығын белгілеу және реттеу. Агрегатқа жапсарлас орнатылған дәрілеу құрылғысында қаңылтырды дәрілеу сапасын бақылау. Қалайылау агрегаттарын баптау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде қалайылау астаулары мен электролиттік дәрілеу астауларында болатын процестің физикалық және химиялық негіздері; қаңылтырды қалайымен қаптау, балқыту және қалайыланған қабатты өңдеу процессі; электролиттер мен ерітінділердің жылжу бағыты бойынша құбыр өткізгіштердің, вентильдер мен клапандардың, сорғылардың схемасы мен орналасуы; қалайылау агрегаттарының бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесі; электролиттер мен ерітінділерді талдау әдістері.

§ 31. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ӘДІСПЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ (МЫРЫШТАУШЫ)

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жолақ материалдарды технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес дайындау, майсыздандыру және дәрілеу. Агрегаттарды іске қосу кезінде таспаны созуға және ол үзілген жағдайда оған қатысу. Таспа үзілген жағдайда оны тігу. Майсыздандыруға және дәрілеуге арналған астауларды, тоқ өткізгіш және тасымалдау роликтерді, щеткалау-жуу машиналарын жуу және тазалау. Жолақтың қалайылауға немесе мырыштауға дұрыс дайындалуын, жолақты майсыздандыру және дәрілеу, электролиттерді астауда сығудың және ерітінділердің сапасын бақылау. Астаудағы тоқ күшін реттеу. Қосымша ыдыстарда электролиттердің болуын бақылау. Агрегатты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: үздіксіз электролиттік қалайылау немесе жолақты металды мырыштау агрегатының құрылысы және жұмыс қағидаты; электролиттер мен ерітінділердің құрамы мен қасиеттері; электролиттік әдіспен қапталуға тиіс металл сұрыптамасы.

§ 32. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ӘДІСПЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ (МЫРЫШТАУШЫ)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалайылаушының басшылығымен үздіксіз электролиттік қалайылау немесе орамадағы жолақты металды мырыштау процессін жүргізу. Жолақты агрегаттың бойлық осіне қатысты орталықтау. Анодтарды өлшеу, орналасуын реттеу және ауыстыру. Астаудағы ерітінділердің сапасын анықтау. Майсыздандыру, дәрілеу, қалайылау, мырыштау сапасын, электролиттің үздіксіз циркуляциясы мен сүзілуін, барлық астаулар мен щеткалау-жуу машиналарында ерітінділердің тұрақты деңгейінің сақталуын бақылау. Ерітінді температурасын реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде электролиттік қалайылау немесе мырыштау агрегатының кинематикалық және электр схемасы; металды қалайымен немесе мырышпен қаптау процессінің, сондай-ақ қалайыланған немесе мырышталған қабатты химиялық өңдеу процессінің физикалық және химиялық негіздері.

§ 33. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ӘДІСПЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ (МЫРЫШТАУШЫ)

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтырды электролиттік қалайылау немесе орамадағы жолақты металды мырыштау процессін үздіксіз агрегаттарда қалайылау сызығына жапсарлас орналасқан жолақты кесу агрегаты болған жағдайда жүргізу. Агрегатты іске қосу кезінде таспа үзілген жағдайда жолақты тарту және тігу. Қабаттың сапасын және кесілген беттер мен орамалардың стандарт талаптарына сәйкестілігін анықтау. Агрегаттың үздіксіз жұмыс істеуін, орамалардың тарқату станциясына уақтылы берілуін, жолақтарды дәнекерлеу сапасын, жолақ бетінің даярлығын, қабаттың сапасы мен қалыңдығын бақылау. Агрегаттың барлық тораптарын: дәнекерлеу машинасын, созу және тоқ өткізгіш роликтерді, дискілі қайшыларды, агрегаттың басқа да тораптарын баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу. Біліктілігі анағұрлым жоғары қалайылаушымен бірлесе отырып құбырларды электролиттік мырыштау процессін үздіксіз жұмыс істейтін жоғары жылдамдықты, құбырларды күрделі электрохимия термиялық өңдеу құрылғысын қоса алғандағы агрегаттарда жүргізу.

Білуге тиіс: үздіксіз электролиттік қалайылау агрегатының кинематикалық және электр схемасы; электролиттік қалайылау және жолақты мырыштау процессінің физикалық және химиялық негіздері; электролиттер мен ерітінділерді талдау әдістері; коммуникация мен арматураның (электролиттер мен ерітінділердің қозғалу бағыты бойынша құбырлардың, вентильдердің, клапандар мен сорғылардың) орналасу схемасы; бақылау-өлшеу аппаратурасы мен агрегатының құрылысы.

§ 34. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ӘДІСПЕН ҚАЛАЙЫЛАУШЫ (МЫРЫШТАУШЫ)

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы қаңылтырларды электролитттік қалайылау немесе құбырларды электролиттік мырыштау процессін, сондай-ақ металды технологиялық және өндірістік нұсқауларға сәйкес қаптау және бөлу процессін үздіксіз жұмыс істейтін жоғары жылдамдықты, құбырларды немесе қаңылтырларды күрделі электрохимия термиялық өңдеу құрылғысын қоса алғандағы агрегаттарда жүргізу. Қабаттың талап етілетін қалыңдығына,жолақ бетінің сапасына, электролиттердің жай-күйіне, орама немесе табақ өнімдерге деген тапсырыстарға байланысты агрегаттың жылдамдық және технологиялық режимін белгілеу. Астауларға келетін тоқ күшін реттеу.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау