Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 94. ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТЫП ТЕГІСТЕУШІ



жүктеу 360,5 Kb.
бет5/6
Дата29.01.2020
өлшемі360,5 Kb.
#27644
1   2   3   4   5   6
§ 94. ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТЫП ТЕГІСТЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағат және техникалық тастардың қарапайым және күрделілігі орташа дайындамаларының беттері мен паздарын шлифтеу станоктарында кремний карбиді, бор карбиді мен алмаз ұнтақтарымен 7-9 квалитеттер шегі бойынша Rz 6,3 - Rz 0,8 қабат бұдырлығымен, бекітілген және бекітілмеген абразивті түйірмен және түрлі жұмсартушы, салқындатушы ерітінділерді пайдалана отырып жылтыратып тегістеу. Станоктарға тегістеші мен айлабұйымдарды өңделетін таспен орнату, абразив супензияларын, жұмсартушы жэәне салқындатушы ерітінділерді дайындау және беру. Жылтыратып тегістеу процесінде және оны аяқтағаннан кейін тастарды өңдеудің мөлшері мен сапасын контактілік және оптикалық аспаптар мен бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін станоктардың қүрылымы мен жұмыс принципі туралы негізгі деректерді; сағат және техникалық тастар дайындалатын минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; қолданылатын абразивтік материалдардың қасиеттерін; дайындамаларға, тастарды желімдеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды; тегістегіш пен айлабұйымдардың сапасын тексеру әдістерін; жұмсартушы және салқындатушы ерітінділердің нысанын және қасиеттерін; неғұрлым кең таралған және арнаулы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу құралының нысанын және қолдану шарттарын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Тұтас саңылауы бар корунд тастар - орталықсыз тегістеп жылтырату.

2. Тастар мен втулка ұштарының, салмаларының агат дайындамалары - орталықсыз тегістеп жылтырату.

3. Агаттан, кварцтен және яшмадан жасалған пазды, тегіс және призмалы жастықшалар дайындамалары - беттері мен қыр шеттерін тегістеп жылтырату.

4. Тастар мен втулкалардың, өкшеліктер тастарының цилиндрлі салмалы агат дайындамалары - беттерін тегістеп жылтырату.

5. Сағат тастарының цилиндрлы корунд дайындамалары - беттерін тегістеп жылтырату.

6. Корунд тақталар - беттерін тегістеп жылтырату.

7. Циферблатты сағаттарға арналған агаттан, кварцтен және яшмадан жасалған жастықшалар - пазды тегістеп жылтырату.


§ 95. ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТЫП ТЕГІСТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі сағат және техникалық тастардың беттерін, саңылаулары мен фасонды беттерін 7 квалитет шегі бойынша Rz 6,3 - Rz 0,8 қабат бұдырлығымен жылтыратып тегістеу, сағаттық және техникалық тастардағы сфериялық және коникалық дәл оймаларды арнаулы шлифтеу станоктары мен автоматтарда 8-9 квалиттер шегі бойынша Rz 3,2 - Rz 0,4 қабат бұдырлығымен жылтыратып тегістеу. Пайдаланылатын жабдықты реттемелеу. Тастардың мөлшері мен өңделуін контактілік және оптикалық аспаптар мен бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып тексеру.

Білуге тиіс: арнаулы станоктар мен автоматтардың құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу құралдарының, аспапатар мен айлабұйымдардың нысаны мен қолдану ережесін; тастардың параметрлерін техникалық бақылау ережесін; тастар дайындалатын минералдардың негізгі физикалық қасиеттерін; сағат бетін өңдеу формаларын; қолданылатын абразивтік материалдардың, жұмсартушы жэәне салқындатушы ерітінділердің қасиеттерін, және олаордың өңделетін беттерді жылтыратып тегістеу процесі мен бұдырлығына әсер ету тиімділігін; коникалық оймаларды жылтыратып тегістеуге арналған түрлі байламдар мен алмлазды бұрғыдағы алмазды шпилькалардың сапасын тексеру әдістерін; жылтыратып тегістеу операциясына дейін және одан кейін дайындамаларға қойылатын техникалық талаптарды; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Тұтас саңылауы бар корунд тастар дайындамасы - орталықсыз тегістеп жылтырату.

2. Тастар мен втулка ұштарының, салмаларының агат дайындамалары - орталықсыз тегістеп жылтырату.

3. Агаттан, кварцтен және яшмадан жасалған пазды, тегіс және призмалы жастықшалар дайындамалары - беттері мен қыр шеттерін тегістеп жылтырату.

4. Тастар мен втулкалардың, өкшеліктер тастарының цилиндрлі салмалы агат дайындамалары - беттерін тегістеп жылтырату.

§ 96. ТАСТАРДЫ ЖЫЛТЫРАТЫП ТЕГІСТЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі сағат және техникалық тастардың беттері мен фасонды беттерін 6-7 квалитеттер шегі бойынша Rz 6,3 - Rz 0,8 қабат бұдырлығымен жылтыратып тегістеу, сағаттар мен техникалық тастардағы сфериялық және коникалық дәл оймаларды арнаулы шлифтеу станоктарда, жарлытай автоматтар мен автоматтарда 8-9 квалиттер шегі бойынша Rz 0,4 – Rz 0,05 қабат бұдырлығымен жылтыратып тегістеу. Пайдаланылатын жабдықты реттеу. Тас сынамаларын алу, сынама мөлшерін анықтату, статистакалық бақылау картасын толтыру.

Білуге тиіс: арнаулы станоктардың жартылай автоматтар мен автоматтардың кинематикалық сызбаларын, дәлдінін тексеру және реттеу ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының, универсальді және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; өңдеу параметрлері туралы негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Балансты корунд тастар - сфериялық бетін тегістеп жылтырату (сфера айналмасы).

2. Импултсті корунд тастар - тегістеп жылтырату және сегмент бетін жұқа тегістеп жылтырату.

3. Сыртқы контуры сымда тегістелгеннен кейінгі тұтас саңылауы бар корунд тастар - сыртқы контуры бойынша жеткеру (түпкілікті өңдеу).

4. Амортизациялық құрылғысы бар сағаттарға арналған салма корунд тастар – сыртқы контуры бойынша жеткеру (түпкілікті өңдеу).

5. Тұтас саңылауы бар корунд тастар - саңылауды жұқалап тегістеп жылтырату, кірме оқ пішіндес фаскані жеткізу.

6. Корунд палеттер - беттері мен қыр шеттерін тегістеп жылтырату.

7. Корунд және агат өкшеліктер – коникалық оймаларды тегістеп жылтырату.

§ 97. электронДЫ-механикАЛЫҚ САҒАТ БЛОКТАРЫН Электр монтаждАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттардың ілмелі радиоэлементтерін монтаждау және дәнекерлеу. Ілмелі элементтерді айлабұйымдардың көмегімен пішіндеу және кесу. Платтар мен панельдерді қалайылау. Конденсаторларды лакпен жабу.

Білуге тиіс: сағаттардың электронды блок сызбасына енетін радиоэлементтер туралы негізгі деректерді; радиоэлементтерді монтаждау сызбасы бойынша монтаждау тәсілдерін; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының, универсальді және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; электротехника мен радиотехника жөніндегі негізгі деректерді.


§ 98. электронДЫ-механикАЛЫҚ САҒАТ БЛОКТАРЫН Электр монтаждАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шықпасыз радиобөлшектер мен жартылай өткізгіш аспаптардың (транзисторлар мен т.б.) электронды блоктарында блоктарында технологиялық процес талаптарына сәйкес монтаждау және дәнекерлеу. Жүргізілген монтаж бен дәнекерлеру қосындыларын техникалық құжаттамаға сәйкес тексеру. Қосындылардың жекелеген элементтерін бөлшектеу және оларды ауыстыру.

Білуге тиіс: сағаттардың электронды блоктарының құрылымын, нысанын және жұмыс принципін; жұмсалатын материалдардың шығыс нормасын; жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралды микросызбаларды статикалық электр әсерінен қорғау әдістерін; радиоэлементтерді дәнекерлеуге қойылатын талаптарды; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының, универсальді және арнаулы айлабұйымдардың құрылымы мен нысанын; электротехника мен радиотехника жөніндегі негізгі деректерді.


§ 99. электронДЫ-механикАЛЫҚ САҒАТ БЛОКТАРЫН Электр монтаждАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағаттың электронды блоктарының тәжірибелік және эксперименталдық үлгілерін монтаждау. Блоктың электр параметрлерін тексеру. Электронды блоктарды реттеу, ыңғайлау және жөндеу. Істен шыққан радиоэлементтерді бөлшектеу және оларды жарамдысымен ауыстыру.

Білуге тиіс: сағаттың электронды блоктарының электр және монтаждау сызбаларын; орындалатын жұмыстың сапасын бақылау әдістерін; элемент беттерін монтаждау операцияларына дайындау тәсілдері мен флюстен тазарту тәсілдерін; радиоэлементтер параметрлерін өлшеу тәсілдерін; жартыдлай өткізгіштер мен кварцты резонаторларды дәнекерлеуге қойылатын талаптарды.


Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


№ р/с

Осы бөлімде берілген кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

2002 жылғы БТБА қолданыстағы шығарылымы бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

БТБА шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Спиральдерге арналған сымды тегістеуші

2-4

Спиральдерге арналған сымды тегістеуші

2-4

10

Сағаттар

2.

Есепші-таразышы

1-2

Есепші-таразышы

1-2

10

- " -

3.

Спиральдерге арналған материалдарды тартушы

2-4

Спиральдерге арналған материалдарды тартушы

2-4

10

- " -

4.

Тастарды іріктеуші

3-4

Тастарды іріктеуші

3-4

10

- " -

5.

Спиральдерді есуші

2-4

Спиральдерді есуші

2-4

10

- " -

6.

Сағат бөлшектері-нің тістерін жылтырату-шы

2-4

Сағат бөлшектерінің тістерін жылтыратушы

2-4

10

- " -

7.

Сағат бөлшектері тістерін фрезерлеуші

2-4

Сағат бөлшектері тістерін фрезерлеуші

2-4

10

- " -

8.

Сағат және тас өндірісінің бақылаушысы

2-6

Сағат және тас өндірісінің бақылаушысы

2-6

10

- " -

9.

Сағат бөлшектерін лактаушы

2-4

Сағат бөлшектерін лактаушы

2-4

10

- " -

10.

Сәулелендіруші

2-3

Сәулелендіруші

2-3

10

- " -

11.

Тастар мен сағат бөлшектерін жинаушы

1-3

Тастар мен сағат бөлшектерін жинаушы

1-3

10

Часы

12.

Пружина есуші

2-3

Пружина есуші

2-3

10

- " -

13.

Тіс фрезерлеу автоматтары мен жартылай автомат-тарды реттеуші

4-6

Тіс фрезерлеу автоматтары мен жартылай автомат-тарды реттеуші

4-6

10

- " -

14.

Жуу машиналарын реттеуші

4-5

Жуу машиналарын реттеуші

4-5

10

- " -

15.

Үстелге қойылатын станоктар мен пресстерді реттеуші

4-5

Үстелге қойылатын станоктар мен пресстерді реттеуші

4-5

10

- " -

16.

Құрастыру автоматтарын, жартылай автомат-тар мен автоматты желілерді реттеуші

4-7

Құрастыру автоматтарын, жартылай автомат-тар мен автоматты желілерді реттеуші

4-7

10

- " -

17.

Циферблат басушы

2-4

Циферблат басушы

2-4

10

- " -

18.

Техникалық тастарды жылтыратушы

2-4

Техникалық тастарды жылтыратушы

2-4

10

- " -

19

Шыны престеуші

2-3

Шыны престеуші

2-3

10

- " -

20.

Тастарды жуушы

1-2

Тастарды жуушы

1-2

10

- " -

21.

Сағат шыныларын сүртуші

1

Сағат шыныларын сүртуші

1

10

- " -

22.

Минералдарды кесуші

2-4

Минералдарды кесуші

2-4

10

- " -

23.

Сағат бөлшектеріне сызым кесуші

2-3

Сағат бөлшектеріне сызым кесуші

2-3

10

- " -

24.

Сәулеленетін бояумен сурет салушы

2-3

Сәулелленетін бояумен сурет салушы

2-3

10

Часы

25.

Сағаттың құрастыру бірліктерін құрастырушы

2-4

Сағаттың құрастыру бірліктерін құрастырушы

2-4

10

- " -

26.

Сағаттарды құрастырушы

1-6

Сағаттарды құрастырушы

1-6

10

- " -

27.

Тастарды тесуші

1-4

Тастарды тесуші

1-4

10

- " -

28.

Техникалық тастарды желімдеуші

1-2

Техникалық тастарды желімдеуші

1-2

10

- " -

29.

Тастар мен сағат бөлшектерін сұрыптаушы

2-4

Тастар мен сағат бөлшектерін сұрыптаушы

2-4

10

- " -

30.

Фольганы өңдеуші

3-4

Фольганы өңдеуші

3-4

10

- " -

31.

Механикалық сағаттарды жөндеу жөніндегі сағатшы

2-6

Механикалық сағаттарды жөндеу жөніндегі сағатшы

2-6

10

- " -

32.

Электронды және кварцты сағаттарды жөндеу жөніндегі сағатшы

3-7

Электронды және кварцты сағаттарды жөндеу жөніндегі сағатшы

3-7

10

- " -

33.

Тастарды жылтыратып тегістеуші

2-4

Тастарды жылтыратып тегістеуші

2-4

10

- " -

34.

Электронды-механикалық сағаттардың блоктарын электр монтаждаушы

3-5

Электронды-механикалық сағаттардың блоктарын монтаждаушы

3-5

10

- " -

жүктеу 360,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау