қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына
қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын кӛрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. Бӛлім 64-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына
жіберу және ішінара субсидиялауды ұйымдастыру
тәртібі
Ескерту. Кіші бӛлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 № 1029
қаулысымен.
65. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішінде бітірушілер қатарындағы жастар практикасына
қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша тӛлемдерді есепке алмағанда, субсидия мӛлшері айына
18 айлық есептік кӛрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған
еңбек демалысы үшін ӛтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жастар практикасына жіберілген жеке
тұлғалардың еңбекақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыруға жол
беріледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың
жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде
жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың
жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мӛлшері экологиялық үстемеақылар бойынша
тӛлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және
пайдаланылмаған еңбек демалысына ӛтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мӛлшерінің
35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
айқындалған ең тӛменгі жалақы мӛлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу
шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңын іске асыру жӛніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.
Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастырудың
белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, жұмыс берушілермен жасалған тиісті шарт олардың
Бағдарламаға қатысушыларға субсидиялар тӛлеуге кеткен мемлекеттің шығыстарын бюджетке
қайтаруы арқылы бұзылуға жатады.
Бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын және
жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс
берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыруға шарттар
жасасуға жол берілмейді.
Ескерту. 65-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
65-1. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және ӛңірлік деңгейдегі
кәсіпорындардың білікті қызметкерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша
субсидиялау олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған
бӛлігінің орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті
қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау қызметкерлерінің
саны 250 адамнан кем емес ӛнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың қызметкерлеріне ғана
жүргізіледі, ӛндіріс кӛлемі немесе бағалардың әлемдік конъюнктурасына байланысты ӛнім бағасы
тӛмендеген жағдайда және кәсіпорын мына шарттардың біріне сәйкес келген жағдайда:
1) моноқалаларда қала құраушы кәсіпорын болып табылады;
2) экспортқа шығарылатын тауарлардың (кӛрсетілетін қызметтердің) үлесі осы кәсіпорын
ӛндіретін тауарлардың (кӛрсетілетін қызметтердің) жалпы кӛлемінің кемінде 30%-ын құрайды;
3) ішкі нарыққа шығарылатын тауарлардың (кӛрсетілетін қызметтердің) үлесі облыстық
кӛлемнің кемінде 30%-ын немесе республика бойынша осы тауарлар (кӛрсетілетін қызметтер)
кӛлемінің кемінде 10%-ын құрайды.
Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі
бӛлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік шара қолданылған жағдайда, кәсіпорын
ӛндірістің тоқтатылуына жол бермейді және кӛрсетілген білікті қызметкерлердің қолданыстағы
жұмыс орындарын сақтайды.
Бұл ретте, ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды уақытша субсидиялау шарты тиісті жергілікті
атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленеді.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау білікті
мамандар, қызметшілер және жұмысшылар (4-разрядты және одан жоғары) қатарындағы негізгі
ӛндірістерде (цехтарда) жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ғана жүзеге асырылады.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау 6 ай
ішінде, тағы 6 айға созу мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Уақытша субсидиялаудың айлық мӛлшері қысқартылған жұмыс уақыты үшін қызметкерлер
табысының үштен екі бӛлігін құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды,
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ӛтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып),
бірақ тиісті кезең үшін республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген 2 ең тӛменгі
жалақыдан аспайды.
Білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау үшін
республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін ВАК қарастырады және келіседі.
Бағдарлама операторы ВАК-та мақұлданған білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының
үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін
бекітеді.
Ӛңірлік комиссия уақытша субсидиялау үшін ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін
қарастырады және келіседі.
Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың
тізбесін бекітеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен
екі бӛлігін уақытша субсидиялауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, білікті қызметкерлердің жоғалтқан
табысының үштен екі бӛлігін уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды іріктеу, сондай-ақ
қаржыландыру тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың
жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын кӛрсетуді
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. Бӛлім 65-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015
№ 1029
қаулысымен.
66. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту
және/немесе жұмысқа орналастыру жӛніндегі жұмыстарды ӛз бетінше не қолданыстағы
мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларға сәйкес
жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы
жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік кӛмек
кӛрсету бойынша жұмыс орындарын кеңейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен ӛзара іс-
қимыл жасайды.