Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



жүктеу 421,11 Kb.
Pdf просмотр
бет12/13
Дата10.03.2018
өлшемі421,11 Kb.
#12081
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

бӛлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-

ақ ӛңірлер бӛлісінде қаржыландыру кӛлемін қарайды және келіседі. 

      

Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен ӛзара іс-қимыл жасай отырып: 



      1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге 

асырады; 

      2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен ӛңірлер бӛлінісінде ВАК-пен 

келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қаржыландыру лимиттерін 

белгілеу және қаражаттарды бӛлу жӛнінде ұсыныстар дайындайды; 

      3) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді; 

      4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары, 

орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қажет ететін мамандықтар туралы 

мәліметтерді беру үшін нысандарды әзірлейді

      5) ӛңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың, 

жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы 

ӛтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын әзірлейді және бекітеді; 

      6) Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды. 

      7) Ӛңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді 

жоспарын, сондай-ақ Жұмыстан босатылу және жұмыс орындарын құру картасын құру тәртібін 

әзірлейді және бекітеді. 

      

Ескерту. 85-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      86. Ӛңірлік комиссиялар: 



      1) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі; 

      2) Бағдарламаны бағыттары бойынша аудандар мен қалалар бӛлінісінде қаржыландыру 

лимиттерін келіседі; 

      3) уәкілетті ӛңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік 

серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мӛлшерлемесінің мӛлшерін келіседі; 

      4) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді пайыздық 

мӛлшерлеменің мӛлшерін келіседі; 

      5) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа 

ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға 

қатысушылардың құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді; 

      6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу 

орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі; 

      7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың 

Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды; 

      8) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған 

бұзушылықтардың алдын алу және жою жӛнінде ұсынымдар дайындайды; 

      9) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі 

бӛлігін уақытша субсидиялау үшін ӛңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ 

кәсіпорындар арасындағы қаржыландыруға қаражат бӛлуді қарайды және келіседі. 

      


Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

      87. Аудандық (қалалық) комиссиялар: 



      1) Бағдарламаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен 

құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті 

ұсыныстарды қарау үшін ӛңірлік комиссияларға жібереді; 

       2) 

алып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 

№ 1029


 қаулысымен.

 

      3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бір аудан шегінде қоныс аударатын 



адамдарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы 

ұсынымдар әзірлейді; 




      4) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған 

бұзушылықтардың алдын алу және жою жӛнінде ұсынымдар әзірлейді. 

      

Ескерту. 87-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      88. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар: 



      1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын 

жобалар мен іс-шаралардың жоспарларын келіседі; 

      2) Бағдарламаның ӛңірлік құрамдас бӛліктерін қаржыландыру лимиттері жӛніндегі 

ұсыныстарды ӛңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді; 

      3) ӛңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік атқарушы органымен келісу бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті тӛмен, 

орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды, 

Бағдарламаға қатысушылардың кӛшу жоспарын бекітеді. 

      4) Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарына қоныс 

аудару, тұрғын үй беру және мемлекеттік қолдау кӛрсету тәртібін айқындайды. 

      

Ескерту. 88-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      89. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi: 



      1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар 

ету және консультациялық қызметтер кӛрсету, құжаттарды дайындауда кӛмек кӛрсету, 

үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында оларға консультация беру, үмiткерлердiң 

әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң 

құжаттарын қабылдау; 

      2) Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен әлеуметтiк 

қолдауға мұқтаждығына қарай санаттар бойынша iрiктеу және бӛлу; 

      3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның орындалуына 

мониторингті жүзеге асыру және заңнамаға сәйкес оның талаптары орындалмаған жағдайда 

санкция қолдану; 

      4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны 

айқындау; 

      5) мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде 

іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасуға жолдама беру. 

      

Ескерту. 89-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.12.2015 



№ 1029

 қаулысымен.

 

      90. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру 



мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен 

қамту агенттiктерiмен ӛзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын ӛкiлдiктерi, бӛлiмшелерi 

(немесе мамандары) болуы мүмкiн. 

   Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету 

      91. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мынадай бағыттар 

бойынша жүзеге асырылатын болады: 

      1) кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту; 

      2) тиімділіктің негізгі кӛрсеткіштерін әзірлеуді қоса алғанда, жұмыспен қамту 

орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету; 

      3) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ), оның 

ішінде нақты уақыт режимінде жалпыұлттық дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде 

орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру базасында Бағдарламаның іске асырылуына 

кешенді мониторинг жүргізу; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін ӛтініш 

берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматтандырылған есепке алуға 

ӛзгерістер енгізу; Бағдарламаға қатысушылардың табысын айқындау үшін «Зейнетақы тӛлеу 

жӛніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК тиісті дерекқорын пайдалану, бұл бюджет қаражатының 

мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды; 

      4) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталын және «Жұмыс» ақпараттық 



жүктеу 421,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау