Жасы толған және егде жастағы адамдардың дене жаттығуларымен шұғылдану
әдісінің ерекшеліктерін биохимиялық негіздеу.
19.
Дене жаттығуларымен және спортпен шүғылдану кезіндегі тамақтанудың
биохимиялық негіздері
Тамақтану — ағзаның қуат жұмсау орнын толықтырудың, оны пластикалық заттармен
және реттегіш заттармен қамтамасыз етілуінің негізгі жолы. Балансты тамақтану туралы
түсінік. Тамақ құндылығының қуат жұмсау мөлшеріне сәйкестігінің қажеттілігі. Адам
ағзасының негізгі заттарға сүранысының жасқа, жынысқа және бұлшық ет белсенділігіне
тәуелділігі.
Спортшылар тамақтануының биохимиялық ерекшеліктері. Спортшы тамақтануының „
көмірсулы бағдарының " биохимиялық себептері. Қанықпаған май қышқылдарының және
липотропты заттардың спортшы тамақтануындағы маңызы. Спортшылардың белокты
тамақтану ерекшеліктері. Спортшылар тамақтануындағы витаминдер және минералды
тұздар маңызы. Төменгі молекулалы қосылыстардың және биохимиялы белсенді қоректік
заттардың жаттығу процестеріндегі жұмыс қабілеттілігін ынталандыру, қалпына келу
процестерін және биохимиялық бейімделуді жеделдету үшін қолданылуы.
Спортшылар тағамында қолданылатын арнайы ас препараттарының және
қоспаларының химиялық құрамы.
Спортшыларды жаттығу және жарыс күндері тамақтанудың биохимиялық
ерекшеліктері. Қашықтыққа дайындық кезіндегі тамақтанудың биохимиялық
ерекшеліктері.
Салмақ қуу кезіндегі тамақтанудың биохимиялық ерекшеліктері. Орта биіктікте
жаттығу және жарыстар кезіндегі тамақтану ерекшеліктерінің биохимиялық негіздемесі.
20. Спорттағы биохимиялық бақылау
Дене
жаттығуларымен
және
спортпен
шұғылдану
кезіндегі
биохимиялық бақылау міндеттері. Зерттеу міндеттеріне байланысты
биохимиялық бақылау үйымдастыру. „Жедел", „шегерілген" және
„кумулятивті"
жаттығу тиімділігінің биохимиялық зерттеу
принциптері. Біршама хабарламалы биохимиялық көрсеткіштерді және зерттеу
объектілерін таңдау. Спорттағы биохимиялық зерттеулер әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Шыныққандық күйінің биохимиялық белгілері. Шыныққандық „бағасы" үшін
арналған тестерді тандаудың биохимиялық негіздемесі. Биохимиялық зерттеулердің
үйлесімді және арнайы бағдарламалары.
Дене жүктемелерінің
жаттығу деңгейіне сәйкессіздігінің
биохимиялық көрсеткіштері. Шамадан тыс шыныққандықтың биохимиялық белгілері.
Балалардың, жасөспірімдердің және егде жастағы адамдардың дене шынықтырумен
шұғылдануы кезіндегі биохимиялық бақылау әдістері. Биохимиялық өзгерістер
нәтижелерінің сандық бағасы түсіндірілуі. Биохимиялық зерттеулердің лабораториялық
және дала жағдайларындағы жүргізілуіне қойылатын негізгі талаптар.
Спорттық
жұмыс
қабілеттілігін
анықтайтын
аэробты
және
анаэробты факторлар туралы түсінік. Аэробты және анаэробты
жұмысқа қабілеттіліктің
даму деңгейінің
биохимиялық
көрсеткіштері. Жұмысқа қабілеттілік өзгеру қисығын биохимиялық түсіндіру. Әртүрлі
спортқа спорттық жүмыс қабілеттілігінің аэробты және анаэробты құрамдары даму
деңгейінің ара қатынасы.
Спорттық
жұмысқа
қабілеттіліктің
аэробты
және
анаэробты
құрамдары
даму
деңгейіне
мамандандырылған
жаттығу
әсері.
Спорттық жұмыс қабілеттіліктің
жаттықтырылатын
және
жаттықтырылмайтын факторлары, олардың спорттық іріктеудегі маңызы.
4.3. Зертханалық –тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
Кіріспе. Адам ағзасының химиялық құрамы. Адам ағзасындағы зат алмасуының жалпы
заңдылықтары
Биохимия - тірі ағзаның химиялық құрамы және тіршілік әрекеті негізіне жататын
химиялық процестер туралы ғылым. Биохимия курсының міндеттері және мазмұны.
Жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі биохимияның орны. Биохимияның басқа
пәндермен байланысы. Спорттық биохимия нәтижелерін дене шынықтыру және спорттық
шынығу процесінде пайдалану.
„Дене шынықтыру және спорт биохимиясы" қызметтік биохимияның бір бөлімі.
Биохимияның дене шынықтыру және спорт бойынша мамандарды дайындау үшін
маңызы. „Дене шынықтыру және спорт биохимиясы" ғылымыньщ негізгі даму кезендері.
Адам ағзасының құрамына енетін химиялық элементтер, иондар мен молекулалар.
Бутлеров ілімі. Радикалдар және функционалды топтар. Органикалық қосылыстар
жіктемесі.
Зат алмасу туралы түсінік. Зат және қуат алмасуы - барлық биологиялық қызметтердің
негізі. Ассимиляция (анаболизм) және диссимиляция (катаболизм), олардың өзара
байланысы. Функционалды және пластикалық алмасулар, қоршаған ортамен және аралық
алмасулар туралы түсінік. Анаболизм және катаболизм процестерінің динамикалық тепе-
тендігі. Осы процестердің адамның жасына, тамақтануына, қызметтік белсенділігіне
тәуелділігі.
Зат алмасудың қоршаған орта факторлары есебінен өзгеруі -ағзаның тіршілік
жағдайларына биохимиялық бейімделу негізі. Химиялық реакциялардьщ тірі ағзада жүру
ерекшеліктері. Зат және қуат алмасудың жасушалы құрылымдары мен өзара байланысы.
Зат алмасуы реттелуінің жалпы принциптері.
Ағзаның сулы-дисперсті жүйелері
Дисперсті жүйелер туралы түсінік. Су - тірі ағзаньщ универсалды дисперсті ортасы.
Диффузия, осмос, осмостық қысым. Ішкі ортаның қышқыл — сілті күйі. Белсенді
реакция ортасы(рН) және оның өлшемі. Ағзаның буферлік жүйелері, ортаның
белсенді реакция тұрақтылығын сақтаудағы маңызы.
Ферменттер, гормондар, витаминдер
Ферменттер — биологиялық катализаторлар және олардың тіріиілік әрекеті
процестеріндегі маңызы. Ферменттердің белокты табиғаты. Ферменттер — протеиндер
және ферменттер — протеидтер. Апофермент және кофермент. Ферменттер әсерінің
арнайылығы.