Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



жүктеу 1,27 Mb.
бет4/4
Дата18.12.2017
өлшемі1,27 Mb.
#4786
түріБағдарламасы
1   2   3   4

11 Тақырып Жасушаның бөлінуі. Мейоз

Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда клеткалардың диплоидты және гаплоидты деген екі түрі болады. Диплоидты клеткаларға соматикалық (дене) клеткалар мен жыныс клеткаларының бастама кезеңдері жатады, ал гаплоидты клеткаларға жетілген жыныс клеткалары – гаметалар жатады. Жыныс клеткаларының хромосома сандарының екі есе азаюын қамтамасыз ететін мейоз үрдісі. Оның құрамына бірінен кейін бірі жүретін екі бөліну кіреді. Гаметалар қосылғаннан кейін жаңа бір клеткалы диплоидты ағза зигота пайда болады.

Зиготаның әрі қарай митоздық бөлінуі нәтижесінде әрбір хромосомасы жұп болып келетін диплоидты клеткалар пайда болады. Осындай қос хромосомаларды гомологты хромосома деп атайды. Гомологты хромосомалардың ұзындықтары, центромераларының орналасуы бірдей болып келеді, сондай-ақ гендер саны тең, осы гендердің сызықты кезектесулері бірдей болады. Диплоидты ағзаның гомологты хромосомалар жұбының әрқайсысы спермия ядросынан, я не болмаса жұмыртқа-клеткасының ядросынан пайда болады.

Ағзада мейоздың нәтижесінде пайда болатын гаметаларда әрбір жас клеткаға барлық гомологты хромосома жұбының тек қана біреуі беріледі. Бұлай болу себебі, мейоз кезінде ДНК-ның тек қана бір рет репликациясы жүреді, оның соңынан ядроның бірінен кейін бірі жүретін екі бөлінуі (мейоз I және II) жүреді, ол бөлінулер кезінде ДНК синтезделінбейді. Нәтижесінде бір диплоидты клеткадан 4 гаплоидты жасуша пайда болады (41-сурет).

Мейоздың алдында интерфаза кезінде клетка қалыпты G1, S,  G2 фазаларынан өтіп, тетраплоидты болады. Яғни хромосомалардың ДНК-сы мен гистон-ақуыздары репликацияланады, ал туыстас хроматидтер өздерінің центромераларымен байланыста болады да, ядрода әрбір хромосоманың 4 жинағы болады. Клетканың жалпы көлемі мен органеллалары ұлғаяды.

Мейоздың әрбір бөліну кезеңдерінің (мейоз  I, II) өзара ерекшеліктері бар. Мейоздың бірінші бөлінуі кезінде жасуша күрделі профазаны (профаза I) өтеді. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді: пролептонема, лептонема, зигонема, пахинема, диплонема және диакинез.



Пролептонема (грек. pro-кезең, leptos-жұқа, nema-жіп) кезінде хромосомалар толық емес, дегенмен біршама спиральданады. Ядро қабықшасы сақталады, ядрошық ыдырамайды. Сондықтан мейоздың профазасы кезінде кейбір РНҚ-лар және ақуыздар синтезделінуі мүмкін. Осы синтездер арқасында жыныс клеткаларында (әсіресе аналық жасушаларда) қоректік заттар қоры жинақталады. Ол қоректік заттардың ұрықтануға және ұрықтың дамуының алғашқы кезеңінде маңызы зор.

Лептонема кезінде хромосомалар молырақ спиральданып, ядрода жіпше тәрізді жұқа d-хромосомалар көрінеді (олардың саны 46, яғни екі жинақ). Әрбір гомологты хромосома репликацияланған. Олар екі туыстас хроматидтерден тұрады. Әрбір хромосома туыстас хроматидтердің (ДНК ілгектері) хроматиндері орналасатын осьті ақуыз жіпшелерінен түзілген жұқа фибрилдер түрінде болады. Жабыстырғыш дисктер – ақуыздар жинақталуларының көмегімен хромосомалар өздерінің екі ұштарымен ядро қабықшасының ішкі мембраналарына жабысады. Бұл кезеңде ядро қабықшасы сақталып, ядрошық жақсы көрінеді.

Зигонема (грек. zygon – жұп) кезінде диплоидты хромосомалар қатарласа тізіледі де бір-бірінің айналасында бұралады, қысқарады және бір-бірімен ұстасады (конъюгацияланады). Яғни, тетраплоидты биваленттер (лат. bi – қос, valens – күшті) пайда болады. Бір биваленттің әрбір диплоидты хромосомасы не аталықтан, не аналықтан туады. Жыныс хромосомалары ядро мембранасының ішкі жағында орналасады. Олардың орналасатын аймағы жыныс көпіршігі деп аталады.

Зигонемада гомологты d хромосомалар қатарлап тізбектеліп, жақындап, аралықтарында арнайы синаптонемальді кешендер (грек. synapsis – байланыс, қосылыс) пайда болады, олар ақуызды құрылымдар.

Электронды микроскоптың кішкене өлшемінен қарағанда синаптонемальді кешен өзара ашық түсті жолақпен ажырылатылған екі электронды-тығыз жолақ түрінде болады. Үлкен өлшемімен қарастырғанда ұзындығы 120-150 нм, қалыңдығы 10 нм екі паралель ақуыз жіпшелері көрінеді, олар өзара жұқа мөлшері 7 нм көлденең жолақтармен байланысқан. Олардан екі жаққа қарай d хромосомалар жатады. Олардың ДНҚ-лары көптеген ілгектер түзеді.

Осы кешен орталығымен қалыңдығы 20-40 нм ось элементі өтеді. Синаптонемальді кешен арқаннан жасалған баспалдақ тәрізді болады. Осы баспалдақтың әр жағы гомологты хромосомалардан жасалған. Соның салдарынан гомологты хромосомалар өзара ұстасады да биваленттер түзеді.  46 d – хромосома 23 бивалент түзеді. Әрбір бивалент екі d хромосомадан, яғни төрт хроматидтен тұрады.

Зигонема соңында әрбір гомологты хромосома жұбы өзара синаптонемальді кешен  көмегімен байланысқан. Тек X және Y жыныс хромосомалары толық конъюгацияланбайды, өйткені олар толығымен гомологты емес.

Пахинема (грек. pahys – жуан) кезеңі бірнеше тәулік қана жүреді. Оның үрдістері біртіндеп өтеді. Хромосомалар біршама қысқарып, жуандайды. Аналық және аталықтардан туындайтын хроматидтердің аралығында бірнеше жерден хиазма (грек. chiasma – перекрест) немесе рекомбинанттүйіндері деп аталатын байланыстар түзіледі. Хиазмалар мөлшері шамамен 90 нм болып келетін ақуыз кешендері. Әрбір хиазма аймағында гомологты хромосомалардың тиісті бөлімдерімен, аталықтан аналыққа және керісінше ауысуы жүреді. Осы үрдіс кроссинговер (ағыл. crossing-over -  перекрест-қиылысу) деп аталады. Сонымен, кроссинговер көпшілік генетикалық рекомбинациялар түзеді.

Адамның әрбір бивалентінде I профазада кроссинговер орташа 23 бөлімде жүреді. Рекомбинатты түйін саны қиылысу санына тең.

Кроссинговер аяқталғаннан кейін хроматидтер бөлінеді, бірақ хиазма аймағында қосылған түрінде қалады. Диплонема кезеңі туады.

Диплонемада (грек. depioos – қос, екі еселенген) синаптонемальді кешен тарайды, конъюгацияланушы хромосомалар алшақтайды, әрбір биваленттің гомологты хромосомалары бір-бірінен алшақтайды, дегенмен олардың аралығындағы байланыс хиазма аймағында сақталып қалады.

Диплонема мен диакинез арасында анық морфологиялық шекара жоқ, сондай-ақ уақыт шекарасы да анық емес. Диакинезде хромосомалар конденсациясы жалғасады, олар нуклеолеммадан алшақтайды, бірақ гомологты d хромосомалар  хиазмалар арқылы өзара байланыста, ал әрбір хромосоманың туыстас хроматидтері өзара орталық өлшемдері (центромералары) арқылы байланыста болады. Бірнеше хиазманың бар болуына байланысты биваленттер ілгектер құрайды. Осы кезде ядро қабықшасы мен ядрошық ыдырайды. Репликацияланған центриольдер полюстерге бағытталады, бөліну ұршығы пайда болады.

Диплонеманың ұзақ уақыт жүруіне байланысты мейоздың профазасы ұзаққа созылады. Спермийлердің жетілуі кезінде профаза бірнеше тәулік жүрсе, жұмыртқа клеткаларының жетілулері бірнеше жыл жүреді. Мейоздың профаза кезеңін өткен жыныс клеткаларын бірінші реттегі гаметоциттер деп атайды.

I-Метафаза митоздың метафазасына ұқсас. Хромосомалар экваторға жинақталады да метафаза пластинкасы түзеді. Митоздан айырмашылығы хромосома микротүтікшелері центромераға тек бір жағымен жабысады, ал гомологты d-хромосомалардың центромералары экватордың екі жағына орналасады. Хромосомалар аралығындағы хиазма байланыстары сақталады.

I-Анафазада хиазмалар ыдырайды, гомологты d-хромосомалар бір-бірінен бөлінеді де полюстерге кетеді. Митоздың анафазасынан ерекшелігі осы хромосомалардың орталық мөлшерлері репликацияланбайды, яғни туыстас хроматидтер ажырамайды.

I-Телофаза ядро қабықшасы және ядрошық түзіледі. Бөліну қалтарысы пайда болып, тереңдейді де кариокинез жүреді. Алдымен гомологты d-хромосомалар жиынтығы полюстерге орналасады. Олардың саны екі есе азайса да, олардың әрқайсысы екі генетикалық түрлі хроматидтерден тұрады. Цитокинез нәтижесінде әрбір туыстас жасушаға 23 d хромосомадан тиеді. Пайда болған клеткаларды II реттегі гаметоциттер деп атайды.

II — Интерфаза өте қысқа жүреді. Оның ең басты қасиеті, онда ДНК редупликацияланбайды, яғни S фазасы жүрмейді. II реттегі гаметоциттердің бөлінуі профаза II, метафаза II, анафаза II, және телофаза II кезеңдері арқылы жүреді.

Профаза II де ұзаққа созылмайды, хромосомалар конъюгациясы болмайды.

Метафаза II- де экваторда 23 хромосома тізіледі. Анафаза II-де ДНК митоздың анафазасындағы секілді центромерлер аймағында репликацияланады да, хромосомалар полюстерге ажырайды. II-Телофазада екі туыстас клетка пайда болады.

Мейозда митоздағы секілді тетраплоидты емес диплоидты клеткалар бөлінуге түседі. Сондықтан әрбір жаңа клетка гаплоидты. Диплоидты қайта түзу тек қана аталық пен аналық гаметалардың бірігулері нәтижесінде, яғни ұрықтану және жаңа ағза түзу кезінде болады.

Сонымен, кезектесе жүретін мейоздың бөліну нәтижесінде 4 жасуша пайда болады, олардың әрқайсысында S-хромосомаларының гаплоидты жиынтығы бар.

Мейоздың биологиялық маңызы:

-       конъюгация және кроссинговер нәтижесінде гендердің комбинациялануы жүреді. Ата-аналарының қасиеттері алмасып, жыныс клеткаларында тұқым қуалайтын өзгергіштік – мутация пайда болады;

-       хромосомалардың комбинациялануының нәтижесінде тұқым қуалайтын өзгергіштік күшейіп, жаңа формалар қатысады;

-       мейоздың басты биологиялық мәні – мейоздағы хромосомалардың редукцияланып, гаплоидты хромосомалық жиынтығы бар гаметалардың түзілуі.



Митоз бен мейоздың салыстырмалы сипаттамасын 6 – кестеден және сызба нұсқадан қарастырыңыз.
12 Тақырып Меншікті дәнекер ұлпа

Дәнекер ұлпасьшың бүл түрі адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер үлпа терінің астында жатады. Органдардың, үлпалардын және клатка-лардың арасьш толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер үлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан. коллагендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер үлпасының клеткалары: фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигменттік клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі — лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер үлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан түрады.

Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпінділікті камтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтардың үш түрін ажыратады: коллагендік, эластиндік және ретикулалық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы касиетіне қарай коллагендік деп атаған. ЭластиндІ талшықтар эластин белогінен түзілген, физикалық қасиетіне қарай бүларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға карама-қарсы. Олар өте созылмалы және онай үзіледі.

Ретикулалық талшықтар жай әдістермен өндегенде нашар байқалады. Дәнекер үлпаны күмістің түздарымен өңдеген кезде жаксы көрінеді, сондыктан аргирофилдік талшықтар деп аталған. Бүл талшыктар өте жіңішке, қысқа, жиналған кезде тор түзеді, ретикулалық (ретикула — тор) деп аталуы осы қасиетіне байланысты. Борпылдақ

дәнекер ұлпасының талшықтарының арасында борпылдақ дәнекер ұлпасының негізгі заты деп зталатын құрылымы жоқ зат болады. Кейін оны клеткааралық заттың аморфты компоненті деген. Аморфты зат ұлпалардың тіршілігінде маңызды рөл атқарады және жоғары моле-кулалык қышқыл мукополисахаридтерден, гепариннен, гиалурон және хондроидтин күкірт қышкылдарынан тұрады.

Фибробластлар (латыннын фибро — талшық, гректің бластос — ұрық) борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер үлпасының негізгі клеткалары. Фибробластлар мезенхи-мадан немесе перициттерден пайда болады. Бүлар — ірі жалпайған көп өсінділі клеткалар. Цитоплазмасында екі зонаны ажыратуға болады. Солғын боялатын эктоплазмалық және қанның боялатын эндоллазмалық зонаны. Фибробластьшың эндоплазмасы органоидтарға бай келеді. Сопақша пішінді ядросында осы эндоплазмада орна-ласқан. Фибробластлар бөліну қабілетін сактаған. Әдетте, қозғалмайтын клеткалар, бірак кейбірі жылжып қозғалатыны байқалады. Фибробластлар клеткааралық заттың түрлі компоненттерін синтездейді, бірақ бүлар коллагендік, эластиндік талшықтар мен аморфтық клет-кааралык затты түзуші бір ғана клеткалар емес. Жіктеле келе фибробластлар бірте-бірте қартайып, көбею кабілетінен айырылып, фиброцитке айналады. Бүлар даму кезені аяқталған фибробластлар. Фиброциттер бөлінбегенмен, клеткааралық заттын белгілі мөлшерін бөлу қабілетін сақтайды. Гистиоциттердің борпылдақ дәнекер үлпасындағы саны шамамен фибробластлардай болады. Функциясы жағынан фибробластылардан өзге, дәнекер үлпасының клеткааралық затын кұрамайды, трофикалық және қорғаныш рөлін атқарады.

Борпылдак дәнекер үлпада гистиоциттер үсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде байқалады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер кабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды фагоцитоздап, лизосомалардын гидролиздеуші ферменттерішн көмегімен оларды корытады. Қабыну ошағыңда гистиоциттер үлкейіп, есіп макрофагтарға айналады. Лимфалық жүйенін ретикулалық клеткаларымен косылып, организмнің ретикулаэндотелийлік жүйесін қүрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда псевдоподиялардың көмегімен амебаша қозғалз алады, пішіні айнымалы. Цитоплазмасы   фибробластікіне   карағанда   қанық   боялады, клеткаларға тән органоидтардың бәрі де болады. Пішіні түрақсыз болуына және физиологиялық қасиеттерІ түрліше болуына байланысты гистиоциттер полибластлар, кезеген клеткалар т. б. деп аталады.

Май клеткалары немесе липоциттер ретикулалық клеткалар мен гистиоциттерден пайда болады. Цитоплазмасын-да май жиналады. Сүткоректілер мен адамның май үлпасы ақ және қоңыр май үлпалары болып бөлінеді.

Ақ май үлпасы адамды қүрсақтың төменгі бөлігінде, санда, бөкседе, шарбыда, бүйрек майында болады. Қоңыр май жаңа туған нәрестелерде және қысқы үйкыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр май үлпасы адам мен сүтқоректілердің жауырын аймағьшда, мойынында, омыртқа жотасының бойьшда, төсте, қол белдеуінін бүлшык еттерінің арасында орналасады. Май үлпасының бүл түрінің қоңыр түрі үсақ кан тамырлар торы мен цитохром пигменттерінің көп болуьша байланысты. Май үлпасы тіршілікке қажетті энергия көзі болып табылатын организмдегі май депосы рөлін атқарады. Ішкі органдарды соққыдан сақтайды, организмде жылудың сақталуына себепші болады.



Толық клеткалар немесе үлпалық базофилдер (гепариноциттер) адам мен сүтқоректілердің борпылдақ дәнекер үлпаларында, көмекей безінде, бауырында, алқым безіңде, жатыр қабырғасында, сүт бездерінде, асқорыту жольшың кілегей асты қабатында, тілде байқалады. Осы органдарда толық клеткалар үсақ кан мен лимфа тамырларын бойлай орналасады. Толық клеткалардың цитоплазмасында түйіршіктер болады. Олардың қүрамында қан үюына ке-дергі болатын мукополисахарид гепарин болатыны анықталған. Сонымен бірге гиалурон және хондриотин күкірт қышқылдары және физиологиялық активті заттар — гистамин мен серотонин болады. Үлпалар зақымдалған кезде гистамин бөлінеді. Ол тамырлардың кеңеюін, бірыңғай салалы бүлшық еттердің жиырылуын тугызады және асқазан селінің бөлінуіне себепші болады.

Плазмалык клеткалар немесе плазмоциттер көме-кей бездерінде, көк бауырда, лимфалық түйіндерінде, бауырда, ішектің кілегейлі кабатында, сілекей бездерінін стромасында т. б. органдарда болатын пішіні жүмыр немесе сопақша үсак клеткалар, ядросы клетканың бір жағына ауыса орналасқан. Плазмоциттер организмнің иммундық жүйесінің маңызды компоненті антиденелерді бөледі.

Тыгыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның кұрамында клеткалар мен аморфтьгқ зат аз болады да, талшыктар басым келеді. Талшыктары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер улпа терінін негізін, сіңірді, шандырды, желкені қүрайды.

Дәнекер ұлпалық талшыктардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады: тығыз қалыптаспаған және тығыз калыптасқан дәнекер үлпала-рын. Тығыз калыптаспаған дәнекер үлпасында клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі багыттарда жатады және олардын орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды.   Тығыз   калыптаскан  дәнекер   үлпаларының   талшықтар  шоғырларына   үлпага  әсер   ететін  механикалық күштердің бағытына сәйкес орналасу  зандылыктары тән. Үлпаның негізгі массасын күрайтын талшықтардын түріне байланысты   калыптаскан   дәнекер   үлпасьш   коллагендік және    серпілмелі     (эластикалық)     деп     бөледі.     Тығыз қалыптаспаған  дәнекер   үлпасы  адам  мен   сүтқоректілер терісінін негізін қүрайды. Коллаген талшықтарынын шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқышұйқыш шырмалып жатады (5-сурет).

Дәнекер үлпасының бүл түрінде коллагендік талшықтармен бірге эластиндік талшықтардың кейбір саны кездеседі. Бүл үлпада клеткалар аз болады, олар негізінде фибробластлар, фиброциттер және борпылдақ дәнекер үлпасында байқалатын кейбір клеткаларда кездеседі. Тығыз дәнекер үлпасы сіңірді қүрайды (6-сурет).

Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады. Талшықтар шоғырьшың арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты затта фиброциттер жатады. Фиб-роциттер немесе сіңір клеткалары, бірінші ретті коллаген талшықтар шоғырының тізбектерінің арасьшда орналасады. Бірінші ретті коллаген шоғырлары бірігіп, екінші ретті шоғырлар күрайды. Оларды эндотеноний (tendo — сінір) деп аталатын борпылдак қалыптаспаған дәнекер үлпаның жүқа қабаты қоршап түрады. Осы принциппен екінші ретті коллаген шоғырлары, үшінші ретті шоғырларға бірігеді, бүларды да дәнекер үлпасы каптайды, бірақ олардын дәнекер үлпалық кабы қалың болады және перитеноний деп аталады.
13 Тақырып Шеміршек ұлпасы

Шеміршек үлпасы адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Клеткалардан және клеткааралық заттан түрады, соңғысы тығыз болады. Шеміршек тіректік функция атқарады. Шеміршек үлпасының үш түрін ажыратады: гиалиндік, серпілмелі және талшыкты.

Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек үлпасы гиалин шеміршегін қүрайды. Шеміршек үлпасының ең көп тараган түрі (57-сурет). Адам мен сүтқоректілер үрығының канқасы шеміршектің осы түрінен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға үштарында, мүрын пернесінде кездеседі. Шеміршектердің ішіндегі қаттысы, гиалинді шеміршек жалпы шеміршек үлпасы сияқты хондриобластлар мен хондрициттер деп  аталатын клеткалардан,   клеткааралық аморфты және талшықты заттан түрады.

Гиалинді шеміршектің талшықты клеткааралық заты қышкыл муко-полисахаридтерден түратын аморфтық клеткааралық заттың ішінде орналасқан коллаген талшықтарының өте жіңішке шоғырларынан түрады. Гйалинді шеміршекті шеміршек қабықшасы немесе перихондр деп аталатьш тығыз дәнекер үлпасы қаптап түрады. Перихондрдың құрамында жас шеміршек клеткалары — ховдробластлар, соны-мен бірге фибробластлар мен фиброциттер және коллаген талшықтарының жуан шоғырлары болады. Олардын ара-сында борпылдақ қалыптаспаған дәнекер үлпасының өте жүқа қабатымен қапталған қан тамырлары және нервтер болады.

Шеміршектің орта зонасының хондробластлары бірте-бірте дифференцияланып (жіктеліп), хондроциттерге айналады. Олар коллагендік талшыктар мен клеткааралық аморфты затты синтездеу кабілетінен ажырайды. Шеміршектің тереңдігі зоналарында хондриоциттер дөңгеленеді және амитоздық тәсілмен беліне бастайды. Бірақ та шеміршек үлпасының клеткааралық заты тығыз болғандыктан, олар бір-бірінен қашықтай алмай, клеткалардың изогендік топтарын қүрайды. Изогендік топтарды шеміршек капсуласы қоршайды. Шеміршек ұлпасында қан тамырлары болмайды. Шеміршектің қоректенуі перихоңдр-дың тамырлар торы арқылы қамтамасыз етіледі.

Серпілмелі шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің құлақ қалканшасывда, сыртқы есту жолында, кемекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектерінде кездеседі. Қүрылысы гиалинді шеміршек үлпасына үқсас (8-сурет).

Айырмасы клеткааралык затында жіңішке коллагендік талшықтардан басқа жуан эластиндік талшықтардың торы болады. Серпілмелі шеміршек үлпасында гиалиндік шеміршекке карағанда клеткалардың изогендік топтары аз болады. Серпілмелі шеміршекте кальций түздары байқалмайды.

Талшыкты шеміршек үлпасы адам мен сүтқоректілердің омыртқааралық дискілерінде, санның жүмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерінін байланыскан жерінде, төменгі жақ буыныида байқалады. Талшықты шеміршектін қүрылысы гиалинді шеміршекке үқсас (9-су-рет), айырмасы клеткааралық затының коллагендік тал-шықтарыңың шоғырлары біршама жуан болады. Шеміршек үлпасы склеротомның мезенхимасынан дамиды, регенера-циясы перихондр арқылы жүреді
14 Тақырып Сүйек ұлпасы

Сүйек үлпасы тірек функциясьш атқарады, минералдық алмасуға катысады, ал сүйектін қызыл майы қашшң пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамы-ры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек — клеткалар мен қатты негізгі заттан түратын известелген дәнекер үлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшыктар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал калған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гид-роксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, маг-ний, калий, хлор, фтор, карбонаттар мен нитраттар. Сүйекте минералдық түздардың көп болуы оның мыктылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге кан мен басқа органдардағы кальций мен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын камтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек үлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97% дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес.

Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қанканың дамуывда елеулі бүзылы-стар байқалады. Сүйектің қүрамында кеп мөлшерде су мен липидтер болады.

Сүйек үлпасының клеткалары остеобластлар, остеоциттер және остеокластлар. Остеоциттер жүлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан үлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айырылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар. Негізгі затының тығыз болуына байланысты клеткалары ерекше қуыстырда орналасады. Қуыстардан каналшықтар тарайды. Көршілес клеткалардың каналшықтары бір-біріне үласып, жалғасып жатады. Сүйек каналшықтары мен сүйек қуыстары арқылы үлпа-ның метаболизмын қамтамасыз ететін үлпалық сүйық ағып түрады.

Клеткалар мен сүйек каналшықтары жүқа капсуламен қоршалған. Капсула белокпен қосылған полисахаридтен және жіңішке коллагендік фибрилдерден түрады. Сүйектін клеткааралык затындағы коллаген талшықтарының орна-ласуына байланысты сүйек үлпасының екі түрін ажырата-ды: ірі талшықты және пластинкалык сүйек үлпасы.

Үрықтар мен жаңа туған жануарларда сүйек үлпасының клеткааралық заттарының коллагендік талшыктары ірі болады және түрлі бағытта орналасады, мүндай сүйекті

ірі талшықты сүйек деп атайды. Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек кұрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан түратын пластинкалық сүйекке айналады.

Пластинкалық сүйек ұлпасының қүрылысы күрделі. Оның негізін коллагендік фибрилдердің тығыз шоғырларьшан түратын сүйек пластинкалары қүрайды. Шоғырлар калыңдығы бірдей болады және белгілі бағытта орналасады. Шоғырлар арасывда остеоциттер жатады. Пластинкалық сүйек үлпасына тән ерекшелік көршілес екі пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады, кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың екеуінде де қан тамырларымен және нервтер-мен тығыз байланысқан түтас жүйе қүрайтын пластинкалардан түрады.

Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп аталатын, бір-бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерден түратын тор. Көлденең ша-бақтардың арасы майға толы болады. Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмактың бағытына сәйкес келеді. Кемік сүйек үрықтар мен өсуші организмдерге тән, ал ересек организмде жіліктердің эпифиздеріңце сақталады. Тығыз сүйек қоршай орналасқан сүйек пластинкаларьшан күралған көптеген цилиндрлерден түрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады. Осы каналдар аркылы қан тамырлары өтеді.

Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гаверс жүйесі немесе остеон дейді. Остеон — сүйектің тығыз затының қүрылымдык бірлігі. Жілік сүйек бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген сан-ынан түрады. Сүйекте қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі клеткалары остеобластлар болатын қуыстар болады. Остеобластлар сүйектің бейорганикалық заттарын бөледі. Гаверс каналында борпылдак дәнекер үлпасына оралған нервтер мен лимфалық тамырлар орналасады. Остеондар арасында калған аралықты аралық пластинкалар деп аталатын пластинкалар алып жатады.

Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап түрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жүқа дәнекер қабықша — эндост   қаптап   түрады.   Негізгі  және   аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес.

Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырлар да болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар аркылы өтеді, басқалары Гаверс каналдарын өзара жалғастырады.

Сүйекті сүйек қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер үлпалық қабықша каптап түрады. Ол сүйек тіршілігіңде үлкен рөл атқарады және екі қабаттан қүралады. ІшкІ және сыртқы.

Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан түрады. Осы талшықтардың арасында остеобластлар жатады. Бүлар, әсіресе, жас өсуші сүйектерде көп болады. Периостнын сырткы қабаты тығыз келеді және коллагеңдік талшықтардың жуан шоғырларынан түрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қан тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарьшан өтіп, сүйекті қоректендіреді.
15 Тақырып Қан және лимфа

Қан — трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сүйық дәнекер үлпа. Ол пішіндік элементтер мен плазмадан түрады. Пішіндік элементтерге қызыл және ак клеткалар жатады. Плазмада қан пластинкалары (тромбоциттер) болады.

Қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритрос — қызыл), ақ клеткалары лейкоциттер (гректің лейкос — ақ) дейді. Қан пластинкалары (тромбоциттер) тұтас клеткалар емес, мембранамен қапталған цитоплазманың бөлігі. Бұлар сүйек майында өте ірі клеткалар — мегакариоциттердің ыдырауының нәтижесінде пайда болады. Қан пластинкаларында ядроның қүрылымды бөліктері болмайды. Осы белгісі жағынан сүтқоректілердің қаны құстардың қанынан ажырайды. Құстарда адамның қан пластинкаларының кызметін атқаратын тромбоциттер (грекше тромбос — ұю) деп аталатын ядролы кішкене клеткалар болады. Бірак қан пластинкалары тұтас клеткалар болмаса да тромбоциттер делінеді. Олардың 1 мм3 қандағы саны 250 000 — 350 000 деп бағаланады.

Эритроциттер мен пластинкалар қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әр түрлі міндеттерін қанда емес, дәнекер үлпасьшда атқарады.

Эритроциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан. Бұлар қанның негізгі клеткалары. Лейкоциттерге қарағанда 500— 1000 есе көп. Ерлердің 1 мм3 қанында 5 миллионға жуық, әйелдерде 4—4,5 миллион эритоциттер болады. Адам организміндегі эритроциттердің саны орташа есеппен 25 триллион. Салмағы 500 кг. аттың эритроциттерінің жалпы саны 436,5 триллион, егер секундына бір эритроциттен есептесек, оның осышпама санын санап шығу үшін 14 мың жыл керек болған болар еді. Егер оларды бір қатарға орналастырса, жер шарын экваторынан 68 рет орап алатын тізбек пайда болған болар еді. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1 ммЗ қанындағы эритроциттердің саны 6—7 миллионға жетеді. Содан кейін азаяды, 10—11 жаска келгенде қалпына келеді. Ерлерде картайған кезде қайтадан көбейеді, онын се-бебі олардағы гемоглобгашің азаюының салдары.

Эритроцит қүрамының 66 проценті су, 33 проценті ге-моглобин белогі. Гемоглобин белоктік бөлік глобин мен пигмент гемнен түрады. Сонымен бірге эритроциттерде басқа белоктар, атап айтқанда, ферменттер және липидтер болады.   Эритроциттер  оттегін тасымалдауға   бейімделген

Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бүлар ядролы клеткалар.

Лейкоциттердін тағы да бір эритроциттерден өзгешелігі өздеріне тиісті қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан тыс атқарады. Гранулоциттердің үш типі бар. Ерекше гранулалары қышқыл бояғыштармен боялатын клеткаларды ацидофилдік дәнді лейкоциттер дейді немесе әдетте, бояғыш ретінде эозин алынатын болғандықтан, зозинофилді дәнді лейкоциттер, я болмаса эозинофилдер деп атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді базофилдік дәнді лейкоциттер немесе базофилдер дейді. Гранулалары не ацидофилдікке, не базофилдікке жатпайтын лейкоциттерді нейтрофилді дәнді лей-коциттер   немесе   нейтрофилдер   дейді.   Нейтрофилдерді полиморфтар деп те атайды, полиморфты ядролы лейкоциттер деген терминнін қысқартылған аты.

Лимфоциттер деп аталуы қанда ғана емес, лимфада үнемі кездесетініне байланысты.

Нейтрофилдер лейкоциттердің 50—70 процентін құрайды. 1 мм3 канда 3000-нан 6000-ға дейін нейтрофилдер болады. Адамнын бес литр қанында 15-тен 30 миллионға дейін нейтрофилдер болады. Бүл лейкоциттердін ішіндегі көбі. Нейтрофилдер миелоидтық ұлпада (сүйек майында) дамиды. Гранулоциттер қан ағысында 8—12 сағаттан ар-тык болмайды. Сонан кейін олар ұсак тамырлардан (венулалардан) шығып, дәнекер ұлпасына барады. Нейтрофилдің ядросы бөліктерге бөлінген. Пісіп жетілген клеткалардын ядросы 2—5 бөліктен түрады. Цитоплазмасында кептеген гранулалар болады. Әрбір клеткада 50-ден 200-ге дейін гранулалар болатыны анықталған. Нейтро-филдер лизосомаларға бай келеді. Нейтрофилдердің митохондрияларында тотықтырғыш ферменттердің активтігі жоғары. Нейтрофилдерде гидролиздеуші және тотыктырғыш ферменттердің көп болуы олардың маңызды қызметімен байланысты. Бұл клеткалардың фагоцитоздық активтігі күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады. И. И. Мечников оларды микрофагтар деп атаған. Нейтрофилдер жылжып қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, кабыну ошағына көп мөлшерде жиналады. Микроорганизмдерді кармап үстап, оларды гидролиз дейді, сонымен бірге клетканың өзі де ферменттердің әсерінен ыдырайды. Нейтрофилдер ыдыраған кезде микро-организмдердің  дамуын бөгейтін және клеткалардың көбеюіне дем беретін физиологиялық активті заттар бөлініп шығады.

Эозинофилдер лейкоциттердің 1-ден 4 процентіне дейінін күрайды. 1 мм3 қанда 120-дан 350-ге дейін эозино-филдер болады. Нейтрофилдерге қарағанда ірірек ядросы жіппен байланысқан екі бөліктен түрады. Эозинофилдерде Гольджи аппараты мен митохондриялардан баска органеллалар болмайды деуге болады. Өздерінін түзілетін орны сүйек майын қалдырып эозинофилдер бірнеше сағат қавда болады да содан кейін, нейтрофилдер сиякты, олар қан арнасынан шығып, үлпаларға кетеді, онда бірнеше күн бола-ды. Эозинофилдер, әдетте, ішектің, өкпенің, терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында және сыртқы жыныс мүшелерінің беткі дәнекер ұлпасында байқалады. Нейтрофилдерге қарағанда олар баяу қозғалады және фагоцитоздық активтігі де кем.    Базофилдер лейкоциттердің 0,5-тей процентін құрайды. Клетканың жартысын екі бөліктен тұратын ядро алып тұрады. Қанның ұю процестеріне қатысады және қанның пішіндік элементтерінің тамырға етуін қамтамасыз етеді. Қандағы гистаминның тең жартысына жуығы базофилдерде орналасқан және олардың фагоцитоздық қабілеті бар. Аллергиялық және қабыну реакцияларына қатысады деген деректер де кездеседі.

Лимфоциттердің екі типін ажыратады: кіші лимфоцит және орташа немесе үлкен лимфацит: 1 м3 қанда 1000— 4000 дейін лимфоциттер болады. Адам қанының лейкоцит-терінің   жалпы   санының   25—35   проценті   лимфоциттер. Жана туған нәрестелерде және сәбилерде лимфоциттердің саны 60 процентке жетеді, ал кәрі адамдарда 20 процентке дейін кемиді. Цитоплазмасы аз клеткалар кіші лимфоциттердің   цитоплазмасында   бос  орналасқан  рибосомалардан басқа органеллалар жоқтың қасы. Ортаншы лимфоциттің цитоплазмасында бос рибосомалардан басқа митохондрия-лардың жеткілікті саны және гранулалық эндоплазмалык тор болады.

 Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясы-нан түрады:

1) тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимо-циттер   деп   аталатын   тимуста   немесе   алкым   безінде орналасқан   лимфоциттер.    Тимустан    шыққаннан    кейін бүларды Т — лифмациттер деп атайды. Т — лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде клеткаларды,     кемкетікті     дамыған     клеткаларды     жойып жібереді, патогендік вирустарға, саңырауқүлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу бағытын анықтайды;

2) В — лимфоциттер.   Лимфоциттердің   бүл   түрі   алғаш   рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба) деп аталатьш құстың лимфоидтың  мүшесінде   байқалатындықтан  аталған.   В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді бакте-риялық     және     қайталаушы     вирустық     инфекциядан қорғайды. Моноциттер лейкоциттердің 2-ден 8 процентке дейінгі саньш қүрайды.  1 мм3 қанда 200-ден 600-ге дейін болады. Лейкоциттердін ішіндегі ең ірісі. Цитоплазмасында жақсы жетілген Гольджи аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар,   гранулалық  эндоплазмалык   ретикулум және біренсаран митохондриялар болады.



Моноциттерге  амебаша  қозғалыс  пен фагоцитоз  тән. Моноциттер бактерияларды ғана емес, сонымен бірге клеткалардың қалдығын, антигендер мен бөгде белоктарды да фагоцитоздайды. И. И. Мечников бүларды макрофагтар деп атаған. Моноциттер трофикалық функция да атқарады. Дағдылы жағдайларда моноциттер қанда үш күндей бола-ды да, содан кейін оны тастап шығып кетеді.
16 Тақырып Бұлшыкетті ұлпа

Бұлшық ет ұлпасы — организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады:

1.        Бірыңғай салалы бүлшық ет ұлпасы;

2.        Көлденең салалы бүлшық ет ұлпасы;

3.        Жүрек бүлшық ет ұлпасы.

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолағы болмауына байланысты бірыңғай салалы деп атаған. Бұлшық еттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге бай-ланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Бірыңғай салалы бүлшық ет қабат күрап орналасады. Кейбір куыс органдардың қабырғаларында, мысалы, қан тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, куықта, өт қабында, асқорыту жалында бір немесе екі кабат қүрайды. Бірыңғай салалы бүлшык ет үлпасынын қүрылымдық элементі бірыңғай салалы ет клеткасы. Клетка мағынасында "талшық" деген термин де қолданылады. Оның пішіні үршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналаскан. Жеке клеткалар сирек кездеседі, әдетте, олар жуандығы түрліше шоғырлар қүрайды. Шоғырларда және олардың аралығьшда коллагендік және эластиндік талшықтары көп дәнекер үлпасының жіңішке кабаты болады. Дәнекер үлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді.

Электрондык микроскоп бірыңғай салалы бүлшык ет үлпасы клеткасының цитоплазмасында митохондриялардың, рибосомалардың, Гольджи аппаратынын, гранулалык эндоплазмалық тордың элементтерінің болатынын анықтады. Бүл органеллалар ядронын полюстерінде орна-ласады. Сонымен бірге цитоплазмада жуандығы 7 нм жіңішке және диаметрі 17 нм филаменттердің болатыны да байқалды. Жіңішке филаменттерді актиндік, ал жуанын — миозиндік деп атайды.

Көлденең салалы бүлшық етке тән күрылымдық элемент жиырылуды камтамасыз ететін миофибриллалар екенін жоғарыда атағанбыз.

Миофибриллалар талшықтың бір үшынан екінші үшына дейін созылып жататын шоғырлар күрайды. Миофибриллалардың жуандығы жануарлардың көпшілігінде 0,5-тен 2 мкм-ға дейін.

Әрбір жеке миофибрилла кезектесіп орналасатын учаскелерден түрады. Олардың біріншілері күңгірт, екіншілері ақшыл. Бүларды дискілер деп атайды. Күнгірт дискілерді анизотропты дискілер немесе А жолак, акшылдарын изотропты дискілер немесе И жолақтар дейді. И дискінің ортасы арқылы Z сызығы, ал А дискінің ортасынан Н жолағы етеді. Екі Z сызығынын арасындағы учаскені саркомер деп атайды. Ол миофибриллалардын қүрылымдық-функциялық бірлігі. Электрондық микроскоп миофибриллалардың өте жіңішке протофибриллалардан түратынын көрсетті. Олар да жуан және жіңішке болып бөлінеді.

Көлденең салалы бүлшык етке күрделі шоғырлық қүрылыс тән. Бүлшық ет талшықтарының тобы алдымен 1-ші, кейін 2-ші, 3-ші және тағы-тағы ретті шоғырларға бірігеді. 1-ші ретті шоғырлардын арасьшда оларды байла-ныстырып түратын борпылдақ дәнекер ұлпасы болады. 2-ші және кейінгі ретті шоғырлар дәнекер ұлпасьшың тығыз қабатымен бірігеді, ол бүкіл етті түтас каптап түратын тығыз қабықшаға айналады. Дәнекер үлпасы арқылы кан тамырлары мен нервтер өтеді,

Бүлшык ет сүйекпен сіңірлер арқылы байланысады. Бүлшық ет девенін түрлі бөліктерін қимылға келтіретін орган.

Жүрек еті (миокард) вентралдық мезодерманың висцералдык жапырақшасынан дамиды. Жүрек етінің құрылым-дык-функциялық бірлігі жүрек бүлшык ет клеткасы — кардиомиоцит. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек етін бірімен бірі жалғасып жататын бүлшық ет талшықтарынан түратын симпласт деп санаған. Электрондық микроскоп жүрек ет талшыктарьшың үштарымен жалғасқан жеке клеткалардан түратьшын анықтады.
17 Тақырып Жүйке ұлпасы

Нерв ұлпасы — нерв жүйесінің негізгі кұрылымдық элементі. Нерв ұлпасы нерв клеткаларынан немесе нейрондардан (нейроциттерден) және глиалык клеткалардан не-месе глиоциттерден түрады.

Импульстарды орталық нерв жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрондар дейді, ал эфференттік қозғаушы, нейрондар импульстарды орталық нерв жүйесінен эффекторларға (үлпаларға немесе тітіркенішке жауап беретін органдарға, мысалы — бүлшық еттерге немесе бездерге) береді. Кейде афференттік нейрондар аралық немесе ассоциативтік нейрондар аркылы эффекторлық нейрондармен жалғасады. Сезімдік, аралық және қозгаушы нейрондар қосылып, рефлекторлық доғаны күрайды. Нейрондардың өзара жанасқан жерін сииапстар дейді. Синапстар қоздырушы және бөгеуші болып бөлінеді. Нейронның денесін (перикарион) және онан тарайтын цитоплазмалық есінділерді ажыратады, Осы өсінділердің саны мен орналасуына қарап нейрондарды уни-, псевдоуни, би- және мультиполярлы деп бөледі. Импульстарды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендриттер деп атайды. Импульстарды клетканың денесінен басқаклеткаларға немесе шеткі оргаңдарға өткізетін өсінділер аксондар немесе нейрит деп аталады.

Бүлар дендриттерге қарағанда жіңішке және олардың үзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Аксонның дисталдық учаскесшщ нейросекрециялык қабілеті бар, ол түйме сияқты үшпен аякталатын көптеген жіңішке бүтақшаларға тармақталады. Түйме тәрізді үштарында ерекше зат нейромедиаторға (ацетилхолин) толы үсақ көпіршіктер мен көптеген мито-хоидриялар болады.

Униполярлы нейрондар сирек кездеседі. Биполярлы клеткалардың өзгеше түрі псевдополярлы нейрондар. Псевдоуниполярлы клеткалар жиірек кездеседі. Бигіолярлы нейрондардың қарама-қарсы бағытта тарайтын екі өсіндісі болады, осыған байланысты клетка денесінің пішіні үршық сиякты келеді. Нерв клеткаларының көпшілігі мультиполярлы болады. Бүлардың пішіві түрліше болуы мүмкін. Өсінділердің біреуі нейрит, қалғандары дендриттер. Нерв импульстары аксон арқылы тиісті орнына беріледі, ал дендриттерге келген импульстар клетка денесіне беріледі. Өсінділер өте үзын болуы мүмкін және нейриттегі нейроплазманың (цитоплазманың) мөлшері нерв клеткаларының денесіндегі нейроплазманың көлемінен кейде жүз, тіпті мың есе артық болады.

Белоктар нерв клеткасының денесі мен оның дендрит-терінде ғана синтезделеді. Нерв клеткасының ядросы ірі және ақшыл келеді, бір немесе бірнеше ядрошығы болады.

Клетка денесінің нейроплазмасында жарық микро-скопімен көрінетін хроматофилдік зат немесе Ниссльдің түйіршіктері деп аталатын базофильдік заттың түйіршіктері болады. Олар көбінесе ядроның маңында немесе клетка денесінің шет жағы мен дендриттерде жиналады, аксонда болмайды. Электрондық микроскоппен карағанда Ниссль заты бос орналаскан және мембраналарға бекіген, рибосомалар мен полирибосомалары бар гранулалық эндоплазмалық ретикулумның жалпақ цистерналарына бай цитоплазманың аймағы екенін дәлелдейді.

Оптикалық микроскоп нерв клеткаларында нейрофибриллалар деп аталған фибриллалардың бар екенін көрсетеді.

Электронды микроскоп фибриллалар деп аталған күры-лымдардың филаменттердің шоғыры екенін аныктады, оларды нейрофиламенттер деп атады. Бүлардың диаметрі 10  нм  шамасында  аралық  филаменттер  делінетін құрылымга сәйкес келеді.

Нерв клеткасыңда диаметрі 24 нм микротүтікшелер болады. Нейрондардың денесінде Гольджи аппараты, көптеген митохондриялар цитоплазмада бірқалыпты таралған. Сондай-ақ лизосомалар да кездеседі.

Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импуль-старын өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. Сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын күрайды және секреторлық функция атқарады.

Нейроглияның клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бүл клеткалар орталық нерв жүйесінің клеткаларын қоршап, олардын арасындағы кеністікті толтырып, механикалық тіректік функция атқарады.

Глиалык клеткалардың метаболизмнің активтігі өздерін қоршаған клеткалардын метаболизміне тығыз байланысты деп есептейді. Жатқа сактау процестеріне қатысатын болуы керек деген жорамал да бар. Шванн клеткалары деп аталатын     нейроглияның   серіктері      миелинген     талшықтарының қабықшаларын синтездейді, ал қалған клеткалар фагоцитоздық функция атқарады.

Нейроглия клеткаларының бірнеше типтері бар: нерв түтігінен дамитын макроглия (глиоциттер) мен мезенхима-дан пайда болатын микроглия (глиалық макрофагтар).

Макроглия клеткаларының екі категориясын ажыратуға болады: астроциттер мен олигодендроциттер. Астроциттер протоплазмалық және талшықты болып белінеді.

  


7 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1 тәжірибелік сабақ.



Тақырып: Цитология және гистология саласындағы қазіргі кезге сәйкес зерттеу әдістері

Клетка популяциясы мен ұлпалар жүйесін жарық микроскопының көмегімен (фазасы қарама-қарсы, люминесцентті, интерференциялық, поляризациялық), электронды микроскоппен, сандық цитохимия әдісімен (цитофотометрия, цитофлуориметрия, авторадиография, интерферометрия) зерттеу, сонымен қатар соңғы зерттеу әдістері: клетка биологиясы, иммунология, биохимия, молекулалық биология, биофизика (клетка және үлпалар культурасы, радиациялық химер әдісі, иммунофлуоресценция әдісі, көпклонды антиденешік, биохимиялық және молекулалық биология т.б.)



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
2 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Клетканың морфологиясы және физиологиясы

In vitro жағдайындағы клетка популяциясының морфологиясы, физиологиясы және цитогенетикалық гетерогенділігі. Өсімдіктер және жануарлар клеткаларының гибридизациясы. Клетка инженериясының негізгі проблемалары. Биотехнологиялык зерттеулердің дамуындағы цитологияның жетістіктері.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
3 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Ядроның ультрақұрылымдық ұйымдасуы

Клетка ядросының қүрылысы және химиясы: хроматин (хромосомалар), ядрошық, кариоплазма, ядро қабықшасы. Ядрошықтың клетканың белінуі кезіндегі тағдыры жөне оның митотикалық хромосомалармен байланысы. Ядро қабықшасының күрылысы мен қызметі. Клетканың цитоқаңқасы (микротүтікшелер жөне микрофиламенттер). Органоидтар циклозы.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

4 тәжірибелік сабақ.



Тақырып: Пластидтер және олардың маңызы

Пластидтердің қүрылысы және қызметі. Пластидтердің классификациясы: (хлоропластар, лейкопластар, амилопластар, хромопластар). Пластидтердің қызметіне байланысты өзгеруі. Хлоропластар және фотосинтез.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
5 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Клетка онтогенезінің нәтижесі

Клетка патологиясы. Клеткаға жарақаттану факторларының әсері. Некроз. Апоптоз.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
6 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Гистологияның әдістері

Жануарлар үлпасын зерттеудің негізгі қазіргі әдістері. Клетка популяциясына кинетикалық талдау жасау мәселелері.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
6 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Эпителий ұлпасының құрылысы, ерекшеліктері, түзілуі

Тері эпителийлері. Тері эпителийлерінің классификациясы: бір қабатты, көп қабатты, кутикулалы. Ішек эпителийлері. Омыртқалы жөне омыртқасыз жануарлардың ішек эпителийлерінің ерекшеліктері, түзілуі, физиологиялық регенерациясы. Без эпителийі. Экзокринді жөне эндокринді бездер, оларға жалпы морфофункционалды сипаттама, классификациясы.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
6 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Ішкі ұлпалардың құрылысы, қызметі, маңызы

Қан. Сүтқоректілердің қан клеткаларына жалпы сипаттама және оларды талдау. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қан жасау мүшелерінің ұлпалары. Эритропоэз, гранулопоэз, қан пластинкаларының пайда болуы. Омыртқлылардың лимфоидты ұлпасы. Омыртқалы жануарлардың борпылдақ дөнекер үлпасы. Омыртқалылардың тірек-механикалық ұлалар топтары. Сүйек үлпалары. Омыртқалылардың әртүрлі ішкі орта ұлпаларының байланыстылығы.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
9 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Бұлшық ет ұлпасының түрлері, құрылысы, гистогенезі, регенерациясы

Омыртқалылардың көлденең-жолакты қаңқа ұлпалары. Омыртқалылардың каңқа бұлшық еттерінің гистогенезі жөне регенерациясы. Миобластар жөне сателлит-клеткалар.Омырткалылардың жүрек бұлшык ет ұлпалары. Төменгі сатыдағы омыртқалылар мен омырткасыздардың жүрек бұлшық еттері. Омыртқалылардың тегіс бұлшык ет үлпалары. Тегіс бұлшық еттің гистогенезі жөне регенерациясы.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
10 тәжірибелік сабақ.

Тақырып: Синапстардың құрылысы, орналасуы, қызметі, түрлері

Синапстар. Жалпы сипаттама, классификациясы, ультрақүрылысы. Рецепторлы нерв ұштары. Интерорецепторлар мен экстерорецепторлар. Біріншілік- және екіншілік сезгіш клеткалар. Нейросекреторлы клеткалар. Сүтқоректі жануарларда олардың орналасуы, құрылысы, қызметі және биохимиялық ерекшеліктері. Нейросекреторлы клеткалардың омыртқалы жануарларда нерв және эндокринді жүйелермен байланысы. Нейроглия.



Әдістемелік ұсыныстар: оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу.

Әдебиет: [1-11]
8. Зертханалық сабақтардың мазмұны

1 зертханалық сабақ.



Тақырып: Жасушаны зерттеу әдістері

Сабаққа дайындалу барысында микроскоптың құрылысымен танысу, онымен жұмыс жасауды, қазіргі заманға сай клетканы зерттеу цитологиялық әдістерді көшіріп жазу керек. Берілген сұрақтарға жауап беру.



Сабақ мазмұны:

  1. Фиксациялау және бояу әдістері

  2. Микроскопия. Түрлері. Микроскоптың шешуші қабілеті.

  3. Цитохимиялық әдіс.

  4. Микрургия

  5. Ұлпаларды қолдан өсіру әдісі.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1], [2], [5], [6]


2 зертханалық сабақ.

Тақырып: Митохондрия және пластидтердің құрылысы мен қызметтері

Осы тақырыпты түсіну үшін митохондриялардың және хлоропластардың суретін салып, оларды ашу тарихын оқып білу. Амилопластар, элайопластар және т.б. анықтамаларын жазып, атқаратын қызмететрін белгілеу. Берілген сұрақтарға жауап беру.

Сабақ мазмұны:

  1. Митохондриялар. Олардың ашылуы, пішіндері, мөлшерлері, кездесу жерлері.

  2. Митохондрийлердің құрылысы, қызметі.

  3. Хлоропласттердің құрылысы, қызметі.

  4. Пластидтердің басқа түрлері: хромопласттер, амилопласттер, лейкопласттер, элайопласттер, протеопласттер, тонопласттер. Олардың қызметтері және кездесу жерлері.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [2], [5], [8], [11]


3 зертханалық сабақ.

Тақырып: Митоз.

Сабақ мақсаты: клеткалардың тура және тура емес бөліну туралы түсінік беру; өсімдік және жануар клеткаларында өтетін митоз процесін салыстыру, карио- және цитогенез процестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын белгілеу; пияз тамырының және жылқы аскариданың аналық клеткаларын мысалы ретінде алып, митоз фазаларының суретін салу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: кодоскоп, микроскоптар, микропрепараттар.

  1. Интерфазаның негізгі кезеңдері мен олардың сипаттамалары;

  2. Алғашқы кезеннің процестерін қарастыру – құрылымдық элементтерінің пайда болуы, кейбір элементтердің бұзылуы және уақытша құрылымдар ( профаза);

  3. Хромосомдардың қозғалу және бөліну кезеңі (метафаза мен анафаза)

  4. Қалыптасу кезеңі – телофаза;

  5. Өсімдіктер мен жануар клеткаларындағы карио- және цитогенез процестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [4], [6], [8], [11]
4 зертханалық сабақ.

Тақырып: Жабынды және безді эпилелийдер

Сабақ мақсаты: эпителий ұлпасы, түрлері, орналасуы және қызметтері туралы түсініктерді қалыптастыру; безді эпителийдің ерекшеліктерін, жіктелуін оқып білу.

  1. Бір қабатты жазық және куб тәрізді эпителийлер.

  2. Биік призма тәрізді эпителийдің гистоқұрылысы.

  3. Көп қабатты эпителийлердің құрылысы.

  4. Безді эпителий.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
5 зертханалық сабақ.

Тақырып: Дәнекер ұлпалар, құрылысы, ерекшеліктері, қызметтері

Сабақ мақсаты: дәнекер ұлпаның көптүрлілігін, маңыздылығын көрсету;

  1. Қан жасайтын мүшелер, гемопоэз.

  2. Борпылдақ дәнекер ұлпасы. Тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер ұлпасы.

  3. Шеміршек ұлпасы.

  4. Сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының дамуы.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
7 зертханалық сабақ.

Тақырып: Бұлшық ет ұлпасының құрылысы, қызметі, ерекшеліктері

Сабақ мақсаты: Бұлшыкет ұлпасының құрылысын, қызметі мен ерекшеліктерін оқып білу.

  1. Бұлшық ет ұлпасы.

  2. Көлденең-жолақты бұлшық ет ұлпасы.

  3. Жүрек бұлшық еті.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
8 зертханалық сабақ.

Тақырып: Нерв клеткаларының құрылысы, өткізгіштігі, топографиясы

Сабақ мақсаты: нейрондар мен нейроглия жасушаларымен танысу, құрылысы мен ерекшеліктерін зерттеу.

  1. Нерв клеткаларының құрылысы, ерекшеліктері.

  2. Нерв өсінділері және нервтер.

  3. Синапс, құрылысы, қызметі.

  4. Нейроглия, түрлері, қызметі.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]

9. СӨЖМ сабақтарының мазмұны

СӨЖМ №1 Цитология және гистологияның зертханалық әдістер

  1. Клетканы зерттеудің қазіргі өдістері.

  2. МБИ-3, МБИ-6, МБТ-11, МБИ-15 фазасы қарама-қарсы, поляризациялық, интерференциялық және электронды микроскоптарды қарастыру және олардың жұмыс істеу принциптері.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
СӨЖМ №2 Негізгі органоидтардың топографиясы, құрылысы, патологиясы

Әртүрлі типті клеткалардың цитоплазмасындағы эндоплазмалық тор мен Гольджи аппаратының құрылысы мен топографиясын жарық және электронды микроскоп арқылы қарау. Лизосомдардың қүрылысы және кызметі. қалыпты және патология жагдайындагы клетка қызметінің белсенділігіне байланысты екіншілік лизосомдардың келемі және саны. Әртүрлі типті клеткалардағы митохондриялар мен пластидтердің топографиясы, саны, көлемі және құрылысы.



Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
СӨЖМ №3 Мембранасыз органоидтердің құрылысы мен қызметтері.

  1. Бірклеткалы және кейбір көпклеткалы организмдердің клеткаларының қозғалу органелдері.

  2. Микротүтікшелер арқылы пайда болатын қозғалыс.

  3. Микрофиламенттер арқылы пайда болатын қозғалыстар.

  4. Клеткааралық байланыстардың түрлері (механикалық, химиялық, электрлік) және олардың сипаттамасы

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
СӨЖМ № 4 Ядро бөлшектерінің құрылысы.

Ядроның көлемі, құрылысы және қызметінің өзгергіштігі. Хромосомалар морфологиясы. Ядрошыктың жөне ядро қабықшасының микроскопиялық жөне электронды микроскопиялық қүрылысы, саны.



Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
СӨЖМ №5 Клетканың тура және тура емес бөлінуі

Өсімдіктер жөне жануарлар клеткасындағы митоз. Амитоз.



Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.

Әдебиет: [1-11]
СӨЖМ № 6 Цитоплазманың ұйымдасуы. Гиалоплазманың химиялық құрамы. Клетка кірінділері.

1. Цитоплазмаға және клетка кірінділеріне жалпы сипаттама беру.

2. «Аксолотльдің бауыр клеткаларындағы май кірінділері» препаратын талқылау

3. Аксолотльдің бауыр клеткаларындағы гликоген кірінділерін талқылау

4. Амфибиялардың бластомерларындағы кірінділерді талқылау

5. Аксолотль терісіндегі ақуызды секреторлы кірінділер.



6. Хроматофорларды – пигменттік кірінділерді салу.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.
СӨЖМ №7 Мейоз.

Сабақ мақсаты: жыныс клеткаларының редукциялық боліну арқылы гендік материалды қалыптастыру процесін қарастыру; мейоздың бірінші бөлімінің ерекшеліктерін айыру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: кодоскоп, практикумдар, мейоз схемасы.

  1. Схема бойынша мейоздың негізгі фазаларын қарастыру.

  2. Лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинездегі өтетін процестерді анықтап, суретін салу.

Әдістемелік ұсыныстар: жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды орындау, өз бетімен жұмыс жасауда тақырыптық мәселелерді талқылау, тестілеу, препараттарды бояу және микроскоппен көру.
10. СӨЖМ кеңестерінің графигі




Виды занятия

дүйсенбі

сейсенбі

сембі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру

10.25-11.15
















2.

Тәжірибелік сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру







10.25-11.15










3.

СӨЖ сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













10.25-11.15




4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру

10.25-11.15

















11. Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 баллмен бағаланады.



Пән бойынша тапсырмалардың жасау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен міндеті

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру күні

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат







3 апта



4-ші апта

2

Реферат







2 апта




6-ші апта

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-ші апта

4

Реферат







2 апта




9-апта

5

Реферат







2 апта




11ші апта

6

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші апта


12. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері

Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).

Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.

Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі.



  1. Тұрмыстық құрал-жабдықтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі экологиялық талаптар.

  2. Қалдықтарды жоюдың және тасымалдаудың зиянсыз әдіс-тәсілдері.

  3. Қазақстанның өнеркәсіп орындары және оларға қойылатын экологиялық талаптар.

Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау

Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.



Рефераттың аттестациясы.

Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:

1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі

2. Ғылым әдебиетті қамту

3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі

4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау


13. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.


14. Әдебиет тізімі

Негізгі


1. Нұрышев М. Гистология және эмбриология негiздерi:жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы:Қарасай, 2007.-269 б.

2.НұрышеваА., Нұрышев М.  Цитология: оқулық. -2-басылым. Алматы: Қарасай, 2006.-184 б.

3. Сапаров Қ.Ә.  Цитология, гистология, эмбриология терминдерінің түсіндірме сөздігі: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2012.-454 б.

4. Соколов В.И., Чумасов Е.И.  Цитология, гистология, эмбриология: учебник для вузов по спец. "Ветеринария".-М.:КолосС,2004.-351 с.

5. Ролдугина Н.П., Никитченко В.Е., Яглов В.В. Практикум по цитологии, гистологии и эмбриологии:учебное пособие для вузов по спец. "Ветеринария".-М.:КолосС,2004.-215 с.

6. Самусев Р. П., Пупышева Г. И., Смирнов А. В..   Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии: учебное пособие для мед. вузов.- М.:ОНИКС 21 век; Мир и образование,2004.-399 с.

7. Верещагина В.А.  Основы общей цитологии:[учеб. пособие для вузов по спец. "Биология"].-3-е изд. , стер..-М.:Академия,2009.-172 с.


Қосымша

8. Афанасьева, Ю.И. Кузнецова С.Л., Юриной Н.А. Гистология, цитология и эмбриология: учебник.-Изд. 6-е, перераб. и доп..-М.:Медицина,2004.-766 с

9. Селезнева Т.Д., Мишин А.С., Барсуков В.Ю. Гистология: учеб. пособие.-М.:Эксмо,2010.-351с.

10. Ленченко Е.М..   Цитология, гистология и эмбриология: учебник по спец. "Ветеринарно-санитарная экспертиза".-М.:КолосС,2009.-367 с.



11. Цаценко Л. В., Бойко Ю. С.   Цитология: учеб. пособие для с.-х. вузов по биолог. спец..-Ростов н/Д:Феникс,2009.-186 с.
жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау