Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған



жүктеу 1,27 Mb.
бет3/4
Дата18.12.2017
өлшемі1,27 Mb.
#4786
түріБағдарламасы
1   2   3   4

5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған

Бағдарлама 2013 ж. «____» ____ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.


2013 ж. «__» ____ кафедра отырысында ұсынылған, № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.М.Жумадина «___» ___ 2013 г.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған «____» ____ 2013 ж., № __ хаттама

ОӘК төрайымы __________ Ю.М.Каниболоцкая «___»____ 2013 г.



  1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы Жасуша биологиясы
Пән міндетті компонент
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Жалпы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Барлық аудиториялық сабақ – 450 сағат

Дәрістер - 22,5 сағат

Тәжірибелік сабақтар - 15 сағат

Зертханалық сабақтар – 7,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы ембек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау түрі

Емтихан – 4 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: ботаника, зоология, биология, химия, экология және тұрақты даму.



Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: адам анатомиясы, адам және жануарлар физиологиясы, микробиология, молекулалық биология, иммунология, жеке даму биологиясы.


2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттар

Шарипова Айнагуль Каировна

Аға оқытушы

Биология және экология кафедрасы, Ломов к.64, А-корпус, А-417 аудитория

Байланысу телефоны; 8(7182) 67-36-85 (ішкі 12-57), сот. 87076053008

Е-mail: scharipova_5@mail.ru


3. Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пәннің зерттеу нысаны филогенезде қалыптасқан, қызметтік және топографиялық жағынан байланысқан жасушалық жүйелер және мүшелердің құрамына кіретін олардың туындылары яғни ұлпалар болып есептеледі.

Пәннің оқыту мақсаты – жануар және өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметіндегі негізгі заңдылықтары, жануарлардың ұлпалық жүйелердің негізгі түрлері мен өзге түрлерінің құрылысы, қызметі, генезисі және жіктемесі туралы ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру.

Пәннің оқыту міндеттері: тіршіліктің элементарлы бірлігі ретінде жасуша туралы; ұлпалардың құрамына кіретін негізгі жасушалар популяциялары туралы; қалыпты және сыртқы қолайсыз факторлардың әсер ету жағдайларында әртүрлі ұлпалар арасындағы байланыстар туралы; ұлпалық жүйелердің жасушааралық заттың құрылысы мен биохимиясы туралы; ұлпалардың физиологиялық және репаративті регенерацияның ерекшеліктері туралы студенттермен теориялық білімді алу болып саналады.

4. Білімге, икемділікке, машықтарға және компетенцияларға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:

- биологиялық пәндер жүйесінде цитологияның алатын орны туралы;

- қазіргі кездегі цитологияның мәселелері және олардың шешілуінің маңыздылығы туралы түсініктер болу;



  • жасушалық теорияның негізгі қағидаларын;

  • жасушаны зерттеу әдістерін;

  • жасушаның ұйымдасуы мен қызметтерін;

  • жасушаның бөліну механизмдерін және қалыпты және қалыптан тыс жағдайларда мамандалуын;

  • жануар ағзасының ұлпалар құрылысын, жіктелуін және қызметтерін;

  • онтогенезде әртүрлі ұлпалық жүйелердің дамуын;

  • әртүрлі ұлпалардың физиологиялық және репаративті регенерациясы туралы экспериментальды гистологияның мәліметтерін білу;

- жарық микроскоп арқылы цитологиялық препараттарды тануды;

- электронограммаларды және цитологиялық, гистологиялық препараттарды оқуды;

- алыңған білімді дайындығының теориялық деңгейін жоғарлату және тәжірибелік жұмысында пайдалануды қолдана білу;

- уақытша және фиксациялаңған препараттарды дайындауға;

- жарық микроскоппен жұмыс жасауға;

- зерттеу жұмыстарында әртүрлі негіздерді қолдануға дағдылана білу;



- жасушалар, ұлпалар және ағза мүшелерінің құрылысы мен тіршілігі туралы сұрақтарда білікті болу яғни гистология анатомиямен, физиологиямен, зоологиямен және басқа да ғылымдармен тығыз байланысты және биология оқытушысының ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеушінің білім негізін құрайды.

5 Пәнді оқыту тақырыптық жоспар

Академиялық сағаттардың сабақтар бойынша таралуы




Пән тақырыптарының атаулары

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖМ

СӨЖ

1

Цитология пәнінің зерттеу нысаны және негізгі даму кезеңдері. Қазіргі кездегі жасуша туралы ілімінің қалыптасуы

1

1




1

5

2

Жасушаны зерттеу әдістері

1




1

1

5

3

Биомембраналардың ұйымдасуы. Жасуша қабырғасының құрылысы

1

1




1

5

4

Эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалардың құрылысы

2

1




1

5

5

Митохондрия және пластидтердің құрылысы мен қызметтері

2

1

1

1

5

6

Мембранасыз органоидтардың құрылысы мен қызметтері

2

1




1

5

7

Фибрилалық құрылымдар. Қозғалу органеллалар. Жасушааралық байланыстар.

1

1




1

5

8

Цитоплазманың ұйымдасуы. Гиалоплазманың химиялық құрамы. Жасуша кірінділері.

1

1




1

5

9

Жасушалық ядроның құрылысы мен қызметі

1

1




1

5

10

Жасушаның бөлінуі. Митоз.

1




1

2

5

11

Жасушаның бөлінуі. Мейоз.

1

1




2

5

12

Меншікті дәнекер ұлпа

1,5

1




1

6

13

Шеміршек ұлпасы


1

1

0,5

1

5

14

Сүйек ұлпасы

1

1

1

1

6

15

Қан және лимфа

2

1

1

2

6

16

Бұлшыкетті ұлпа

1

1

1

2

6

17

Жүйке ұлпасы


2

1

1

2,5

6

Жалпы пән бойынша:

22,5

15

7,5

22,5

90



6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып Цитология пәнінің зерттеу нысаны және негізгі даму кезеңдері. Қазіргі кездегі жасуша туралы ілімінің қалыптасуы

Цитология – клетка туралы ғылым. Цитологияның пәні болып көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар, қарапайымдылар және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар  табылады. Цитология клеткалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.

Цитология – биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп болды.

Цитология – биология ғылымдарының ішіндегі ең жас ғылым, оның  жасы шамамен – 100 ж. Ал «клетка» ұғымының жасы 300 ж. астам екен.

Клетка (жасуша) – біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізін құраушы бірлігі. Көп уақыттар бойы биология жануарлар мен өсімдіктердің құрылыстарының қасиеттерін, олардың көзге көрінетін макроскопиялық құрылысының негізінде зерттеп келді. Ағзалардың жасушалық құрылысын ашқаннан соң, клетканы тірі ағзалардың құрылымдық және функциональді бірлігі ретінде қарастырғаннан бастап, биология ағзалардың құрылысы мен қызметін неғұрлым терең зерттей бастады.

Клеткалар жай көзге көрінбейді, сондықтан тірі ағзалардың клеткалық құрылымын оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы және жетілуімен тығыз байланысты. XVI ғ. аяғы мен  XVII ғ. басында жаратылыстану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. 1609-1610 жж. Галилео Галилей ең алғаш оптикалық аспапты ойлап құрастырды, ол тек 1624 ж. ғана сол аспапты тәжірибелерде пайдалана алу деңгейіне жеткізді. Бұл аспап 35-40 ретке ұлғайтатын болды. Бір жылдан кейін И. Фабер осы аспапқа “микроскоп” атын берді.

1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Роберт Гук микроскоптың көмегімен кездейсоқ алынған өсімдік объектісі – тозағашының кесіндісінен ара ұясы тәрізді қуыстарды көріп, алғаш рет өсімдіктердің “клеткалық құрылысын” анықтайды. Тозағашындағы бос ұяларды ол “cell” – яғни “клетка” деп атады. Уақыт өте келе “клетка” ғылыми ұғымға айналды. Гук тірі материяның барлық қасиеттерін клетка қабығымен байланыстырды.

XVIIғ. 70 ж. Марчелло Мальпиги өсімдіктердің кейбір мүшелерінің микроскопиялық құрылысын зерттеді. 1682 ж. Н. Грю “Өсімдіктер анатомиясының бастамасы”деген еңбегін жазды.

XVII ғ. III жартысында голландиялық ғалым Антон ван Левенгуктың еңбектерінде жануарлар клеткасының құрылысы туралы зерттеулер орын алды. Ол микроскоп құрылысын жетілдіре отырып, жануарлар клеткаларын зерттеп, ұлпалар мен мүшелердің құрылысын қарастырды. 1696 ж. оның “Жетілдірілген микроскоптар көмегімен ашылған табиғат құпиялары” атты еңбегі жарық көрді. Левенгук алғаш рет эритроциттерді, сперматозоидтарды зерттеп, сипаттама берді, көзге көрінбейтін құпия әлем – микроағзаларды ашып, оларды инфузориялар деп атады. Левенгук – ғылыми микроскопияның негізін қалаушы болып саналады.

1715 ж. Х.Г. Гертель микроскоп объектілеріне жарық түсіруге алғаш рет айнаны пайдаланады, дегенмен тек 1,5 ғасырдан кейін ғана Э. Аббе микроскоп үшін жарық түсіргіш линзалар жүйесін құрастырды. 1781 ж. Ф. Фонтана жануарлар клеткаларының небір құпияларын ашып, жануар клеткасын ядросымен қосып суретін салды. XIX ғ. I жартысында чех ғалымы Ян Пуркинье микроскоп техникасын жетілдіріп, клетка ядросын (“ұрық көбігі”) сипаттап, жануарлар мүшелерінің әр түрлі клеткаларын зерттеді. Ол клетка ішіндегі сұйықтыққа “протоплазма” деген ұғымды қолданды. 1831 ж. Роберт Браун жасуша ядросын маңызды да тұрақты құрылым ретінде сипаттап, “nucleus” – ядро ұғымын енгізді.

1838 ж. неміс ботанигі Матиас Шлейден цитогенез, яғни клетканың түзілуі теориясын енгізді.

Шлейден ағзадағы клеткалардың пайда болуы сұрағының басын ашты, сондай-ақ ол ядро – барлық өсімдік клеткаларының міндетті компоненті деген қорытындыға келді. Шлейденнің отандасы зоолог Теодор Шванн өсімдіктер және жануарлар ағзаларының клеткаларын салыстырып, олардың құрылысы ұқсас деп қорытындылады. Клетка туралы өздеріне дейінгі мәліметтерді  жинақтап және өз зерттеулерінің нәтижелерін пайдалана отырып, ботаник      М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн жасуша теориясының негізін қалады. Клетка теориясының қағидалары Шлейденнің 1838 ж. “Өсімдіктердің дамуы туралы деректер” Шванның 1839 ж. “Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер” деген атақты еңбектерінде жарық көрді. Осы жылдардан бастап  клетка  теориясының негізі қалыптасты.

Қазіргі заманның клетка теориясы төмендегі төмендегі тұжырымда сипатталады:

-       клетка барлық тірі ағзалардың құрылысы мен дамуының негізгі бірлігі;

-       барлық бір клеткалы және көп клеткалы ағзалардың клеткаларының құрылыстары, химиялық құрамдары, тіршілік әрекеттері мен зат алмасулары ұқсас;

-       клеткалар бөліну арқылы көбейеді, әрбір жаңа клетка алғашқы (аналық) клетканың бөлінуінен пайда болады;

-       клеткалар генетикалық ақпаратты сақтайды, өндіреді;

-       көпклеткалы ағзаларда клеткалар атқаратын қызметтеріне сәйкес жинақталып ұлпалар түзеді, ұлпалар мүшелерді құрайды;

-       тек қана клеткалардың әрекеттерінің арқасында күрделі ағзаларда өсу, даму, зат және энергия алмасу үрдістері жүзеге асады.

Клетка теориясы әлемдегі барлық тірі ағзалардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді.


2 Тақырып Жасушаны зерттеу әдістері

Қазіргі кезде цитологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері әр алуан. Цитологиялық әдістерді оптикалық,  цитофизикалық, ультрақұрылымды зерттеу, цитохимиялық, гистохимиялық және т.б. әдістерге топтастыруға болады. Клетка органоидтарының құрылысы, ультрақұрылымы мен функциясы жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия және тағы басқа әдістер арқылы зерттеледі.

Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі – жарық микроскопы тәсілі
. Жарық микроскопия әдістерінде объект арқылы жарық шоғы өтіп, объектив линзалар жүйесіне түсіп, алғашқы сурет пайда болады да, окуляр линзаларының көмегімен ұлғаяды.

Оптикалық жүйе ретінде микроскоптың басты сипаты – шешушілік қасиеті, яғни бір-біріне жақын орналасқан екі объектіні жеке-жеке көрсету. Микроскоптың шешуші қабілеті жарық толқынның ұзындығымен есептеледі: толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым шешуші қабілеті жоғары. Жарық микроскопта көбінесе спектрдің көру облысындағы жарық көзі (400-700 нм) қолданылады, сондықтан бұл жағдайда микроскоптың максимальді шешуші қабілеті 200-350 нм-ден жоғарыламайды (0,2-0,35 мкм). Яғни жарық микроскопының шешуші қабілетінің соңғы деңгейі жарықты көру аймағын пайдаланғанда  0,2-0,3 мкм тең. Бұл әдіс тірі клеткаларды зерттеуде жиі қолданылады.

Фазалы-контрасты (фазасы қарама-қарсы) микроскопия әдісі.
 Клетканың кейбір бөліктері жұқа болғанымен, бір-бірінен тығыздықтары мен жарықсындырғыштықтарымен ерекшеленеді, клеткалардың осындай қасиетіне фазасы қарама-қарсы микроскопия әдісі негізделген. Фазалы-контрастық микроскоптың объективіне арнайы пластинка қондырылған, сол пластинка арқылы жарық сәулесі тербеліс фазасының қосымша жылжуын сезеді. Суретті қалыптастыру кезінде бір фазада немесе қарама-қарсы фазада болатын, бірақ әр түрлі амплитудалы сәулелер өзара қарым-қатынасқа түседі, соның салдарынан объектінің ашық қою түсті контрасты суреті пайда болады. Фазалы контрасты микроскоптың ерекшелілігі – тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді. 

Интерференциялы микроскопия әдісі жарықтың екі полярланған сәулелерінің бірі объект арқылы, енді біреуі объектінің қасынан өтуіне негізделген. Бұл жағдайда бірінші сәуленің фазасының кешігуі туындайды. Осы сәулелердің қабаттасуы (интерференциясы) суреттің пайда болуын туғызады. Егер екі полярланған сәулелердің екі толқынының аралығындағы арақашықтық толқын ұзындығының толық санына тең болса, сурет ақшыл өрісте қара түсті дақ ретінде көрінеді, ал егер де екі толқын арасындағы арақашықтық жартылай толқындардың тақ санына тең болса, сурет қараңғы өрісте ақшыл дақ ретінде суреттеледі. 

Трансмиссионды электронды микроскопта электрондар жарық микроскопындағы объект арқылы өтетін жарық секілді өтеді. Нәтижесінде, электрондар шоғы фотография тақтасында объектінің суретін көрсетеді. Электрондар жақсы өту үшін объект кесінділері өте жұқа болуы тиіс. 

Микрохирургия әдісінде микроманипулятордың көмегімен клетканың жеке бөлімдерін алып тастауға, жаңа бөлімдер қосуға немесе қандай да болсын өзгеріс енгізуге болады. Амебаның ірі клеткасының негізгі үш компоненті –клетка мембранасы, цитоплазма және ядро бөліп алып, соңынан қайта жинап тірі клетка алуға болады. Осындай жолмен амебаның бірнеше особінен жиналған құрамды клетка алуға болады.
3 Тақырып Биомембраналардың ұйымдасуы. Жасуша қабырғасының құрылысы

Биологиялық мембраналардың (лат. membrana – қабықша) неғұрлым толық құрылысын 1972 ж. Г. Никольсон мен С. Сингердің ұсынған сұйықтық-мозаикалық моделі бейнелейді. Мембрана липидтері амфипатикалық молекуларларының екі қабатынан тұрады, мембрана липидтерінің молекулалары бір-біріне паралель орналасады. Оны билипидті қабат немесе биқабат деп атайды. Әрбір липид молекуласының негізгі екі бөлігі – басы және өскіншесі болады. Өскіншелер гидрофобты болып келеді де бір-бірлеріне қарама-қарсы орналасады. Липид молекулаларының бастары – гидрофильді, олар клетканың сыртқы және ішкі жағына қарап орналасады. Осындай билипидті қабатқа ақуыз молекулалары батып тұрады.

Ақуыз молекулалары тұтас қабат түзбейді, олардың кейбіреуі липидті бағана беткейінің екі жағын ала бір бөлігінің арасында, қалғаны мембранада гидрофильді поралар түзіп, бағана қабаттарына ене орналасады. Егер ақуыздар липидті бағаналарды қақ жарып орналасып, ақуыз молекуласының бір жағы мембрананың бір жағында, ал екінші жағы мембрананың екінші жағында орналасса, ондай ақуыздарды интегральды немесе трансмембраналы ақуыздар деп атайды.

Егер ақуыздардың мембрана маңайлық бетке тек қана бір жағы қарап жатып, екінші жағы мембрананың ішіне қарап жатса, ондай ақуыздарды ішкі ақуыздар , ал керісінше болса сыртқы ақуыздар деп атайды. Ішкі және сыртқы ақуыздарды жартылай интегральды ақуыздар деп те атайды. Кейбір ақуыздар фосфолипид қабаттарының ортасында орналасады.

Ақуыз молекулаларының мембрана маңылық кеңістікке қараған ұштары, осы кеңістіктегі әр түрлі заттармен қосылыстар түзулері мүмкін. Сондықтан интегральды ақуыздар трансмембрана үрдістерінде маңызды роль атқарады. Жартылай интегральды ақуыздармен сыртқы ортадан сигналдар қабылдайтын (молекулярлы рецепторлар) немесе мембранадан сыртқы ортаға сигналдар өткізетін молекулалар байланыста болады. Көпшілік ақуыздар ферменттік роль атқарады.

Липидтер секілді ақуыздар да латеральды диффузияға ұшырайды, дегенмен олардың молекулаларының жылдамдығы липидтер молекулаларының жылдамдығына қарағанда төмен. Бір моноқабаттан екінші моноқабатқа олар өте алмайды. Мембрана – цитоплазманың тірі бөлігі. Ол протопластты клетканы қоршайтын ортадан бөліп тұрады, органеллалардың сыртқы шекарасын және олардың ішкі құрылымын түзеді. Барлық мембраналарға тән қасиет – олардың тұтастығы, тұйықтылығы. Цитоплазмадағы мембраналық элементтердің мөлшері клетканың типіне, атқаратын қызметіне қарай сипатталады. Кейбір жағдайда мембрана цитоплазманың құрғақ затының 90% -ын түзеді. 
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі – олардың жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте баяу, ал кейбіреулері ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Сонымен мембраналар суда жақсы еритін заттардың көпшілігінің клеткаға еркін өтуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының химиялық құрамын сақтайды. Мембраналар жеке ферменттердің және олардың кешендерінің цитоплазмада қалыптасып, клетканың тіршілігіне қажетті ең негізгі үрдіс – химиялық реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз етеді.

Пиноцитоз — жасушаға жоғары молекулалы қосылыстардың енуінің басты механизмдерінің бірі. Түзілетін пиноцитоздық вакуольдер мөлшері 0,01-ден 1—2 мкм-ге дейін болады. Сонымен қатар пиноцитоздық вакуоль өзінің цитоплазмалық мембранадан түзілген қабырғасының құрылымын тольщ сақтайды. Пиноцитоз бен фагоцитоз бір-біріне өте ұқсас процестер. Жасушада әр түрлі заттарды ыдырататын ферменті бар лизосома мен осы заттарды жеткізетін вакуольдер арасында функционалдық байланыс бар. Сонымен барлық цикл белгілі бір тәртіппен жүретін төрт фазадан тұрады:

  • заттардың пино- немесе фагоцитоз жолымен келіп түсуі;

  • олардың лизосомадан бөлінетін ферменттер әсерінен ыдырауы;

  • өнімдерінің цитоплазмаға тасымалдануы және жасушаға қажетсіз алмасу енімдерінің сыртка шығарылуы.

  • Вакуольдер тығыздалып, ұсақ цитоплазмалық түйіршіктерге айналады.

Цитоплазмалық мембрананың тағы бір атқаратын қызметі: ол жасушалы организмдер ұлпаларындағы жасушааралық байланыстарды қамтамасыз етеді. Ал ол көптеген қатпарлар мен өсінділер түзу жолымен және жасушааралық кеңістікті толтырып тұратын тығыз цементтеуші заттардың белінуімен жүзеге асады.
4 Тақырып Эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалардың құрылысы

Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент. Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді.

ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синтезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде  химиялық өзгерістерге ұшырайды.

Көптеген заттар ЭПТ-дың мембраналарының сыртқы бетінде синтезделеді. Одан кейін бұл заттар мембрана арқылы компартменттің ішіне тасымалданады. Компартменттің ішінде бұл заттар одан әрі қарай биохимиялық реакцияларға түсу үшін басқа жерлерге, көбінесе Гольджи аппаратына жеткізіледі. Эндоплазмалық тордың түтікшелерінің ұштарында синтезделген заттар ең алдымен жиналып, содан кейін тасымалдау көпіршіктері ретінде бөлінеді.

Әрбір көпіршік мембранамен қоршалған, олар гиалоплазмамен қажетті жеріне жылжиды. Олардың тасымалдануларына микротүтікшелер қатысады.

Эндоплазмалық торда синтезделетін заттардың ішінде клетканың мембраналарын жинақтауға қажетті заттарды атауға болады (бұл заттардың соңғы жинақтаулары Гольджи аппаратында жүреді).

Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы)  және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.

Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мембранасының гиалоплазмаға қараған бетіне рибосомалар бекінген, ал агранулярлы ретикулумның мембранасында рибосомалар болмайды.

Түйіршікті ретикулум клеткада аса маңызды қызмет атқарады. Бекінген рибосомалардың көмегімен ол цистерналарының қуысында немесе вакуольдерде ақуыз қорын және арнайы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері арқылы макромолекулалар мен иондар жасуша ішінде және жасушааралықтарында тасымалданады. Түйіршікті ретикулум клетка мембраналарының пайда болып, органеллалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жүзеге асырады. Сол сияқты клетканың вакуоль, лизосома, диктиосома сияқты компоненттерін жасауға қатынасады.

Агранулярлы ретикулум нашарлау дамыған, Оың жасушада болмауы жиі кездеседі. Ол бұтақталған жіңішке түтікшелердің торынан және сирек көпіршіктер мен цистерналардан тұрады. Агранулярлы ретикулум эфир майларын, шайыр мен каучукты синтездеуге, жасуша ішінде тасымалдауға қатынасады. Тегіс тордың мембраналарында көмірсулар мен липидтер, олардың ішінде, гликоген мен холестерин синтезделеді. Тегіс ретикулум стероидты гормондардың синтезіне қатысады Тегіс эндоплазмалық тор асқазан бездерінің эпителийлерінің париетальді клеткаларында хлор иондарының бөлінулерін қатысады. Кальций иондарының депосы болып келетін ЭР кардиомиоциттер мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының жиырылуларын қамтамасыз етеді. Ол түйіршікті ретикулумнан оның цистерналарының түтікше тәрізді бұтақтануы түрінде пайда болады.

Кейбір клеткаларда тегіс ретикулум торы анық лабиринт (мысалы, гепатоциттерде, Лейдиг клеткаларында), кейбір клеткаларда циркулярлы табақшалар (мысалы, ооциттерде) түзеді.

ЭПТ клетка ішінде үздіксіз жүріп отыратын күрделі зат алмасу реакцияларын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, цитоплазманың ішкі мембраналық бетін бірнеше есе ұлғайтады. Эндоплазмалық тордың түтікшелері арқылы синтезделінген заттар Гольджи аппаратына тасымалданады. Бірақ эндоплазмалық тордың түтікшелері Гольджи аппаратының түтікшелерімен байланыспайды. Гольджи кешеніне заттар көпіршіктер ретінде түседі. Бұл заттар Гольджи кешенінен қажетті жерлеріне де көпіршіктер түрінде тасымалданады. Эндоплазмалық тордың маңызды қызметі барлық органеллалар үшін ақуыз бен липидтерді синтездеу.

Гольджи аппаратын Гольджи кешені, немесе клетка ішілік торлы аппарат деп те атайды. Гольджи аппараты көптеген цистерналар, көпіршіктер, табақшалар, түтікшелер, дорбашалардан тұратын жиынтық. Микроскоппен қарағанда Гольджи аппараты тор тәрізденіп көрінеді, дегенмен ол цистерналар, каналдар және вакуольдер жүйесі. Көбінесе Гольджи аппараты 3 мембраналық элементтерден құралады: 1) жазық қапшықтар (цистерналар); 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер.

Гольджи кешенінің негізгі элементі – диктиосомалар. Олардың саны әр клеткада бірден бірнеше жүзге дейін. Диктиосомалар өзара каналдармен байланысқан. Жеке диктиосоманың пішіні пиала тәрізді. Диктиосоманың диаметрі шамамен 1 мкм, ол паралель жатқан бірнеше (4-8) саңылаулары бар жалпақ цистерналардан түзілген. Цистерналардың ұштары кеңейген. Олардан құрамдарында әр түрлі заттары бар, мембранамен қапталған гольджи көпіршіктері мен вакуольдері бөлініп тұрады.


Көптеген мембраналық көпіршіктердің диаметрі 50-65 нм. Неғұрлым ірі секреторлы гранулалардың диаметрі 66-100 нм. Вакуольдердің жартысында гидролитикалық фермент болады.

Цистерналардың неғұрлым кең жағы эндоплазмалық тор жаққа қарай орналасады. Алғашқы синтез өнімдері – заттарды алып жүретін тасымалдаушы көпіршіктер осы цистерналарға қосылады. Цистерналарда полисахаридтердің синтезі жалғасады, ақуыздар, көмірсу, липидтер кешендері құралады, яғни осы Гольджи аппаратына жеткізілген макромолекулалар модификацияланады. Мұнда полисахаридтер синтезделеді, олигосахаридтер модификацияланады, ақуызды-көмірсулы кешендер құралады, сондай-ақ тасымалданушы макромолекулалар ковалентті модификацияланады.

Модификациялану кезінде заттар бір цистернадан екіншісіне өтіп отырады. Цистерналардың қабырғаларында өсінділер пайда болып, сол жерлерге заттар ауысады. Осындай өсінділер көпіршіктер ретінде бөлініп, Гольджи аппаратынан гиалоплазмада әр бағытта тарайды.

Гольджи аппаратының эндоплазмалық тордан заттар келіп түсетін жағын цис-полюс (жетілуші бет), ал қарама-қарсы жағын транс-полюс (жетілген бет) деп атайды (16-сурет). Яғни Гольджи аппараты құрылымы мен биохимиясы жағынан полярланған. Цис бетінен транс бетіне қарай бағытта мембраналардың қалыңдығы ұлғаяды, сондай-ақ, құрамдарында холестерин көбейеді, ал мембрана гликопротеидтерінде көмірсу компоненттері көбейеді. Жетілуші беттен жетілген бетке қарай бағытта қышқыл фосфатаза мен тиаминфосфатазаның белсенділіктері бәсеңдейді.

Гольджи аппаратынан бөлшектенген көпіршіктердің кейбіреуі жасуша бетіне қарай бағытталып, синтезделген заттарды клеткааралық матрикске шығарады. Бұл заттардың жартысы метоболизм өнімдері болып келсе, ендігі бір жартысы биологиялық белсенді арнайы синтезделген өнімдер. Бұл жағдайда, көбінесе, көпіршік мембранасы плазмалеммамен қосылады. Осындай қызметіне сәйкес, Гольджи аппараты көбінесе клетканың заттарды шығаратын жағына қарай орналасады. Егер клеткадан заттарды шығару барлық жағынан бір қалыпты шығарылатын болса, Гольджи аппараты каналдармен байланысқан көптеген диктиосомалар түрінде болады. Заттарды көпіршіктерге қаптау кезінде мембрана материалдарының көпшілігі жұмсалады. Мембрана түзу – Гольджи аппаратының тағы бір функциясы. Мембрана эндоплазмалық тордан келетін заттардан түзіледі. Ол ақуыздарының элементтері диктиосомалардың ішінде пайда болып, олардың мембраналарының қабырғаларына тізіліп, көпіршіктер түрінде бөлініп шығады.

Гольджи аппаратының мембранасы гранулярлы эндоплазмалық тордың көмегімен пайда болып, соның көмегімен тіршілік етеді. Өйткені, түйіршікті эндоплазмалық торда жалпы мембрана компоненттері синтезделеді. Мембраналық компоненттер тасымалдаушы көпіршіктер көмегімен тасымалданады. Тасымалдаушы көпіршіктер аралық зонасынан (транс-қосылу) диктиосоманың жетілуші бетіне қарай бүршіктене бөлініп, онымен қосылады (цис-қосылу). Транс-бетінен жиі-жиі көпіршіктер бөлінеді де, цистерна мембранасы жаңарып отырады. Көпіршіктер гликокаликспен синтезделген заттарды тасымалдайды. Сонымен плазматикалық мембрана жаңарып отырады.

1971 жылы А. Новиков ГЭРЛ концепциясын құрды (Г – гольджи аппараты, ЭР – эндоплазмалық ретикулум, Л – лизосома). ГЭРЛ (19-сурет) құрамына бүршіктене отырып секреторлы гранулаға айналатын, біршама қалыңдаған, дұрыс пішіні жоқ, жетілген диктиосома дорбашалары кіреді. Оларға рибосомалардан айырылған түйіршікті эндоплазмалық тордың цистерналары жанасады. ГЭРЛ мен олардың астында орналасқан цистерналардың арасында каналдар болады. ГЭРЛ-ден лизосома бөлінеді. ГЭРЛ – мембраналардың циркуляциясының орталығы.

Сонымен, диктиосомалар аморфты полисахаридтерді, ең алдымен, пектин заттарын, жасуша қабықшасының матриксі – гемицеллюлозаны және шырыштарды синтездеп, жинақтап, оны бөліп шығаратын орта. Гольджи көпіршіктері полисахаридтерді плазмалеммаға тасымалдайды. Бұдан кейін көпіршікті қоршап тұрған мембрана плазмалеммаға қосылады, ал көпіршіктердің құрамы плазмалемманың сыртында қалады.

Гольджи аппараты жануарлар клеткаларында секреторлық қызмет атқарады.
5 Тақырып Митохондрия және пластидтердің құрылысы мен қызметтері

Митохондриялар (грекше митос — жіп және хондрион — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид.

Ол автотрофты жәнегетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.

Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні эркез өзгермелі келеді. Көп жасушаларда олардың калыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 7—10 мкм-ге дейін жетеді. Митохондриялардың шын көлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен митохондриялардың жұқа (400—500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да оның көлемін дәлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше митохондриядан алынған көптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын (кеңістіктегі көлемі) жасап, оның нақты көлемін анықтауға болады.

Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырады.

Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасына шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас жасушаларға тең беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты оран орналасады.

Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және оның атқара п.ш қызметіне байланысты болады. Бауыр жасушасында болатын жалпы бслоктмң 30 — 35%-імитохондриялардың құрамында кездесетіні, ал бүйрскте 20% і болатыны анықталды.

Митохондрия екі мембранамен қоршалған, 6-7 нм шамасындай қалыңдығы бар, гиалоплазмадан бөліп тұратын сыртқы мембранадап жоне митохондрияның құрылысына карай күрделі өсінділер («криста») беретін ішкі мембранадан тұрады (14-сурет). Ішкі және сыртқы мембраналардың арасымда ені 10-20 нм-ге тең кеңістік болады. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі матрикс немесе митоплазмасын қоршап жатады. Күрделі өсінділерді немесе кристалар құратын мембраналардың ара кашықтыры 10 — 20 нм шамасындаіі болады. Кристалардың митохондрияларда орналасуы әр түрлі, кейбір жасушаларда көлденең бағытта орналасады, кейбіреулері тармактаныи келеді (15-сурет). Қарапайымдардың, бір жасушалы балдырлардың, кейбір жогары сатыдары өсімдіктер мен жануарлардың жасуша аралық митохондриялардың ішкі мембранасының өсінділері түтікше.

Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз деп атайды. Анаэробты тотығудың негізгі субстраты глюкоза, Кейбір бактериялар энергияны пентозаның, май қышқылдарының аминқышқылдарыныңтотығуы арқылы алады. Бұл процесс мына теңдеуге сэйкес келеді:



С6Н1206 + 602 -н-6Н20 + 6С02 + 680 ккал.

Клеткада энергия бірден бөлінбейді, ол сатыланып жүреді, химиялық энергия жылуға айналмайды, ол тек макроэнергиялық байланыска АТФ-ке ауысады.



Гликолиз процесінде глюкоза триозаға дейін ыдырайды, мұнда 2 молекула АТФ жұмсалады да, 4 молекула АТФ синтезделеді, сонымен 1 моль глюкоза ыдырағанда 10% энергия жұмсалады. Гликолиз процесінде аз энергия жұмсалғанмен де бұл табиғатта жиі кездеседі. Микроорганизмдердің, кейбір ішек паразиттерінің, жаңадан дамып келе жатқанэмбриональды организмдердің жасушалары үшін гликолиз негізгі энергия көзі болып табылады. Сүтқоректілердің эритроциттері өздеріне керекті энергияны гликолиз арқылы алады, өйткені оларда митохондриялар болмайды. Гликолиз процесінде пайда болған триозалардың одан эрі тотығуы осы митохондриялардың өздерінде жүреді. Мұнда барлық химиялық қосылыстардан ыдыраған энергия қолданылады, осыған байланысты С02 бөлінеді және оттегін қолдана отырып көп мөлшерде АТФ синтезделеді. Бұл процестер трикарбонқышқылының тоғыруымен жүреді. Осыдан АТФ-тың фосфорлануы арқылы АТФ молекулалары синтезделеді. Митохондрияларда толық белок синтездейтін жүйе болады, осыған байланысты ол өзінің ДНҚ-сы арқылы РНҚ молекулаларын синтездейді. Митохондрия құрамында рибосомдар болғандықтан, белок синтезі тұрақты жүреді. Митохондриялардың кұрамындағы ДНҚ-ның ядродағы ДНҚ-дан айырмашылығы болады (молекулалық салмағы жағынан және нуклеотидтердің кұрамы және орналасуы жағынан).Митохондрияда жүретін ДНК синтезінің ядродағы ДНК синтезімен байланысы жоқ, олар өз ферменттері арқылы ғана байланысады. Митохондриялардың матриксында ДНК матрицасы арқылы РНК синтезі өтеді. Митохондрияда РНК-ның информациялық, тасымалдаушы, рибосомды түрлері синтезделед

Пластидтер (грек тілінен plastides - жасайтын, тузейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі. Түсі бойынша жасыл пластидтер, (хлоропласттар), сары-ашық қызыл және қызыл. (хромопласттар) және түссіз, (лейкопласттар) ажыратылады. Пластидтер меристемалық жасушалардың пропластидалардан онтогенезде біртұтас шығу тегі бар. Пластидалардың өзара айналулар мүмкін.

1- тилакоид; 2-строманың ламеллалары; 3-түйіскен мембраналар бөлім|400px]] Пластидтер - өсімдіктер жасушаларында (саңырауқұлақтар мен кейбір балдырларда болмайды) кездесетін органоид. Пластидтерді пигменттерінің құрамына карай хлоропластархромопластарлейкопластар деп үш түрге бөледі. Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады.Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы Күн сәулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді. Бұл процесті фотосинтез деп атайды. Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады:



С02+6Н20=С 6Н1206+602

Хлоропластардың кұрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен де көптеген ерекшеліктері де бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді, оның ұзындығы 5—10 мкм, ені 2—4 мкм. Хлоропластардың саны әр өсімдікте әр түрлі, жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10—30 шамасында. Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады, олардың, қалыңдьғы 7 нм. Хлоропластардың ішіне орналаскан стромалардың ламеллаларын құрайтын және тилакоидтардың құрамына кіретін мембраналарды байқауға болады Строманың ламеллаларын құрайтын мембраналар Жалпақ қапшықтар тәрізді: олар хлоропластардың ішкі мембранасымен тығыз байланысып, бір- біріне параллель орналасады. 16-сурет. Пластидтердің кұрылысы. Жалпақ, жабық мембраналы қапшықтар — тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге дейінтилакоидтер бар. Хлоропластың барлық граналары өзара мембраналар арқылы байланыскан. Хлорофилл осы граналарда шоғырланғандықтан, мүнда фотосинтез процесі жүреді.



Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және рибосомалар орналасады. Хлоропластардың рибосомалары ақуыз синтезін жүзеге асырады. Цитоплазма: Тірек қимыл жүйесі (цитоқаңқа) Клетка өзінің өмір сүру процесінде күрделі қимылдар жасайды. Ондай қимылдарға хромосомдардың полюстерге жылжуы, жасуша органеллаларының көпіршіктерінің козғалуы, жасушаның үстіңгі бетінің козғалысы сиякты қимылдарды айтуға болады. Кейбір өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының цитоплазмаларыныңкозғалыстарын байқауға болады. Кейбір бір жасушалы организмдер ерекше қимыл қызметтерін талшықтары немесе қыл аяктары арқылы іске асырады. Кейбір көпжасушалы организмдерде маманданған Бұлшық ет ұлпаларында ерекше қимыл қызметтерін атқаратын миофибриллдер орналасады. Сонымен, барлық қимыл қызметтерін атқаратын құрылымдардың жалпы ұқсас молекулалық механизмі болады. Сонымен қатар қимыл қызметтерін атқаратын жасушаларда қимыл аппараттарынан басқа тірек қызметін атқаратыны туралы мағлүматтар жеткілікті. Бұл кұрылымдар XX- ғасырдың 50 жылдары электронды микроскоптың көмегімен толықтай ашылды деп айтуға болады. Иммунофлуоресценция тэсілі арқылы жасушаның цитоскелетінің құрамы және оның динамикасы анықталды. Цитоскелеттің құрамы жіпше тәрізді ақуыздар кешендерінен немесе филаменттерінен тұрады. Химиялық қүраімы, нәзік құрылысы және қызметтері жағынан филаменттердің үш түрін атап өтуге болады. Ең жіңішке микрофиламенттер, олардың диаметрлері 6 нм шамасында, құрамы актин белогінен тұрады. Екінші түрі - диаметрі 25 нм, құрамы ақуыз тубулиннен тұратын - микротүтікшелер. Үшінші топтың құрамы - аралық филаменттерден тұрады. Олардың диаметрі 10 нм, негізінде құрамы жағынан туыстас ақуыздар болып келеді. Осы айтылған үш құрылым үшеуі де жасуша компоненттерінің және жасушалардың қимылдау және қаңқа қызметтерін аткаруда үлкен рөл аткарады. Эукариот және прокариот жасушаларында жіпшелі құрылымдар цитокаңка қызметін аткарады. Бұл құрылымдар эртүрлі жасушаларда эртүрлі болып келеді. Мысалы, эпидермистің құрамында аралық филаменттер кездессе, Бұлшық еттердің құрамында - актин жіпшелері, меланоциттерде және жүйке жасушаларының өсінділерінде - микротүтікшелер кезедеседі. Клетка каңқасының құрамына кіретін құрылымдардың жалпы ұксастығы кездеседі: біріншіден олар ақуыздардан тұрады, екіншіден тарамдалмаған фибриллді (жіпшелер) полимерлерден, үшіншіден олар тұрғылықты болмайды, полимерленеді және кері деполимеризацияға үшырайды. Осы кұрылымдардың тұрғылықты болмауының салдарынан жасушалардың пішіні өзгеріп отыратыны байқалады. Цитокаңканы өзінің қасиеттері және қызметтері жағынан екі топка бөлуге болады. Каркастың құрамды жіпшелер-аралық филаменттер, сонымен қоса тірек-қимыл микрофиламенттері, мысалы актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынаста болады. Цитоқаңқаның екінші тобына-микрофиламенттер мен микротүтікшелер жатады. Олардың қимыл қызметтерін эртүрлі тәсілдер арқылы іске асады
6 Тақырып Мембранасыз органоидтардың құрылысы мен қызметтері

Флеминг (1875 ж) Венеден (1876 ж.) жарық микроскопының көмегімен ұсақ тығыз денешік ретінде әр түрлі жасушалардан жасуша орталығын ашты. Клетка орталығы ядроға тақау орналасады. Ол екі ұсак тығыз денешіктен (центроли) және оларды қоршаған цитоплазма ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан бөлінген жіңішке жіпшелерден тұрады. Клетка орталығы жануарлар жасушаларында, кейбір өсімдіктерде кездеседі, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырау құлақтарда және карапайымдыларда кездеспейді. Интерфазада центрольдер бір-біріне перпендикуляр орналасып дуплет немесе диплосома құрады. 2 центрольдің біреуін «аналық», екіншісі одан пайда болган жас центроль деп анықтауға болады. Екінші центроль біріншіге перпендикуляр эрі проксимал жағы бірінші центрольдің үстіңгі бетіне қарай орналасады. Аналық центрольдің дистальдыбетінде амофорты материалдар өсінді түрінде кездеседі, екінші центрольде ондай өсінділер болмайды. Диплосомада тек «аналық» центрольдердің, қосымша құрылыстары болады. Аналық центрольдердің сыртында 9 шар тәрізді тығыз заттардан тұратын сателлиттер орналасады. Центрольдер сателлиттерімен «аяқшалары» арқылы жалғасады. Әр центрольдердің сыртында құрылымсыз немесе жұка талшықты матрикс және центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады.
Жарық микроскопымен көрінетін клетка. орталығындағы сәуле тәрізді аймакты (центросфера) электронды микроскоппен тексергенде оның микротүтікшелерден тұратыны анықталды. Интерфазада микротүтікшелердің пайда болуына осы қосымша құрылыстардың (центросфера, матрикс, сателлиттер) маңызы зор. Осы қосымша құрылыстардың көмегімен тубулиннен микротүтікшелер пайда болады. Центрольдердің химиялық құрылысы толық анықталған жоқ, өйткені олардан таза фракция алатын әдістер элі де жеткіліксіз. Бірак та тубулиннің микротүтікшелердің құрамына кіретіні белгілі. Егер де колхицинді клеткаға жіберсек, «аналық» центрольдердің сыртындағы микротүтікшелердің өсуі кенет тоқтайды. Талшықтардың құрылыстары да осы центрольдің құрылыстарына және химиялық құрамына ұқсас келеді. Клетка орталығы бөлінетін жасушаларда үршық жіпшелерін қүруда үлкен қызмет аткарады. Центрольдердің көмегімен интерфазада жасушалардың полюстерін анықтауға болады. Негізінде клетка орталығы Гольджи аппаратына такау орналасады және жасуша ядросымен тығыз байланыста болады. Егер ядро фракциясын центрифуга әдісімен бөліп алатын болсак, оның кұрамында центрольдердің болатынына бірден көз жеткізуге болады.

Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.

Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70SBold text Рибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы ақуыздан, ал 80SРибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады.

Олар жасуша цитоплазмасындағы Mg иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады.

Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (протеин пенРНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.



7 Тақырып Фибрилалық құрылымдар. Қозғалу органеллалар. Жасушааралық байланыстар
Жасушааралық байланыстар (межклеточные контакты); (лат. junctiones intercellulares junctiones — байланыс, жанасым; грек, inter — аралық, cellula - жасуша) — жасушакабықшалары — плазмолеммалар араларындағы өзара жанаса байланыс. Жасушааралық байланыстарға: қарапайым жанасу, саңылаулы жанасу, тығыз жанасу, саусақша жанасу (құлып), синапстық байланыс жатады.

1.Қарапайым жанасу — жасушааралық байланыстың ең көп тараған тұрі. Ені 15-20 нм жасушааралық саңылау — көрші жасушалар плазмолеммалары гликокаликс қабаттарының өзара әрекеттесетін аймағы;

2.Саңылаулы жанасу немесе нексус 0,5-3 мкм жасушаарлық аймақты қамтиды. Көрші жасушалар плазмолеммалары аралығында 2-3 нм саңылау қалады. Нексус аймағындағы көрші жасушалар плазмолеммаларында арнайы протеиндік кешеннен түзілген, арналары 1,5-2 нм өзекшелер болады. Олар плазмолеммалар аралығындағы саңылауда бір-бірінің ұштарымен өзара түйісіп, әртүрлі иондар мен ұсақ молекулаларды бір жасушадан екінші жасушаға өткізетін өзектік бірліктер — коннексондарды түзеді. Коннексондар жасушалардың зат алмасуы мен электрлік әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Коннексондар арқылы протеиңдер мен амин қышқылдарының ірі молекулалары өтпейді. Нексус қозу процесі жұретін ұлпалар мен мүшелерде кездеседі;

3.Тығыз жанасу — ұлпалар жасушааралық саңылауларын қоршаған ортадан оқшаулау арқылы, олардың ішкі ортасын сыртқы ортадан бөледі. Көрші жасушалар плазмолеммаларының интегральды протеиндері бір-бірімен байланысып, жасушааралық қосылу аймақтарын түзеді. Тығыз жанасу арқылы иондар мен молекулалар өте алмайды. Тығыз жанасу эпителий жасушалары апикальды ұштары аралығында болады. Ал эпителиоциттер плазмолеммалары аралығында, олардың механикалық байланысын қамтамасыз ететін, жалпы диаметрі 0,5 мкм, тығыз жанасудың тұрі — тығыз жабысу немесе десмосома кездеседі. Десмосома аймағындағы ені 22- 35 нм жасушааралық саңылауда плазмолеммалар жарғақұсті қабаттарынан талшықты зат түзіледі. Оның орталығындағы протеиндер мен мукополисахаридтерден түзілген жалпақ тақташалар көлденең жіпшелер арқылы көрші жасуша плазмолеммасымен байланысып тұрады. Десмосома аймағына іргелес көрші жасуша цитоплазмасы бөлігі тығыздалып, онда да жіпшелер түзіледі;

4.Саусақша жанасу немесе құлып — көрші жасушалар плазмолеммаларының бір-біріне қарама-қарсы саусақ тәрізді еніп, құлып тіліне ұқсас байланысуын айтады.

5.Синапстық байланыс — жүйкелік қозу мен тежелуді бір бағытта өткізуге маманданған, нейроциттер, нейроцит - Бұлшықет жасушалары, нейроцит-эпителиоциттер плазмолеммалары аралықтарындағы жасушааралық жанасу.
8 Тақырып Цитоплазманың ұйымдасуы. Гиалоплазманың химиялық құрамы. Жасуша кірінділері

Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қа-бықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмаданорганеллалардан және қосындылардан тұрады.

Тірі ағзалардың құрамына кіретін жасушаларды екі топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар жасушалары жатады.



Эукариотты жасушалар үш бөлімнен тұрады: сыртын қоршап жатқан плазматикалық мембранадан, цитоплазмадан және ядродан.

Прокариоттар мен өсімдік жасушаларының плазматикалық мембраналарының сыртында жасуша қабаты болады, ал жануарлар жасушаларында мұндай қабат болмайды. Клетканың ядросын қоршап жатқан қоймалжың затты цитоплазма деп атайды Эукариотты жасушалар цитоплазмасының әртектілігі оның құрамында гиалоплазманың болуынан. Гиалоплазма мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады. Мембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал мембранасыз компоненттерге центриольдаррибосомдармикротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың құрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.

Гиалоплазма — Цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады.

Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты.

Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайды. Гиалоплазманың құрамына негізінен глобулалы протеиндер кіреді. Олар жалпы жасуша протеиндерінің 20-25% құрайды. Гиалоплазмада қантазоттық негіздер, амин қышқылдары, липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын протеиндер түзіледі.
9 Тақырып Жасушалық ядроның құрылысы мен қызметі

1833 ж. Роберт Броун өсімдік материалынан жасушалық ядроны ашқан. Ол микроскоп арқылы тозаң жіпшелерінің жасушаларын қарап, дөңгеленген формалы денешіктерді тапқан. Оны "nuclei" — ядро деп атаған. Ядро жасушаның ортасында орналасқан дөңгелек немесе сопақша формалы жасушаның ең ірі органоиді. Ядро үш бөліктен тұрады: ортасында орналасқан —ядрошықтан, ядроның сұйық бөлігі — нуклеоплазмадан және ядролық мембранадан.

Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған, ішкі мембрана тегіс болады. Электронды микроскоп арқылы зерттеу ядролық мембрананың жасушалың мембрана жүйесінің бір бөлігі екендігін көрсетті. Сыртқы ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен (каналдарымен) байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды. Ядроның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасу басты рөл аткарады. Ол негізгі екі жолмен жүзеге асады. Біріншіден, ядролық мембрананың көптеген саңылаулары болады. Осы саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма арасында молекула алмасуы жүреді. Ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу белсенді түрде жүргенімен, ядро қабықшасы ядроның құрамын цитоплазмадан бөліп тұрады. Бұл өзін қоршап тұрған цитоплазмадан өзгеше, өзіндік ядроішілік ортаның болуын камтамасыз етеді.

Ядродағы ядрошықтар саны 1—2, кейде 3—4 болатын дөңгелек, кейде сопақша денешіктер. Ядроға қарағанда ядрошық тығыз келеді. Ядрошық ядродан толық бөлінбеген және ядролық плазманың ішінде еркін козғалып жүреді. Ядрошық РНҚ синтезінің орталығы.

Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік. Хромосоманың құрамында 40 ДНҚ, 40 гистон, 20 қышқыл нәруыз және аз мөлщерде РНҚ болады. ДНҚ организмге қажетті әр түрлі нәруызды синтездеуге ақпараттар береді. Гистон дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз. Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына, ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беретін нәруыздың қызметін атқарады. РНҚ ядро мен цитолазманың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Көп уақытқа дейін ғалымдар хромосомаларды жасушаның бөлінуінен кейін жойылып кетеді деген пікірде болды. Бірақ таңбалы атомдар әдісі арқылы олардың жасушадағы тұрақты құрылым екендігі дәлелденді. Әрбір хромосоманың мөлшері мен пішін тұрақты болады дедік. Ендеше, хромосоманы сыртынан қарағанда, екі буынның бар екенін аңғаруға болады. Бірінші буынды центромералы буын деп атайды. Бұл буынмен ахроматин жіпшелерінің бір ұшы байланысады. Центромераларының орналасуына байланысты хромосомалардың пішіндері өзгеріп отырады. Осыған қарамастан әрбір хромосомадағы центромералардың орны тұрақты болады.

1972 жылы америкалық ғалым Пол Берг әріптестерімен алғаш рет организмнен тыс (in vitro) жағдайда рекомбинатты (гибридті) ДНҚ-ны алған. Ол фагтың, бактериялық және вирустық ДНҚ бөлшектерінен (фрагменттерінен) құралған. Осылайша молекулалық биологияның жаңа саласы — генетикалық инженерияның іргесі қаланды. Генетикалық инженерияның мақсаты — жаңа генетикалық құрылымдарды ең соңында жаңа тұқым қуалау қасиеттері бар организмдерді жасап шығару.

Академик М. Ә. Айтхожин біздің елімізде осы саладағы зерттеулерді алғаш бастаған ғалым. Генетикалық немесе гендік инженерия дегеніміз — организмдердің тұқым қуалау аппаратына жана гендерді ендіру. Олар организмге адам үшін пайдалы жана қасиеттер береді. Сонымен табиғи жағдайда мыңдаған жыл кететін процестерді жүзеге асыру үшін қазір адамға тек бірнеше айлар ғана жеткілікті болады. Қазіргі уақытта бұл салада біраз жетістіктерге кол жетті. Мысалы, американың "Монсанта" деп аталатын ірі корпорадиясының ғалымдары картоп өсімдігіне хитиназаферментінің генін енгізген. Соның нәтижесінде, картоп колорадо қоңызымен желінедқ. Мұндай картоптың жапырағын жеген жәндіктің хитин қабығы зақымданып, ол тез арада өледі. Адам организмінде хитин болмайтындықтан хитиназа ферменті адамға зиян келтірмейді.

Генетикалық инженерия көмегімен микроорганизмдер арқылы жүздеген тонна адам гормоны — инсулин және интерферон ендірілуде. Генетикалық инженерияның қалыптасуына төмендегідей жаңалықтар материалдық негіз болды. Микроорганизмдерден рестриктаза ферменті бөлініп алынды. Ол ДНҚ молекуласын белгілі бір қажетті жерінен қиып тастайды. Өткен ғасырдың 60-жылдары ауру қоздырғыш бактериялардан R-фактор анықталып, нәтижесінде терге төзімділігі артқан. R-фактордың бірінші бөлігі осы ДНК-ның екі еселенуіне жауап береді. Екінші бөлігінде пенициллинді ыдырататын пенициллиназа ферментінің гені болады. Казірде R-факторларды вектор ретінде, яғни бөтен организм гендерін тасушы ретінде қолданады. Генетикалық инженерияның зерттеу әдісі төмендегідей: ғалымдар R-факторды алып, рестриктазалар көмегімен ДНК-ның белгілі бір бөлігін қиып алады, тек репликациягеніне тиіспейді. Содан соң лигазалар (фермент) көмегімен қажетті генді тігіп, жана гені бар векторды зерттейтін бір организмге орналастырады.


10 Тақырып Жасушаның бөлінуі. Митоз

Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.

Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.

Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.



Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.

Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады.

Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кзеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.

Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір жасуша екіге бөлініп, жас жасушалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың жасуша полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.

Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клтека денесі бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі жасуша құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы жасуша құрылады.

жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау