Жұмыс бағдарламасы ПМУ ҰС 7.18.2/06
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Топография және геодезия негіздері пәні бойынша
050609-География мамандығының студенттері үшін
Павлодар
Мемлекеттік жалпы білім беру ПМУ ҰС 7.18.1/06
стандарты мен типтік бағдарлама
негізінде құрастырылған пәннің
жұмыс бағдарламасының бекіту
парағы
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректоры
______________ Н.Э. Пфейфер
«___»________________2009 ж.
Құрастырушы: б.ғ.к., доцент Габдулхаева Б.Б.
География және туризм кафедрасы
050609 – «География» мамандық студенттеріне арналған
Топография мен геодезия негіздері пәнінен
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 050609 – География мамандығы бойынша 3.08.324-2006
мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандартына сәйкес және 22 маусым 2006 жылы РОӘК-мен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.
Кафедра отырысында ұсынылған 200_ж. «___»_________________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________А.А. Калиева
Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2009ж. «___»_____________№ ____ хаттама
ОӘҚ төрайымы__________________Ұ.Д. Бүркітбаева
КЕЛІСІЛДІ Факультет деканы_______________Қ.Қ. Ахметов «____»___________2009ж.
Жжәқб құпталды
ЖжӘҚБбастығы__________________А.А.Варакута «____»_______2009ж.
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Топография – Жер туралы ғылым, ол құрлық бетін геометриялық түрде зерттейді. Жергіліқті жердің түсірілімі - топографиядағы жер бетін зерттеуде негізгі әдіс болып келеді. Бұл далалық және камералды жұмыстардың күрделі кешенді түрдегі жұмыс. Графикалық құжаттар карталарда көрсетілмейтін топографиялық сипаттаумен (жергілікті жер туралы физикалық-географиялық және экономикалық мәліметтер) толықтырылады.
Топографиялық құжаттар мемелекеттік қорғау, қоғам өндіріс, ғылымынң көптеген мақсаттарын шешуде пайдаланады. Осыған байланысты топографияға топографиялық карталардан және әуефотосүреттерден жергілікті жер туралы ақпарат алуының тиімді әдісінің құрастырылуы, топокарталардың қасиеттерін және оларды даоа мен камерал жағдайында пайдалануы табылады.
Қазіргі кезде топография жер бетін тек геометриялық өлшеулер жүргізуімен ғана шектелмейді. Топографияда кеңінен әуесүреттер бойынша өлшемдер және жергілікті жер туралы мәліметтер қолданады.
Пәнді оқыту мақсаты: топографиялық карталар мен әуесүреттерден жергілікті жер туралы тиімді әдіс арқылы ақпараттар алу, оларды барлау және арнайы түсірімдерді жобалауда пайдалану.
Пәннің оқыту міндеттері:
негізгі міндетті студенттер топографияның географиялық ғылымдармен, яғни ландшафттану, геоморфология, гидрологияны және т.б. байланысты екенін жақсы білу;
картадан географиялық табиғи қатынасын, топографиялық түсірімдердегі жергілікті жердің географиялық ерекшелігін терең тану;
жергілікті жерде бағдарлау;
план және карта ұғымдарын қалыптастырып, оларды айыра білу;
геодезиялық өлшем әдістерімен танысу;
қателік теориясынын элементтерімен танысу.
Студенттер білуге тиісті:
топографиялық карталардың өзіндік қасиеттері;
жергілікті жерді түсіру түрлері;
топографиялық карталарды жасау кезіндегі қателік теориясы;
Студенттер істей білуге тиісті:
жергілікті жерде бағдарлау;
жергілікті жерді түсіру әдістерін қолдану;
топографиялық карта мен планды айыра білу;
қателіктерді жою;
топографиялық карталар мен пландардын ауданы мен сызық ұзындықтарын өлшеу.
2. Пререквизиттері: математика, сызу, жалпы жертану, мамандыққа кіріспе.
Пәннің тақырыптық ПМУ ҰС 7.18.2/07
жоспары
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаттар саны
|
Дәріс
|
Тәж.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Топография және геодезия пәндері
|
1
|
2
|
1
|
5
|
2
|
Жердің пішіні мен көлемі туралы жалпы мағлұматтар. Масштаб
|
1
|
-
|
1
|
5
|
3
|
Сызықтарды бағдарлау
|
3
|
3,5
|
3
|
10
|
4
|
Топографиялық карталардың географиялық мазмұны
|
2
|
2
|
2
|
10
|
5
|
Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы мен разграфкасы
|
2
|
-
|
2
|
10
|
6
|
Геодезиялық тордың тірегі.
|
3
|
-
|
3
|
10
|
7
|
Түсіру жұмыстарын ұйымдастыру
|
3
|
-
|
3
|
10
|
Барлығы: 90
|
15
|
7,5
|
15
|
60
|
3.2 Пәннің теориялық сабақтарының мазмұны:
№ 1 тақырып. Кіріспе. Топография және геодезия пәндері.
Топографияның және геодезияның анықтамасы, мазмұны және міндеттері. Топография және геодезия пәндері, оқыту объектілері. Картографиялық-геодезиялық ғылым жүйесіндегі және басқа да пәндердегі топографияның орны мен рөлі. Курстың оқу міндеттері. Топографияның геодезия, әуеғарыштық зерттеу әдістері, география және басқа да ғылымдар мен байланысы. Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың болашағы мен даму тарихы. Қазақстан ғалымдарының ғылымның дамуына қосқан үлесі. Шет елдердегі топографияның қазіргі кездегі дамуы. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар және олардың ұйымдастыруы туралы жалпы түсінік.
№ 2 тақырып. Жердің пішіні мен көлемі туралы жалпы мағлұматтар. Масштаб.
Масштабтар: сандық, сызықтық, көлбеулік, атаулы. Көлбеу масштаб, құрылуы және теориясы. Сызықтық және көлбеу масштабты қолдану Координаталар жүйесі жіне биіктік жүйесі, топографияда қолдану. Масштабтын дәлдігі. Карта бойынша арақашықтықты өлшеу. Карта бойынша ауданды өлшеу.
№ 3 тақырып. Сызықтарды бағдарлау.
Географиялық және магниттік мередиандар. Мағниттік бұрмалану. Сызықтардың шын және магниттік азимуттары. Румб. Мередиандардың жақындауы. Дирекциондық бұрыштар. Азимуттар, дирекционыдық бұрыштар сызықтардың румбасы және полигон бұрыштарының арасындағы байланыстар. Тура және кері геодезиялық есептер. Өлшеулердің қателіктері туралы түсінік (қателіктің түрлері, олардың қасиеттері, қателіктердің сандық сипаттамасы).
№ 4 тақырып. Топографиялық карталардың географиялық мазмұны.
Топографиялық карталар мен пландар туралы түсінік, олардың қасиеттері, ерекшелігі, жүйесі, талаптары, құрастырудағы жалпы схемасы. Топографиялық карталар мен пландардың мазмұны, математикалық негізі, картографиялық бейнелуі, қосымша мәліметтер. Топографиялық карталар мен пландардың масштабтық реті. Топографиялық карталарда бейнеленетін нысандар. Масштабты, масштабтан тыс және сызықтық шартты белгілер. Гидрографиялық тораптың бейнеленуі. Өсімдік жамылғысы мен грунттың бейнеленуі.
№ 5 тақырып. Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы мен разграфкасы.
Карталарды графтау және номенклатуралау түсініктері. Қатарлар мен бағаналар. Карта парағының жақтаушасы. Географиялық координаталарды анықтау. Топографиялық карталардың геодезиялық негізі. Мемлекеттік геодезиялық торап пунктері мен түсіріс негіздемесінің нүктелері. Топографиялық карталар проекциялары. Координата торлары және топографиялық карталардың рамкасы. Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілері, жазулар мен цифрлық белгілерінің жүйелері. Топографиялық карталардағы картографиялық генерализация.
№ 6 тақырып. Геодезиялық тордың тірегі.
Картада жер бедерін бейнелеу тәсілдері. Горизонтальдар. Жер бедерінің қима биіктігі. Жатыс. Еңістелу бұрышы. Биіктік белгілері. Жер бедерінің негізгі элементтері мен пішіндері. Жер бедері бейнесін жалпылау. Топографиялық карта бойынша жергілікті жердің бедер пішіндерін зерттеу. Жергілікті жердегі өлшеу түрлері. Жергілікті жердің нүктелерін бекіту және белгілеу. Жергілікті жердің сызықтарын өлшеу аспаптары. Сызықтарды штрихты бірқалыпты ленталармен өлшеу. Эклиметримен еңістік бұрыштарды өлшеу. Жергілікті жерде нүктелердің горизонталды және вертикалды бұрыштарын өлшеу. Техникалық теодолиттер, олардың құрылысы.
№ 7 тақырып. Түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Теодолиттік түсіріс. Нүктелер арасындағы биіктікті анықтау. Нивелир, оны құрастыру және жөндеу. Нивелирлік рейка. Нивелирмен биіктікті анықтау тәсілдері. Тригонометриялық нивелирлеу. Тахеометриялық түсіріс. Дистанциялық түсіру мәні, түрлері, ерекшеліктері, маңызы. Ғарыштық түсіріс туралы түсінік. Көз мөлшермен түсіру. Көз мөлшермен түсірудің негізгі қасиеттері. Аэрофототүсірісті жасау. Аэрофототүсірістердің геометриялық қасиеттері. Аэросүреттерді дешифрлеу. Жердегі фототопографиялық түсіріс. Жергілікті жерде координаталарды, биіктіктерді өлшеудің қазіргі кездегі мүмкіндіктері.
3.3 Пәннің тәжірибелік сабақтарының мазмұны:
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
|
№ р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Мазмұны
|
Орындау мерзімі (апта бойынша)
|
Аббревиатура
|
1
|
2
|
3
|
5
|
6
|
1
|
Топография пәні.
|
Топография ғылымының даму тарихы. Топографиялық білімдердің ежелгі кезеңде, орта ғасырларда, жаңа заманда және қазіргі кездегі жинақталуы.
|
2
|
Т1
|
2
|
Сызықтарды бағдарлау
|
Аспан денелері, жергілікті бағдарлар бойынша жиек жақтарын бағдарлаудың кең таралған әдістері. Картаны бағдарлау. Азимуттар бойынша жылжу.
|
4
|
Т2
|
3
|
Топографиялық карталардың географиялық мазмұны
|
Топографиялық карталардың шартты белгілері. Картаның аңызы.
|
7
|
Т3
|
Достарыңызбен бөлісу: |