Курстың академиялық саясаты
Білім алушы барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаған білім алушылар өтілмеген материалды өз бетінше игеруге міндетті.
Білім алушы бақылау тапсырмаларын орындауға және бекітілген мерзімде тапсыруға міндетті. Мерзімінен кеш тапсырылған бақылау жұмыстарының бағасы төмендетіледі.
Рубеждік бақылау қорытындысы шығарылғанда білім алушының сабақтарға қатысымы, өзіндік жұмыстарды орындауы және бекітілген мерзімде тапсыруы, сабақтардағы ауызша және жазбаша жауаптары, рубеждік бақылау жұмысының нәтижесі ескеріледі.
Білім алушы науқастануына байланысты немесе басқа дәлелді себептермен сабақтарға қатыспай, рубеждік бақылауды мерзімінде тапсыра алмаса, дәлел құжаттар негізінде жеке тапсыру құқығына ие болады. Мұндай жағдайда ұсынылған дәлел құжаттар негізінде рубеждік бақылау мерзімі білім алушы үшін жеке бекітіледі.
Білім алушы сабаққа уақытында келуі тиіс. 10 минуттан артық кешіккен білім алушыны оқытушының сабаққа кіргізбеу құқы бар.
Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірілуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар е-mail арқылы пән оқытушыларынан қосымша консультация, әдістемелік көмек алуына болады.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру барысында оқу сабақтары "online" және "offline" режимінде жүргізіледі және белгіленген оқу жүктемесіне, білім беру бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарsна және сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады; "Оffline" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының "Platonus" ААЖ қашықтықтан оқыту технологиясы өзіндік платформалары және олардың чаттары мен форумдарының ішкі сервистері арқылы қарым-қатынас жасауға негізделеді. "Online" режимінде оқу сабақтарын жүргізу нақты уақыт режимінде бейнеконференция арқылы өзара қарым-қатынас жасаудыі көздейді: (Zoom, Hangouts және т. б.).
Білім алушылар пәннің оқу материалын (дәрістер, зертханалық, практикалық, семинарлық және басқа да сабақ түрлері) университеттің «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ААЖ) порталы арқылы игереді, жазба жұмыстарын тексертеді, оған қоса online платформаларын, оның ішінде Zoom, т.б. жалпы қолжетімді платформаларын пайдалана отырып, университеттен тыс жерде интернет ресурстарын қолдану арқылы меңгереді.
Семестр басталғанға дейін білім алушылар қашықтықтан оқыту технологияларымен пайдалануды үйренуі тиіс және «online» сабаққа тіркелу барысында барлық бөлімдерді дұрыс толтыруы қажет: тегі, аты, тобы, курсы, мамандығы, профиліне өз суретін қою, т.б. Білім алушылар оқу-жұмыс орнын, интернет ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Оқу үдерісінің кедергісіз өтуіне алдын-ала жағдай жасауы қажет (бөгде дыбыстардң болмауы, өзге адамдардың қатыспауын қадағалау т.б.). Онлайн сабақтарда дресс-кодты және жалпы тәртіп ережелерін сақтау талап етіледі.
Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі, кешігуге, «online» сабаққа қатыспауға қатаң түрде тыйым салынады. Сабаққа қатысудың күнделікті мониторингі жүргізіледі. Егер оқытушы сұрақ қойса, компьютердегі «қолын көтеру» арнайы функциясын пайдалана отырып жауап беруге болады. Сабақ кезінде туындаған сұрақтарды Zoom, Hangouts платформасындағы чатта қоюға болады.
Білім алушылардың ағымдық бақылауы пәннің жұмыс оқу жоспарына (силлабус) сәйкес жүргізіледі. «Platonus» ААЖ-ға электрондық журналды толтыру нұсқаулығына сәйкес «online» режимінде интернет ресурстары арқылы «Platonus» ААЖ электронды журналына баға қойылады.
«Оnline» режимінде пән бойынша оқытушы берген тапсырмалардың уақытында орындалуына білім алушылардың өздері жауапты. Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалануға оқу мүмкіндігі болмаған жағдайда білім алушы өзінің кураторына/эдвайзеріне және кафедра меңгерушісіне/жоғары мектеп деканына кез келген байланыс құралдары арқылы осы ақпаратты хабарлауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |