Жұмыс бағдарламасы семей 013 страница жоқ Мазмұны Жалпы ережелер



жүктеу 261,47 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі261,47 Kb.
#4365
түріЖұмыс бағдарламасы

ПОӘК 042-18.30- 045/2013

_____2013 жылғы

3 басылым



14 беттің сі



5В012000 – Кәсіптік білім беру мамандығының

студенттеріне арналған
«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей - 2013


2 страница жоқ
Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2.Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет:

Алма Едігенова Жүнісбекқызы – д.м.а., п.ғ.к.

Кафедра: Педагогика

Кафедраның мекен-жайы: Тәңірбергенов көшесі, 1

Ақпараттық қатынас: 42-25-33

Сабақ өтетін орын: № 8 оқу ғимараты, 134 дәрісхан

Кредит саны: 2

1.2 Курстың қысқаша мазмүны:

«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсы 5В012000 «Кәсіптік білім (профиль бойынша)» мамандарын даярлайтын оқу жоспарына сәйкес жасалынды.

Бұл курс типтік оқу жоспарындағы жалпы кәсіби және арнайы пәндер цикліндегі, философия, әлеуметтану, психология, логика және педагогика психология, математикалық статистика пәндеріне негізделеді.

«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні бойынша ұсынылып отырған курс «Педагогика», «Этнопедагогика», «Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдіснемесі» және т.б. пәндермен байланысты.

1.3 Пәннің мақсаты:

Жоғарғы оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында дидактикалық зерттеу әдістері, жалпы ғылыми таным мен шығармашылық әдіснамасы жөніндегі мағлұматтар негізінде педагогикалық зерттеу бағыты мен оны таңдау, зерттеу логикасын түзеу, педагогикалық эксперименттерді жүргізу әдістері, зерттеу нәтижелерін өңдеудің математикалық тәсілдерімен таныстыру.

1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» курсы студенттерге педагогикалық зерттеу негіздерін ұсынуға мүмкіндік беретін төмендегі міндеттерді шешеді:


  • Ғылыми таным мен шығармашылық негіздерін;

  • Педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдау;

  • Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу;

  • Педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзу;

  • Зерттеу жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы эксперименттері мазмұнын жасау, оларды жүргізу;

  • Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындауды қарастырады.

1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер :

Курстың соңында студенттер:

5В012000 – «Кәсіптік білім (профиль бойынша)» мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес болашақ маманға төмендегідей талаптар қойылады: білімді игеруі тиіс:



  • Ғылыми проблеманың пайда болуын;

  • Жаңа білімнің қажеттілігін;

  • Проблеманың шешілу мәселелері жөніндегі бағыт-бағдарын;

  • Ғылым әдіснамасы жөніндегі түсінігі;

  • Теория мен практиканың практикалық бірлігі;

  • Зерттеу логикасын түзе білуі;

  • Зерттеудің жұмысшы жоспарларын түзе білуі.

Іскерлікті игеруі тиіс:

  • Педагогикалық эксперименттердің түзілімін;

  • Зерттеу аппаратын және зерттеу әдіснемесін анықтауды;

  • Социологиялық зерттеу негіздерін пайдалануды;

  • Материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;

  • Әдебиеттермен жұмыс істей білуді;

  • Зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді.

1.6 Пәннің пререквизиті:

«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері» курсын меңгеру үшін келесі пәндерді қосымша оқу қажет:

- Педагогика;

- Психология;

- Мамандыққа кіріспе;

- Философия;

- Әлеуметтану.

1.7 Пәннің постреквизиті: пән туралы білім мамандық бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.


2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ
Кесте 1



Тақырып мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер







ДС

ТС

ЛБ

ОСӨЖ

СӨЖ




1.

Кіріспе. «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні, міндеттері



2

1

-




12

1;3;4;5;9;10;11;12

2.

Кәсіби педагогикада ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру



3

4

-

7

18,5

1;4;5;6;7;9;10;11;12

3.

Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері


3

2

-







1;4;5;6;7;9;10;11;12

4.

Кәсіби педагогикалық жеке проблемаларын зерттеудегі ғылыми әдістердің қолданылуы


2

2

-

7

18,5

1;4;5;6;7;9;10;11;12

5.

Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі


2

3

-







1;2;3;4;5;6;7;13;14;15;16

6.

Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін жариялау


3

3

-

8,5

18,5

1;2;3;4;5;6;7;13;14;15;16




Барлығы:

15

15

-

15

45






3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.



Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.



Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.

Реферат жазуға әдістемелік нұсқау

Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады.

Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану.

4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет.

6. Реферат аудиторияда талқыланады.

Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Рефератмазмұны:

- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;

- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;

- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;

- мазмұнның стилі және сауаттылығы;

- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі

Эссе дегеніміз -  философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар: жеке көзқарастың көрінісі; фактілі дәлелдер (аргументтер);   теоретикалық негіздеме;   терминдерді қолдану; цитаталарды келтіру; әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; логикалық заңдылықтың сақталынуы; салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; сауаттылыққа мән беру.

  Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.

4 КУРС ФОРМАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті , өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу бақылау түрінде өткізіледі.

Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды ескеру қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.

5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар

Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .

Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттердің теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.

Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:


  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез-құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.

Сонымен, студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында орындауы , өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларына бағытталған белсенділігі және т.б. студенттердің пәнді толық Жан-жақты меңгеруінің кепілі болмақ.
6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300 балл 8-15 апталарға.


«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері» пәні бойынша баллдың бөлінуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Балл жиыны

Ескерту

1

2

3

4




1-8 апта бойы

дәріске қатысу



30




3

Тәжірибелік

40




5


Тәжірибелік

35




СОӨЖ

30




7

Тәжірибелік

30




СӨЖ

75




Рубеждік бақылау

60



1-8 апта бойынша барлық балл саны



300







8-15 апта бойы

дәріске қатысу



30



10


Тәжірибелік

40




СОӨЖ

30




12

Тәжірибелік

15




СӨЖ

75




15

Тәжірибелік

35




Рубеждік бақылау

60




8-15 апта бойынша барлық балл саны

300




Емтиханға балл

400




Академиялық мерзімге жиынтық балл

1000




«Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері» пәні бойынша дәріс сабағы, тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ жұмыстары арнайы көрсетілген, белгіленген баллдар негізінде бағаланады.

Кесте 3





1

ап

та



2

апта


3 апта

4

апта


5

апта


6 апта

7 апта

8 апта

9 апта

10

апта


11

апта


12

апта


13

апта


14 апта

15

апта

Дәріс

-











































Тәжір

-




40




35




30







40




30







35

ОСӨЖ

-




-




30




-




-

30

-




-

-




СӨЖ

-

-




-




-

75

-




-




75

-







Рубеж



















60






















60

Барлы

ғы

-




40




65




165







70




105







95

Барлы

ғы

-
















270






















270

Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі.


7 ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:

1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, 2003, 112б.

2. Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. -Алматы, Рауан, 1991, 431 б.

3.Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.

4. Асқаров, Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік құрал .-Алматы,2005.

5.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева Г.Р. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.

6. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.

7. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.

8. Ержанова, А.Е. Философия науки.-Алматы,2008.

9. Личность и профессия: психологическая поддержка и сопровождение . - М.,2005.

10. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-М.,2005.

11. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-М.,2004.

12. Профильное обучение:спецвыпуск. - Новосибирск,2002.

13. Кринецкий Н.И. Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.

14. Пашутин А.М. Восприятие и метод наблюдений. - Москва, 1991.

15. Полонский В.М.Оценка качества научно-педагогических исследований. - Москва, 1987.

16. Пошаев Д.Қ, Пошаев М.Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылыми әдіснамасы.//ХХІ ғасыр бастауындағы мамандықтандырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000, Б49-52.

17. Сластенин В.А., Исаев И.Ф, Шиянов Е.Н. Методология и организация педагогических исследований // В кн. Общая педагогика в 2-х ч. Ч. 1, с. 35-61, 2001.

18. Поппер К. Логика и рост научного исследования.-М.,1991.

19. Немов Р.С. Психология – Кн.1,2,3. - Москва,1999.



Қосымша әдебиеттер:

1. Методы психологической диагностики. – Москва, 1999, 87 с.

2. Методологические проблемы научных исследований. Сборник научных трудов. - Новосибирск,1984,160с.

3. Герасимов И.Г.Структура научного исследования. - Москва,1985.

4. Методологические проблемы научных исследований. Сборник научных трудов. – Новосибирск, 1984, 160с.

5.Гайда В.К.,Захаров В.П. Психологические тестирования. - Ленинград,1982.

6. Скалкова Я.И. Методология и методы педагогического исследования. - - Москва, 1986.

7. Шпалинский В.В. Основы психолого-педагогического исследования. - Москва, 1989.

8. Введение в научное исследование по педагогике/ Под ред. В.И. Журавлева.-М.,1988.

9. Скалкова Я. и др. Методология и методы педагогического исследования.-М.,1986.

10. Полонский В.М. Оценка качества научно-педагогических исследований.-М.,1987.

11. Загвязинский З.И. Методология и методика дидактического исследования.- М,1982.



12. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований.- М.,1982.




жүктеу 261,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау