КЕЛІСІЛДІ
ФЖжӨ факультетінің деканы _________ Сарбалаев Ж.Т.
20_ж. «_____»________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20_ ж. «____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пәннің мақсаты – «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні- жеке ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны танып – талдау әдістері мен жолдары. Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, модельдеу, бақылау, салыстыру, жіктеу, т.б.). Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар.Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы. Қазақ тілін оқыту әдістері. Жекелеген тақырыптардан туындайтын әдістер. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрету әдістері. Тіл бірліктерінің семантикалық болмысын таныту әдістері.
Пәннің міндеті –
- Оқытудағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны.
- Қазақ тілі бағдарламасы.
- Қазақ тілі оқулығы.
- Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
Студенттер «Қазақ тілін оқыту әдістемесін» оқуы барысында қазақ тілі мұғаліміне тән іскерліктерді қалыптастырады. Олар мыналар :
-мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі ;
-сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын , физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу іскерлігі;
- әрбір қазақ тілі сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;
- қазақ тілінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшелітерін байланыстыра оқыту іскерлігі ;
- қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эмпириалдық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
- оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсын меңгеруі барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқу барысында қалыптастыру бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
2 Пререквизиттер
- Тіл біліміне кіріспе.
- Педагогика
- Мәдениеттану.
- Психология
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№ р/с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
дәріс-тер
|
практи-калық (сем)
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесі –дербес ғылым саласы.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
2
|
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
әдістемесі.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
3
|
Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
4
|
Фразеологияны оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
5
|
Сөзжасамды оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
6
|
Грамматиканы оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
7
|
Морфологияны оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
8
|
Синтаксисті оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
9
|
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
10
|
Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
11
|
Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
12
|
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
13
|
Орфографияны оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
14
|
Пунктуацияны меңгерту әдістемесі.
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
15
|
Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі
|
1
|
1
|
-
|
-
|
-
|
4
|
БАРЛЫҒЫ :
|
15
|
15
|
-
|
-
|
-
|
60
|
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - дербес ғылым саласы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның зерттеу нысаны мен пәні.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері.
2-тақырып.Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі.
Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар.
3-тақырып. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі.
Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегілексиканы және аралық деңгей фразиологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс –тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары.
4-тақырып. Фразеологияны оқыту әдістемесі.
Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту.Фразеологияның жасалу жолдары.
5-тақырып. Сөзжасамды оқыту әдістемесі.
Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға игерту. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.
Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер.
6-тақырып. Морфологияны оқыту әдістемесі.
Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы.
Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытуды
синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы.
7-тақырып. Синтаксисті оқыту әдістемесі.
Синтаксис- грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі.Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары – сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі.
Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік тіркесімділік пен лексикалық тіркесімділік ұғымы. Синтаксистік талдау және оны жүргізу логикасы.
8-тақырып. Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.
Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі.Сөз тіркесінің сыртқы белгілерін меңгерту –сөз тіркесінен білім беру екендігі.Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, байланысу түрлері.Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айырта алуға үйрету. Сөз
Тіркесін талдау логикасы.
9-тақырып. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.
Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық – мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жай сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемді талдау.
10-тақырып. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.
А.Байтұрсынұлының жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан талдау. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау.Сөйлем жасалымындағы сөлем мүшелерінің орын тәртібінің комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі .
11-тақырып. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.
Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құр-
малас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.
12-тақырып. Орфографияны оқыту әдістемесі.
Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.
13-тақырып. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі.
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
14-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі.
Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, щығарма жазу әдістемелері.
15 – тақырып. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі
Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стил және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.
4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
|
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесі –дербес ғылым саласы.
|
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері және басқа ғылымдармен байланыстылығы. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері.
|
2.
|
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
әдістемесі.
|
Мектепте фонетиканы оқытудан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Оқушылардың орфоэпиялық және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
|
3.
|
Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі
|
Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексиканы оқытуда көренкілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырылуы тиіс машық – дағдылар.
|
4.
|
Фразеологияны оқыту әдістемесі.
|
Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.
|
5.
|
Сөзжасамды оқыту әдістемесі
|
Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.
|
6.
|
Грамматиканы оқыту әдістемесі
|
Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту грамматикалық қателіктерді болдырмау үшін алдын – ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканың ролі. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.
|
7.
|
Морфологияны оқыту әдістемесі.
|
Морфологияны оқытудың практикалық маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.
|
8.
|
Синтаксисті оқыту әдістемесі
|
Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік талдау түрлері.
|
9.
|
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі
|
Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі.
|
10.
|
Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
|
Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемді талдаудың діс – тәсілдері.
|
11.
|
Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.
|
Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін игертуде қолданылатын әдіс – тәсілдер. Сөйлем мүшелерінің орны тәртібінің, кондинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.
|
12.
|
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.
|
Құрмалас сөйлемнің құрылымдық - мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.
|
13.
|
Мәтінді оқыту әдістемесі.
|
Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі.
|
14.
|
Орфографияны оқыту әдістемесі
|
Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық талдау, орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
|
15.
|
Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
|
Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
|
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағатқа шаққандағы көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
15
|
2
|
Практикалық сабақтарға
дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
15
|
4
|
Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру
|
Конспект
(және т.б.)
|
Коллоквиум
(және т.б.)
|
20
|
7
|
Бақылау шараларына дайындалу
|
|
1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.
|
10
|
Барлығы:
|
60
|
4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1.А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» кітабын талдау Т. Шонанұлының әдістемелік мұрасымен танысу, С.Аманжоловтың, Қ.Жұбановтың, Қ.Басымовтың, Ш.Сарыбаевтің әдістемелік мұраларын талдау.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер.
2. Қазақ тілінің бағдарламасы. Бағдарламаның құрылымы мен түрлері. Қазақ тілі бағдарламаларының даму жолдары.
Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-100 беттер; [9], 1-96 беттер.
3. Қазақ тілі оқулықтары. Оқулық теориясы. Оқулықтың ішкі құрылымдық – жүйелік мазмұнына талдау жасау, жаңа буын оқулықтарымен танысу.
Ұсынылатын әдебиет: [8], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
4. Оқу - әдістемелік кешен. Оқу - әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары. Қосымша оу құралдары және олардың қолданылуы. Дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану. Диафильм, үлестірме кесте ағаздары, жинақтар, көрнекіліктер, техникалық құралдар жүйесі.
Ұ¦сынылатын әдебиет: [3], 6-89 бет.
5. Қазақ тіл сабақтары. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері. Қазақ тіл сабақтарының құрылымы. Қазақ тілі сабақтарының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.
Ұсынылатын әдебиет: [7], 1-200 бет.
6. Жазба жұмыстарын жүргізу. Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар. Диктантты жүргізу әдістемесі. Диктантты тексеру, бағалау нормалары.
Ұсынылатын әдебиет. [1], 1-16 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер
7. Қайталау сабақтары. Қайталауды жүргізу әдістемесі, жинақтай қайталау, күнделікті қайталау, теориялық материал мен практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау.
Ұсынылатын әдебиет. [5], 35-200 бет.
8. Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Сабақтан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс – тәсілдер жүйесі, олардың мақсаты мен міндеттері. Үйірме жұмыстары, олимпиада, (арнаулы курстар).
Ұсынылатын әдебиет. [16], 9-105 бет.
Реферат жұмыстарының тақырыптары
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мазмұны.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.
Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.
Қазақ тілін оқыту формалары мен түрлері.
Қазақ тілінің практикалық сабақтары.
Қазақ тілі сабағында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Модульдік технология.
Бағдарламалық және дистанциялық оқыту технологиясы.
Дебат технологиясының ерекшеліктері.
Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта оқыту.
5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуацмясының методикасы. – А. Мектеп, 1974
Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995
Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1965
Әдбікәрімова Т. Әбдіғалиева Т. Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар – А. Ана тілі, 1999
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – А. 1992
Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту –А. Мектеп, 1982
Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001
Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі – А, 1995
Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993
Катембаева Б, Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.- А. Мектеп 19975
Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991
Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000
Ломизов А. Выразиельное чтение при изучении синтаксиса и пунктуации М.1986
Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері –А. Мектеп, 1959
Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001
Рахметова Р. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. – А. 2003
Қосымша:
17. Зейманова Л.М. Нагляность в преподавании русского языка М. 1984
18. Напольнова Т. Активизатция мыслительной деятельности учащихся на уроках русского языка М. 1983
19. Панов В. Типы и структуры о уроков русского языка М. 1986
Мамандықтың (тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
050205 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының (тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы - Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Оқу нысаны
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестр бойынша бақылау түрлері
|
Семестр
|
Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі
|
кре-дит-тер
|
академиялық сағат
|
кре
дит
тер
|
аудиториялық сабақ
(ак. сағат)
|
СӨЖ
(ак. сағат)
|
бар-лығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
емт
|
сын
|
КЖ-а
|
КЖ-с
|
бар-
лығы
|
дәр
|
пр.
|
зертх
|
бар
лы
ғы
|
СОӨЖ
|
ЖОБ негі-зіндегі күндізгі
|
2
|
90
|
30
|
60
|
7
|
-
|
-
|
-
|
7
|
2
|
90
|
15
|
15
|
-
|
60
|
15
|
Кафедра меңгерушісі ______ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «___» ________
(қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |