3-сабақ
1. Тақырыбы: Донорлық. Мейірбикенің құжаттарды толтырылуы.Қан кету синдромы бар науқастарды операцияға дайындау принциптері ( су – электролит баллансының, қышқыл–сілтілі тепе–тендіктің бұзылуын, қансыраудың қабынуын коррекциялау). Операциядан кейінгі кезеңнің ерекшелігі.
2. Мақсаты: Студенттерді қан құю тәртібімен және қолданылатын бұйрықтармен, гемотрансфузия құжаттарымен, № 666 – мен таныстыру. Қан кету синдромы мен науқастардың операция алды дайындығын студенттерге оқытып үйрету. Су-электролит балансы бұзылуының және қышқыл-сілтілік тепе-теңдіктің коррекциясын үйрету. Жоғалтқан қанның орнын толтыруды, операциядан кейінгі күтімнің ерекшелігін оқытып үйрету.
3. Тапсырма:
- Гемотрансфузия бойынша негізгі бұйрықтармен таныстыру.
- Донорларға қойылатын негізгі талаптар және дайындық
- Қан тобын стандартты изогем агглютинерлеуші сары сулар көмегімен цоликлон анти – А және анти – Б көмегімен резус факторды анықтау, қан құюға қанның жарамдылығын анықтау. Дағдыларын меңгеру.
- АВО жүйесі бойынша жеке сәйкестікті тексеруге сынама өткізуді үйрету.
- Жеке резус фактор сәйкестігіне сынама қоюды үйрету.
- Биологиялық сынама қоюға үйрету.
- Гомотрансфузия өткізуді, қаналмастырғылардың трасфузиясын үйрету, қан құю кезінде және қан құйғаннан кейін науқастарды бақылауды жүргізуді үйрету.
- Аурухана бөлімшелерінде кезекшілік кезінде қан құю әдістері мен тәсілдерінің машықтандыру дағдыларын меңгеру.
- Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентанция, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар мен ситуациялық сауалды өз бетінше құру
4. Орындау түрі:
- реферат
- презентация
- есеп құрастыру
- тесттер
- алгоритмдер құрастыру
- сырқатнама жазу
- рольдік ойындарға сценарий жазу
- пікір жазу және т.б.
5. Орындау критерилері:
1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.
2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) Көрнекі құралдар көмегімен трансфузияға қатысу уақытында есеп түзу (суреттер, слайд-презентациялар және т.б.), анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болу қажет.
4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан
1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 3 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
«қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
8. Әдебиет:
Негізгі:
С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.
Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.
Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000
Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.
Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр.
Қосымша:
1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.
2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.
3. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела в 2-х частях.-М.? Исток,1996-98.
4. Профилактика внутрибольничных инфекций. Руководство / Коллектив авторов под ред. Е.П.Ковалевой, Н.А.Семиной.-М.: ТОО,Рарочъ,1993.
5. Роч Д., Болдуин М. Сострадание с компетентностью и смирением, английский хоспис,1994.
Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)
Тесттер:
1. Қан құюдан алдын өткізілетін сынамалардың кезектілігін атаңыз:
1. алдымен донор қан тобын анықтау, одан кейін рецепиент тобын анықтау
2. биологиялық сынама өткізу
3. АВО жүйесі бойынша жеке қан тобын тексеру
4. донор және рецепиенттің резус факторын анықтау
5. резус факторы бойынша жеке сәйкестікті анықтау
2. Науқасқа сәйкес келмеген қанды құю барысында реакция пайда болды. Не істеу қажет?
1. қан құюды жалғастыру
2. аллергияға қарсы препараттарды енгізу
3. қан құюды тоқтату
4. қан орнын басушы препараттарды құю
5. плазманы енгізу
3. Оң резусты науқасқа теріс резусты қанды құю:
1. мүмкін емес
2. мүмкін
3. бір рет мүмкін
4. көрсетілім бойынша
5. аз мөлшерде құюға болады
4. Жедел қан жоғалтқанда қан құюдың қай әдісі жиі қолданылады:
1. көк тамырға
2. сүйек ішіне
3. еңбекке
4. бұлшық етке
5. артерия ішіне
5. Бірінші қан тобында қандай аглютиноген және аглютинин болады?
1. АВ
2. ав
3. Ва
4. Ав
5. Вв
6. Қан құюға абсолют көрсетілімді атаңыз:
1. интоксикация
2. организмнің қорғаныс қызметінің күшеюі
3. жедел қан жоғалту
4. азып-тозып кеткенде
5. қан ауруларында
7. Теріс резусты науқасқа оң резусты қанды құю:
1. болады
2. болмайды
3. бір рет болады
4. тек қана көрсетілім бойынша
5. аз мөлшерде болады
8. 1, 2, 3 қан тобын кім және қашан ашқан?
1. 1889 ж, Соловьев.
2. 1907 ж, Янский.
3. 1901, Ландштейнер.
4. 1914 ж, Оттемберг.
5. 1934 ж, Юдин.
9. 4-ші қан тобын кім және қашан ашқан?
1. 1919 ж, Шамов.
2. 1907 ж, Янский.
3. 1920 ж, Бландель.
4. 1926 ж. Богданов.
5. 1832 ж, Вольф.
10. Қан құюға кері көрсетілім:
1. коллапс
2. іріңді интоксикация
3. бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы
4. шок
5. асқазанның жара ауруы
11. Қан консерванты болып табылады:
1. физиологиялық ерітінді
2. 20 %-ды глюкоза
3. гипертониялық ерітінді
4. натрий хлориді
5. калий хлориді
12. Қан стабилизаторы болып табылады:
1. натрий хлориді
2. калий хлориді
3. гипертониялық ерітінді
4. физиологиялық ерітінді
5. натрий цитраты
13.Үлкен адамдарда судың жалпы көлемі дене салмағының қанша пайызын құрайды?
40 пайызын
50 пайызын
60 пайызын
80 пайызын
30 пайызын
14. Қалыпты жағдайда үлкен адамдарда айналымдағы қан мөлшері (дене салмағының мл кг) құрайды:
1. 50 – 60
2. 60 – 70
3. 70 – 80
4. 80 – 100
5. 100 – 120
15. Қалыпты жағдайдағы үлкен адамдардың тәуліктік судың қажеттілігі:
1. 100 (мл/кг)
2. 80 (мл/кг)
3. 60 (мл/кг)
4. 40 (мл/кг)
5. 20 (мл/кг)
16. Калий жетіспеушілігінің белгілері болып табылады:
1. адинамия
2. команың даму қаупі
3. азқазан – ішек тракты перестальтикасының бұзылуы
4. жүйелі артериалдық қысымның төмендеуі
5. ЭКГ- ның өзгеруі
17. Негізгі буфер жүйесі болып табылады:
1. гемоглабилинді
2. ақуызды
3. карбонатты
4. плазмалы
5. фосфатты
18. Полиглюкинді енгізу кезінде пайда болуы мүмкін асқыну:
1. гипокоагуляция
2. анафилактикалық шок
3. өкпе ісігі
4. ми ісігі
5. бауыр жетіспеушілігі
19. Клиникада қышқыл – сілтілі жағдайдың мынадан басқа формаларын анықтауға болады:
1. тыныс алу ацидозы
2. метаболик ацдозы
3. тыныс алу алкалозы
4. метаболик алкалозы
5. гемоглабилинді ацидоз
20. Су балансы бұзылуының келесі формалары ажыратылады:
1. дегидратация және гипергидратация
2. дигидратация; изогидратация және гисоосмолярлы
3. гипергидратация; изогипергидратация және гисоосмолярлы
4. дигидратация; жасуша сыртында, жасуша ішінде және жалпы
5. гипергидратация; жасуша сыртында, жасуша ішінде және жалпы
21. Кристаллоидтар барлық қасиетке ие мынадан басқа:
1. жасуша сыртындағы сұйықтық жетіспеушілігінін жояды
2. жасуша ішіндегі сұйықтық жетіспеушілігінін жояды
3. гемодинамикалық әсерге ие
4. гемодилюцияны дамытады
5. оның құрамы плазма құрамына жақын
22. Жіті перитонитпен ауырған науқасқа электролиттер бұзылуын коррекциялау үшін құрамында мынадай заты бар келесі препарат тағайындалады:
1. калий
2. натрий
3. кальций
4. магний
5. темір
Ситуациялық сауалдар:
Науқастың қан тобын стандартты сары сулармен анықтауда О(1) және А(II) қан топтары мен агглютинация пайда болды. Науқаста қанның қай тобы?
Стандартты сары су көмегімен науқастың қан тобын анықтағанда ешқандай қан тобымен агглютинация болған жоқ..науқаста қанның қай тобы
Донормен рецепиенттің қан тобының жеке сәйкестігін анықтаған кезде агглютинация реакциясы байқалды. Сіздің іс-шараңыз?
Науқасқа қан құю кезінде биологиялық сынама өткізу барысында қалтырау, бел аймағында ауырсыну байқалды. Науқаста асқынудың қай түрі? Не істеу қажет?
Науқасқа қан құйғаннан кейін 6 сағат өткенде бел аймағында ауырсыну, қалтырап жаурау пайда болды. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Медбике флакондағы донордың қанын алған кезде сары суының алқызыл түске боялғанын байқады, бұл ненің белгісі және қанды құюға болады ма?
Науқасқа полиглюкинді тамшылатып енгізген кезде кеуде қуысының қысылуы, тыныс алудың қиындауы, беттің қызаруы, тахикардия пайда болды. Бұл не болуы мүмкін? Медбике қандай кателік жіберді?
Бұғана асты көк тамырына гемотрансфузия өткізу барысында медбике 10 минутқа басқа науқасқа шығып кетті, келген кезде флаконның және жүйенің босап қалғанын көрді. Науқастың жағдайы кететтен ауырлады: дененің жоғары аймағының көгеруі, АҚ-ның төмендеуі, науқаста қозу пайда болды. Науқаста қандай асқыну пайда болды. Медбикенің қателігі. Бұл асқынудың алдын алу шарасы?
Науқасқа қан құю барысында бас ауруы, дене қызуы, ыстықтау сезімі пайда болды. Науқаста асқынудың қай түрі? Медбикенің қателігі. Бұл асқынудың алдын алу шарасы?
Қан тобын анти-А және анти-В цолоиклондарымен анықтаған кезде анти-В цоликлонымен агглютинация пайда болды. Науқаста қанның қай тобы?
С. атты 30 жастағы науқас сопор түрінде клиникаға келіп түсті. Анамнезінен науқас наркотик қабылдайды. Объективті тексергенде сол қолының нығыз ісігі көзге түседі. Анурия байқалады, лабораториялық тексеруде плазма калийі 7,6 м/моль л. Электролитті баланс бұзылуының себебін анықтау, диагностика өткізу және интенсивті терапияны тағайындау.
60 жастағы С атты науқас жайылған іріңді перитонит бойынша лапаротомия жасалған. Температурасының 40 °-қа көтерілуі ерекше көңіл бөледі. Инфузионды – трансфузионды терапия мөлшерін және толық парентеральді қоректендірудің көлемін есептеу қажет.
К атты 60 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне асқазан – ішек трактынан өңеш тамырларының варикоз кеңеюінен және бауыр циррозынан қан кету бойынша келіп түсті. Лабораториялық тексеру бойынша Қ.С.Ж мәліметі бойынша декомпенсирленген метаболикалық ацидоз анықталады. Ацидоздың себептерін атау және интенсивті терапия жүргізу.
М атты 40 жастағы науқасқа асқазан жара ауруы бойынша асқазанға резекция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде анық ішек парезі, метеоризм, қуықтың атониясы пайда болды. Диагностиканың әдістерін және интенсивті терапияның бұзылуының себептерін анықтау.
4-сабақ
1. Тақырыбы: Қаналмастырғылар. Химиялық құрамы бойынша жіктеу және олардың тағайындалуы. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі сынамалар. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі қабынулар, олардың алдын–алу және емдеу. Тері және тері асты тін қабатының іріңді қабыну ауруларының алдын алу. Науқастардың күтімі.
2. Мақсаты: Гиповолемияның заманауи инфузионды – трансфузионды коррекциясын, кристаллоидті қаналмастырғылардың фармакологиялық сипаттамасы, олардың асқынулары, алдын алу және емдеу. Қаналмастырғыларды құю кезінде сынама қоюды үйрету. Терінің және тері астының іріңді ауруларының күтімінің ерекшелігін олардың алдын алу әдістерімен оқытып және таныстыру.
3. Тапсырма:
- жіті және созылмалы хирургиялық инфекцияның жіктелуі
- бөлек жергілікті іріңді аурулардың сипаттамасы: фурункул, карбункул, лимфангит, лимфаденит, абсцесс, флегмона.
- жіті және созылмалы іріңді аурулармен ауырған науқастардың күтім ерекшеліктері
- Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентанция, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар мен ситуациялық сауалды өз бетінше құру
4. Орындау түрі:
- реферат
- презентация
- есеп құрастыру
- тесттер
- алгоритмдер құрастыру
- сырқатнама жазу
- рольдік ойындарға сценарий жазу
- пікір жазу және т.б.
5. Орындау критерилері:
1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.
2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) Хирургия бөлімшесінде тері және тері асты қабатының іріңді ауруларын көруден кейін талдау және презентация түрінде басқа топтарға таныстыру
4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан
1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 4 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
«қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
8. Әдебиет:
Негізгі:
С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.
Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.
Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000
Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.
Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр.
Қосымша:
1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.
2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.
3. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела в 2-х частях.-М.? Исток,1996-98.
4. Профилактика внутрибольничных инфекций. Руководство / Коллектив авторов под ред. Е.П.Ковалевой, Н.А.Семиной.-М.: ТОО,Рарочъ,1993.
5. Роч Д., Болдуин М. Сострадание с компетентностью и смирением, английский хоспис,1994.
Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)
Тесттер:
1. Жараның жергілікті асқынуына тән:
1. жараның іріңдеуі
2. дене қызуының көтерілуі
3. қан қысымының көтерілуі
4. эритроциттердің азаюы
5. талма
2. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеуді ... жасайды.
1. 12 сағатқа дейін
2. бірінші сағатта
3. 6 сағаттан кейін
4. 24 сағаттан кейін
5. 48 сағаттан кейін
3. Жараларға тән белгі:
1. терінің бүтіндігінің бұзылуы
2. бұлшық еттердің бүтіндігінің бұзылуы
3. ішкі мүшелердің бүтіндігінің бұзылуы
4. сіңірлердің бүтіндігінің бұзылуы
5. сүйектердің бүтіндігінің бұзылуы
4. Жараның жергілікті белгісі:
1. ауырсыну, қансырау, жараның ашылып тұруы
2. жергілікті температураның жоғарылауы, анемия, ауырсыну
3. ісіну, талма, қансырау
4. терінің қышуы, қансырау, жүрек айну
5. жараның ашылып тұруы, ісіну, анемия
5. Жарақаттың ауырлығы ... байланысты.
1. жарақаттаушы заттың түріне, жара көлеміне
2. жарақаттанушының жасына
3. нервті – психологиялық жағдайына
4. нервтердің жарақаттанған көлеміне
5. жарақат алған аймаққа
6. Таңу бөмесі медбикесінің таңу кезінде киетін дәкелі бетпердесі болуы керек:
1. бір қабатты
2. екі қабатты
3. үш қабатты
4. төрт қабатты
5. бес қабатты
7. Хирургия бөлімшесі палаталарының ылғалдылығы мына шамада болуы керек:
1. 30 – 35%
2. 35 – 40%
3. 40 – 45%
4. 50 – 55%
5. 60 – 65%
8. Ауруханада хирургиялық бөлімше мына қабатта орналаспаған болуы керек:
1. 1 – ші қабатта
2. 2 – ші қабатта
3. 3 – ші қабатта
4. 4 – ші қабатта
5. соңғы қабатта
9. Хирургия бөлімшесіндегі асептиканың негізгі принциптері:
1. бетперде тағу
2. операциядан кейінгі жарақатты ұқыпты өңдеу
3. операциядан кейінгі науқастарға антибиотиктерді қолдану
4. «Таза және іріңді» науқастарға бөлу
5. медицина қызметкерлерінің жоғары білімділігі
10. Таза жараға тән емес белгі:
1. жара жиектерінің қызаруы
2. ауырсыну
3. жараның ашылуы
4. қансырау
5. ісіну
11. Көк іріңді таяқшамен инфекцияланған жараны емдеуде ... қолданған тиімді.
1. бор қышқылын
2. салицил қышқылын
3. этазол
4. пенициллин
5. протеолиттік ферменттер
12. Іш құрсағына енген жара деп ... жарақаттанғанды айтады.
1. периетальді қабаты
2. май қабаты
3. висцеральді
4. тері
5. бұлшық ет
13. Инфузионды терапия әдісімен емдеу аталады:
1. су, тұз және қоректік заттарды асқазан – ішек трактының қатысынсыз немесе парентеральді енгізу
2. су, тұз және қоректік заттарды энтеральді жолмен енгізу
3. қан және оның компонеттерін құю
4. жоғары молекулярлы препараттарды енгізу
5. плазма және плазма орнын басушы препараттарды енгізу
14. Инфузионды терапияның мақсатына жатады мынадан басқа:
1. жоғалтқан судың, айналымдағы қан мөлшерінің орнын толтыру
2. гемоглабинді толтыру
3. улы заттарды ыдырату жолындағы дезинтоксикация
4. тұзды және қышқыл – сілтілі бұзылу жағдайын қалыптастыру
5. коллоидті – осмотик қысымды коррекциялау
15. Оттегі тасымалдаушы ерітінділерді атаңыз:
1. реоглюман, макродекс
2. перфторан, геленпол
3. лактосоль, квартасоль
4. реомакродекс
5. дисоль
16. Гемодез қан орнын басушы препараттар тобына жатады:
1. кристаллоидтар
2. қышқыл сілтілі жағдайдың регуляторы
3. дезинтоксикационды
4. оттегі донаторы
5. дегидратационды
17. Қышқыл – сілтілі және ВЭБ регулятор топтарының препараттарын атаңыз:
1. полиамин
2. перфторан
3. лактосоль
4. мокродекс
5. реомокродекс
18. Гемодинамикалық қаналмастырғылар тобының дәрісін атаңыз:
1. реополиглюкин
2. липофундин
3. полифер
4. гемодез
5. мокрадекс
19. Парентеральді енгізілетін қоректік заттарды атаңыз:
1. гемодез
2. липофундин
3. полиглюкин
4. реополиглюкин
5. дисоль
20. Плазмаалмастырғы препараттар бөлінеді мынадан басқаға:
1. кристаллоидты инфузионды ерітінділер
2. коллоидты инфузионды ерітінділер
3. парентеральді қоректенуге арналған ерітінділер
4. қан компоненттері
5. плазмаалмастырғы
21. Кристаллоидты ерітінділерге жатады:
1. натрий хлориді, калий хлориді, кальций хлориді, магний сульфаты, натрий гидрокарбонаты, дисоль, трисоль
2. рефортан, стабизол, инфукол, полиглюкин
3. реополиглюкин, желатиноль, реоглюман
4. гемодез, энтеродез, полидез
5. майлы эмульсиялар
22. Дезинтоксикацияға қарсы дәрілер:
1. натрий хлориді, калий хлориді, кальций хлориді, магний сульфаты, натрий гидрокарбонаты, дисоль, трисоль
2. рефортан, стабизол, инфукол, полиглюкин
3. реополиглюкин, желатиноль, реоглюман
4. гемодез, энтеродез, полидез
5. майлы эмульсиялар
23. Коллоидті дәрілер:
1. натрий хлориді, калий хлориді, кальций хлориді, магний сульфаты, натрий гидрокарбонаты, дисоль, трисоль
2. рефортан, стабизол, инфукол, полиглюкин
3. реополиглюкин, желатиноль, реоглюман
4. гемодез, энтеродез, полидез
5. дұрысы 2 мен 3
Достарыңызбен бөлісу: |