|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
ФГЗ және химия кафедрасы
|
044 -52/15-(7 )
10 беттің -беті
|
«Дәрілік ресурстану» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
|
қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИка академияСЫ
ФГЗ және химия кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор
________Анартаева М.У. « » 2013 ж
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Дәрілік ресурстану»
Пән коды:
Мамандық: 051103 - «Фармация»
Оқу сағатының көлемі
(кредиттің) 90
Курсы 5
Семестрі 9
2013 ж
«Дәрілік ресурстану» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы ФГЗ және химия кафедрасында 051103 «Фармация» мамандығына құрастырылған
Жұмыс бағдарламасы ФГЗ және химия кафедрасының мәжілісінде қайта талқыланды
Хаттама № 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., проф. Патсаев Ә.Қ.
Теориялық пәндердің желілік әдістемелік комиссиясында қаралды
Хаттама № ____ «____»_________2013 ж.
Төрағасы, х.ғ.д., проф. Патсаев Ә.Қ
Әдістемелік Кеңесте мақұлданды
Хаттама № ____ «____»_________2013ж.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер ресурстануы - өсімдіктердің жабайы өсетін түрлерінің қорын, олардың таралуын, дайындауды ұйымдастыру сұрақтарын, олардың тиімділігі мен нақты бір дәрілік өсімдіктерді қорғауды зерттеуге арналған ботаника және фармакогнозия ғылымының бөлімі
2.2 Пәннің мақсаты:
Дәрілік өсімдіктер ресурстануын оқуда студенттерді медицинаға қажетті өсімдіктер әлемінің қорын жанжақты мобилизациялау, Қазақстан Республикасында шикізат алуға қолданылатын жаңа дәрілік өсімдік түрін оқып білуді қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
Студенттерді жабайы өсетін флора арасынан, тек препараттары терапевтік эффект және айқын фармакологиялық әсер көрсететін түрлерін анықтауға үйрету;
Медициналық тәжірибеге енгізу үшін ең перспективті дәрілік өсімдіктерді оқу және бірқатар мәселелерді шешу (өсімдіктің химиялық құрамын, ең маңызды биологиялық белсенді заттардың жинақталу динамикасын, сапалық және сандық құрамының орналасқан жері мен орта факторларына байланыстығын зерттеу);
Әрбір регион үшін дәрілік өсімдік қорын сандық бағалау, сонымен қатар кең таралған түрлерінің ірі массивін және дайындау нәтижесінде түрлерінің сиректеуі мен сирек түрлерін анықтау;
Студенттерді дәрілік өсімдіктерді тауарлық – ресурстық зерттеуге үйрету;
Дәрілік өсімдік шикізаттарды нормалау мен стандарттауды оқып білу;
Ең жоғары әсер етуші заттар құрамының популяциясын анықтау мақсатында химиялық таксация жүргізу;
Дәрілік өсімдіктерді дайындаудан кейін қайта қалпына келтіру жылдамдығын оқу, сонымен қатар өндірістік дамыған региондарда дәрілік өсімдіктердің таза экологиялық қорын анықтау.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент:
Білуге тиісті:
Пәнді, мақсатын, міндетін және оның провизордың болашақтағы кәсіби іс әрекетіне маңызын;
Ресурстанудағы негізгі түсініктерді, жабайы өсетін флора арасынан, тек препараттары терапевтік эффект және айқын фармакологиялық әсер көрсететін түрлерін анықтауды;
Ресурстанудың негізгі этаптарын. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу барысындағы қазіргі таңдағы ғылыми бағыттарын;
Дәрілік өсімдіктердің шикізат базасының сипаттамасын;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындауды ұйымдастыруды, дайындау ұйымдары мен олардың қызметін;
Дәрілік өсімдіктерді қорғау мен тиімді қолданудың мемлекеттік шаралар жүйесін;
Дәрілік өсімдік шикізаттарының табиғи қорын анықтаудың ресурстық зерттеу әдістерін;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын тиімді дайындаудың жалпы принциптерін және дәрілік өсімдіктердің табиғи, эксплуатациялық қорын қорғау іс шараларын;
Мәдени өсірілетін дәрілік өсімдік номенклатурасын, оларды өсірудің негізгі тәсілдерін;
Дәрілік өсімдік шикізаттарының жіктелу жүйесін (химиялық, фармакологиялық, ботаникалық, морфологиялық);
Ғылыми медицинада қолданылатын дәрілік өсімдіктердің таралуы мен өсетін жерлерін;
Биологиялық белсенді заттардың жинақталуы мен дәрілік өсімдіктердің шикізаттық массасының дамуына экологиялық факторлардың әсерін;
Медициналық тәжірибеде қолдануға рұқсат етілген дәрілік өсімдік шикізаттарының морфолого-анатомиялық белгілерін, кездесетін қоспаларды;
Табиғи биологиялық белсенді заттардың негізгі топтарын, олдардың физика-химиялық қасиеттерін, негізгі биологиялық белсенді заттардың биосинтез жолдарын;
Дәрілік өсімдік шикізаттарынан негізгі биологиялық белсенді заттарды бөліп алу әдісі мен тазалауды;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын биологиялық стандарттаудың негізгі әдістерін;
Шикізаттың сапа көрсеткіштерін және оларды анықтау әдістерін;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау, сертификаттау облысында жұмыс жасайтын мамандардың міндеттері мен құқықтарын;
Зауыттық өндірісте және фармацевтикалық тәжірибеде дәрілік өсімдік шикізаттарын қолдану формалары мен негізгі жолдарын;
Дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттарымен жұмыс жасауда техника қауіпсіздік ережесін.
Істей алуы тиісті:
Дәрілік өсімдіктерді морфологиялық белгілері бойынша тірі және гербарииленген түрлерінен анықтауды;
Дәрілік өсімдік шикізаттарының бүтін түрлерін сәйкес анықтауыш көмегімен анықтауды, оффиционалды жинақтардың құрамын анықтауды;
Шикізатты жинау, қабылдау, талдау кезінде бөгде өсімдіктердің қоспасын тани білуді, сонымен қатар кесілген, бүтін түрінде оны анықтауды;
МФ ХІ сәйкес дәрілік өсімдік шикізаттарын қабылдауды, талдауға қажетті сынама алуды;
Жабайы өсетін флора арасынан, препараттары терапевтік эффект және айқын фармакологиялық әсер көрсететін түрлерін анықтауды;
Медициналық тәжірибеге енгізу үшін ең перспективті дәрілік өсімдіктерді танып білуді;
Өсімдіктің химиялық құрамын анықтауды;
Маңызды биологиялық белсенді заттардың жинақталу динамикасын, олардың сандық және сапалық құрамының өсу жеріне және орта факторына байланыстылығын зерттеуді жүргізуді;
Әрбір регион үшін дәрілік өсімдік қорын сандық бағалауды, сонымен қатар кең таралған түрлерінің ірі массивін және дайындау нәтижесінде түрлерінің сиректеуі мен сирек түрлерін анықтауды жүргізуді;
Дәрілік өсімдіктерді дайындаудан кейін қайта қалпына келтіру жылдамдығын, шикізаттың сапасына антропогендік және географиялық факторлардың әсерін анықтауды;
Өндірістік дамыған региондарда дәрілік өсімдіктердің таза экологиялық қорын анықтауды.
Дағдыларын меңгеруі тиісті:
Әртүрлі өсу жерлері мен қоғамдастықтағы дәрілік өсімдіктерді сыртқы белгілеріне қарай анықтау. Анықтауышты пайдалану арқылы;
Дәрілік өқсімдіктерді мүмкін болатын қоспаларды ажырату;
Бұталы, ағаш, шөптесін өсімдіктер мысалында белгілі региондардағы жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер ресурсын анықтау әдістерін білу;
Дәрілік өсімдіктерді өсірудің негізгі әдістерін және оларды тәжірибеде қолдану;
Дәрілік өсімдіктердің табиғи ресурсын тиімді пайдалану жүйесін және оларды қорғау;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын кешенді-ресурстік зерттеу жүйесін;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын және өсімдік текті дәрілік заттарды стандарттау жүйесін;
Ресурстік зерттеудің мәліметтерін статистикалық өңдеу жүргізуді, эксплуатациялық қорды анықтауды, жылдағы мүмкін болатын дайындау көлемін;
Дәрілік өсімдік шикізаттарын және өсімдік текті дәрілік заттарды қабылдау жүргізуді, стандартты жағдайға келтіруді, талдауды, қайта өңдеуі, сақтауды, босатуды;
Ареалы шектеулі, Қызыл кітабқа енгізілген, сонымен қатар шикізат көзі дефицитті дәрілік өсімдіктерді зерттеу жүргізуді;
Бұта және ағаш, шөптесін, ТМД елдерінде интродуцияланған немесе кең және дәстүрлі мәденилендірілген шетелдік өсімдіктер флорасының шикізат қорын оқуды;
Экспортталатын дәрілік өсімдіктер немесе тағамдық, витаминдік, жабайы өсімдік жемістерін және техникалық өсімдіктер қорын оқуды жүргізуді;
Көптонналы және дефицитті дәрілік өсімдік шикізат түрлерін дайындауды ұйымдастыу үшін перспективті аудандарды анықтауды, іздеу барлық ареал бойынша жүргізіледі;
Аудан, облыс, аймақ немесе республика территориясында өсетін дәрілік өсімдіктердің барлық негізгі түрлерінің қорын немесе тек дайындау жүргізуге тиісті түрлерін есепке алуды;
Ірі өндіретін массивтерді таксация жасау үшін үлгілерін жинау және шикізат қорын анықтауды;
Әрекеттегі НТҚ бойынша сәйкес шикізаттарға химиялық таксацияны жүргізуді.
2.5 Реквизитке дейінгі: молекулярлы биология медициналық генетика негіздерімен, математика, биохимия, органикалық химия , ботаника, фармакогнозия негіздері
2.6 Реквизиттен кейінгі: фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармакология, фармакогнозия
Тақырыптық жоспар: әрбір сабақтың тақырыптары, формасы және ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік, оқытушының жетекшілігімен өз бетінше атқаратын, студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары)
Дәрістің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
|
|
№ 1 кредит
|
|
|
1
|
Ресурстану пәні, оның мақсаты және міндеттері, басқа географо-экологиялық пәндермен байланысы. Негізгі геоботаникалық және ресурстанулық түсініктер және оларды ресурстануда пайдалану.
|
Жалпы шолу
|
1
|
2
|
Қазақстан Республикасындағы ресурстанулық зерттеулердің перспективі және ресурстық зоналары
|
Жалпы шолу
|
1
|
3
|
Дәрілік өсімдіктердің қорын анықтаудың бірегей әдісі.
|
Жалпы шолу
|
1
|
4
|
Нақты алқапта және кілттік аймақ әдісімен дәрілік өсімдік шикізаттарының мөлшерін бағалау
|
Жалпы шолу
|
1
|
|
Барлық сағаты:
|
|
4
|
|
№ 2 кредит
|
|
|
1
|
Дәрілік өсімдік ресурсын тиімді пайдалану және оларды қорғау.
|
Жалпы шолу
|
1
|
2
|
Дәрілік өсімдік экологиясы. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасына экологиялық факторлардың әсері.
|
Жалпы шолу
|
1
|
3
|
Әртүрлі морфологиялық топтағы дәрілік өсімдік шикізаттарын жинаудың тиімді әдістері.
|
Жалпы шолу
|
1
|
4
4
|
Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау. МФ ХІ басылымында медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттардың Мемлекеттік Реестрі.
|
Жалпы шолу
|
1
|
|
Барлық сағаты:
|
|
8 сағ
|
Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
|
|
№ 1 кредит
|
|
|
1
|
Дәрілік өсімдік шикізаттарының табиғи қорын анықтау бойынша ресурстық зерттеу әдістері
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
2
|
Экспедицияалық ресурстанулық тексерулер. Тексеру этаптары.
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
3
|
Дәрілік шикізат қорын анықтау. Дәрілік өсімдіктердің алқабын және ауданын анықтау
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
4
|
Өнімділікті (шикізат қорының тығыздығы) анықтау. Есептік алаңдағы өнімділікті анықтау
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
5
|
Есептік алаңдағы жұмыс. Есептік алаң әдісін пайдалану арқылы өнімділікті есептеу.
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
|
Барлық сағаты:
|
10
|
|
№ 2 кредит
|
|
1
|
Моделді нұсқа бойынша өнімділікті анықтау және есептеу
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
2
|
Жобалық бүркеу бойынша өнімділікті анықтау және есептеу
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
3
|
Нақты алқапта қор мөлшерін анықтау және есептеу
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
4
|
Кілттік аймақ әдісі бойынша қор мөлшерін анықтау және есептеу
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
5
|
Мәліметтерді камералды өңдеу. Геоботаникалық сипаттама құру. Есеп жасау
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
6 6
|
Дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау.
|
Ауызша сұрау, ситуациялық есептер шығару
|
2
|
|
Барлық сағаты:
|
12
|
Студентің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сағат саны
|
|
Дәрілік өсімдіктерді ресурстанулық зерттеу. Қазақстан өсімдіктері және дәрілік өсімдіктердің таралуы
|
Рефераттар
Тақырып бойынша глоссарийлер
Тесттік тапсырмалар құрастыру
Ситуациялық есептер дайындау (кейс-стади)
Кроссвордтар
Постерлі баяндама
Тақырып бойынша эссе
Кластерлер, Презентациялар
Ғылыми-танымал статьялар, оригиналды басылымдар талдауы
Ғылыми басылымға шолу, Тақырыптық альбом, Портфолио және т.б
|
4
|
|
Фитоценоз, Фитоценоз құрылысы. Фитоценоздың жіктелуі.
|
4
|
|
Өсімдік жабынының динамикасы.
|
4
|
|
Дәрілік өсімдіктерді картаға түсіру
|
4
|
|
Шөптесін өсімдіктер мысалында белгілі аймақтың жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдісі.
|
4
|
|
Ағаштық өсімдіктер мысалында белгілі аймақтың жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдісі.
|
4
|
|
Бұталық өсімдіктер мысалында белгілі аймақтың жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдісі.
|
2
|
|
Дәрілік өсімдіктерді өндірудің негізгі тәсілдері және оны тәжірибеде қолдану. Жаңа дәрілерді анықтау әдістері
|
4
|
|
Дәрілік өсімдіктердің табиғи ресурсын тиімді пайдалану жүйесі және оны қорғау. Қазақстан Республикасындағы қорықтар мен заказниктер
|
4
|
|
Қызыл кітапқа енгізілген ареалы шектеулі дәрілік өсімдіктер, сонымен қатар тапшы шикізат көздерінің - түрлері.
|
4
|
|
Әртүрлі қоғамдастықтағы және өсетін жерлердегі дәрілік өсімдіктерді сыртқы белгілеріне қарай анықтау
|
4
|
|
Дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау. Дәрілік өсімдік шикізаттарын жинау, кептіру, сақтау ережелері.
|
4
|
|
Дәрілік өсімдік шикізаттарын қайта өңдеу.
|
4
|
|
Дәрілік өсімдік текті заттарды стандарттау. Ұсақталған, кесіп-престелген, брикеттелген шикізаттардың сапасына Мемлекеттік Фармакопеяда қойылатын талаптар.
|
4
|
|
Қазақстан Республикасынның өсімдік ресурстарын оқу облысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары
|
2
|
|
Аралық бақылау, 7-ші аптада
|
Тесттік тапсырмалар, әңгімелесу
|
2
|
|
Аралық бақылау, 15-ші аптада
|
Тесттік тапсырмалар, әңгімелесу
|
2
|
|
Барлық сағаты:
|
|
60
|
Ескерту *: Аралық бақылау : СӨЖ, тәжірибелік сабақ, дәріс тақырыптары бойынша коллоквиум
2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері: (шағын топтарда жұмыс жасау, ситуациялық есеп шығару, жұппен жұмыс жасау, презентация, кейс-стади және т.б)
Дәрістер: жалпы шолу
Тәжірибелік сабақтар: ауызша талқылау, ситуациялық есептер шығару, шағын топтармен жұмыс жасау
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы: туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда белгіленген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, реферат және презентация дайындау, ситуациялық есептерді шығару, кестелермен, оқулықтармен жұмыс жасау, тесттік тапсырмаларды орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен, шағын топтарда жұмыс жасау, ағымдық бақылау жүргізіледі
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - әдебиеттермен жұмыс жасау, жаттығулар мен есептерді шығару, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау
2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:
Ағымдағы бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, тәжірибелік жаттығуларды, ситуациялық есептерді орындауын тексеру
Аралық бақылау – дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ тақырыптары бойынша коллоквиум
Қорытынды бақылау – емтихан, тестілеу түрінде жүргізіледі
Қосымша материалдармен қамтамасыз ету, жабдықтау:
Жабдықтар: комппьютерлер, мультимедиалық проектор, экран, интреактивті тақта
Қосымша материалдар: карта, линейка, қалам, сурет дәптер және т.б
2.10. Ұсынылатын әдебиет
Негізгі:
Государственная Фармакопея СССР, Х1 изд., вып 1. – М.: Медицина, 1988,1990, ( т.1, стр.252-265)
М.Қ.Кукенов. Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь-Шаня. 1989
М.Қ.Кукенов.Флавоноидосодержащие растения Юго-Востока Казахстана. 1984
Муравьева Д.А. Фармакогнозия. М.: Медицина, 2002.
Қазақстан биоресурстары. Оқу құралы. Н. Мұхитдинов, Алматы, Қазақ университеті, 2009 ж
Қосымша:
Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии. Учебное пособие. Под ред.И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. М., МИА, 2007
Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений СССР. Под ред. Шуран .1976.
Жұмыс бағдарламасын дайындағандар:
фарм.ғ.к., доцент Тоқсанбаева Ж.С.
аға оқытушы Серікбаева Т.С.
Достарыңызбен бөлісу: |