сандық түрде ұсынылған биологиялық факт (өлшеу) – бұл биологиялық нысан қасиетінің жеке сан, нұсқа немесе айнымалылардың мәні түрінде берілуі;
көп фактілердің жалпылама сипаттамасы (статистикалық бағалау) – бұл бір текті нысандардың немесе белгілердің қасиетін толық сипаттайтын параметрлердің және көрсеткіштердің есебі.
заңдылықтарды іздестіру (статистикалық болжамдар тексеру) – бұл салыстырып отырған жиындардың, нысандардың, олардың сипаттамаларының сыртқы және ішкі себептерге тәуелділігінің кездейсоқ еместігін дәлелдеу.
медициналық талдаулар үшін, классикалық статистикалық әдістерді қолдану;
медициналық талдаулар үшін, заманауы статистикалық әдістерді қолдану;
медициналық талдаулар үшін жаңа әдістер дайындау.
Биометрия негізі Фрэнсис Гальтоннан (1822-1911) басталады. Алғашқыда Гальтон дәрігер болғысы келген.
Бірақ Кембридж университетінде оқып жүріп, ол жаратылыстанумен, метеорологиямен, антропологиямен, тұқым қуалаушылық және даму теориясымен айналыса бастады.
1889 жылы жарық көрген тұқым қуалаушылық туралы кітабында алғаш рет biometry сөзі енгізілді.
Осы уақытта коррляциялық талдау негізі қаланды. Гальтон жаңа ғылымның негізін қалады және оған ат қойды. Бірақ оны ғылыми салаға математик Карл Пирсон (1857-1936) айналдырды. 1884 жылы Пирсон Лондон университетінде қолданбалы математика кафедрасын басқарды, ал 1889 жылы Гальтонмен және оның еңбектерімен танысты.
Пирсонның өмірінде ағылшын зоологы, биометрик, «Биометрика» журналының алғаш ұйымдастырушысы В.Уэлдон үлкен рөл атқарды. 1893 жылы Пирсон Уэлдоннын зоологиялық талдауларына көмектесе отырып, орташа квадраттық ауытқу және варияциялық коэффициент ұғымын енгізді.
1898 жылы Пирсон Гальтонның тұқым қуалаушылық теориясын математикалық тұрғыдан сипаттау үшін көп регрессиялық талдаудың негізін қалады.
1903 жылы Пирсон белгілердің кездесушілігі (сопряженности признаков) теориясын, ал 1905 жылы сызықты емес корреляция және регрессия негізін жариялады.
Биометрияның келесі даму кезеңі статистик Рональд Фишермен (1890-1962) байланысты.
Фишер Кембридж университетінде оқып жүргенде Г.Мендель және К. Пирсон еңбектерімен танысты.
1913-1915 жылы Фишер өңдіріс орынында статистик болып жұмыс жасады, ал 1915-1919 жылы орта мектепте физика, математика пәндерінен сабақ берді.
1919-1933 жылдарда Фишер Ротамстедтағы ауылшаруашылық тәжірибе станциясында статистик болып жұмыс істеді.
Содан соң 1943 жылға дейін Лондон университетінің профессоры, ал 1943 жылдан 1957 жылға дейін Кембридждегі генетика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Ол таңдамалылардың үлестірім теориясын, дисперсиялық және дискриминанттық талдау әдісі, тәжірибені жоспарлау теориясын, ең жоғарғы шындыққа ұқсас әдісі және заманауи қолданбалы статистика мен математикалық генетиканың негізін құрайтын көптеген теориялардың негізін салушы болып табылады.
Орташа шамалар туралы ұғымының негізін қалаушы белгия ғалымы А. Кетле статистикалық әдістерді биология, медицина және әлеуметтанудағы мәселелерді шешуде қолданды.
Кез келген статистикалық зерттеудің бірінші кезеңі талдау жасалатын нысанның немесе үрдістің айнымалыларының нақты шамалары жөнінде мәліметтер жинау.
Статистикалық берілгендерді жинау дегеніміз зерттелетін жиынтықтың элементтері туралы мәлімет алу үдерісі және олардың қасиеттері. Бұл берілгендер статистикалық өңдеу және талдау жасауға негіз болады.
Екінші кезеңі берілгендерді типіне талдау жасау.
Берілгендердің типтерін класификациялау
Берілгендердің негізгі типтері сандық және сапалық және мерзімі деп бөлінеді.
Сандық берілгендер – дискретті (үзілісті) және үзіліссіз болып бөлінеді.
Дискретті берілгендер – тек бүтін сан яғни бөлшек сан болуы мүмкін емес түрде алынған сандық берілгендер. Мысалы: балалар саны және т.б.
Үзіліссіз берілгендер – теориялық жағынан алғанда бөлшек бөлігі болуы мүмкін, үзіліссіз шкалада өлшегенде алынатын берілгендер. Мысалы: дене массасы, бойы, артериялық қысымы және т.б.
Үзіліссіз берілгендер аралық және салыстырмалы болып бөлінеді.
Аралық берілгендер – физикалық мәні бар, абсолюттік шамалары өлшенетін үзіліссіз берілгендердің түрі.
Салыстырмалы берілгендер – белгінің алғашқы күйіне салыстырғанда мәнінің өзгеру (өсу немесе кему) үлесі үзіліссіз берілгендердің түрі. Бұл берілгендер өлшемсіз шама немесе пайызбен өлшенеді.
Сапалық берілгендер – номиналды және реттеуші болып бөлінеді.
Номиналды берілгендер – өлшенбейтін категорияларды шартты түрде бейнелейтін код түріндегі (диогноз коды) берілгендер.
Реттік берілгендер – бір белгінің анық байқалу дәрежесін шартты түрде бейнелейтін (қатерлі ісік ауруларының кезеңі, жүрек талмасының дәрежесі және т. б.) сапалық берілгендердің түрі.
Бұлардың дискретті берілгендерден айырмашылығы аурудың белгісін өлшеу үшін пропорционалды шкалалардың болмауы.
Бинарлық (дихотомиялық) берілгендер – сапалық мәліметтердің ерекше түрі. Мүндай типті белгінің мүмкін болатын екі мәні бар (жынысы, қандайда бір ауру түрінің болуы немесе болмауы).
Берілгендердің ерекше түрі мерзімі болып табылады. Кейде олармен қандайда бір арифметикалық амалдар орындау (екі оқиғаның арасындағы осы оқиғалардың күндері бойынша абсолютті уақыт кезеңін есептеу) қажет болады.
Кейде жоғарыда келтірілген түрлердің дербес жағдайы болып табылатын берілгендердің кейбір ерекше дербес түрлерін бөліп қарастырады: шенін, ұпайлар, визуалды ұқсас шкалалар, цензуралы берілгендер және т.б.
Тереңдетілген статистикалық зерттеу жасаудан бұрын берілгендерге алдын-ала талдау жасау маңызды. Бұл кезеңде теріліп алынған берілгендерді сығу және жүйелеу үшін сызбалы әдістер қолданылады. Бұлар теріліп алынған берілгендерді ерекшелігін бағалау және ауытқуларды анықтау яғни алдағы уақытта талдау жасау үшін қажетті статистикалық әдістерді таңдауға мүмкіндік береді.
Дискреті берілгендер кесте түрінде, бағанды диаграмма, пиктограмма, шеңберлік диаграмма, нүкте суреттері бойынша беріледі.
Үздіксіз берілгендер топтастырылған таңдама, гистограмма, «жапырақты бұтақ» немесе «мұртты жәшік» диаграммасы, Лоренц қисығы және т.б. түрде берілуі мүмкін.
Аралас берілгендер шашырау диаграммасы түрінде берілуі мүмкін.
Берілгендердің сызба түріндегі әдістері.
Статистикалық берілгендері әртүрлі геометриялық фигура түрінде бейнеленген сызбаны диаграмма деп атайды.
Жиі қолданылатын диаграммалардың түрлері:
Құбыластардың жітілігінің (интенсивтілігі), қатынасының, көрнекілігінің, орташа немесе абсолютті шамаларының өзгеруін көрсеткіш ретінде бейнелейтін диаграмманы сызықты деп атайды.
Құбылыстардың өзгеруін уақыттың тұйық тізбегі (сөтке, апта, ай, жыл) ретінде бейнелеу үшін қолданылатын сызықты диаграмманың түрін радиалды деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |