Жұмыс бағдарламасы пән: Биологиялық статистика Пән коды: bio 3214 Мамандық: 5В110400- «Медициналық-профилактикалық іс»



жүктеу 12,01 Mb.
бет56/73
Дата19.01.2020
өлшемі12,01 Mb.
#27089
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73

Көпше регрессия – бұл у = f (x1, х2, …, хn) теңдеу түрі.

Нәтижелі белгі бірнеше аргументтен алынған функция деп қарастырылады, яғни факторлық белгілерден алынады.



6.Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Гланц С. Медико-биологическая статистика. Пер. с англ.-М.: Практика, 1998. - 459 с.

2.Ахметқазиев А.А, Кельтенова Р.Т. Математикалық статистика, Алматы «Эканомика», 2002

3. Бектаев Қ.Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан», 1991

4. Савилов Е.Д,Мамонтова Л.М идр.Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. – М. «МЕД пресс-информ», 2004.

5. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М:Изд РУДН, 2002.

6. Петри А., Сэбин К. Наглядная медицинская статистика /А. Петри, К. Сэбин; пер. с англ. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 168 с.


7. Бақылау:

  • Тесттер

10 Сабақ


1. Тақырыбы: Шендік корреляция. Спирменнің шендік корреляция коэффициенті. Statistica ортасында корреляциялық-регрессиялық талдау.
2. Мақсаты: клиникалық және фармацевтикалық зерттеулер кезінде корреляциялық талдау әдістерін қолдану. Statistica ортасында корреляциялық-регрессиялық талдауды жүзеге асыру.
3. Оқыту мақсаты: шендік корреляциялық тәуелділікті орнату дағдыларын, сонымен қатар клиникалық және фармацевтикалық берілгендерді өндеуде, Statistica ортасында корреляциялық-регрессиялық талдауды жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тәуелділікті бағалау үшін қандай жағдайда шендік корреляцияны қолданады?

  2. Ранжирование деген не?

  3. Спирменнің шендік корреляция коэффициенті қалай есептелінеді?

  4. Statistica бағдарламасының қандай модулінде Спирменнің шендік корреляция коэффициентін есептеуге болады?

  5. Statistica бағдарламасының қандай модулінде регрессиялық талдау орындалады?

  6. Statistica-да корреляциялық-регрессиялық талдау нәтижелерінің қорытынды кестесінде қандай мәлімет болады?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
жеке тапсырмаларды жазбаша орындау, Statistica10 компьютерлік бағдарламасының көмегімен статистикалық мәліметтерді өңдеу.


  • Тапсырма:

1 тапсырма.

Алынған мәліметтер бойынша (10.1 кесте) Спирмен коэффициентінің көмегімен баласының бойының «Y» әкесінің бойына «Х» тәуелділігін зерттеу.

10.1 кесте.


хi

180

172

173

169

175

170

179

170

167

174

yi

186

180

176

171

182

166

182

172

169

177


2 тапсырма.

Алынған мәліметтер бойынша (10.2 кесте) Спирмен коэффициентінің көмегімен «Х» логикалық есептерді шешуге кеткен уақытқа байланысты студенттердің ақыл-ой «Y» деңгейінің тәуелділігін зерттеу.

10.2 кесте.


хi(сек.)

154

123

120

213

200

187

155

100

114

115

107

176

143

111

yi

100

118

112

97

99

103

102

132

122

121

115

117

109

111


3 тапсырма.

Судағы кальций мөлшері және судың қатаңдығы көрсеткіштері үшін Statistica 10 ортасында корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізу керек. Қорытынды жасау. Алынған мәліметтер кестеде көрсетілген:



Судың қатаңдығы (градуспен)

Судағы кальций мөлшері (мл/л)

4

28

8

56

11

77

27

191

34

241

37

262


Задача 4.

Жыл айлары бойынша миокард инфарктімен ауыратындар және орташа айлық ауа температурасы көрсеткіштері үшін Statistica 10 ортасында корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізу керек. Қорытынды жасау.

Алынған мәліметтер кестеде көрсетілген:


Айлар

Айлар бойынша миокард инфарктімен ауыратындар

(10 000 мың. тұрғынға)



Ауаның орташа айлық температурасы

Қаңтар

1,6

-7,1

Ақпан

1,23

-7,7

Наурыз

1,14

-5,8

Сәуір

1,13

-4,1

Мамыр

1,12

+13

Маусым

1,02

+14,9

Шілде

0,91

+18,8

Тамыз

0,82

+15,6

Қыркүйек

1,06

+9,0

Қазан

1,22

+6,0

Қараша

1,33

-1,0

Желтоқсан

1,4

-7,7

  • Қысқаша теория

Клиникалық және фармацевтикалық құбылыстарды талдау кезінде әртүрлі шартты бағалауларға жиі жүгінуге тура келеді, мысалы шендерге, ал жеке белгілер арасындағы өзара байланысты параметрлік емес байланыстың коэффициенттерінің көмегімен өлшеуге болады.

Байланыстың параметрлік емес коэффициенттері:

- Спирменнің корреляциялық шені;

- Кендалдың «τ» (тау);

- Юлдың ассоциациясы;

- Пирсонның контингенциясы;

- Чупровтың түйіндесі;

- «γ» (гамма) және басқалар.



Ранжирование - бұл жоғары бағалау таңдау негізінде орындалатын зерттеу нысандарын реттеу рәсімі, ал шен бұл белгінің реттік нөмірінің, олардың шамасының өсу және кему ретінде орналасу мәні.

Шендік корреляцияның коэффициенті - әртүрлі белгілер бойынша берілген нұсқалардың шендер арасындағы байланысты өлшейтін коэффициент.

Спирменнің шендік корреляция коэффициенті – байланыстың тарлығының сандық белгісі сияқты сапалық белгісінде, егер олардың мәндерін белгінің өсу немесе кему дәрежесіне қарай реттеуге болатындай шарт орындалғанда анықтау үшін қолданады.

Спирменнің шендік корреляция коэффициенті мына формула бойынша есептелінеді: , мұндағы: n –жиынтық көлемі, xi-yi – «- нысанының шендер арасындағы айырмашылығы.

Спирменнің шендік корреляция коэффициенті [-1; 1] аралығында кез келген мәндерді қабылдайды.



Statistica 10 –ғы корреляциялық-регрессиялық талдау

Statistica бағдарламасында орындалатын корреляциялық-регрессиялық талдау Multiple regression (Көпше регрессия) модулінде жүргізіледі.



Модулдің жалпы тағайындалуы:

  • айнымалылар арасындағы байланысты көрсететін үлгіні құру;

  • алынған үлгінің маңыздылығын бағалау;

  • алынған үлгілері негізде тәуелді айнымалыларға қойылатын талап мәнін анықтау.

Айнымалылар арасындағы бір факторлы корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізейік: дизентериямен ауырғандар саны және судың сынаулар саны.

Multiple regression (Множественная регрессия) модулінің бастапқы панелі 10.1.суретте көрсетілген.

Open Data (Открыть данные) батырмасы берілгендері бар файлды талдау үшін қолданылады.

Variables (Переменные) батырмасымен тапсырмаға сәйкес, Dependent (Зависимые) және Independent (Независимые) айнымалыларды көрсету қажеттігі болатын сұқбаттық терезе белсенді болады.

10.1 сурет. Multiple regression(Множественная регрессия) үлгісінің негізгі панелін толтыру.


жүктеу 12,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау