Тақырып 4. Мемлекеттік сатып алуларды конкурс әдісімен жүзеге асыру
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын конкурста соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
2) тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды не бірыңғай ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;
3) тапсырыс берушiнің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарының) тармақтарын жіберуі;
4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
7) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда жариялау;
8) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға электронды құжат нысанындағы өтінімдерін ұсыну және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
10) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
11) әлеуетті өнім берушілермен конкурсқа қатысуға арналған өздерінің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру;
12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайтадан қарау;
13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;
14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;
15) тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы;
7-тармақтың көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу кезінде, сондай-ақ конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.
11-тармақтың көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 48-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 6.
Қосымша әдебиеттер: 7, 10.
Достарыңызбен бөлісу: |