Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік сатып алулар»


Тақырып 2. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу



жүктеу 366,5 Kb.
бет5/19
Дата19.05.2022
өлшемі366,5 Kb.
#38687
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
УМК Мемлекеттік сатып алулар

Тақырып 2. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу
Әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
5) жұмыс тәжірибесінің болуы.
Осы 5-тармақтың талабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.
4-тармақта көрсетілген:
1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.
Айналысуы үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
Жоғарыда аталған біліктілік талаптары – әлеуетті өнім беруші өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріне беріледі.
Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтық түрде үштен екісінен аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге де қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.
Біліктілік талаптары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37, 38-баптарында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында және 42-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31, 50-баптарында және 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Негізгі әдебиеттер: 3, 4.
Қосымша әдебиеттер: 7, 9, 12.



жүктеу 366,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау