Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қр мжмбс 08. 258-2006 және


Адам физиологиясы (жалпы және жас ерекшеліктері)



жүктеу 0,58 Mb.
бет2/3
Дата06.01.2018
өлшемі0,58 Mb.
#7133
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

Адам физиологиясы (жалпы және жас ерекшеліктері)

010508 – Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э.Пфейфер

2010 ж. «___»___________

Құрастырушы: __________ аға оқытушы Шарипова А.К.

Биология және экология кафедрасы



Адам физиологиясы (жалпы және жас ерекшеліктері)
010508 – Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 5.08.258-2006 және 09.01.2006г. № 779 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілеген типтік бағдарлама негізінде әзірленген


2010ж. «11» 11 кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Ж.М. Исимбеков 2010ж. «___»_________

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010ж. “__” ______ №__ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ У.Д.Буркитбаева 2010ж. «___»_________



КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы ___________ К.К.Ахметов 2010ж. «___»_________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 2010ж. «___»_________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010ж. «___»______________ №____ хаттама




1 Целью дисциплины физиология человека является обеспечение будущих специалистов по физическому воспитанию и спорту необходимыми знаниями физиологических закономерностей развития организма и его возрастных особенностей в процессе мышечной деятельности.

Пәннің міндеттері:

- изучить общие закономерности жизнедеятельности и свойств, присущих клеткам, тканям, органам и системам организма;

- изучить ответные реакции на воздействия факторов внутренней и внешней среды;

- привить навыки по исследованию физиологических механизмов, обеспечивающих мышечную деятельность и повышающих функциональные возможности организма человека в процессе систематических занятий физической культурой и спортом с учетом возрастных особенностей;

- развить умения по оценке функционально-приспособительных возможностей организма к мышечной деятельности и пути их повышения;

- привить навыки и умения к самостоятельному проведению научно-исследовательских работ на лабораторных занятиях;

- развить умения по использованию знании о физиологических закономерностях развития систем организма при систематической тренировке по различным видам спорта с людьми разного возраста.
2 Пререквизиттер: валеология, анатомия спорттық морфология негіздерімен, дене шынықтыру және спорт түрлерін тәрбиелеу физиологиялық негіздері, дене шынықтыру және спорт биохимиясы
3 Постреквизиты: спорттық физиология, спорттық медицина, спорттық гигиена, емдеу дене шынықтыру
4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Лекции

Практ.

Лабор.

СРС

1

Введение










1

2

Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) және оның жастық ерекшеліктері

1







6

3

Вегетативті жүйке жүйесі ( ВЖЖ) және оның жастық ерекшеліктері

1







6

4

Жүйке бұлшық ет жүйесі және оның жастық ерекшеліктері










5

5

Талдағыштар жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

1







6

6

Жоғары жүйке қызметтері (ЖЖҚ) және оның жастық ерекшеліктері




1




6

7

Ерікті қимылдар және оның жастық ерекшеліктері

1







5

8

Қан және оның жастық ерекшеліктері







1

5

9

Қан айналымы және оның жастық ерекшеліктері




1




5

10

Тыныс алу және оның жастық ерекшеліктері







1

5

11

Aс қорыту, сыртқа шығару және оның жастық ерекшеліктері







1

6

12

Зат және қуат алмасу және оның жастық ерекшеліктері

1







5

13

Зат және қуат алмасу және оның жастық ерекшеліктері




1




6

14

Ішкі сөлініс бездері және олардың жастық ерекшеліктері

1







6

15

Әртүрлі жастағы адамдардың морфофункционалды ерекшеліктері










5

Итого по дисциплине:

6

3

3

78


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

1 Кіріспе

"Адам физиологиясы" (жалпы және жас) пәні. Адам физиологиясының мазмүны және басқа ғылымдармен байланысы; оқу-тәрбие жүмысындағы маңызы. Физиологиялық зертгеулердің әдістері. Адам физиологиясы дамуындағы негізгі кезендер. Қимыл әрекеті- ағзаның салауатты өмір салтының, жүмыс қабілеттілікті арттырудың, ұзақ өмір сурудің қажетті шарттары. Жалпы физиологиялық тусініктер. Қозгыш үлпалар физиологиясы. Қызметтер реттелулерінің механизмдері. Ағзаның даму кезендері. Тіршілік жагдайының балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, дамуына тшізетін әсері.



2 Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) және оның жастық ерекшеліктері

ОЖЖ- нің маңызы және жалпы қызметгері. Шеткі жүйке жүйесі. ОЖЖ- нің қызметі, қүрылымы және оның эволюция процесінде дамуы. ОЖЖ-і қызметінің рефлекторлы механизмі - рефлекс, рефлекторлық доға, кері байланыс (рефлекторлык шеңбер). Рефлекс түрлері. ОЖЖ-ін зерттеу әдістері.

Нейрон-жүйке жүйесінің күрылымдык және қызметтік бірлігі. Нейрондар қызметінің жалпы сипаттамасы (қабылдау,талдау,хабарларды өткізу). Нейронның түрлері: афференті, аралық және эфференті. Жүйке жасушасының мембрандық потенциалы (тыныштык күй және әрекет потенциалы). Қоздырғыш және тежегіш синапстар, олардың нейрон импульсі жауабы пайда болуындағы маңызы. Жүйке талшығы бойымен импульстердің өту механизмі. Хабарды берудегі жүйке импульстерінің маңызы. Жүйке орталықтары арқылы қозудың өту ерекшеліктері (бір бағытты өткізу, баяу өткізу, қозудың жинақталуы, тасымалдануы және ырғақ шарттары).

ОЖЖ-і кызметінің үйлесімділігі. И.М. Сеченовтің ОЖЖ- гі тежелу процесін ашуы. Тежелу процесінің үйлестігі және қорғаныстық маңызы. Тежегіш нейрондар және медиаторлар. Тежелу түрлері: пресинаптикалық (синапсқа дейінгі),постсинаптикалық (синапстан кейінгі) және қайтымды тежелу. ОЖЖ-гі импульстердің таралуы және өзара әрекеттесуі. Қозудың таралуы және жинақталуы. Реципрокты өзара қатынас. Жалпы соңғы жол (Ч.Шеррингтон). А.А. Ухтомскийдің доминанта туралы ілімі.

Жүлынның қызметтік қүрылымы және оның постнаталді кезендегі дамуы. Қимылдар және вегетативті қызметтер реттелуіндегі жүлын орталықтарының маңызы. Сопақша мидың қызметі, оның вегетативті және қимыл реакцияларындағы маңызы. Онтогенездегі мидың негізгі бөлімдерінің қалыптасуы және дамуы. Онтогенездегі мидың негізгі бөлімдерінің қалыптасуы және дамуы. Орталық мидың қызметтері, оның аңғару және бағдарлауды жүзеге асуына қатысы. Аралық мидың қызметі. Гипоталамус - вегетативті қызметтерді реттеудің жоғарғы қабықасты орталығы.

Ми бағанасының торлы қүрылымы (ретикулярлы формация), оның белсендіретін және тежейтін әсерлері. Мидың лимбиялық жүйесі, оның эмоция калыптасуындағы маңызы. Мишыктың қызметі, оның қимыл қызметін реттеудегі маңызы. Қыртыс асты ядролар қызметі (жолақ дене және солғын ядро).

ОЖЖ-нің жоғары бөлімі - мидың үлкен жарты шарлар қыртысы.Қыртыс аймақтары, электроэнцефалограмма. Қимыл кызметін реттеудегі ми қыртыс аймақтарының маңызы. Балалардағы жөне жас өспірімдердегі жүйке процестерінің бағдарлануы.

3 Вегетативті жүйке жүйесі ( ВЖЖ) және оның жастық ерекшеліктері

ВЖЖ-нің вегетативті қызметтер реттелуіндегі және ағзаның ішкі орта түрақтылығын сақтаудағы маңызы. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің қызметтік құрылымдары және қызметтері. Л.А.Орбелидің ВЖЖ-ң бейімделу — трофикалық қызметі туралы ілімі. Бүлшық ет жұмысын қамтамасыз етудегі ВЖЖ-і әрекетінің маңызы . Эмоциялар және ВЖК-і.

Зерттеудің негізгі әдістері. Электроэнцефалография. Адамның қимыл рефлекстерін (сіңір рефлекстері - тізе және Ахиллов); қорғаныс рефлектерін (коз жұму, тыныс алу) зерттеу.

4 Жүйке бұлшық ет жүйесі және оның жастық ерекшеліктері.

Жүйке бүлшық ет аппараты туралы түсінік. Тірек-қимыл аппаратының дамуы. Қаңқа бүлшық еттерінің қалыптасуы. Қимыл бірліктері (ҚБ)- жүйке бүлшық ет жүйесінің негізгі морфофункционалды элементтері. Бүлшық ет талшықтары, олардың түрлері (баяу және жылдам). Қозудың жүйке- бүлшық ет синапсы арқылы берілуі. Бүлшық ет талшығының жиырылу және босаңсу механизмі. Бүлшық ет жиырылуының күшін реттеу (белсенді ҚБ саны ырғақтық жиілігі, уақыт бірлігіндегі жеке ҚБ бүлшық ет талшықтарының жиырылуымен байланысы). Бүлшық ет қызметі қасиеттерінің оның кұрамына кіретін ҚБ тәуелділігі. ҚБ құрамының бүлшық еттің күш, жылдамдық сипаттамаларына және төзімділігіне әсері. Бүлшық еттің әртүрлі жиырылу тәртібіндегі әртүрлі ҚБ түрлерінің қосылуы. Бүлшық еттердің жиырылу кездеріндегі электрлік қүбылыстар (электромиография). Қаңқа бұлшық еттерінің тонусы. Бүлшық еттің оқшауланып және тетаникалық жиырылу тәртіптері. Жиырылудың изометрлік, изотониялык, және ауксотониялық тәртіптері. Бүлшық ет жүмысының статикалық және динамикалық түрлері. Динамикалық жүмыстың концентрлік және эксцентрлік түрлері. Қаңқа бүлшық еттерінің бастапқы ұзындығы және ширығуының мөлшері. Бүлшық еттің жиырылу күші мен жылдамдығы арасындағы тәуелділік. Тегіс бүлшық етгердің қызметтік қасиеттері, метаболизмінің еркешеліктері.



5 Талдағыштар жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

И.П.Павловтың талдағыштар туралы ілімі. Талдағыштар жүйелерінің биологиялық маңызы және негізгі қызметтері. Сенсорлық жүйенің дамуы. Рецепторлардың жіктелуі және қозу механизмі. Хабар тасымалдануының негізгі жолдары. Рецепторлардың тітіркендіру табалдырығы. Рецептордың бейімделуі. Талдағыштар жүйелерінің ми қыртыс деңгейі.



Көру талдағыштары. Рецепторлар, көру хабарының қабылданып алынылуы және ми қыртысына өткізілуі. Көру талдағышының негізгі қызметтік көрсеткіштері. Түсті көру. Көру есі, көздің іздеу қызметі. Қимылдарды басқарудағы көру сенсорлы жүйесінің маңызы. Көрудің балалар және жас өспірімдердегі ерекшеліктері.

Есту талдағыштары. Рецепторлар. Есту хабарын қабылдап алу және өткізу механизмі. Есту табалдырықтары, дыбысты сезіну жиілігінің диапазоны. Сөзді қабылдау.Спортпен шүғылдану кезіндегі есту талдағыштар жүйесінің маңызы. Онтогенездегі қүлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі болімдерінің қалыптасуы және дамуы. Балалар және жасөспірімдердің есту мүмкіншілігінің бүзылуының алдын алу.

Тепе-теңдік талдағыштары. Тепе-теңдік талдағышының рецепторлары және қабылдау механизмі. Тепе-тендік рефлекстері, тепе-тендік тұрақтылығы. Қимылды басқарудағы тепе-теңдік талдағыштарының маңызы. Тепе-тендік - моторлы; тепе-теңдік маңайлы; моторлы және тепе-тендік - вегетативтік рефлекстер. Тепе- тендік аппаратының дене күйі статикалық және статокинетикалық рефлекстердің пайда болуындағы маңызы.

Қимыл талдағыштары. Рецепторлар, хабарды қабылдап алу және ОЖЖ-не өткізу механизмі. Қимыл талдағыштарының ми қыртысындағы деңгейі және қимылды басқарудағы кері байланыстың маңызы. Висцералді, ауру, жанасу, иіс сезу және дәм сезу талдағыштары туралы түсінік. Сенсорлық жүйенің дене жаттығуларын орындаудағы үйлесімді әрекеті. Қимыл белсенділігінің проприорецептивті талдағыштар дамуын жетілдірудегі маңызы. Балалар мен жас өспірімдер сенсорлық жүйелерінің даму ерекшеліктері. Егде жастағы адамдардың талдағыштар жүйесі кызметінің (көру, есту, бұлшық ет сезімі, тері сезімталдығы) өзгеруі.

6 Жоғары жүйке қызметтері (ЖЖҚ) және оның жастық ерекшеліктері

ЖЖҚ-і туралы түсінікті анықтау. И.М. Сеченовтың ерікті қимылдар жөне психика табиғаты туралы материалистік көзқарастың қалыптасуындағы маңызы. И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі.

Шартты рефлекстердің сипаттамасы, олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы, бейімделу маңызы, шартты жоғары реттік рефлекстері. Шартты рефлекстер түзілуінің механизмі. Шартты талдағышты және қимыл рефлекстері. Бірінші және жоғары реттік шартты рефлекстер. Шартты рефлекстерді тіркеудің физиологиялық механизмдері. Ес, оның түрлері.

Шартты рефлекстердің тежелуі. Динамикалық стереотип, үйрену, тәлім — тәртіп қоршаған ортаға бейімделудің алғы шарты. Мотивация және эмоцияның физиологиялық механизмдері. Адамның күрделі кимыл әрекеттерінің қызметін үйымдастыру. Ми жүмысының принципі ретінде қызметті жүйе (П.К. Анохин) туралы түсінік. Н.И.Красногорский бойынша балалардың жоғары жүйке жүйесінің жіктелуі.

ЖЖҚ-ң типтері, сыртқы тежелудің балаларды дүрыс тәрбиелеудегі маңызы ішкі тежелудің балаларды оқуға, жазуға, қоғамдық тіршілікке тәрбиелеудегі маңызы.Невроздар. Бірінші және екінші сигналды жүйелері. Бас мидың қызметті ассиметриясы. Түс физиологиясы. Сезінудің, ықыластың, ойлаудың физиологиялық механизмдері. Ой әрекеттерін (Н.П. Бехтерев) кодпен хабарлаудың физиологиялық механизмдері. Еліктеудің, ойда сақтаудың және шартты рефлекстердің үйрену үшін маңызы. Мидың шығармашылық қызметінің жоғарғы формалары. Әртүрлі факторлардың әсерінен балалар мен жас өспірімдердің жоғары жүйке жүйесінің өзгерістері.

7 Ерікті қимылдар және оның жастық ерекшеліктері

Ерікті қимылдарды басқарудың негізгі принциптері. Қимыл актілерінің рефлекторлық табиғаты. Қимылды реттеудің көпдеңгейлі сипаты. Қимылдарды басқарудың қызметтік жүйесі. Дене қалпын реттеу. Дене қалпының адам қимыл әрекетіндегі маңызы. Ми бағанының әртүрлі бөлімдерінің дене қалпын және қимылдарын реттеудегі маңызы. Бәсендететін моторлы жүйелер, ми қыртысының афферентті әсерлерді, жұлынды рефлекстерді жөне қаңқа бұлшық еттері мотонейрондарының белсенділігін бақылау. Кері байланыстар маңызы және қозғалыс қимылдарын басқарудың кызметтік жүйесінің ерікті қимылдардың динамикалық және кинематикалық параметрлерін басқару. Қимылдарды басқарудағы ми шарлары қызметтік әрекетінің және басымдылығының маңызы. Қимылдарды сөзбен реттеу. Балалардың денесі және психикасы дамуындағы қимылдардың маңызы. Әртүрлі жас кезендеріндегі қимылдардың мәні.



8 Қан және оның жастық ерекшеліктері

Қан жүйесі. Қанның кұрамы және көлемі. Қан жүйесінің дамуы. Қанның қызметтері: тасымалдау, тыныс алу, қоректену, жылу реттеу. Су- түз тепе- тендігін және қышқыл — сілті күйін ұстап тұру, шығару, қорғаныс реттеу.

Қан құрамындағы жасушалар: эритроциттер, лейкоциттер,
тромбоциттер және олардың маңызы. Лейкоцитті формула. Қан
плазмасының физикалық- химиялық қасиеттері: меншікті салмағы,гематокрит, осмостық қысым, қышқылды- сілтілі күй, қанның буферлі жүйелері, коллоидты және суспензиялық қасиеттері, түтқырлығы. Қан топтары. Қанның ұюы.

Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальды реттелуі. Бүлшық ет қызметі кезіндегі қан өзгерістері: миогенді лейкоцитоз және олардың сатылары, эритроцитоз, миогенді тромбоцитоз. Қан жасушаларының түзілуі. Иммунитет туралы түсінік. Иммунитет түрлері, туа біткен және жүре пайда болған, жасушалық және гуморалды жасанды иммунитет жасау.



9 Қан айналымы және оның жастық ерекшеліктері

Қан айналымының маңызы. Жүрек тамыр жүйесінің қызметтік құрылымы. Жүректің дамуы.

Жүрек. Жүрек бұлшық етінің қызметтік ерекшеліктері. Жүрек
автоматизмі және өткізгіштік жүйесі. Жүректің электрлік қүбылыстары. Электрокардиограмма (ЭКГ). Жүректің жиырылу қызметі. Жүрек циклінің сатылы құрылымы. Жүрек соғу жиілігінің (ЖСЖ) динамикалық жүмыстың қарқынына,статикалық жұмыстың ауырлығы мен ұзақтығына, белсенді бұлшық ет салмағына тәуелділігі. Жүрек қызметінің өздігінше реттелуі механизмі.

Қанның систолалық (ҚСК), минөттік (ҚМК) көлемдері. Айналымдағы және қордағы қан көлемі. ҚСК және ҚМК — ның жүмыстық қарқынына сәйкес өзгеруі. ҚСК және ҚМК-нің статикалық жүмыс кезінде өзгеру ерекшеліктері. ҚСК- не және ҚМК- не дененің кеңістіктегі орнының әсері.

Гемодинамика. Гемодинамиканың биофизикалық негіздері. Қан айналым жүйесінің жас ерекшеліктері. Артериялык қысым (АҚ) және оны анықтайтын факторлар, қан ағымына тамырлар қарсылығы, қан ағымының көлемді және сызықты жылдамдықтары. Қанның веналар бойымен ағуы. Қанның тамырлар бойымен козғалысының физиологиялық жөне биофизикалық механизмдері. Жүрек тамыр жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің жергілікті, жүйкелі және гуморалды реттелуінің механизмдері.

Бұлшық ет жүмысы кезіндегі гемодинамикалық негізгі көрсеткіштер. Жұмыстық гиперемия және оның механизмдері. Белсенді бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етілуін анықтайтын факторлар. Динамикалық жүмыс кезіндегі және статикалық күштену кезіндегі қаңқа бүлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуі. Бұлшық ет жүмысы кезіндегі қан ағымының қайта таралуы. Қан тасымалдаушы қылтамырлардың құрылысы, қылтамырлардағы қан айналымы, транс қылтамырлардағы алмасу: сүзілу, осмос, диффузия. Лимфа жүйесінің жалпы құрылысы. Тыныштық күйде және бұлшық ет жүмысы кезінде лимфаның түзілуі, құрамы және тасымалдануы.



10 Тыныс алу және оның жастық ерекшеліктері

Тыныс алу және оның қызметтері.Ағзадағы газ алмасу кезендері. Дем алу және дем шығару механизмі. Тыныс алу циклы және оның өзгерістері (гиперпноэ, тахипноэ, полипноэ, диспноэ). Өкпе көлемдері және сыйымдылығы. Қажетті және бар көлемдер. Өкпедегі ауа алмасуы, оның тыныштық күйде жөне бұлшық ет жүмысы кезінде әртүрлі адамдарда жаттыққандық деңгейі құрамдары. Қызметтік „өлі" кеңістік. Альвеолды газ алмасуы. Тыныс алудың жас ерекшеліктері.

Тыныс алу биомеханикасы. Тыныс алудың оттекті құны (жүмысы). Ағзадағы газдар алмасуы және тасымалдануы.

Атмосфералық, альвеолды жөне тыныс шығарғандағы ауаның газ қүрамы. Өкпедегі газдардың парциалды қысымының мөлшері. Артериалық, веналық қандардағы және үлпалардағы газдар қысымы. Диффузия - әкпедегі және ұлпалардағы газдар алмасу механизмі. Оттегі және көміркышқыл газы үшін өкпенің диффузиялық қабілеті. Оттегінің қанмен тасымалдануы. Қанның оттектік сыйымдылығы.

Оксигемоглобин және оның диссосациялану жылдамдығын анықтайтын факторлар. Оксигемоглобиннің диссосациялану доғасының оңға ығысуы туралы түсінік.Оттегі бойынша артерия-венозды айырмашылык (ABA), оттегін қолдану коэфициенті. С02 тасымалдануы. Карбоангиндразаның маңызы. СО2- ның бөлінуіне әсер ететін факторлар.

Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алу орталығы және оның бөлімдері. Тыныс алу орталығы қызметінің реттелуі. Артериялық және модулярлы хеморецепторлардың қызметі. Жүмыс істеп тұрған бұлшық еттердің механорецепторларынан және шеткі рецепторлардан тыныс алу орталығына әсері. Тыныс алу реттелуіндегі үлкен ми жарты шарларының маңызы. Тыныс алу еркін жөне өздігінше реттелуі. Дене жүмысы кезінде тыныс алуды реттеу механизмдерінің ерекшеліктері.


11 Aс қорыту, сыртқа шығару және оның жастық ерекшеліктері

Ac қорыту процестерінің жалпы сипаттамасы. Ac қорыту физиологиясын зерттеудегі И.П.Павловтың және оның мектебінің еңбектері. Ac қорыту жолының әртурлі бөлімдеріндегі: ауыз қуысындағы, асқазандағы, он екі елі ішектегі, тоқ және тік ішектердегі астың қорытылуы. Қуысты және қабырғалық ас қорытылуы туралы түсінік.

Асқазан-ішек жолының (АІЖ) секреторлы, қышқыл түзу және қимыл қызметтері. АІЖ- ның гормональды қызметі. Ac қорытылудағы ұйқы безінің және бауырдың маңызы. Қорытылған тағам өнімдер сіңіру. Ac қорытудың реттелуі. Бұлшық ет қызметінің ас қорытуға әсері. Ac қорыту жолдарын зерттеу әдістері. Ac қорыту жүйесінің жас ерекшеліктері.

Сыртқа шығару процестерінің жалпы сипаттамасы. Бүйректің негізгі қызметтері жөне оларды зерттеу әдістері. Бүйректегі кан айналымының ерекшеліктері. Несеп түзілу процесі: гломерулярлық сүзілу және түтікшелердегі кері сорылу (реабсорбция). Несеп түзілуінің реттелуі. Несептің құрамы. Несеп бөлу және несеп шығару. Тер бездерінің бөліну қызметі. Сыртқа шығару процесіне бүлшык ет қызметінің әсері.



12 Зат және қуат алмасу және оның жастық ерекшеліктері

Зат және қуат алмасуының өзара байланысы. Ассимиляция, диссимиляция, анаболизм, катаболизм, олардың балалар ағзасындағы ерекшеліктері. Ағза үшін белоктардың маңызы. Азоттық тепе-тендік. Белоктар қажеттілігі. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі жөне қайта қалпына келу кезіндегі белок алмасуы.

Көмірсулардың ағзадағы қызметі. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі көмірсулар алмасуы. Ағзадағы майлар алмасуы. Бұлшық ет жұмысын қуатпен қамтамасыз етудегі бос май қышқылдарының жұмылдырылуы және қолданылуы. Белок, көмірсу және май алмасуларының реттелуі. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі көмірсу және май алмасуларының қатынасы.

Су және минералды заттар алмасуы. Ағзадағы судың маңызы және жұмсалуы. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі су алмасуы. Дегидратацияның жұмыс қабілеттілігіне әсері. Минералды тұздар алмасуы. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі минералды түз алмасу ерекшеліктері.

Балалар мен жас өспірімдер ағзасындағы су- түз алмасуының ерекшеліктері.

Қуат алмасуы. Ағзаның қуат балансы. Негізгі алмасу. Әртүрлі бұлшық ет жұмысы кезіндегі төуліктік қуат жұмсалуы. Тікелей және тікелей емес калориметрия. Оттегінің калориялық эквиваленті. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қуат алмасуы. Оттектік сұраныс, оттегінің жұмсалуы және оттектік қарыздылық. Әртүрлі бүлшық ет жұмыстарының қуатты қүндылығы. Пайдалы әрекет потенциалы(ПӘК). Қуат алмасуының жас ерекшеліктері.



13 Жылу алмасуы және оның жастық ерекшеліктері

Ағзаның температуралық гомеостазы және жылу балансы туралы түсінік.

Жылу өндіру механизмдері (химиялық термореттеу). Жылу беру механизмдері (физикалық термореттеу). Тер бездерінің жұмысы және олардың жылу берудегі ерекше маңызы. Ағзаның дегидратациясы. Дене температурасы „ядросы" және „қабықшасы". Адам дене температурасын реттеу принциптері.

Жүйке орталыктары. Терморецепция. Жылу реттеу жүйесінің орындаушы мүшелері. Жұмыстық гипертермия, оның механизмдері және зандылыктары. Әртүрлі бұлшық ет жұмыстарының қызметі кезіндегі жылу алмасуы және оған орта жағдайларының (температура, ыглғалдылық) әсері. Жылу алмасуының жас ерекшеліктері.



14 Ішкі сөлініс бездері және олардың жастық ерекшеліктері

Эндокринді жүйенің жас ерекшеліктері. Ішкі сөлініс бездер қызметі, тыныштық күйінде жөне бұлшық ет қызметі кезінде ағзаның қызметін реттеудегі маңызы. Гормондар. Ішкі секреция бездерінің өзара қатысы.

Бүйрек үсті бездері гормондарының кызметі. Ми қабықшасы гормондары, олардың симпатикалық жүйке жүйесімен байланысы. Қабықты қабат гормондары, минералокортикоидтар және глюкокортикоидтер. Олардың ағзаның экстремалды факторларға жедел және ұзақ бейімделу процесіндегі маңызы.

Гипофиздің алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдері. Гормондарының қызметтері. Гипофиз гормондарының басқа ішкі сөлініс бездер қызметін реттеудегі маңызы.

Бадамша без қызметі. Оның гипо жөне гипер-қызметі. Қуат алмасуға әсері және симпатикалық жүйке жүйесімен байланысы. Ас қорыту процесіндегі, кемірсулар реттелуіндегі маңызы.



Жалпы бейімделу синдромы, олардың кезендері. Стресс және бейімделу. Жедел бейімделу реакцияларының ұзақ өтуіндегі жүйкелі-құрылымды іздің қалыптасуындағы ішкі сөлініс бездерінің маңызы.

15 Әртүрлі жастағы адамдардың морфофункционалды ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың ағзасының морфофункционалды ерекешеліктері. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ағзасының морфофункционалды ерекешеліктері. Орта мектеп жасындағы балалардың ағзасының морфофункционалды ерекешеліктері. Жоғарғы мектеп жасындағы балалардың ағзасының морфофункционалды ерекешеліктері. Егде жастағы адамдар ағзасының морфофункционалды ерекешеліктері.
4.3 Тәжірибелік сабақтьардың мазмұны және тізімі

6 Тақырып Жоғары жүйке қызметтері (ЖЖҚ) және оның жастық ерекшеліктері

1 тәжірибелік сабақ. Рефлекстер физиологиясы. ЖЖҚ-нің типтері. (1 сағ.)

Шартты рефлекстердің сипаттамасы, олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы, бейімделу маңызы. Ес, оның түрлері.. Шартты рефлекстердің тежелуі. Динамикалық стереотип, үйрену, тәлім — тәртіп қоршаған ортаға бейімделудің алғы шарты. Мотивация және эмоцияның физиологиялық механизмдері. ЖЖҚ-ң типтері. Н.И.Красногорский бойынша балалардың жоғары жүйке жүйесінің жіктелуі, невроздар. Бірінші және екінші сигналды жүйелері. Бас мидың қызметті ассиметриясы. Түс физиологиясы. Сезінудің, ықыластың, ойлаудың физиологиялық механизмдері.

Әдебиет [1-16]
9 Тақырып Қан айналымы және оның жастық ерекшеліктері

2 тәжірибелік сабақ. Қан көлемі. Лимфа (1 сағ.)

Қанның систолалық (ҚСК), минөттік (ҚМК) көлемдері. Айналымдағы және қордағы қан көлемі. ҚСК және ҚМК — ның жүмыстық қарқынына сәйкес өзгеруі. ҚСК және ҚМК-нің статикалық жүмыс кезінде өзгеру ерекшеліктері. ҚСК- не және ҚМК- не дененің кеңістіктегі орнының әсері.

Қан тасымалдаушы қылтамырлардың құрылысы, қылтамырлардағы қан айналымы, транс қылтамырлардағы алмасу: сүзілу, осмос, диффузия. Лимфа жүйесінің жалпы құрылысы. Тыныштық күйде және бұлшық ет жүмысы кезінде лимфаның түзілуі, құрамы және тасымалдануы.



Әдебиет [1-16]
14 Тақырып Ішкі сөлініс бездері және олардың жастық ерекшеліктері

3 тәжірибелік сабақ Гипофиз және бадамша бездердің қызметтері (1 сағ.)



Гипофиздің алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдері. Гипофиз гормондарының басқа ішкі сөлініс бездер қызметін реттеудегі маңызы.

Бадамша без қызметі. Оның гипо жөне гипер-қызметі. Қуат алмасуға әсері және симпатикалық жүйке жүйесімен байланысы. Ас қорыту процесіндегі, кемірсулар реттелуіндегі маңызы.

Эндокриндік жүйенің жасқа сай ерекшеліктері.

Әдебиет [1-16]


Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі

8 Тақырып Қан және оның жастық ерекшеліктері

1 зертханалық сабақ. Қан жасушаларының құрылысы. Қан ұюы.

Қан құрамындағы жасушалар: эритроциттер, лейкоциттер,
тромбоциттер және олардың маңызы. Лейкоцитті формула. Адам қанындағы эритроциттер және лейкоциттердің санын анықтау. Гемоглобин мөлшерін, қан тобың, резус-факорды, эритроциттердің гемолизін, қан ұюын анықтау.

Қан плазмасының физикалық- химиялық қасиеттері: меншікті салмағы,гематокрит, осмостық қысым, қышқылды- сілтілі күй, қанның буферлі жүйелері, коллоидты және суспензиялық қасиеттері, түтқырлығы. Қан топтары. Қанның ұюы.

Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальды реттелуі.

Әдебиет [1-16]
10 Тақырып Тыныс алу және оның жастық ерекшеліктері

2 зертханалық сабақ. Тыныс алудың реттелуі (1 сағ.)

Атмосфералық, альвеолды жөне тыныс шығарғандағы ауаның газ қүрамы. Оттегі және көміркышқыл газы үшін өкпенің диффузиялық қабілеті. Оттегінің қанмен тасымалдануы. Оксигемоглобин, карбогемоглобин, карбоксигемоглобин, метгемоглобин. Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алу реттелуіндегі үлкен ми жарты шарларының маңызы. Тыныс алу еркін жөне өздігінше реттелуі. Дене жүмысы кезінде тыныс алуды реттеу механизмдерінің ерекшеліктері.

Әдебиет [1-16]
11 Тақырып Пищеварение, выделение и их возрастные особенности

3 зертханалық сабақ

Ac қорыту жолының әртурлі бөлімдеріндегі: ауыз қуысындағы, асқазандағы, он екі елі ішектегі, тоқ және тік ішектердегі астың қорытылуы. Қуысты және қабырғалық ас қорытылуы туралы түсінік.Асқазан-ішек жолының (АІЖ) секреторлы, қышқыл түзу және қимыл қызметтері. Сыртқа шығару процестерінің жалпы сипаттамасы. Несеп бөлу және несеп шығару. Тер бездерінің бөліну қызметі. Сыртқа шығару процесіне бүлшык ет қызметінің әсері.

Әдебиет [1-16]


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау