Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум



жүктеу 5,78 Mb.
бет7/11
Дата14.01.2018
өлшемі5,78 Mb.
#7525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


1-тапсырма. Қазақша атауын жаттаңыз.

Қоржын (папка) – компьютерлік қоржын мәліметтерді жинау мақсатында қызмет етеді.

Пернетақта (клавиатура) – мәліметтерді ЭЕМ-ге енгізуге арналған құрылғы, сонымен қатар командылық операциялардың орындалуын басқарады.

Тінтуір (мыш) – дисплей экранындағы сілтеме көрсеткіш қалпын өңдеуге арналған құрылғы.

Жазғы (принтер) – информацияны баспаға шығару құрылғысы.

Сүзгі (фильтр) – айқындалмаған мәліметтерді деректер базасына енгізбейтін бағдарлама; кестелермен жұмыс істеу барысында фильтр көмегімен критерий арқылы анықталған мәліметтер ғана бөлініп шығарылады.

Жад (память) – деректерді қабылдауға, сақтауға арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.
2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютер – это машина для оброботки информации, в том числе для вычеслений. Слово «компьютер» произошло от латинского слово, означающего «считаю». Другое название компьютера – электронно-вычеслительная машина (ЭВМ). Компьютеры играют огромную роль во всех областях жизни: от детских игр до полетов в космос. Есть много видов компьютеров. Самый известный – персональный компьютер.


3-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.



СӨЗ ТІРКЕСІ МОДЕЛЬДЕРІ




















4-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

сақтау

Құжатты көшіру

қиып алу

өзгерту

қосу

Компьютерді өшіру

қиып алу

меңгеру

Сөзжасамның тәсілдері



  1. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екітілдік бірліктің қатысуы керек:

- лексикалық мағыналы сөз;

- сөзжасамдық жұрнақ.

Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қатысады.

Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады. Яғни туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады.

Мысалы, өнім,


  1. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысының өзінің жеке тұрғандығы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді. Мысалы, өнеркәсіп, теміржол, қызыл ала т.б.

  2. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Мысалы,

  1. Ақ - адал мағынасын береді. Мысалы, Ақ жүрген адам азбас.

  2. Ақ –сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. Мысалы, Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы болатын.

  3. Ақ –ақиқат, шындық. Мысалы, Жұмыр басты пендеге – өлім ақ.


5-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.

Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі.



&&&

$$$003-012-002$3.3.12.2 №12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Компьютердің жұмыс істеуіне қажетті ең аз деген құрылғылар жиынтығын көрсетіңіз.

2. Жүйелік қорап қандай ішкі құрылғыларды қамтиды?

3. Монитор не үшін қажет?

4. Шеткері құрылғыларды және олардың не үшін қолданылатынын атап шығыңыз.

5. Кернеу азайған кезде және электр қуаты өшіріліп тастағанда компьютерді қандай құрылғы қорғайды?

6. Ақпаратты тасымалдаушылардың негізгі типтерін (ішкі және сыртқы) атаңыз.

8. Компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғыны атаңыз.

9. Пернетақтаның негізгі бөліктерін және пернелердің атқаратын міндеттерін атаңыз.

&&&

$$$003-013-000$3.3.13 Практикалық сабақ №13

Аналық тақташа. Оперативті жады. Процессор. Туынды сөздер.



&&&

$$$003-013-001$3.3.13.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.



Әдістемелік нұсқау

Аналық тақша. Оперативті жады. Процессор.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді (1.4-сурет). Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.  Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. 
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.6-сурет). Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді. Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады. Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

тұрып қалу – зависать

шапшаңдық – оперативность

желдеткіш – вентилятор

ең күшті бейнелік бейімдеуіш – самый мощный видеоадаптер


дыбыстық жүйе – звуковая система

орнатылады – установит

қысқа мерзімге – в короткий срок


жүктеу 5,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау