№
р/с
|
Практикалық сабақтардың тақырыптарының атауы
|
Қысқаша мазмұны
|
Кредиттердің көлемі
|
|
1
|
Қазіргі заманғы ресурсүнемдеуші мейірбикелік технологияларды енгізу
|
Денсаулық сақтау саласының артып келе жатқан қажеттіліктері оқытудың қосымша бағдарламаларын, орта медициналық білім берудің дипломға дейінгі құрылымын өзгертуді, "мейірбикелік іс" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімді ендіруді талап етіп отыр.
|
2
|
2
|
Мейірбикелік тәжірибе стандарттары
|
Бүгінгі күнге дейін ҚР мейірбикелік практика бойынша бірыңғай стандарттары қолға алынбаған, сонымен қоса ҚР ДМ бұйрықтарына қарамастан инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бюағытталған шаралар да белгіленбеген. Мейірбикелік практика стандарттарын талдау ғылыми дәлелдеулерді ескермей, стандарттау жүйесінің принциптеріне және негізгі қағидаттарына жауап бере алмайтындыға айқындалды.
|
|
3
|
Мейірбикелік істің ҚР дамыту концепциясы
|
Қазір медициналық қызметкерлердің емес , олардың жұмыс сапасына мән беру қажет. Жаңа медициналық технологияларды ендіру дәрігерлер мен қатар орта буындағы мейірбикелердің кәсіби даярлығына жаңа талаптар қойып отыр.
|
|
4
|
Мейірбикелік іске жаңа технологияларды ендіру тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатының табысты іске асырылуының маңызды факторы
|
ҚР жүріп жатқан денсаулық сақтау саласындағы реформалаудың маңызды тетіктері ретінде мейірбикелік персонал қызметінің тиімділігін арттыру , мейірбикелік персоналды басқаруды жетілдіруді іске асыру қажет. Медициналық көмек сапасын жетілдіру басым дәрежеде мейірбике ісі мамандарының кәсіби құзіреттілігінің, кәсіби мәдениетінің және әлеуетінің даму деңгейіне тәуелді, өйткені денсаулық сақтау саласындағы мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесі қызметіне қоғамның күннен-күнге артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шынайы әлеуетті мүмкіндіктеріне және ауқымды кадрлық ресурстарға ие денсаулық сақтау саласының құрамдас бөлігі болып қала береді.
|
|
5
|
Мейірбикелік істің басқа мемлекеттердегі ұйымдастырылуы мен дамуының инновациялық тәжірибесі
|
Мейірбикелік персонал денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ең көп санды категориясы қатарында болып, тұрғындардың медициналық көмекке деген қажеттіліктерін экономикалық тұрғыдағы тиімді, сапалы және қолжетімді дәрежеле қанағаттандыруға арналған құнды ресурс
|
|
6
|
Денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдарын қайта құруы мен жақсарту мейірбикелік істі дамыту стратегиясы ретінде
|
Денсаулық сақтау саласын тиімді дамыту мейірбике ісі мамандарының кәсіби даярлығына, кәсіби мәдениетінің және әлеуетінің даму деңгейіне, орта буын медициналық персоналды оңтайлы орналастырылуына және денсаулық сақтау саласының көлемді кадрлық ресурсы ретінде қолдануға тәуелді.
|
|
7
|
Мейірбикелік персоналдың практикалық қызметіндегі стандарттар және технологиялар, науқастар күтімін ұйымдастырудың жаңа формалары
|
Мейірбикелік көмектің сапасын арттыру мейірбикелік персоналдың практикалық қызметінде стандарттар мен технологияларды, науқастар күтімін ұйымдастырудың жаңа формаларын ендіру мен қатар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып кәсіби ақпаратпен жұмыс істей алу ептілігі қалыптастыру керек
|
|
8
|
Профилактиканың заманауи технологияларын, сонымен қатар тұрғындардың медицинаоық белсенділін арттыру технологиялары қолдау
|
Алдын алу бағдарламаларын іске қосу нәтижесінде бір-екі жыл көлемінде тұрғындардың, медициналық, әлеуметтік қызметкерлердің, педагогтардың денсаулыққа зиянын тигізетін тәукелділік факторлары туралы және оларды болдырмаудың, салауаттты өмір салтын қалыптастырудың талаптары туралы ақпараттану деңгейі 59,5% артады.
|
|
9
|
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикелік бағдарламаларды жасау
|
Денсаулық сақтау саласын реформалауда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер сапасын және қолжетімділігін қамтамасыздандыру, профилактикалық бағытты күшейту және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету міндеттері"мейірбике ісі" бойынша жоғарылатылған орта медициналық білімі бар және жоғары медициналық білімі бар денсаулық сақтау саласының көлемді кадрларын қамтитын мейірбике қызметкерлерінің мойнына жүктеледі
|
|
10
|
Ауруханадан тыс көмек беру формаларын ұйымдастыруда мейірбике ісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану
|
Тұрғындарға көмек беруде шығыны шағын технологияларды ендіру және стационарды алмастыратын формаларды ұйымдастыруды дамыту жетілдірудің басым бағыттырының бірі
|
|
|
№ 2 кредит
|
|
|
1
|
Практикалық мейірбике ісіндегі жаңа технологиялар
|
Мейірбикелік көмектің сапасын арттыру мейірбикелік персоналдың практикалық қызметінде стандарттар мен технологияларды, науқастар күтімін ұйымдастырудың жаңа формаларын ендіру мен қатар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып кәсіби ақпаратпен жұмыс істей алу ептілігі қалыптастыру керек
|
|
2
|
ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбике ісінің ғылыми негізделген, жалпымен қабылданған моделінің апробациясы мен мониторингі
|
Кәсіби білім берудің маңыздлы міндеттерінің бірі құзіретті маманды даярлау, ақпараттану әрекеті үздіксіз, тұрақты және ұдайы даму үстінде болуын қамтамасыз ететін процесстер мен механизмдерді қолдануға негізделген білім берудің жаңа технологияларын ендіруді талап етеді
|
|
3
|
Патронаждық көмек қызметінде мейірбике персоналының қызметінде технологияларды дамыту
|
Денсаулық сақтау саласының буындарыныі бірі ретінде денсаулық сақтау ресурстарын тиімді қолдану , медициналық көмектің үнемділігін, қолжетімділігін және сапасын едәуір арттыруға әкелетін, тұрғындардың ауруға ұшырау жағдайларын жіне өлім-жітімін кеміту есебінен тікелей және жанама шығын көлемдерін қысқарту мүмкіндігін беретін құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық және әдістемелік жағдайлар тудыру
|
|
4
|
Паллиативтік көмек қызметінде технологияларды дамыту
|
Саны күннен-күнге артып келе жатқан паллиативтік көмекті қажет етіп отырған науқастарға қол ұшын беру медицина саласының басым бағытына айналды. Бұл демографиялық тұрғыда тұрғындардың қартаюы басым болып, өлім-жітімнің және соның ішінде онкологиялық аурулардың көбеюі салдарынан орын алып отыр
|
|
5
|
Емдеудің барлық сатысында барынша дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін медициналық қызметтердің әрекеттерінің сабақтастығын қамтамасыз ету
|
ҚР тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясаттың басымдылықтарының бірі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру негізінде тұрғындардың денсаулығын нығайту мен сақтау
бағыты таңдалуы тиіс. Денсаулық сақтау саласының тиімді жұмыс істеуі жүйе түзуші негізгі факторлар анықталады:
-салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ҚР барлық азаматтарға (мемлекеттік кепілдендіру шеңберінде) сапалы тегін медициналық көмек беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру;
-инновациялық тәсілдер мен стандарттау принципінеи негізделген емдеу-профилдактикалық мекемелерді қаржылық, материалдық-техникалық және технологиялық жарақтандыруды қамтитын денсаулық сақтау саласын ресурсты қамтамасыздандыру және сала инфрақұрылымын дамыту;
-мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласының алдына қойылып отырған міндеттерді іске асыра алатын, даярлығы жоғары дәрежедегі медициналық кадрлардың жеткілікті саны
|
|