Жұмыс бағдарламасы 6М072900 «Құрылыс» мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 09. 063-2008 және Қр мжмббс 04



жүктеу 429,88 Kb.
бет3/3
Дата05.03.2018
өлшемі429,88 Kb.
#11608
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ________Кудерин М.К. _________ 20_ж.«_____»________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы ____________ Жуманкулова Е.Н. 20_ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1 Пәннің мақсаты - өздігінен шығармашылық ойлауға, ғылыми зерттеулерді өткізуге, мәліметтерді жинауға және талдауға, ғылыми мақалаларды, ірі ғылыми зерттеулердің бөлімдерін жазуға, сондай-ақ білімін, іскерлігін және педогогикалық үрдісін сауатты жүргізуге жайлы дағдыларын қалыптастыруға қабілетті, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныс мамандарды дайындау.

Пәннің міндеті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға, таңдаулы ғылыми мамандық бойынша ғылыми-зерттеу қызметті өткізуге, зерттеу және басқару қызметін ойдағыдай үлестіруге, бастапқы ғылыми дайындықтың негіздеріне үйрету.

Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттардың білуі тиіс:

- қоғамда болып жатқан негізгі әлеуметтік өзгерістер жайлы, материалдық өндірісте, экономикада, саясатта, басқару жүйесінде және білім беру жүйесінде және басқа да қоғам салаларында ғылымның алатын орнын, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және кәсіби мәселелерді шешудің қазіргі заманғы әдісі жайлы;

- ғылымның қазіргі заманғы күйі, тәжірибелік зерттеулер жайлы;

- тәжірибелік зерттеулерге арналған жаңа аспаптар мен құрылғылар жайлы;

- адам мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес құрылыс саласында ғылыми зерттеулерді қалыптастырудың жалпы теориялық негіздерін және ғылыми зерттеулердің қойылуларын;

- конструкциялардың әр түрлі түрлерінің тәжірибелік зерттеулерін өткізу әдістерін;

- тәжірибелік зерттеулердің әдістемесін еркін таңдай алуды;

- зерттеу міндеттерін тұжырымдап шеше алуды;

- міндеттің шешілуінің қажетті ұқсас әдісін таңдай алуды;

- алынған нәтижелерді қайта қарау және тәжірибеде қолдана алуды;

тәжірибелік дағдыларға ие болуды:

- ұйымдық-басқару, жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу қызметінде, құрылыс саласында әртүрлі шығармашылық міндеттерді орындау, сонымен қатар кәсіптік қызметте ғылыми зерттеу саласында.

2 Пререквизиттер

Берілген пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде қалыптасқан білім, ептілік және дағдылары болуы керек: ғылым тарихы және философиясы, шетел тілі, менеджмент, психология, педогогика, арнайы пәндер.



3 Постреквизиттер

Пәнді оқу кезінде алынған білім, ептілік және дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет: құрылыс жүйелерінің инженерлік және экологиялық қауіпсіздігі; арнайы конструкциялар; елді мекендерр мен құрылыс нысандарының тіршілігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелері, магистрлік диссертацияның орындалуын есепке ала отырып ғылыми-зерттеу жұмысы.


4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

п/п

Тақырыптар атауы

Сағаттар саны,

күндізгі оқу

Дәріс

Тәжр.

Лаб

СРМ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Ғылыми білімнің және шығармашылығының әдістемелік негіздері

2

-

-

5

2

Теориялық және эмпирикалық зерттеулердің әдістері

1

-

-

10

3

Ғылыми-техникалық шығармашылығының теория және методологиясының элементтері

1

-

-

5

4

Ғылыми зерттеу бағытын таңдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері

1

-

-

10

5

Ғылыми ақпараттарды іздеу, жинау және өңдеу

1

-

-

5

6

Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат.

1

-

-

5

7

Теориялық зерттеулер

2

-

-

10

8

Зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану.

2

-

-

10

9

Тәжірибелік зерттеулер

2

-

-

14

10

Ақпарат беру және ғылыми жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу

1

-




3

11

Ғылыми зерттеулерді еңгізу және тиімділігі.

1

-




3

12

Эксперименттік зерттеулердің негізгі алғышарттары

3

3




20

13

Эксперименттік зерттеулерге арналған құрылғы

3,5

4,5




25

Барлығы

22,5

7,5

-

120

4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

Кіріспе. Ғылымдардың жіктелуі. Техникалық ғылымдар. Ғылымдардың жіктелуінің проблемасы. Қазіргі өмірде ғылыми зерттеулердің атқаратын рөлі. Ғылыми методологияның үш деңгейі: философиялық, жалпы ғылыми және нақты-ғылыми. Эксперименттік зерттеулер ғылыми саласының түрі ретінде. Ғылыми зерттеулерге жүйелі тәсілдемелер.

I Тарау. Ғылыми зерттеулердің негіздері

1 тақырып. Ғылыми білім және шығармашылығының методологиялық негіздері. Ғылыми білім, таным және тәжірибе жайлы түсінік. Таным мен тәжірибенің өзара қатынасы. Ғылыми танымның диалектикасы. Сезімдік таным. Рационалды таным. Ой. Түсінік. Пікір. Ғылыми идея. Гипотеза. Теория.

2 тақырып. Эмпирикалық және теориялық зерттеулердің әдістері. Жалпы ғылыми әдістер. Бақылау. Салыстыру. Есеп. Өлшеу. Эксперимент. Жалпылау. Дерексіздендіру. Аксиматикалық, жылутехникалық әдіс. Талдау. Синтез.

3 тақырып. Ғылыми-техникалық шығармашылығының теория және методологиясының элементтері. Шығармашылық. Таным теориясының элементтері. Таным үрдісінде логика заңнамаларын қолдану. Ғылыми-техникалық творчестваның методологиялық құралдары. Бөлшектеу және біріктіру тәсілдері. Еңгізу және өзгеру тәсілдері. Соңғы нәтижені дәріптеу.

4 тақырып. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Ғылыми зерттеу нысаны. Ғылыми зерттеулердің түрі: бастапқы, қолданбалы және өңдеу. Ғылыми зерттеудің тақырыбы және тақырыптың экономикалық тиімділігін бағалау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндеті мен мәселесінің күйі. Тақырыптық техника-экономикалық дәлелі. Әдебиеттік шолу. Жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығы. Күтілетін нәтижелерді ҒЗЖ пайдалану саласы.

5 тақырып. Ғылыми ақпараттарды іздеу, жинау және өңдеу. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық өнімдер. Дерекқорлар. Ақпараттық қорлар. Ақпараттық технология. Ғылыми құжаттар мен басылымдар. Алғашқы, кейінгі басылымдар. Реферативтік басылымдар. Құжаттамалық топтастырулар. Әмбебап ондық топтастыру. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесі. Ақпараттық-іздеу жүйелері.

6 тақырып. Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат. Патенттік зерттеулер. Өнертабысты сипаттау. Өнертабыс формуласы. Өнертабыстардың халықаралық топтастыруы. Патенттік қорларды іздеуді жүргізу тәртібі. Ғылыми әдебиетпен жұмысты ұйымдастыру.

7 тақырып. Теориялық зерттеулер. Теориялық зерттеулердің әдістері мен міндеттері. Бөлшектеу әдісі. Жүйелердің жалпы теориясы. Міндеттерді қоюдың аналитикалық(сараптамалық) сатысы. Теориялық зерттеулердің логикалық әдістері.



8 тақырып. Зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану. Міндеттердің математикалық тұжырымдамалары. Математикалық модель. Аналитикалық әдістер. Ықтималды-статикалық әдістер.

9 тақырып. Тәжірибелік зерттеулер. Экперименттік зерттеулер туралы жалпы мәліметтер. Эксперименттің классификациясы, түрі және міндеті. Эксперименттік зерттеулердің метрологиялық қамтамасыздандыруы. Экспериментшінің жұмыс орны және оның ұжымы. Эксперименттің жүруі мен сапасына психологиялық факторлардың әсері. Есептік эксперимент. Эксперименттік зерттеу нәтижелерін өңдеу. Кездейсоқ қателіктер теориясының негіздері және өлшеулерде кездейсоқ қателіктердің бағалау әдістерінің негіздері. Өлшеу нәтижелерінің графикалық өңдеу әдістері. Эмпирикалық формулаларды іріктеу әдістері.

10 тақырып. Ақпарат беру және ғылыми жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу. Ғылыми жұмыс нәтижелерін рәсімдеу. Болжамды өнертабысқа деген сұранымды рәсімдеу.

11тақырып. Ғылыми зерттеулерді еңгізу және тиімділігі. НИР нәтижелерін енгізу және нәтижелердің экономикалық тиімділігін анықтау. Ғылыми жұмыстың тиімділігі мен критерийі.
II Тарау. Эксперименттің зерттеулердің әдістемесі.

12 тақырып. Эксперименттік зерттеулердің негізгі алғышарттары.

12.1. Зерттеудің мақсаты мен міндеті. НИР мақсаты мен міндетін анықтау. Мақсаттар мен міндеттер, НИР нәтижелерінің апробация жолдары.

12.2. Зерттеуді жүргізудің жалпы әдістемесі. Ғылыми эксперимент бағдарламасы жайлы түсінік. Ғылыми саладағы сын. Жарияланымдар мен ғылыми хабарламалар. Мақаладағы материалды мазмұндау реттілігі. Компьютер және ғылыми зерттеулер.

Зерттеу нысанын модельдеу негіздері. Модельдерде зерттеулердің мәні, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Екі нысан ұқсастығының шарттары. Геометриялық ұқсастық. Физикалық ұқсастық. Техникада модельдерде зерттеу мысалдары. Ұқсастық критерийлері. Ұқсастық масштабтарына модельдер өлшемдерінің әсері



12.3. Нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістері. Ұйымдық-психологиялық факторлар; бастама және шекті серпіндер. Зерттеудің концептуалды әдістері. Ұқсастық әдісі; Инверсия әдісі; модификация әдісі. Функционалдықтың ұлғаю әдістері; біріктіру әдісі: «рөлді орындау» және «түрткілеу» әдістері. Ғылыми зерттеулер мен есептік техниканы қолдану кезінде алгоритмдерді ұсыну формалары. Мономах, Фундамент, Лира бағдарламалық өнімдердің мүмкіншіліктері.

13 тақырып. Эксперименттік зерттеулерге арналған құрылғы.

13.1. Құрылыс конструкцияларында кернеуді анықтау тәсілдері. Зерттеулерді берік әдістермен өткізу. Эксперименттік зерттеулерде қолданылатын аспаптар. Тариттеу аспаптары. Топырақтың қысымын өлшеуге арналған аспаптар. Тәжірибелі мәліметтерді теориялық шешімдермен салыстыру. Топырақта төзімділік критерийлермен Кулон үйкеліс заңының байланысы. Топырақта кернеулікті анықтау әдістері.

13.2. Лабораториялық эксперименттік зерттеулер. Тензометрлік өлшеулер жайлы түсінік. Экспериментті жоспарлау.

13.3. Конструкциялардың әр түрлі түрлерінің зерттеу ерекшеліктері. Эспериментті жоспарлау. Деформацияны өлшеуге арналған тензометрлік көпірлер. Материалдардың сызықтық емес қасиеттері туралы түсінік. Тегіс және кеңістік міндеттердің айырмашылығы және оларды қолдану. Материалдар қасиеттерінің сызықтық емес көрсетуінің ерекшеліктері.
4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны

1) 13 тақырып. Темір бетонды конструкциялардың эксперименттік зерттеулерінің әдістемесі.

1.1. Берік сындар үшін құрылғылардың қазіргі заманғы кешенімен бетонның шыдамдылық сипатын анықтау. ОНИКС, ПУЛЬСАР, Кашкаров балғасы және гидравликалық баспақта аспаптардың кешенімен сынақ нәтижелері бойынша әр түрлі классты бетон төзімділігінің дәйектелген тәуелділіктерді құру.

1.2. SCAD бағдарламасы бойынша соңғы элементтердің әдісін пайдалана отырып темір бетонды элементтердің кесілген жерлерін арматуралау. Конструкциялардың есептік сұлбасын жасау(нұсқалары – тегіс және кеңістік өзекті элементтер, тақта), элементтердің механикалық қасиеттерінің тағайындалуы (бетон, арматура), ақырғыэлементтік есепті орындау, арматураны автоматтандырылған түрде таңдау, нәтижелерді көрсету және талдау.

2) 13 тақырып. Болат конструкциялардың эксперименттік зерттеулерінің әдістемесі. Эксперименттік және есептік әдістермен жиектемелі конструкцияның металл моделінде кернеуді анықтау нәтижелерін салыстыру. Баламалылық дисперсиясының шамасын анықтау. Эксперименттік мәліметтерге сүйене отырып жиектемелі конструцияның есептік моделінде қабылданған баламалылықты Фишер критерийі бойынша тексеру.

3) 13 тақырып. Тасты конструкциялардың эксперименттік зерттеулерінің әдістемесі. Кірпіш пен ерітінді қасиеттері жайлы айтылған мәліметтерді қолдана отырып есептік-эксперименттік әдіспен кірпіш қалауының беріктігі мен пішін өзгеруінің тиімді сипаттарын анықтау. Кірпіш қалау фрагментінің есептік ақырғыэлементтік сұлбасын құрастыру, SCAD бағдарламасы бойынша компьютерде есептерді орындау, қалау элементтерінде, олардың қирау механизмдерінде (кірпіш және ерітінді) НДС талдауы, сығылғыштығының орташа сипатын есептеу, нормативті есептеулермен салыстыру.

4) 13 тақырып. Топырақты негіздердің эксперименттік зерттеулерінің әдістемесі. Толтырғышпен ірікесекті топырақтардың механикалық қасиетін анықтау бойынша көпфакторлы эксперименттің нәтижелерін жоспарлау және өңдеу. Топырақтың механикалық қасиеттеріне маңызды әсер беретін, эксперименттік мәліметтердің арасынан екі-үш факторларды таңдау. Экспериментті жоспарлау матрицасын құрастыру, математикалық модельді таңдау, яғни регрессия теңдеуін, оның коэффициенттерін анықтау, олардың маңыздылығын тексеру, нәтижелерді статистикалық бағалау, математикалық модельді баламалылыққа тексеру.

5) 13 тақырып. Ұзақ қаналушы конструкциялардың эксперименттік зерттеулері.

5.1. Ғимараттың конструктивті элементтерінің физикалық тозуының бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттың орнықтылығы мен күштеп пішіні өзгеруіне әсерін бағалау. Ғимараттың салмақ түсіретін конструкциясының тексеру мәліменттерін, олардың жобалық және нақты механикалық сипаттамаларының талдауын бағалау. Физикалық тозуын есепке ала отырып және жобалық күйіне арналған механикалық сипаттамаларды пайдалана отырып SCAD бағдарламасы бойынша ғимараттың статикалық есептеулерін орындау және есептік сұлбаларды құрастыру. Алынған нәтижелерді салыстыру және ғимараттың төзімділігін бағалау.

5.2. Пайдалану үрдісінде негіздің техногенді су деңгейінің көтерілуінің көпқабатты каркасты ғимараттың шыдамдылығы мен күштеп пішіні өзгеруіне әсерін бағалау. Су деңгейінің көтерілген аймақта құрылыс қасиеттерінің «нашарлауын», есептеулерді орындалуын, олардың салмақ түсіретін қабілеті бар каркас элементтерінде есептік күштерді салыстыруын есепке алатын SCAD ақырғыэлементтік бағдарламасын қолдана отырып «ғимарат – негіз» есептік сұлбаның нұсқаларын құрастыру.
4.4 Магистранттың өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 МӨЗ түрлерінің тізімі


п/п

МӨЗ түрі

Есеп берушілік формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәрістерге дайындық

-

Сабақта қатысу

30

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабақта қатысу


15

3

Дәріс сабақтарына кірмеген материалдарды оқу

Конспект

МБ2 тест

25

4

Рефератты орындау

Реферат

Рефератты қорғау

40

5

Бақылау жұмыстарына дайындық

-

МБ 1 және

МБ 2 нәтижесі



10

Барлығы

120



4.4.2 Магистранттың өздік оқуына кірілген тақырыптар тізімі.

1) Кіріспе, 1 тақырып. Адам өміріндегі ғылым мен техниканын рөлі.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 3-13].

2) 2 тақырып. Ғылыми зерттеулерді өткізудің негіргі әдістері және оларды пайдалану тәртібі.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 56-64], [16, c. 4-8].

3) 5 тақырып. Құрылыс ұйымдарының қызметін зерттеуге арналған ғылыми ақпараттты іздеу әдістері мен негізгі көздері.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 88-130], [16, c. 12-15].

4) 5 тақырып. Ғылыми-техникалық ақпарат көздерімен жұмыстың негізгі тәсілдері мен әдістері.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 121-130].

5) 9 тақырып. Экспериментшінің жұмыс орны мен ұйымы. Эксперименттің жүруі мен сапасына психологиялық факторлардың әсері.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 268-274], [16, c. 30-32].

6) 10 тақырып. Ғылыми жұмыс қолжазбасының рәсімдеуінің негізгі тәсілдері мен әдістері.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 318-341], [16, c. 38-41].


4.4.3 Реферат тақырыптары. Магистранттардың өздік жұмысы келесі рефераттар тақырыптарының біреуін таңдап жазу болып табылады:

1) 1 тақырып. Ғылыми-зерттеу жұмыстың методологиялық негіздері.

Ұсынылып отырған әдебиет: [15, c. 44-78], [16, c. 4-8].

2) 13 тақырып. Бетондарды зерттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар.

Ұсынылып отырған әдебиет: [2, c. 26-123], [14, c. 53-133].

3) 13 тақырып. Металлды зерттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар.

Ұсынылып отырған әдебиет: [2, c. 26-123], [14, c. 53-133].

4) 13 тақырып. Тау тастарын зерттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар.

Ұсынылып отырған әдебиет: [18, c. 50 - 143].

5) 13 тақырып. Топырақты зерттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар.

Ұсынылып отырған әдебиет: [11, c. 15-92].

Көрсетілген реферат тақырыптарының орнына зерттеу жұмысының мәтіні бойынша жұмыс орындауға болады немесе зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақала жазуға болады.
5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Волков Ю.Г. Диссертация: подготовка, защита, оформление. Практическое пособие. – М.: Гардарики, 2005. – 185 с.

2 Землянский А.А. Обследование и испытание зданий и сооружений. – М.: изд-во АСВ, 2004. – 245 с.

3 Коробко В.И. Основы научных исследований.–М.: Изд. АСВ, 2000.– 218 с.

4 Обследование и испытание зданий и сооружений/Под ред. Римшина В.И. – М.: Высшая школа, 2004.

5 Рогов В.А. Методика и практика технических экспериментов. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 288 с.



Қосымша

6 Авиром Л.С. Надежность конструкций сборных зданий и сооружений. – Л.: Стройиздат, 1981.

7 Гринберг В.Е. и др. Контроль и оценка состояния несущих конструкций зданий и сооружений в эксплуатационный период. – Ленинград: Стройиздат, 1985. – 236 с.

8 Долидзе Д.Е. Испытание конструкций и сооружений. – М.: Высшая школа, 1975. – 252 с.

9 Испытания сборных железобетонных конструкций/Комар А.Г. и др. – М.: Высшая школа, 1980. – 269 с.

10 Карпиловский В.С., Криксунов Э.З. Маляренко А.А. и др. Вычислительный комплекс SCAD. – М.: изд-во АСВ, 2004. – 592 с.

11 Козионов В.А. Методы лабораторных испытаний грунтов. – Павлодар: НИЦ ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. – 109 с.

12 Кузин Ф.А. Магистерская диссертация. – М.: 1989. – 276 с.

13 Мазанов М.М., Каланова Ш.М. Основы научных исследований в вузах, методика написания научных и методических работ, правила оформления: учебное пособие. – Тараз, 1999. – 170 с.

14 Обследование и испытание сооружений/Под ред. Лужина О.В. – М.: Стройиздат, 1987 . 263 с.

15 Основы научных исследований: учебное пособие/Под ред. Крутова В.И., Попова В.В. – М.: Высшая школа, 1989. – 400 с.

16 Основы научных исследований: опорный конспект лекций / Сост. Быков П.О. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. – 47 с.

17 Перельмутер А.В., Сливкер В.И. Расчетные модели сооружений и возможность их анализа. – Киев: изд-во «Сталь», 2002. – 600 с.

18 Прочность и деформируемость горных пород/Карташов Ю.М., Матвеев Б.В., Михеев Г.В., Фадеев А.Б. – М.: Недра, 1979. – 269 с.

19 Хмель Н.Д. Методы научного исследования. – Алматы: 1997. – 57 с.

20 Шпете Г. Надежность строительных конструкций. – М.: Стройиздат, 1994.

21 Эко У. Как написать дипломную работу. – М.: Книжный дом «Университет», 2003. – 203 с.






Мамандықтың (тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

6М072900 – Құрылыс мамандығының (тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы Ғылыми зерттеулердің негіздері және эксперименттік зерттеулердің әдістемесі



Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зертх

бар

лы

ғы



СОӨЖ

ЖКБ негі-зіндегі күндізгі

2

150

30

120

1

-

-

-

1

2

30

22,5

7,5

-

120

15



















































Кафедра меңгерушісі_____________ К.Т. Саканов «___»_________2012 ж.
жүктеу 429,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау