Жұмыс бағдарламасы 5В050800 «Есеп және аудит»


Бақылау жұмысының мақсаты



жүктеу 352,41 Kb.
бет2/2
Дата24.01.2018
өлшемі352,41 Kb.
#7893
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2

3.1 Бақылау жұмысының мақсаты


Бақылау жұмыстың негізгі мақсаты – студенттерді үйрету:

  • арнайы әдебиеттермен және деректер көзімен жұмыс істеуді, кесте құрастырып, көрсеткіштерді есептеуді, алынған нәтижені қорытындылауды;

  • статистикалық есеп жүйесінің ұғымы, статистикалық есептің мәнін, пәнін, міндеттерін, көрсеткіштерін білу, әдістері мен тәсілдерімен таныстыру;

  • статистикалық есеп үшін деректердің қажетті көзін анықтауды;

  • статистикалық есепте пайдаланылатын көрсеткіштерді есептеуді,

  • негізделген және нақты ұсынымдар жасау.



3.2 Бақылау жұмысының тақырыптарын таңдау


Бақылау жұмыстың теориялық зерттеу бөлімшесін орындау үшін, 4.1 бөлімінде берілген тақырыптар тізімінен бір тақырыпты таңдау керек. Жұмыстың варианттың нөмірі студенттің зачет кітапшасының ақырғы екі нөміріне дәл келу керек. Егер осы сан 20, 40 немесе 60 сандарынан жоғары болса, варианттың нөмірі 20, 40 немесе 60 сандарға азайту керек.

Мысалы, егер студенттің зачет кітапшасының нөмірі 998802 – варианттың нөмірі 2; егер зачет кітапшасының нөмірі 998820 – варианттың нөмірі 20; егер зачет кітапшасының нөмірі 998845 – варианттың нөмірі 20.


3.3 Бақылау жұмысын орындауға қойылатын талаптар


Бақылау жұмыстың теориялық зерттеу бөлімшесін орындау үшін, 4.1 бөлімінде берілген тақырыптар тізімінен бір тақырыпты таңдау керек. Жұмыстың варианттың нөмірі студенттің зачет кітапшасының ақырғы екі нөміріне дәл келу керек. Егер осы сан 30, 60 немесе 90 сандарынан жоғары болса, варианттың нөмірі 30, 60 немесе 90 сандарға азайту керек.

Мысалы, егер студенттің зачет кітапшасының нөмірі 998802 – варианттың нөмірі 2; егер зачет кітапшасының нөмірі 998825 – варианттың нөмірі 25; егер зачет кітапшасының нөмірі 998845 – варианттың нөмірі 15; егер зачет кітапшасының нөмірі 998885 – варианттың нөмірі 25.

Тақырып бойынша жұмыстың жоспарын құру және бекіту. Жұмыстың бұл кезеңі студенттің жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Библиографияны құру үшін келесілерді пайдалану қажет:

а) бақылау жұмыс бағдарламасында көрсетілген әдебиеттер тізімдері;

б) лекция материалдары және семинарлық сабақтарға дайындалу үшін оқытушы ұсынған әдебиеттер тізімдері;

в) кітапханалардағы техникалық және пәндік каталогтар;

г) кейінгі жылдары мерзімдік басылымда жарияланған статьялар мен материалдардың көрсеткіштері;

д) ғылыми жетекшінің кеңестері.

Әдебиеттермен оқу – танысуды нормативтік құжаттардан, инструкциялардан, заң актілерінен бастаған дұрыс болады. Бұл студентке үкіметінің саясатының негізгі бағыттарының нарық қатынастар заңдарымен стандартының еңгізілу саласында және олардың бухгалтерлік есеппен байланысты мәселелерін білуге мүмкінік береді.

Содан кейін тақырып бойынша монографиялық әдебиеттерді және мерзімдік басылымдардың деректерін қолдануды ұсынады. Оқыған әдебиеттерден көшірмелерді жеке парақтарға, жұмыстың қай бөліміне жататына байланысты жеке жасаған тиімді болады. Статистикалық анықтамадан алынған мәліметтер жұмыстың теоретикалық бөлімін көркейтеді. Цитаталарды нақты жұмысты шығарылу жылын, бет нөмірін көрсетіп көшіру керек.

Қажетті әдебиеттерді дайындап болғаннан кейін, бақылау жұмыстың теориялық бөлімшесін жазуға кіріседі. Бұл жерде берілген сұрақтың қорытындылау мақсатын нақты ойлану керек. Теоретикалық жағдайының мазмұның статистикалық ақпараттық мәліметтерінен, Қазақстан экономикасының алдында тұрған мәселелерімен толықтыру қажет. Берілген бөлімде мынандай сұрақтардың қамтылуы дұрыс болады:


  • берілген тақырыпты қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде теориялық негізделуі және баяндалуы;

  • мәселені шешудің түрлі жолдары туралы студенттің көзқарасы.

Бақылау жұмыстың екінші бөлімшесінде студент өз нұсқасын сынақ кітапшасының ақырғы нөміріне қарап, таңдау керек (кесте 1). Тапсырмалар 4.2 бөлімінде берілген.
Кесте 1 – Нұсқаны таңдау кестесі

Зачет кітапшасының ақырғы нөмірі

Есептердің нөмірі

0 немесе 5

5 нұсқа

1 немесе 6

4 нұсқа

2 немесе 7

3 нұсқа

3 немесе 8

2 нұсқа

4 немесе 9

1 нұсқа

Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша студент өз ойын қорытындылап жазады.

Бақылау жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер мен еңбектер тізімі келтіріледі. Онда көрсетілетіндер:


  • бақылау жұмысты жазу кезінде қолданылған Қазақстан Республикасының заң актілері;

  • нұсқаулық ережелер және нормативтік құжаттар;

  • беделді экономистердің еңбектері. Олардың авторларының аты – жөні, шығарылған баспасы, орны, жылы, парақ санын көрсету керек;

  • периодикалық басылымдар (журналдар, газетер).

Қосымша бетте шығарылған иллюстрациялардың саны мен сапасы студенттің тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды тереңірек үйренгендігін дәлелдейді. Сондай-ақ таңдалып алынған тақырыптың мұқият зерттелгендігін көрсетіп,ұсыныстардың және қорытындылардың негіздігін растайды. Студенттің ұсыныстары курстық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Осындай материалдар қолданылмаған жағдайда бақылау жұмыс талапқа сай орындалмаған болып есептелінеді.

3.4 Бақылау жұмысын толтыруға қойылатын талаптар


Бақылау жұмысты аяқтағаннан кейін қабылданған ретпен титулдық парақты рәсімдейді (А қосымшасы). Титулдық бет компьютерде терілген түрде немесе сызба әріптерімен жазылады және келесі реквизиттерден тұру керек:

  • министірліктің, жоғарғы оқу орнының және кафедраның аты;

  • бақылау жұмыстың тақырыбы;

  • бақылау жұмысты орындаған студенттің аты-жөні;

  • оқытушының ғылыми дәрежесі және аты-жөні;

Бақылау жұмыс А4 форматты ақ қағазға парақтың бір жағында жазылуы керек. Жұмыс кезінде полялардың сақталуы керек: сол жағынан 30 мм, он жағынан 20 мм, жоғарғы жағынан 20 мм, төменгі жағынан 20 мм.

Бақылау жұмыс таза, түсінікті, қара немесе көк түсті сиямен жазылуы керек. Әр түрлі сиялардың (қызыл, жасыл) қолдылуы тек сызбаларды, диаграмаларды, графиктерді толтырған кезде ғана рұқсат етіледі.

Титул бетінен кейін бақылау жұмыстың мазмұны, яғни бөлімдердің аттары, параграфтары бет нөмірі көрсетілген түрде беріледі.

Бақылау жұмыстың бөлімдері мен тараулары жаңа беттен басталуы керек. Әрбір бөлімге реттік нөмірі беріледі және рим цифрларымен белгіленеді.

Қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар нөмірленбейді. Параграфтар әрбір тарау немесе бөлім шектерінде араб цифрларымен нөмірленеді. Кестелер тарау шектерінде араб цифрларымен нөмірленеді.

Тиісті түрде дайындалған бақылау жұмыс бекітілген мерзімі кафедраға өткізілуі тиіс. Жұмысты қабылдап алушы (лаборант) оны тіркеп, кафедрада бекітілген оқытушыға тексеруге және рецензиялауға тапсырады.

Тексеруші өзінің ескертпелерін жұмыстың поляларына жасайды. Қойылатын талаптарға сай келетін жұмыстарды тексеруші қорғауға жібереді. Ескертпелері бар жұмыс студентке түзету үшін қайтарылады.

4 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



4.1 Бақылау жұмыстың теориялық бөлімінің тапсырмалары

  1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері

  2. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері

  3. Статистика органының ұйымдастырылу принциптері және оның негізі

  4. Статистикалық есептің пәні, мазмұны және мақсат- міндеттері,әдістері.

  5. Статистикалық есептің ғылым ретіндегі негізгі категориялары.

  6. ҰЕЖ түсінігі мен мазмұны.

  7. ҰЕЖ құрудың жалпы принциптері.

  8. Халықтың саны мен құрамы статистикасы.

  9. Халықтың табиғи қозғалысы мен миграциясы статистикасы.

  10. Халықтың жұмыспен қамтылу статистикасы.

  11. Ұлттық байлық туралы түсінік, оның классификациясы.

  12. Негізгі өндірістік қорлар. Оларды бағалау түрлері

  13. Негізгі өндірістік қорлардың жағдайы, қозғалысы, қолдану көрсеткіштері.

  14. Құрал-жабдық статистикасы.

  15. Айналым капиталы статистикасы.

  16. Инвестиция статистикасы.

  17. Шығындар және аралық тұтыну статистикасы.

  18. ҰШЖ бойынша экономикалық өндіріс ұғымы.

  19. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері.

  20. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері

  21. Баға, тауар және ақша айналымының статистикасы

  22. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік статистикасы.

  23. Халықтың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  24. Қаржы нарығы статистикасы.

  25. Қоғамдық өндірістің тиімділігі статистикасының түсінігі мен міндеттері, көрсеткіштер жүйесі


4.2 Бақылау жұмыстың тәжірибелік бөлімінің тапсырмалары
4.2.1 Тапсырма № 1. Негізгі капитал статистикасы тақырыбы бойынша есеп шығару
Негізгі қордың бар болуы мен қозғалысы туралы кәсіпорындар бойынша келесідей деректер бар:

Көрсеткіштер



I

млн.тг.


II

млн.тг


III

млн.тг


IV

млн.тг


V

млн.тг

1.Жыл басындағы негізгі қордың толық баланстық құны жыл ішінде:

~ іске қосылғаны

~ қалдық құны бойынша істен шыққаны.

42

6


0,5

58

12


0,6

34

18


0,9

56

7


0,7

33

8


0,32

2. Қалдық құны бойынша толық құны.



4,0


8,0


3,0


5,0


6,0


3. Жыл ішіндегі күрделі жөндеу құны.

0,4

0,8

0,2

0,9

0,7


4. Жыл басындағы негізгі қордың тозуы,%.

30

46

38

54

45


5.Амортизацияның жылдық нормасы, %.

10

12

8

6

19


6.Өндірілген өнім көлемі.

28,8

13,6

32,0

24,7

34,2

7.Жұмысшылардың орташа жылдық саны,адам.

150

180

120

202

120

Табу керек:

1.Жыл аяғындағы негізгі қордың толық бастапқы құнын ,балансын

2. Жыл басындағы,жыл аяғындағы негізгі қордың қалдық құнын, балансын

3. Негізгі қордың жаңару және істен шығу коэффициенттерін

4. Жыл басындағы,жыл аяғындағы негізгі қордың тозу және жарамдылық коэффициенттерін

5. Негізгі қордың пайдалану көрсеткіштерін
4.2.2 Тапсырма № 2. Халық статистикасы тақырыбы бойынша есеп шығару


Көрсеткіштер

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

1. Жыл басындағы халық саны, адам

747185

678607

1589751

463466

606534

2. Жыл ішінде дүние келген сәби саны, адам

10633

13036

27679

10806

9613

3. Жыл ішінде қайтыс болған адам саны,

Оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар, адам



9894
140

6573
191

15383
330

3882
122

6435
145

4. Жыл ішінде некеге тұрғандар саны, адам

5669

5889

13017

4639

4698

5. Жыл ішінде ажырасқандар саны, адам

1762

1465

2803

842

1230

6. Тұрақты тұруға көшіп келгендер саны, адам

20364

15064

40728

7905

15422

7. Көшіп кеткендер саны, адам

21636

13436

39017

5911

15843

8. Облыс халқының ішіндегі 15-19 жас аралығындағы әйелдердің үлесі

27,5

29,2

28

28,2

28,3

Есептеу керек:



  1. Облыс халқының орташа жылдық санын

  2. Табиғи және механикалық өскендердің санын

  3. Туу, өлу, балалар өлімі, табиғи және механикалық өсім коффициенттерін

  4. Покровскийдің индексін (өмір сүргіштік коэффициентін)

  5. Арнайы туу коэффициенттін

4.2.3 Тапсырма № 3. Жұмыс уақыты статистикасы тақырыбы бойынша есеп шығару




Көрсеткіштер

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

1. Жұмыс істелінген адам -күндер

107036

169853

102658

136598

123658

2. Күндік жұмыссыз бос тұру, адам- күн

69

16

89

25

62

3. Жұмысқа келмей қалған адам- күндер:
















4. Кезекті демалыстар

6724

2659

7338

1226

5896

5. Оқуға кеткендер

668

556

327

889

258

6. Екіқабат және бала туған әйелдерге берілген демалыстар

2851

2658

5692

1376

2598

7. Ауруына байланысты

19930

16698

12365

10368

10598

8. Әкімшіліктің рұқсатымен

139

569

62

78

126

9. Мемлекеттік тапсырманы орындауына байланысты

2010

3201

5065

991

265

10. Себепсіз

1092

2564

2685

900

527

11. Демалыс және мейрам күндер

37874

36598

25698

56985

41361

Есептеу керек:



  1. Жұмыс уақытының календарлық, табельдік, және ең жоғарғы мүмкіндікті қорларды пайдалану коффиценттерін

  2. Жұмыс уақытынның ең жоғарғы мүмкіндікті қорындағы орынды себептерге байланысты пайдаланылмаған жұмыс уақытының үлесін.

  3. Жұмыс уақытының ең жоғарғы мүмкіндікті қорындағы себепсіз пайдаланылмаған жұмыс уақытының үлесін

  4. Жұмыс уақытын пайдалану балансын құрыңыздар және қысқаша қорытынды жасаңыз


5 ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАРЫ


  1. «Статистика» ғылымының негізі қай кезеңде қаланды

  2. Статистикалық әдістеме дегеніміз -

  3. Статистикалық зерттеудің жалғасымды үш сатысы:

  4. Жиынтық бірлігі дегеніміз

  5. Бақылау зерзаты

  6. Өзгермелілік (вариация) дегеніміз

  7. Туу коэффициенті қалай есептеледі

  8. Табиғи өсім коэффициенті қалай есептеледі

  9. Механикалық өсім коэффициенті қалай есептеледі

  10. Білім деңгейі, өмір ұзақтығы, халықтың әрқайсысына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі қай көрсеткішті сипаттайды

  11. 16 жасқа толған халық пен еңбекке тартылған зейнеткерлік жастағы адамдар және жасөспірімдердің барлығының санының еңбек ресурстарының орташажылдық санына қатынасы нені білдіреді

  12. Жұмысшылардың бір айдағы орташатізімдік саны қалай анықталады

  13. Кадрлар тұрақсыздығы коэффициенті қалай есептеледі

  14. Кадрлардың жұмыстан кету коэффициенті қалай есептеледі

  15. Жұмыс уақытының күнтізбелік қоры қалай анықталады

  16. Жұмыс уақытының максималды мүмкіндік қоры қалай есептеледі

  17. Ауысымдылық коэффициенті (коэффициент сменности) қалай анықталады

  18. Ұлттық байлықтың құрамы

  19. Өндірілген қаржылық емес активтерге не жатады

  20. Негізгі қорлардың функционалдық сипаты бойынша пассивті бөліміне қайсысы жатқызылады

  21. Негізгі қорларды құндық бағалаудың түрлері

  22. Негізгі қордың тозуына байланысты оны сатып өткізуден түскен түсім қалай аталады

  23. Негізгі қорларды дайындау, сатып алу, жеткізу мен құруға кеткен шығындар сомасы нені құрайды

  24. Амортизацияның жылдық сомасы

  25. Амортизацияның жылдық нормасы

  26. Тозу сомасының негізгі қордың толық бастапқы құнына қатынасы нені сипаттайды

  27. Негізгі қордың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасы немесе 1-Ктозу нені сипаттайды

  28. .Эксплуатацияға енгізілген жаңа негізгі қордың құнының есепті кезеңнің соңындағы негізгі қорлардың құнына қатынасы нені көрсетеді

  29. Жылдың басындағы негізгі қорлардың құнының жылдың соңындағы негізгі қорлардың құнына қатынасы нені көрсетеді

  30. Есепті кезеңдегі өндірілген өнім көлемінің ақшалай мәнінің негізгі қордың орташа жылдық құнына қатынасы нені сипаттайды

  31. Негізгі қордың орташа жылдық құнының қарастырылып отырған кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасы нені көрсетеді

  32. Негізгі қордың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

  33. Негізгі қордың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер

  34. Негізгі қорлардың қолданылуының тиімділігі көрсеткіштері

  35. Айналым қорлары қандай көрсеткіштермен сипатталады

  36. Материалдық құндылықтардың нақты қорының көлемінің орташа күндік өндірістік қажеттілікке қатынасы қандай көрсеткішті көрсетеді

  37. Өткізілген өнім құнының айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасы қандай көрсеткішті көрсетеді

  38. Айналым қорларының орташа жылдық құнының өнімді өткізуден түскен түсім сомасына қатынасы қандай көрсеткішті сипаттайды

  39. Периодтағы күнтізбелік күндер санының айналым қорларының айналым санына немесе айналым коэффициентіне қатынасы қандай көрсеткішті сипаттайды

  40. Айналым қорларының қолданылуының тиімділігі көрсеткіштері қандай

  41. Жалпы ішкі өнімнің айналым қорларының орташа жылдық көлеміне қатынасы нені білдіреді

  42. Жалпы шығарылым (валовый выпуск) (ЖШ) дегеніміз не

  43. Аралық тұтыну (АТ) дегеніміз не

  44. Негізгі қорды тұтыну немесе амортизация (А) дегеніміз не

  45. Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) неге тең

  46. Таза қосылған құн (ТҚҚ) неге тең

  47. Баланстық пайда қалай есептеледі

  48. Баланстық пайданың негізгі қорлардың, материалдық емес активтердің және айналым қорларының орташа жылдық құндарының қосындысына қатынасы нені сипаттайды

  49. Өнімді өткізуден түскен пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы нені көрсетеді

  50. Таза пайданың активтердің орташа жылдық құнына қатынасы нені сипаттайды

  51. Таза пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге (акциздер мен ҚҚСС алып тастағанда) қатынасы нені көрсетеді

  52. Жалпы қосылған құнның еңбекақы төлеу қоры, аралық тұтыну, амортизацияның қосындысына қатынасы нені сипаттайды

  53. Жалпы қосылған құнның немесе жалпы ішкі өнімнің еңбек ресурстары,негізгі қорлар,айналым қорлары қосындысына қатынасы нені көрсетеді

  54. Шаруашылық жүргізуші субъектінің өзіндік қаражаттарынан шығындарды (негізгі және айналым қорларына, материалдық емес активтерге кеткен) уақытында жабуы және төлемқабілеттілігі болуы қалай аталады

  55. Шаруашылық жүргізуші субъектінің тұрақтылығының өзгерісін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады

  56. Өзіндік қаражаттардың қаржылық ресурстардың барлық көздерінің сомасына қатынасы қай коэффициентті білдіреді

  57. Кредиторлық қарыздар мен басқа да займдық қаражаттардың өзіндік қаражаттарға қатынасы қай коэффициентті көрсетеді

  58. Егер автономия коэффициенті қай саннан кем болмағанда, шаруашылық жүргізуші субъект өз қаражаттарынан барлық төлемақыларын төлей алады

  59. Әлеуметтік – экономикалық статистика нені зерттейді?

  60. Әлеуметтік – экономикалық статистиканың негізгі әдістерін анықтаңыз.

  61. Әлеуметтік – экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін сипаттаңыз

  62. Ішкі экономиканың әр секторының субъектілерін, функцияларын атаңыз

  63. Осы елдің экономикалық аумағын, ішкі және ұлттық экономикасы, институционалдық бірліктері, резиденті туралы түсініктер беріңіз.

  64. ҰШЖ бойынша экономикалық операциялардың топтастырылуы қандай?

  65. Трансферттің түсінігін беріңіз. ҰШЖ бойынша трансферттердің топтастырылуы қандай?

  66. ҰШЖ бойынша салықтар қалай жіктеледі?

  67. Субсидияның, салықтың қандай түрлері трансферттерге жатады?

  68. ҰШЖ бойынша таза салық қалай есептеледі?

  69. ”Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығын”, “”өнімнің өзіндік құны және “аралық тұтыну” ұғымдарының айырмашылығы неде?

  70. Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығынның құрамы қандай?

  71. Аралық тұтыну шығындарының құрамында қандай шығындар болады?

  72. Өзіндік құнның факторлық индекстік талдау әдісі қандай?

  73. Ағымдағы шығынның тиімділігінің немесе қатысты шығын деңгейінің факторлық индекстік әдісі қандай?

6 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Негізгі әдебиеттер:

1. Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы, А., Экономика, 1998

2. Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі 2000-2003 ж.ж., Статистикалық жинақ, А., 2004

3. Гусаров В.М. Теория статистики, М.,Аудит,1998

4. Елисеева И.И., Юзбашев М.М.,Общая теория статистики, М.,Финансы и статистика,2004

5. Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

6. Общая теория статистики/под ред. А.А.Спирина, М.,Финансы и статистика,1999

7. Практикум по общей теории статистики,М.Р.Ефимова, О.И.Ганченко, Е.В.Петрова, М.,Финансы и статистика,2001

8. Соцально-экономическая статистика, Уч. Пособие, А., Экономика,1999

9. Соцально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

10. А.И.Гинзбург, Статистика, С-Петербург,Питер,2005

11. Курс соцально-экономической статистики/под ред. М.Г.Назарова, М.,Финансы и статистика,2000

12. Соцальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

13. Л.А.Голуб, Соцально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

14. Н.В.Бендина, Общая теория статистики, М., Приор,1999

15. М.Р.Ефимова,Е.В.Петрова,В.Н.Румянцев, Общая теория статистики, М., Инфра-М,2002

16. И.Г.Переяслова,В.Б.Колбачев, Основы статистики, Ростов на Дону, Феникс,1999

17. Шмойлова Р.А., Практикум по теории статистики, М.,Финансы и статистика,2000

18. А.В.Сиденко,В.М.Матвеева, Практикум по социально-экономической статистике, М., 1998

19. В.Н.Самин, М.Шпаковская, Соцально-экономическая статистика, М., 2000

20. Соцальная статистика. И.И.Елисеева, Н.К.Бельгибаева, А., 1999

21. Экономическая статистика, Иванова Ю.Н., М., 1998

22. Авров А.П., Нурлыбаева А.А., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 1997

23. Бельгибаева К.К., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 2000

24. Бельгибаева К.К.,Сборник задач по финансово-банковской статистике, А., 2000

25. Бельгибаева К.К.,Мухамбетова С.М., Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы, А., 1999

26. Международная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, Минск, 1995

27. В.Д.Мельников, К.К.Ильясов, Финансы, А., 1997

28. Национальные счета в переходный период, Методология СНС ООН, 1994

29. М.М.Новиков,И.Е.Тесмак, Макроэкономическая статистика, Минск, 1997

30. Статистика финансов/под ред. В.Н.Самина, М., 2000

31. Статистика, Уч. пособие , Н.В.Толстин, Н.М.Матегорина, Ростов,2000

32. Г.М.Молдакулова, Международная экономическая статистика, Уч. пособие, А., 2004

33. ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ШҚО статистика басқармасы, Өскемен, 2013



Қосымша әдебиеттер:

34. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе» туралы заңы, Алматы, 2013



35. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика» туралы заңы, Егеменді Қазақстан, мамыр, 1997
жүктеу 352,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау