2. Табиғат ресурстары-табиғат пайдалану экономикасының объектісі ретінде
Табиғат ресурстары дегеніміз – адамның тіршілігі үшін қажетті заттар. Олар адам еңбегімен жасалмаған, оған тәуелсіз. Адам қоғамы табиғат ресурстары болғандықтан ғана тіршілік етеді. Ол адамның тыныс алатын ауасы, ішетін ауыз суы, азық түлік көзі, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі мол болған жағдайда ғана өмір сүре алады.
Табиғат ресурстары – бұл адам заттың өмір сүру жағдайлар жиынтығының бөлігі, оны қоршаған ортаның маңызды компоненттері қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс процесінде қолданады.
Ұдайы өндіріс –бұл қоғам мен табиғат арасындағы үздіксіз арақатынас процесінің көрінісі, мұнда қоғам табиғат күшімен ресурстарды өзіне бағындыра отырып, қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолданып отырады.
Олар елдің әлеуметтік – экономикалық потенциалын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс тиімділігін және денсаулық, тұрғындардын өмірінің ұзақтығын анықтайды.
Табиғат ресурстарын екі топқа бөледі:
Нақты табиғат ресурстары- өндіргіш күштер мен өндірпіс қатынасының белгілі бір кезеңінде адамдар кәдесіне жарап жүрген ресурстар. Бұларға пайдаланып жүрген құнарлы жерлер, әр түрлі өсімдіктер, балықтар, мұнай, газ, электр энергиясы және т.б жатады.
Потенциалды табиғат ресурстары қатарына әзірше әр түрлі себептермен пайдаланылмай жүрген реурстар жатады. Бұған күн көзі, жел энергиясы, теңіз ағыстары, және т.б жатады.
3. Табиғат ресурстарының жіктелуі
Табиғат пайдалануда келесі табиғат ресурстарын топтастыру түрлері қолданады. Бұл топтастыру табиғат ресурстарын дұрыс және тиімді пайдалану үшін қажет:
Компонентері бойынша:
орман ресурстары;
су ресурстары;
минералдық ресурстары;
жер ресурстары;
энергетикалық ресурстары;
жануарлар және тағы басқалары.
2. Пайда болуы боынша:
өндірістік;
жасанды.
3. Пайдалану бағыты бойынша:
өндірістік;
өндірістік емес.
4. Жаңартылу дәрежесі бойынша:
жаңартылатын;
жаңартылмайтын.
5. Ұдайы өндіріс қабілеттілігі бойынша:
ұдайы өндірісті;
ұдайы өндірісті емес
6.Тозу дәрежесі бойынша:
тозатын;
тозбайтын.
Тақырып 2. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы
1. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері және объектілері
2. ҚР-дағы табиғат пайдалану мақсаттары мен дамуы
3. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық негіздері
1. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері және объектілері
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республика халықтарының өмірі мен қызметінің олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. ҚР-ның заңы «Экологиялық кодекс» № 212-III 9 қаңтар 2007 жылы қабылданған қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге заңды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
ҚР-ның барлық субъектілері, сонымен қатар Қазақстан азаматтары, шетел заңды тұлғалар мен азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар өздерінің шаруашылық, басқарушылық немесе басқа қызмет бабында қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде келесі принциптерді пайдаланулары қажет:
1) Адам өмірі мен денсаулығын қорғау, тұрғындардың өмірін, еңбек жағдайын және демалыс жағдайларын қамтамасыз етуде қолайлы экологиялық жағдай туғызу.
2) Қоғамның экологиялық және экономикалық қызығушылықтарының сәйкес келуін ғылыми делелдеу, ол әрбір адамның өз өміріне қолайлы қоршаған ортаның болуының талап ету құқығы.
3) Табиғат заңдарын ескеріп табиғат ресурстарын тиімді пайдалау, табиғат ресурстарын қайта қалпына келтіру қажеттілігі және адам өмірі мен қоршаған орта үшін қолайсыз жағдайлардың болмауы.
4) Табиғатты қорғау заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау.
5) Қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ынтыматастық қажеттілігі.
2. ҚР-дағы табиғат пайдалану мақсаттары мен дамуы
Табиғатты пайдалану – адамның қоршаған ортаның пайдалы қасиеттерін (экологиялық, экономикалық, мәдени және сауықтыру) пайдалану мүмкіншілігін айтамыз.
Жалпы табиғатты пайдалану арнайы рұқсатты қажет етпейді. Ол азаматтардың өздеріне тиісті табиғи құқықтары негізінде жүзеге асады. Басқалай айтқанда өмірлік қажеттіліктер қанағаттандыру үшін тегін табиғи ресурстар берілу арқылы жүзеге асады.
Табиғатты арнайы пайдалану заңды және жеке тұлғалардың жоғарғы уәкілетті органдардың рұқсаттары негізінде жүзеге асады. Арнайы табиғатты пайдалану табиғат ресурстарын тұтынумен байланысты. Ол негізінде ҚР табиғат ресурстарының арнайы негізінде құқықтық реттеледі: Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодесі, Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау заңдары негізінде.
ҚР табиғат пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушылар – ҚР азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұймдар жатады.
3. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық негіздері
Қазіргі кезде экологиялық проблемалар дүниежүзінің елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсерін тигізуде.
Қоршаған табиғи ортаның ластануы – экологиялық жүйеде зиянды заттардың концентрациясының белгіленген нормадан көп болуы және табиғатқа тән емес заттардың пайда болуы.
Қоршаған табиғи ортаның ластануының бірнеше түрлері бар:
1) Қоршаған ортаның табиғи ластануы – бұл адам қызметінің әсерісіз қоршаған ортаның ластануы.
2) Қоршаған ортаның антропогендік ластануы – адамдар қызметімен байланысты қоршаған ортаның ластануы.
3) Қоршаған ортаның өнеркәсіптік ластануы - өнеркәсіп кешеннің қызмет етуімен байланысты қоршаған ортаның ластануы.
4) Қоршаған ортаның тұрмыстық ластануы – адамдардың өндірістік емес қызметіне байланысты қоршаған ортаның ластануы
5) Қоршаған ортаның ауыл шаруашылық ластануы - әртүрлі минералды тыңайтқыштар және зиянды заттарды жою элементтерін пайдаланумен байланысты қоршаған ортаның ластануы.
6) Қоршаған ортаның территориялық ластануы – тұрғылықты ауылдың, қаланың, аудан территориясының шықпай қоршаған ортаның ластануы.
7) Қоршаған ортаның аймақтық ластануы – мемлекет шекарасынан шықпай тұрғандағы қоршаған ортаның ластануы.
8) Қоршаған ортаның химиялық ластануы - қоршаған ортаның химиялық заттармен, олардың компоненттері мен элементтерімен ластануы.
Тақырып 3. Табиғи ортаның сапасын және табиғат ресурстарын экономикалық бағалау теориясы
1. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру
3. ҚР-ның табиғаттық-ресурстық потенциалы және оны экономикалық бағалау
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
Табиғат ресурстарын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны тиімді пайдалануын қамтамасыз ету ету үшін тек қана табиғат ресурстарының саны мен сапасының сандықө физикалық ғана емес, сондай ақ бағалық мәліметтері қажет болады.
Социалистік жағдайда көп жылдар бойы табиғат ресурстарын ақшалай бағалауда жоққа шығарады. Себебі табиғат ресурстарын, соның ішінде қазба байлықтары мен биосфера адам еңбегінің нәтижесінде пайда болғандықтан және олар сауда саттық затқа жатпайтындықтан ақшалай бағасы мүмкін байлығы бола алмайтындығын айтады .
Қазіргі нарықтық жағдайда табиғат ресурстарын ақшалай түрде экономикалық бағалаудын қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселені шешу жөнінде ғалым К.Г.Гофман көп жұмыс атқарды.
Табиғат ресурстарын экономиалық бағалау, оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстардын адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау.
Табиғат байлығынын экономикалық бағасы- оның халық шаруашылық құндылығынын табиғатты қорғау, байлығын өсіру, жаңарту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату арқылы тиімі анықталған шамасы.
Табиғат байлығын эк-лық бағалау негізгі 2 қызмет атқарады: есептеу және ынталандыру. Табиғат байлығы- ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау және қаржыландыру
Табиғат пайдаланудағы пайда болған мәселелер көбінесе сала аралық, аймақ аралық және халық аралық сипатта болып келеді. Сондықтан да аймақтағы салааралық денгейі, аймақаралық деңгейде, елімізде, ел арасы деңгейінде табиғат ресурстарын пайдалану, қорғау, қайта, жаңаруында шарушылық қызметтерінің келісімі қажет болады, яғни олардын табиғатты пайдалануда жоспарлауы керек .
Елімізде қалыптасқан жоспарлау практикасында негізінен екі топқа бөлінген жоспарлаудың көрсеткіштер жүйесіне сүйенеді: сандық және сапалық. Жоспарлау процесінде табиғат ресурстарын пайдалану қарқында, оны қорғау, қайта қалпына келтіруде тұтас тепе-тендік кешенімен оптималды ара қатынас қамтамасыз етілу қажет. Себебі шаруашылық қызмет белгілі локальды экологиялық жүйенің ресурстары негізінде қызмет етеді немесе жоспарлайды, сондықтан да элементер арасындағы табиғи тепе теңдік, сандық, сондай- ақ сапалық жағын қарастыру ең бірінші жағдай болып есептеледі, яғни мыналар арасындағы пропорцияны анықтауға қажет туады:
табиғат пайдалану обьектісінің бөлек элементтерін пайдалануда;
аймақтарда орналасқан өзін-өзі басқарушы кәсіпорындардың табиғат ресурстарын пайдалануы, қорғауы, қайта – қалпына келтіру,
табиғат пайдалану обьектілерінің сапасы мен қасиеттеріне, табиғат ресурстарына тұтынуына қажет туады.
3. ҚР-ның табиғаттық-ресурстық потенциалы және оны экономикалық бағалау
Табиғаттық - ресурстық потенциал – елдің, аймақтын, әлемнің барлық табиғат ресурстар компонентінің жеке өндірісті қамтамасыз етумен қалпына келтіруге, өнімдер мен қызметтер өндіруге, тұрғындардың тұрмыс жағдайын, олардың денсаулығы және өмірлерінің ұзақтығын қамтамасыз ету қабілеттілігі.
Табиғаттық – ресурстық потенциал келесі факторлар жиынтығымен анықталады:
Ел немесе аймақ территориясында орналасқан табиғат ресурстары түрлерінің болуымен және түрлер санымен ;
Олардың сәйкестігімен, тепе-теңдігімен;
Сапалық жағдайымен;
Геологиялық орналасуымен, таратылуымен;
Рацианалды табиғат пайдаланумен, табиғаттан алынған ресурстарда қалдықтардын болмауы;
Табиғаттық- ресурстық потенциалды сақтап қалу және оны әрқарай дамытуға мына факторларды жатқызады:
Табиғат ресурстарын өндіру және қайта қалпына келтіру;
Дәстүрлі табиғат ресурстарын, дәстүрлі емес табиғат ресурстарымен алмастыру (күн энергиясын, жер ішіндегі жылылық және т.б);
Табиғат ресурстарын жасандымен ауыстырып тұру;
Қалдықсыз технологины енгізу.
Тақырып 4. Қайта қалпына келмейтін табиғат ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және экономикалық бағалау
1. Пайдалы қазбалардың жіктелуі
2. ҚР-ның минералды- шикізат ресурстары және оны тиімді пайдалану проблемалары
3. Пайдалы қазбаларды бағалаудың экономикалық негізі
1. Пайдалы қазбалардың жіктелуі
Республика аумағының геологиалық даму кезеңінде қойнауында әр түрлі пайдалы қазбалар түзілген. Кейбір пайдалы қазба кең орындары қор жөнінен (хром, вольфрам, мыс, калий, рений, фтор, висмут) дүние жүзінде бірінші орында.
Пайдалы қазба кең орындары үш топқа бөлінеді:
жанатын пайдалы қазбалар;
рудалы пайдалы қазбалар;
рудасыз пайдалы қазбалар.
Жанатын пайдалы қазбалар – мұнай, газ, жанғыш тақта, тас көмір, шын тезек.
Рудалы пайдалы қазбалар – қара және түсті метелдар, қымбат, бағалы сирек кездесетін металдар кендері жатады.
Бейруда (рудасыз) пайдалы қазбалар – химия шикізаты, минераелды тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфор, отқа төзімді материалдар, әсемдік тастар т.б.
2. ҚР-ның минералды- шикізат ресурстары және оны тиімді пайдалану проблемалары
Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлықтарға бай. Көптеген минералдық заттарды әртүрлі мақсатта пайдалануға болады.
Мұнайдан, табиғи газдан, көмірден қажетті өндеуден өткізгеннен кейін әртүрлі тұрмысқа қажетті заттарды, медициналық құрал - саймандарды, құрылыс материалдарын жасауға болады. Минералдық қорды пайдалану шеңбері күннен – күнге өсіп келеді. Мұнай мен газ өндіруге кететін шығынның жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
1. Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу. Барлау қазба байлақтын бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.
2. Ашылған шикізат қорын толық өндіру, ысыраптын мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау немесе азайту, қазба байлық саласын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауын қадағалау.
3. Өндірілген минералдың шикізатты кешенді пайдалану, өндеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Кеннің құрамындағы металдарды толығырақ ажыратып алу арқылы ғана шикізаттан алынатын жылдың өтімді 20-30℅-ке арттыруға болатыны әлдеқашан дәлелденген.
4. Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ҒТЖ-ке байланысты, бірінші кезекте экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда оларды экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі.
3. Пайдалы қазбаларды бағалаудың экономикалық негізі
Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселелері: кеніштерді игеру кезегін анықтау, оларды пайдалануға, жалға беру, сату, олардан алынатын өнімдерді бағалау т.б. дұрыс шешу мүмкін емес.
Экономикалық бағалау минералдық шикізатты кешенді пайдалануға байланысты өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан экономикалық бағалауға байланысты, оны анықтаудың әдістері туралы көптеген ғылыми пікір-таластар, практикалық ұсыныстар айтылып келеді. Оларды бағалау басты көрсеткішіне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
Минералдық шикізат қоры уақыт факторын ескеріп шекті шығыннан дербес шығындарды немесе шекті шығын бойынша есептелген өнімнің бағасынан келтірілген шығынды нормасы пайдасымен қоса игеріп анықтайды. Қазба байлық түрлеріне байланысты шекті шығын шамасы әр түрлі белгіленеді: аймақтық, бассейндік немесе республикалық бойынша. Минералдық шикізаттың кейбір түрлеріне әлемдік баға деңгейі ескеріледі.
Пайдалы қазба кендерінің экономикалық бағасы оның қорын пайдаланғанда алынатын халық шаруашылық тиімді көрсетеді. Экономикалық бағалау ақшалай шамасы өнімге жұмсалатын шекті және дербес шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Шекті шығын белгілі бір уақытта нақты өнімге жұмсалатын халық шаруашылық қажетті ең жоғары шығын болып табылады.
Тақырып 5. Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың экономикалық мәселелері
1. ҚР-ның жер ресурстары, оның маңызы және ерекшеліктері
2. Жер ресурстарының сипаттамасы
3. Ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалау ерекшеліктері
1. ҚР-ның жер ресурстары, оның маңызы және ерекшеліктері
«Байлықтың атасы – еңбек, оның анасы - жер» деп У. Петти дұрыс айтқан, оны тарих дәлелдеді. Жер ең негізгі табиғат байлығы, барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы.
Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88 пайызын егістік жерлерден, 10 пайызын ормандармен жайылымдардан, 2 пайызын теңіз бен мұхит суларынан алады.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі 9 мемлекет. Жалпы жер ауданы – 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн.га, барлық жердің 12,8 пайызы ғана.
Өндіріс құралы ретінде жердің өзіндік ерекшеліктері бар, олар мынандай:
Жер табиғат байлығы, дұрыс пайдаланған жағдайда жер тозбайды, керісінше өз қасиетін жақсартады;
Жер таптырмайтын дүние, оны өндірістің басқа құралымен ауыстыруға келмейді;
Жерді өндіріс құралы ретінде пайдалану орын тұрақтылығымен және жердің кеңістікте шектелгендігімен байланысты болады;
Жер учаскелері құнарлығы, бедері, орналасқан орны бойынша бір-бірінен ерекшеленеді, мұны ауыл шаруашылық өндірісіне жоспарлау мен орналастыру кезінде, сондай-ақ жер бағасын, жер салығын және аренда ақысын анықтаған кезде ескеру қажет.
2. Жер ресурстарының сипаттамасы
Жер қоры көздеген мақсаты бойынша мына категорияларға бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер:
жыртылған жерлер;
жайылым, шабындық жерлер;
пар.
2. Ауыл шаруашылық емес мақсатындағы жерлер:
өнеркәсіптер орналасқан жерлер;
көлік,байланыс, қорғаныс жерлері;
Тұрғындар қоныстанған жерлер:
Табиғатты қорғау, сауықтыру, тыңайту жөніндегі, тарихи мәдени мақсатындағы жерлер.
Орман қоры жерлер.
Су қоры жерлері
Мемлекеттік қоры жерлері.
Жердің құнарлылығына қарай келесіге бөлінеді:
шөл дала;
тундра;
мұздақтар;
таулар;
тәуелді егіншілік аймағы;
құнарлы жерлер.
Жер келесі көрсеткіштермен сипатталады:
температура;
ылғалдылық;
физикалық құрылымы;
химиялық құрылымы;
3. Ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалау ерекшеліктері
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі.
Жерді экономикалық бағалау негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
Есептесу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік материалдық қоры ретінде есептеледі.
Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болу керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.
Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталандырады.
Жер тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан да жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Сапалы жерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады.
Дифференциалдық рента бірдей еңбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім алуға болатынын көрсетеді. Экономикалық бағалау негізгі дифференциалдық тиім болды. Халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығарылған жерден алынатын өнім ен таза табыс шамасына емес, дифферециалдық табысқа ен нашар жер мен тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең. Мұндай жағдайда жердің құндылығын шеткі шығын мен дербес шығынның айырмашылығымен есптелген жер рентасымен анықтайды.
Жердін экономикалық өнімділігі оның қоғамдық құндылығын білдіреді.
Тақырып 6. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану
1. ҚР-ның су ресурстары
2. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
3. Су ресурстарын экономикалық бағалау
1. ҚР-ның су ресурстары
Табиғат ресурстарының ортасынан су ерекше орын алады. Себебі сусыз ешқандай тіршілік болмайды. Табиғаттағы су мұхиттарда, теңіздерде, көлдер мен өзендерде кездеседі. Мұхиттағы судың мөлшері (94%), жер асты сулары (4%), мұздар мен қорлардағы сулар (2%). Табиғат суларының бір ерекшелігі олардың өз-өзін тазалау қабілеттілігі, су өсімдерінің іс-әрекеті, суда таралатын заттар және судың үнемі айналымда болуында. Толық су көлемінің тазалуы мұхиттарда 2500 жыл, жер асты сылары – 1400 жыл, көлдер – 17 жыл, өзендер-16 күн, адам организмдерінде – бірнеше сағат.
Табиғи ресурс ретінде судың маңызы мынада:
1. өсімдіктер экожүйесінің, ауылшаруашылық өндірісінің өнімдерін арттырудың шешуші факторы ретінде;
2. энергия көзі ретінде;
3. барлық өнеркәсіп өндірісіндегі технологиялық процестер арасындағы жылуды алушы (салқындатушы) ретінде;
4. транспорттық магистраль ретінде;
5. халықтың мәдени-тұрмыстық, шаруашылық тұрмыстық және таза суға деген мұқтаждығын қанағаттандыру үшін;
6. әлемдік мұхиты биохимиялық процестер орталығы саналады, ол атмосфераның құрамын және газдың балансын сақтап қалуға ықпалын тигізеді.
ҚР орналасқан жер асты суларының жалпы көлемі 100 мың км3. Соның ішінде тұщы және аздап ащы судың көлемі 7-7,5 мың км3. Жер асты судың тұщы, тұщылау көлемі шөлейт аудандарының артезияндық бассейндерінде орналасқан.
ҚР территориясы бойынша 85022 көлдер мен өзендер ағып өтеді.
2. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Су қоры ұлттық байлық болып табылады, сондықтан қатаң есепке алынады. Суды пайдалану қарқыны артуымен байланысты олардың сапалық өзгерістері зерттеліп, қорғау шаралары, жер бетіндегі, жер астындағы суларды ластамау шаралары белгіленіп жүзеге асырылуда.
Пайдалану түрлері қарай су объектілері келесіге бөлінеді:
1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыста немесе техникалық қондырлғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
2. Арнайы су пайдалану - халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттерін, ауылшаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық - тұрмыстық, сарғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті су объектілеріне ағызу үшін құрылғыларды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отыру су объектісінің жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
3. Оқшау су пайдалану – су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бір жеке және заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.
4. Бірлесіп су пайдалану – құқығы су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бірнеше жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
5. Бастапқы және қайталама су пайдалану -өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.
3. Су ресурстарын экономикалық бағалау
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады.
Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын соммасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек.
Суға шеткі шығын шамасын оптимальдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты. Интенсивтік шаралар су үнемдеумен оның ысырабын азайтумен, сусыз немесе суды аз тұтынатын технологияларды игерумен, суды тазартып қайтарымды пайдаланумен тікелей байланысты, яғни баланстың шығыс жағын азайту.
Өзен бассейнінде дербес су шаруашылық баланстары бар, бірнеше су айрықтар немесе су шаруашылық аудандары болуы мүмкін. Олардың әрқайсысындағы шеткі шығын бір-біріне тәуелсіз дербес айқындалады. Өзеннің төменгі сағасындағы шеткі шығын оның бас жағына қарағанда төмендеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: |